Ел аузында өнері мен өмірі жиі айтылып жүрген әнші Балжан Бидаш жаңа әнін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/

Бүгінде өнер иесі музыкалық жобада бақ сынап, футболшы Ұлан Қонысбаевпен дуэт орындап жүр. 

“Достар, міне көптен күткен жаңа бейнебаян, жаңа әннің тизері. 4 сәуір менің ютуб каналыма шығады. Қолдауларыңызды күтемін. Әннің аты – ”Қателігімсің", – деп жазды әнші.  

  • "Ұланға ұрсып аламын": Балжан Бидаш "Егіз-лебіз" жобасындағы жұбы туралы пікір білдірді

  • "Құда түсіп жатыр": Балжан Бидаштың сахналық образы көпшілікті таңғалдырды

Өнер иесінің тыңдарманы бірауыздан туындыны мақтап жатыр. Алайда бұрынғы жолдасы, әзілкеш Жахан Отарғалиевті де пікірге қосты. 

“Мықты қыз”, “Әнің керемет екен”, “Бұл қыздың қателігі – Жахан,” “Мынау не ән, одан да үйде отырғаның жақсы еді?!”, “Сәттілік Балжан қызым, өнерің өрге жүзсін! Екеуі екі жақтап шоу бизнестерін дамытуда, шоу-бизнес болғасын сол образда болады, ал былай екеуі де өте шынайы, өте жарасымды жұп, қосылғандарын тілеймін”, “Жаханға жауапты әнмен қайтарды”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Айта кетейік, Балжан әзілкеш, шоумен Жахан Отарғалиевпен үйленіп, ажырасқан еді. Отбасылық түсініспеушілік салдарынан әзілкештің денсаулығы сыр беріп, шетелден емделіп келді. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Balzhan Bidash (@bidash_official)


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.