Мұқағали – мәңгілік ғұмыр



жүктеу 71.77 Kb.
Дата19.05.2018
өлшемі71.77 Kb.
түріПрезентация

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр!

(Әдеби – музыкалық кеш).
Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі, казак тілі мен эдебиет пәнінің окытушысы,

Ахметова М.Ж

Мақсаты: ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өлеңдерін оқушылар арасында кеңінен насихаттау, ақын өлеңдерін жатқа айтқызу, мәнерлеп айтқызу, әндерін нақышына келтіре орындату.
Кештің көрнекілігі: ақынның портреті, презентация, видео, суреттер.
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар!

«Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден» - деп жырлап өткен Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2 - жүргізуші: М. Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданында, Қарасаз ауылында 1931 жылы дүниеге келген. Мұқағалидың азан шақырып қойған толық аты – Мұқаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады», - деп еркелетіп, қысқартып Мұқағали деп атап кеткен. Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды. Көптеген жинақтарын оқырман қауымға ұсынды: «Армысыңдар достар», «Шуағым менің», «Аққулар ұйықтағанда», «Дариға жүрек», «Өмір дастан», «Өмір-өзен». Бүгінде ақынның өлеңдері поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды.
1 - жүргізуші:

Жайласып жатыр ақырын,

Зал толы жырдың достары.

Тыңдамақ абзал ақынын,

Ардақты оның ел – жұрты.
2 - жүргізуші:

Ақын ше ? Ақын келмеді,

Бос күтті төрде бір орын.

Күмбірлеп залды кернеді,

Сөз алып сонда жыры оның.

Бұл ақынның ақын туралы толғанысы еді. Арамызда ақын жоқ, бірақ жыры, шығармалары қалды, жыр сүйгіш ұрпақтары қалды. Ендігі сөз кезегін өздеріңе берейік.



«Менің анкетам» өлеңі оқитындар: Анар мен Байғазы.

1 - жүргізуші:

Шетінен өлең - жыры шұғылалы,

Әр қырын, біз түсініп болған жоқпыз, ұғып әлі.

«Шын поэзия жасырынып тұрған дүние сұлулығының шымылдығын сыпырып тастайды» - деген еді Шелли Хан. Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрелік.
«Поэзия» өлеңін ақынның өз орындауында тыңдау.
Ән: «Көнеміз ғой» өлеңі, әнін жазған

Орындайтындар: Арлан, Рауан, Әліби


2 - жүргізуші:

Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын.

Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,

Есенинмін демедім ешкімге мен,

Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген...- деген ақын өлеңін әрі қарай тыңдап көрелік.


«Қара өлең» өлеңі оқитын Алина.

1 - жүргізуші:

«Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім», - деп тіршіліктің жұрт көзіне көріне бермес сәттерінің бәрінен сезімге толып, шарқ ұрған ақын кім?

Өмірлік мақсаты, жырларының құдіреті жайында, туындаған сауалдарға жауапты оның жүрек лүпілі мен сезім құдіретінен құйылған қанық бояулы жырларынан іздестіреміз.
«Беташар» өлеңі оқитын Зухра

«Автограф» өлеңі оқитын Гүлназира.
Ән: «Наурыз – думан» өлеңі, әнін жазған орындайтын Шырын.
2-жүргізуші

Таулар, таулар, тауларым-ай!

Сағынысып қаппыз ғой тарланым –ай!

Таудағыдай еш жерде күн шықпайды,

Түн болмайды еш жерде таудағыдай.

Тау менің несібеме тиіпті ерек,

Мендегі шаттық бөлек, күйік бөлек.

Ақсақалдар: - Таудай бол –дейтін маған,

Таудай болғым келеді биік керек. Осылайша тереңнен толғаған сыршыл ақын өмірден өз биігін іздеумен өтті. Ол биігі – Туған халқы, Ана тілі, Атамекені.
«Үш бақытым» өлеңі оқитын Анар

«Елім барда» өлеңі оқитын Әйгерім

«Қазақ жері» өлеңі оқитын Мәдина
«Сарыжайлау» өлеңі, әнін жазған орындайтын Гүлім.
1-жүргізуші:

Қазынам бар

Біреуге берсем бе екен?

Өкпелейді-ау бермесем,

Берсем, бөтен.

Бар байлықты қойныма тығып алып,

Әлде мына құмдардай өлсем бе екен? Мұқағали қазынасы, әрине, - өлең, досы да өлең.
«Мендағы өлең жазбаймын» өлеңі, оқитын Ақсәуле.
2-жүргізуші:

М. Мақатаевтың ақын ретіндегі басты тақырыбы – өлең өнері еді. Шыр етіп жарық дүниенің есігін ашқаннан сәбиді жылы құшағына алып, әлдиін жырлайтын жан ана.

Бала үшін ең бақытты сәт анасының жұмсақ алақанында жатқаны болса, ананың шаттыққа толы сәті, сәбиінің кіршіксіз шат күлкісі, ана тіршілік бастауы болғандықтан, ана туралы «Шеше сен бақыттысың» - деп жырға қосады.
«Шеше сен бақыттысың» өлеңі, оқитын Нәзира.

«Әке сөзі» өлеңі, оқитын, Гүлбаршын.

«Анама» өлеңі, оқитын Ақбала
Ән: «Сәби болғым келеді» өлеңі, әнін жазған

Орындайтындар: Айнара, Тұмар, Айнұр.


1-жүргізуші

... Махаббат бүгін және қарамады,

Қарамады...

Жанымды жаралады.

Шәміл-ау,

Білесің бе?

