Елімізде көлік номеріне арналған мемлекеттік баж салығы өсті. Баға 1 миллион теңгеге дейін жеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет pexels-тен 

Деректерге сай биылдан бастап қарапайым номерлердің бағасы 10 337 теңгеден басталады. Ал 010, 020, 030, 040, 077, 707 секілді  арнайы номерлердің ең арзаны 210 444 теңгеден басталады.

Біркелкі сан мен біркелкі әріптен тұратын номерлердің құны екі есеге, яғни 420 888 теңгеге қымбаттаған. Ал 100, 111, 200, 222, 300, 333 секілді VIP номерлер үшін 505 804 теңге салық төлеуге тура келеді. Егер осы сандарды бірдей әріппен алғыңыз келсе бұл 716 248 теңге тұрады.

Еліміздегі ең қымбат болып саналатын номерлерге 001, 002, 003, 777 жатады. Мұндай номерлер 1 052 220 теңге тұрады.

Бүгінде көліктің мемлекеттік номерлерін онлайн рәсімдеуге болады. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.