Ұлттар достығы 1 мамыр – Халықтар бірлігі күні



жүктеу 39.79 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі39.79 Kb.

Ұлттар достығы 1 мамыр – Халықтар бірлігі күні.

 

Мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Плакаттар, қабырға газеттері, буклеттер.

Барысы.


І Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі балалар!

1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!

Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Ұлттар достығы» атты би фестивалін өткізіліп отыр. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Сіздерді бүгінгі Халықаралық ынтымақ күні 1 - Мамыр мерекесімен құттықтау сөзді мектебіміздің директоры: Жаниева Гульнар Темирғалиқызына ұсынамыз.  

ІІ Жүргізуші:

Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған,

Татар, қазақ болашақты тосты алдан,

Сол достығын тағы міне дәріптеп,

Бүгінгі күн мерекеде жайнаған. 
І Жүргізуші:

День народного единства в Казахстане, 
Очень значим для нас всех. 
Солидарность с государством 
Обрекает на успех.

 Бүгінгі мерекеге біздің мектебіміздегі барлық сыныптар өздерінің өнерлерін алып келіп отыр.

Сіздердің алдарыңызда би фестивалінің бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-мамыр Достық мерекесіне арналған«Ұлттар достығы» атты мектепішілік мерекелік кеш ашық деп жариялаймыз.
ІІ Жүргізуші:

Бірінші мамыр!

Достықтың ұлы мейрамы

Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары

Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,

Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!

 

Сахнаға 4 «А» сыныбы ҚАЗАҚТАР 


ІІ Жүргізуші:

В День народного единства 
Хочу желать по всей стране 
Чтоб было небо мирным, чистым, 
И чтоб сказали «нет» войне! 


І Жүргізуші:

Күте тұғын асыға әр күнін біз,

Арналатын ең тәтті ән жырымыз

Мерекелі мерейлі айдың басы

Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!
Сахнаға 2 «А» сыныбы ОРЫСТАР
ІІ Жүргізуші:Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.
І Жүргізуші:

Чтоб вместе истинно держались, 
Чтоб уважали свой народ, 
Совместно от проблем спасались
И жили так из года в год!

Сахнаға 1-3 «Б» сыныбы УКРАИНДЕР
 ІІ Жүргізуші:

 Тілі басқа тілегі бір біргеміз,

Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.

Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп

Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
Сахнаға 3 «А» сыныбы

 
І Жүргізуші:



- Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілім сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.


Сахнаға 5 «А» сыныбы БЕЛОРУСЫ
ІІ Жүргізуші:

- Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан!»-деп сыбырлаған

Жаным менің,Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол да оның шырылдаған.

 

Сахнаға 7 «А» сыныбы ТАТАРЛАР




І Жүргізуші:

- Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,

Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.

Әлемге дос құшағын жая келген,

Армысын,бар халқымның ынтымағы!

Бармысын,қазағымның ынтымағы! 
Сахнаға 6 «А» сыныбы МОЛДАВАНДАР
ІІ Жүргізуші:

- Әйнегі күн,шатыры аспан,

Кең дала,төсі толқыған ән.

Көлдері көкке күмістер шашқан,

Қазақстан-Республикам менің!


Сахнаға 10 «А» сыныбы ЦЫҒАНДАР
І Жүргізуші:

- Ынтымағы жарасқан берек күн,

Білдіреді болашақ ел ертеңін.

Татулық пен достығың арта берсін.

Құтты болсын бүгінгі мереке күн.


Сахнаға 9 «А» сыныбы КОРЕЙЛЕР

ІІ ЖҮРГІЗУШІ:

С Днём народного единства поздравляем! 
Счастья, добра, процветания вам желаем. 
Желаем солнца в вышине. 
Желаем мира на земле. 
Чтоб бед и мрачных дум не знать, 
Не горевать, не тосковать.

Сахнаға 5-9 «Б» сыныбы НЕМІСТЕР
 

І Жүргізуші:

«Қазақта бірлік болмай,тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар.Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып,Қазақ елінің нығайып,өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.


Сахнаға 8 «А» сыныбы ТУРКМЕНЫ

 
ІІ Жүргізуші:

Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,

Кімдер қашсын қазақтайын ер елден

Достығымыз ғасырларға жарасқан

Туған елім,шарықтай бер кемелден!


Сахнаға 4-5 сыныптары және Каусар Макашева

 

І Жүргізуші:



Осымен 1 мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған мерекелік бағдарлама аяқталды.Мереке құтты болсын ағайын!

Құттықтау сөз ата-аналар атынан  сөз беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет