Ұлттық ерекшеліктердің педагогика ғылымында зерттелуі



бет1/14
Дата14.05.2022
өлшемі139.45 Kb.
#173863
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ұлттық ерекшеліктердің педагогика ғылымында зерттелуі

Ұлттық ерекшеліктердің педагогика ғылымында зерттелуі



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I.. ТАРАУ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІҢ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНДА ЗЕРТТЕЛУІ.
1.1. Ұлттық ерекшеліктердің негізгі компанентері ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Ұлттық сана сезiмдi қалыптастыру механизмi ... ... ... ... ... ... .14
1.3. Ұлттық ерекшеліктердің полиэтникалық аудиториядағы оқушлардың танымдылық іс .әрекеттеріне тигізер әсері ... ... ... ... ... 20
II.. ТАРАУ. ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖҮЙЕЛЕРIН ЗЕРТТЕУГЕ СИПАТТАМА.
2.1 Зерттеу әдістеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.2 Педагогтар мен отбасы арақатынасының психологиялық .педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
2.3 Құндылық бағдарәдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2.4 Проективті жобалау әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50


КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміздің бәсекеге неғұрлым қабілетті елу елдің санатына қарай қарышты қадам жасауы болашақ қоғам азаматының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетінің жасампаздығына тікелей байланысты. Осындай стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз ете алатын фактор адам ресурстарының дамуы болып саналады. Демек, білім беру жүйесінің бірінші кезектегі міндеті өскелең ұрпақтың білім деңгейін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру, оның ішінде оларды ақыл-ой жағынан қалыптастыру кезек күттірмейтін көкейкесті мәселе болып табылады. Бұл проблеманың маңыздылығы, біріншіден, жеке тұлғаның интеллектуалдық әлеуетінің ірге тасын қалаудағы өте-мөте сензитивті қолайлы жас кезеңінде ұйымдастыруды, жүзеге асырудың тиімділігімен, екіншіден, өскелең ұрпақтың ақыл-ойын қалыптастыруды белсендіруде педагогикалық мүмкіндігі мол қазақ халық педагогикасын оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың қажеттілігімен түсіндіріледі [1].

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасында жеке адамның жалпы мәдениетінің қалыптасуы мен жан-жақты дамуы үшін жағдай жасалуы және оның әлеуметтік өз орнын анықтауы туралы көрсетілген[2]. Білім берудің алдына қойылған мақсаты мен міндеттеріне жету үшін «оқушылардың өздерінің қызығушылығы мен қабілеттерін ескере отырып, оларға бастапқы арнайы білім және мамандық алуға дайындықты қамтамасыз ету үшін оқытуда даралау және саралау принциптерін» қолдану ұсынылған.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: Қазақстан Республикасынының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі, әрбір азаматтың интеллектуальдық дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қол жеткізуі сөз етіледі[3], әрі қарай бастауыш мектепте жұмыс жасайтын ұстаздар үшін: «білім алу оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке және шығармашылық қабілеттерін ашып, оны дамуына жәрдемдесуге міндетті», сонымен бірге оқушылардың ата-аналары үшін: «білім беру ұйымын баланың қалауын, жеке басының бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып таңдауға құқығы бар», – деген баптары мектеп пен ата-аналар алдында зор жауапкершілік жүктейді.

Соңғы жылдардағы Қазақстанның қоғамдық саяси өміріндегі болған өзгерістер оқыту мен тәрбиелеу ішінде жаңалықтар енгізіліп, жаңа леп әкелді. Ғылым мен техниканың дамуы, қоғамның өсіп өркендеуі, еліміздің өркениетті елдер қатарынан орын алуы оның білім беру жүйесінің даму дәрежесімен тығыз сабақтасады[4]. Осыған байланысты білім беру жүйесінде жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің технологиясын жаңартуға бағытталған көптеген міндеттер жүзеге асуда.

Сөйтіп, дамыта оқыту технологиясының мазмұнын анықтап, бастауыш мектеп тәжірибесіне енгізуде қайшылықтар кездесуде. Осы қайшылықтың шешімін табу үшін бізге зерттеу тақырыбын «Бастауыш сыныптың оқу үрдісінде дамыта оқытудың тиімді жолдары (ана тілі сабағы)» деп алуға мүмкіндік берді.

Зерттеудің мақсаты:

Бастауыш мектепте оқытудың жаңа технологиясы ретінде дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық және әдістемелік тұрғыда негіздеу.

Зерттеу міндеттері:

- бастауыш сыныптың ана тілі сабағында дамыта оқыту жөніндегі педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау;

- бастауыш сынып оқушыларын дамыта оқыту арқылы жалпы дамытудың өзіндік ерекшеліктерін анықтау;

- бастауыш сыныпта дамыта оқытуды жүзеге асырудың тиімді әдіс-тәсілдері мен жолдарын анықтау;

- бастауыш мектепте дамыта оқыту барысында оқушының білімін, білігін және дағдысын қалыптастыруға бағытталған мәтіндер, жаттығулар мен тапсырмалар жүйесін жасау, тиімді әдіс-тәсілдерін белгілеу;

- ана тілі сабағында дамыта окытуды ұйымдастыру және оның жолдарын көрсетіп, оны тәжірибеден өткізу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет