Өскемендегі көшелердің бірінде болған атыстан қаза тапқан адам танымал спортшы Эльер Юнусметов болып шықты. Бұл туралы Stan.kz агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Қатон-Қарағай аудандық әкімдігі

Бұған дейін полицейлер Өскеменде адам өліміне әкеп соқтырған атыс жасады деген күдікпен ер адамды ұстағанын хабарлаған едік. 

Оқиға орнына келген полицейлер, оқ жарақатынан қаза болған ер адамның денесін тапты. Тәртіп сақшылары күдіктіні 10 минуттың ішінде ұстады. 

Мерт болған азамат 1990 жылы туған танымал спортшы Эльер Юнусметов екені белгілі болды. Эльер Қатон-Қарағай ауданы Үлкен Нарын ауылында дүниеге келген. 

Ол әскерде борышын өтеген. Экономика және қаржы колледжін тәмамдап, "кеңесші заңгер" мамандығын алған. 

Қатон-Қарағай аудандық әкімдігінің дерегінше, Эльер Юнусметов жекпе-жек (ММА) бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, кикбоксинг бойынша спорт шебері, кудо бойынша спорт шебері, жекпе-жек бойынша Әлем кубогі иегері және Еуразия чемпионы, "Катунидегі айқас" (Ресей Федерациясы) гран-при иегері болған. 

Спортқа алғаш 5 жасында қадам басқан дарынды жігіттің алғашқы жаттықтырушысы әкесі болды. 

Кейінгі кездері Эльер Юнусметов "Барыс QTT" бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинг клубында жаттығып жүрген еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.