"Астана Моторс" еншілес компаниясы демалыс күндері бюджеттік жаңа седан Changan Alsvin көлігін таныстырды. Жаңа көлік 6 990 000 теңге тұрады. Сатылым басталғаннан бері бар болғаны бір аптада автокөлік әуесқойларынан екі түрлі атқа ие болды. Олар Chаngan Alsvin-ді "халықтық" және "жұмыс тұлпары" деп атады. Мұның бәрі оның қолжетімділігі мен тиімділігіне, сонымен қатар қолайлылығына берілген баға.

Фото: "Астана Моторс"

Chаngan Alsvin-ге 98 аттың күші, 137 Нм айналу сәті және 1,5 литрлік атмосфералық бензин қозғалтқыш орнатылған. Автокөлік алдыңғы жетекті. Сонымен қатар дымқыл типті қос ілінісуі бар 5 сатылы, роботтандырылған қорабпен жабдықталған.

Фото: "Астана Моторс"

Chаngan Alsvin көлігінде жүргізуші мен алдында отыратын жолаушыға арналған қауіпсіздік жастығы, сонымен қатар бағдарлық тұрақтылықтың электрондық жүйесі, дөңгелектің қысымын бақылау, биікке шығу кезінде көмек жүйесі және круиз-бақылау бар.
Жүргізушіге ыңғайлы болуы үшін көлікте динамикалық белгісі бар артқы көрініс камерасы және тұрақ сенсорлары да орнатылған.
Автокөлік 10,25 дюйм диагональды түрлі-түсті сенсорлық экраны бар мультимедиялық жүйе, мобильді құрылғыға Bluetooth арқылы қосылу мүмкіндігі және 4 динамигі бар дыбыс жүйесімен жабдықталған.

Фото: "Астана Моторс"

Changan Alsvin салоны эко-былғарымен құрамдастырылып өңделген. Модельде электрлі күшейткіші және биіктігі бойынша реттелетін көп функциялы руль бар. Көліктің алдыңғы және артқы есіктерінің электрлі әйнек көтергіштері бар. Оған қоса жүргізуші мен жолаушының орындығы механикалық түрде реттеледі. Жүксалғыш кілтпен қашықтан ашылады. Көліктің кондиционері де бар.

Фото: "Астана Моторс"

Зауыттың қойып отырған кепілі – 5 жыл немесе 150 мың шақырым. Alsvin-ді Changan Auto дилер автоорталықтарында көріп, танысуға болады.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.