Сынып жетекші: Аккалиева Г.Е.
Ата-аналар комитетінің төрайымы: Талпакова Б
Хатшы: Бөпежанова Н.
Хаттама №2
№1 М.жұмабаев атындағы орта мектебінде
9 «А» сынып оқушыларының ата-аналарымен өткен жиналыс
_________ 2023 жыл
Қатысқандар саны: 10
Қатыспағаны:7
Күн тәртібінде:
Оқушыларды себепсіз сабақтан қалдырмау;
Мектеп формасы тазалығы мен тәртібі;
I тоқсан оқу-тәрбие жұмысы
Балалардың каникул кезіндегі демалыс уақытын тиімді өткізу.
Бірінші мәселе бойынша оқушылардың себепсіз сабақтан қалмауын ата-аналарға түсіндірді;
Екінші мәселе бойынша сынып жетекші Аккалиева Гулзинат Ерболатовна жаңадан қосылған ата-аналарға өзін таныстырудан бастады да, негізгі мәселелерге ауысты. Оқу жылының басында кезек күттірмейтін мәселелер:
оқушыларды мектепке киетін киіммен қамтамасыз ету, киімнің мектеп талабына сәйкес болуын қадағалау;
оқушыларды кітаппен және керекті оқу құралдарымен қамтамасыз ету;
мектеппен ата-аналар арасындағы келісім шартпен танысып, ондағы жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарау;
оқушылардың сабаққа әрқашан дайындалып, кешікпей, уақытылы келуін қамтамасыз ету;
оқу жылы ішінде ата-аналар мен сынып жетекшісінің және мұғалімдердің тығыз байланыста болуы.
I тоқсан бойынша сынып білім сапасы 46% , соның ішінде 3 үздік: Бигали Айым, Уразбаева Айгерім, Қонысбаева Дана , 4 екпінді: Темирбулатова Мадина, Талғат Темірхан, Есенбай Бақтыгүл, Бауржанұлы Бижан оқушылар. Білім сапасының тоқсан балалардың сабақ үлгеріміне ата-аналар қадағалауын ұсынды.
Соңғы мәселе бойынша күзгі демалыс кезінде балалардығ өмір қауіпсіздігі ата-аналарға тапсырылды, және қол хат жазды.
Қаулы:
Оқушылардың жаңа оқу жылына дайындығын қадағалауға ата-аналар мен сынып жетекшісіне бірдей жауапкершілік жүктелсін.
Ата-аналар мен сынып жетекшісі және пән мұғалімдерінің арасында тығыз байланыс орнатуға жағдай жасалсын.
I тоқсан қорытындысы есепке алынсын;
Оқушыларға қатысты барлық мәселелердің уақытылы шешіліп отыруы қадағалансын.
Достарыңызбен бөлісу: |