Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан Dubai Duty Free Tennis турнирінің ширек финалына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Олимпиада комитеті

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 – Dubai Duty Free Tennis турниріндегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Алғашқы айналымда Виктория Азаренконы жеңген отандасымыз үшінші айналымда поляк Магдалена Френхқа қарсы ойнады. Рыбакина алғашқы сетте 7:6 есебімен жеңсе, екінші сетте 3:6 есебімен ұтылып қалды. Дегенмен үшінші сетте 6:4 есебімен басым түсіп, ширек финалға шықты. Ол ширек финалда италиялық Ясмин Паолинимен ойнайды. 

Елена Рыбакина Дохада өткен турнирдің финалында жеңіліп қалды

Айта кетейік, Рыбакина жал басынан бастап қатарынан үшінші турниріне қатысып жатыр. Ол Абу-Дабиде топ жарып, Дохада күмісті місе тұтқан еді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.