Хаттама №1
№1 М.Жұмабаев атындағы орта мектептің 9 «А» сынып оқушыларының
ата-аналарымен өткен жиналыс
22.09.2022 жыл
Қатысқандар саны: 10
Қатыспағаны:7
Күн тәртібінде:
Ата-аналар комитетінің құрамын сайлау
Ата-аналар жұмыс жоспарын бекіту. Мектеп ережелерімен танысу.
Оқушыларға психологиялық көмек
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы.(баяндама)
Әртүрлі мәселелер.
Бірінші мәселе бойынша сынып жетекші Аккалиева Гулзинат Ерболатовна жаңадан қосылған ата-аналарға өзін таныстырудан бастады да, негізгі мәселелерге ауысты. Оқу жылының басында кезек күттірмейтін мәселелер:
Ата –аналар толық келісіп, келісім шартқа өз қолдарын қойды. Қатыспаған ата-аналарға ақпарат беруге келісті. Сынып жетекшісі өз тарапынан ол ата-аналарды қосымша шақыртатынын айтты.
Екінші мәселе бойынша барлық ата-аналардың ортақ шешімімен:
ата-аналар комитетінің төрайымы болып Талпакова Бибігүл апай бұрынғыша қалдырылды.
төрайымның оқушылармен байланыс жөніндегі көмекшісіне Бөпежанова Нұршат апай тағайындалды.
төрайымның ата-аналармен байланыс жөніндегі көмекшісіне Жанар апай тағайындалды.
Жиналыс соңында ата-аналар өз тілек-талаптарын айтты. Атап айтқанда, үлгермейтін сабақтарға қосымша уақыт қосу, қыз және ұл – балалардың қарым-қатынасына аса назар аудару және т.б. өзекті мәселелер талқыланып ортақ шешімдер қабылданды.
Қаулы:
Оқушылардың жаңа оқу жылына дайындығын қадағалауға ата-аналар мен сынып жетекшісіне бірдей жауапкершілік жүктелсін.
Ата-аналар мен сынып жетекшісі және пән мұғалімдерінің арасында тығыз байланыс орнатуға жағдай жасалсын.
Оқушыларға қатысты барлық мәселелердің уақытылы шешіліп отыруы қадағалансын.
Достарыңызбен бөлісу: |