Дінтанушы, Астана қаласындағы Ырыскелді қажы атындағы мешіттің имамы Нұрлан Байжігітұлы Jibek Joly  телеарнасындағы "Ораза қабыл болсын" бағдарламасында көрермендердің оразаға қатысты сұрағына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: me.popsugar.com

Тікелей эфирге хабарласқан көрермен "Ораза кезінде ауыз бекітер кезде кейде 5-10 минут кешігіп ауыз бекітемін. Тамақ жеп-жеп алайын деп. Осылай кешігіп бекітемін, бола ма?" деді.

"Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы күннің шығатын уақыты мен ауыз бекітетін сәресінің, ауыз ашатын ақшам уақытын жіті зерделеп, бекітеді. Сондықтан сіз ауыз бекітер кезде он минут кешіккеніңіз өте қауіпті. Тіпті, бұл оразаның дұрыс болмауына әкеп соғады. Сондықтан он минут кешігіп жегенше, он минут ерте тұра салыңыз. Ұялы телефоныңыздағы оятқышты 10-20 минут ерте қойыңыз", — деді имам.

Айта кетсек, бекітілген кестеге сай, 2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталып, 10 сәуірде аяқталады. 10 сәуір Ораза айттың бірінші күні. Ал Қадір түні 5-нен 6 сәуірге қараған түнге сәйкес келіп отыр.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.