WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының осы ұйымдағы чемпиондық белбеуін кімге қарсы қорғайтыны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Mikey Williams/Top Rank

Бүкіл әлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы рейтингті жаңартты. Жаңартылған рейтинг бойынша чемпион Жәнібек Әлімханұлының міндетті қарсыласы ретінде 19 жекпе-жекте жеңіске жетіп, соның он бесін нокаутпен аяқтаған Хамза Шира атанып отыр.

Хамза Шира отандасы ұлыбританиялық кіші Крис Юбенктің рейтингтегі орнын басып, 1-орынға шықса, Крис Юбэнк 2-орынға жайғасқан. Ал үздік үштікті тағы бір қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов қорытындылап тұр. Егер Жәнібек Әлімханұлы басқа ұйымның чемпиондарымен жекпе-жекке келісе алмаса, чемпиондық белбеуін Хамзаға қарсы қорғауға міндеттеледі. 

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке шақырып жүрген Джермалл Чарло (33-0, 22 KO) келесі жекпе-жегін Сауль “Канело” Альвареске қарсы өткізеді. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.