Белгілі заңгер, құқыққорғаушы Айгүл Орынбек көрерменге жол тартқан “Дәстүр” фильмін сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Коллаж: https://www.instagram.com/aigulorynbek_kz/

Заңгер жеке парақшасындағы жазбада дінді де атап өткен. 

“Біздің елде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚМДБ тірі ме? “Дәстүр” фильмінің экран бетіне шығуына қалайша жол бердіңдер?! Кинотеатрлардан алып тастауды талап етемін!

Қазақ тарихында “Сырға салу”, “Айттыру”, “Сыңсу айту” деген салт-дәстүрдің бар екенін білемін. Ал салт-дәстүрімізде қызды алып қашқанын оқымаппын. Көрші елдің дәстүрін бізге тықпалап керегі жоқ. Кинода “Қыз алып қашу” дәстүрге жатады, яғни “ол дұрыс емес” деп дінді астарлап насихаттау деп ойлаймын. Жастарға салт-дәстүрге қарсы шығып, жек көріп, “дінді ұстаныңдар” деген ой тастаудың элементтері байқалады”, – дейді ол. 

Айгүл Орынбектің сөзінше, қазақтың кез-келген отбасы жеті шелпек пен құран бағыштауды біледі. Бірақ кинода оны да ашық көрсетпейді.

“Тіпті бір қарсылық эпизоды бар. Қазақтың мешітте отыратын имамды сауатсыз, надан қылып көрсеткен. Алдына “жын көріп жүрмін”, деп көмек сұрап жылап барған әйелдің қолына, сүре жазып жібере салды. Кинодағы теке сақалды имам сәләфит емес пе?! “Аллаху акбар” деп аузын ашпаған әйелді, біздің шынайы өмірде молдалар үш әріппен күресуге жәй жібере салмайды негізі. Қазақтар салт-дәстүрін ұмытпай мықты ұстану керек! Мәдениеті мен салт-дәстүрі өшпеген елдің ұлты өлмейді! Ал дәстүрді жастарға негативті тұрғыда көрсету, елді топастындырғысы келіп жүрген арам пиғылды адамдарға тиімді”, – деген пікірде заңгер. 

Сонымен қатар жазба иесі дін тақырыбына кино түсіретіндер жоғары жақтан рұқсат алсын дегенді айтады. 

“Дін тақырыбына қатысты кино түсіріп халыққа ұсынбас бұрын, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Бас прокуратурасының алдынан өтуі керек. Рұқсат алатын заң қабылдаңдар, депуттар, Ринат Зайытов, Жұлдыз Сүлейменова, Ермұрат Бапи, Абзал Құспан, Мақсат Толықбай. Хиджаб, келте балақ, қауға сақал, сәләфизмге қарсы заң не болды, құрметті халық қалаулылары?! Бұлар осылай ашық талтаңдап жүре бере ме?”, – деп күйінеді Айгүл Орынбек. 

Айта кетейік, кинотеатрларға жол тартқан "Дәстүр" фильмі бір апта ішінде 1 млрд қаржы жинап, рекорд орнатты 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.