Шын махаббат –

Осылай қарамаудан жаралады! Иә, нәзік жанды ақынның жүрегінің шынайы іңкәрлік сезімі махаббатқа ұласады.


«Махаббат диалогы» оқитындар Шырын мен Мақсат.
Ән: «Айтатын саған сырым бұл» өлеңі, әнін жазған орындайтын Арайлым.

2-жүргізуші

«Аққу – киелі құс». Олар екеу болып қана өмір сүреді. Аққуды қазақ ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады. Киелі, құс төресі деп санап оған ешқашан оқ атпайды. Оған дәлел ақынның «Аққулар ұйықтағанда поэмасы».


«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді, оқитын Гүлім.

Күй «Аққу» орындайтын Гүлназира.


1-жүргізуші:

Ақынды ақын оятпаса, болмайды,

Ақынды ақын таяқтаса, ол қайғы.

Ақынға ақын басынан - ақ жуықты,

Барлық ақын бір анадан туыпты. Мұқағали туралы Шәмшінің естелегінен. «Мұқағали екеуміз мұңдас едік. Армандас едік.

- Шәмші сен бақыттысың. Сенің әндерің жұртшылыққа тарап кетті. Сен өлсең де, халқың сені ұмытпайды, - дейтін ол.

- Мен емес, қайта сен бақыттысың.

- Неге?


- Ақын - еркін құс. Ойындағысын бүкпелемей айта алады. Айтылған сөз – атылған оқпен тең, қайтып орнына келмейді, қорамсағында неше оғы болса, қалаған кезінде атып жібереді. Ақынның ақындығы осында, - деп Шәмші ағамыз сағына еске алады екен.
2-жүргізуші:

Бір жыл ішінде туып, ән - жыр көгінде қатар жарқыраған қос жұлдыз бірінен-бірі бір сәт ажырасса сағынатын, алыстап кеткен сәттерінде бірін-бірі іздеумен өтті, бірін-бірі аңсаумен болды.


«Шәмілге жазған хаттардан» өлеңі, автор өзі оқиды. 

           



1-жүргізуші:

Қай уақытта да, қиналғанда нағыз ақын өзінің тілін ұғатын, түсінетін ақынды іздейді. Сондай қиын сәтінде Мұқағали Фаризаны тапты. Енді біз де Мұқағали болып, Фаризаға мұң шағайық.


«Фариза» өлеңі, оқитын Сәбина И.
2 – жүргізуші:

Ақын жүрегі нәзік, сезімтал. Кей – кейде өмірден безініп, ол өзінше сүйеніш, тірек болар адамды іздейді. Кез –келген адам ақын жанын түсіне бермейді.


Ән: «Арулар – асыл жандар» өлеңі, әнін жазған орындайтын Шырын.

1-жүргізуші:

Ақындардың көмейінен жыр ақса,

Кейбіреулер жыр бәйгеде жүр ақсап.

Бақыт деген – асыл болса, бір мысқал,

Бақыт деген – уақыт болса, бір-ақ сәт. Бақытты құрайтын махаббат па әлде махаббатты құрайтын бақыт па деген түйіні тереңде жатқан сауалды ақын өзінше тұжырымдайды.
2-жүргізуші:

Болашақ бүгіннен басталады, яғни бүгінгі жастар, зиялы азаматтар. Қоғам қай кезде де біліктілік пен білімділікті, парасаттылық пен ақылдылықты талап етеді. Сол талаптарға сай болу үшін жастар білім ізіне түсіп, мол еңбек етіп шыңдалып, өздерін танытуға тырысу үстінде. Белсенді, отаншыл жастар біздің арамызда.


Ән: «Сен көріктісің» өлеңі, әнін жазған орындайтын Елдана.
1-жүргізуші:

Сырым да –осы,

Жырым да –осы,

Алдыңда.


Байқашы бір,

Бықсыдым ба, жандым ба?

... Мұхаңдар жоқ,

Махандардың сарқыты –

Мұқағали Мақатаев бар мұнда!
2-жүргізуші:

Қарасаз, қарашалғын өлеңде өстім.

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев

Өлтіре алмайды, алайда өлеңді ешкім.
Ән: «Жас қайың» өлеңі, әнін жазған орындайтын Арайлым.
1-жүргізуші:

Сен қазақтың қазақтығын жырладың,

Ашып айттың қазағымның мұң-зарын.

Сол даңқыңды ұрпағыңа жеткізген

Қара өлеңің – жалындаған жырларың.
2-жүргізуші:

Зулап күндер, жылдар аунап барады,

Жырларыңнан қазақ бақыт табады.

Қадіріңді сәл кешірек білсек те,

Мәңгі есімің жадымызда қалады.
1-жүргізуші: Ақынның досы болған сазгер Нұрғиса Тілендиевтің «Естеліктер» кітабындағы мына бір айтқанын тыңдап көрейік.
1- оқушы: - Мұқағали дүниеден өткен соң қатты күйзелдім. Жүрегім әлсіреп екі айға жуық емханада жаттым. Арада екі ай өткен соң жұмысқа киетін пешпентімнің қалтасынан хат шықты.
2- оқушы: - Мұқағалидың жазуы, Мұқағали хаты: « Аға, мен ғой. Дертім қозып барады. Не боларын білмеймін. Мынаған назар аударып көрерсіз» - деген екен.
1- оқушы: - Емханада қатты ауырып жатқанда маған жіберген сол өлеңі «Есіңе мені алғайсың». Жаным күйзеліп отырып, ақын інім көз жұмғаннан кейін екінші айдың ауыр бір күнінде әлгі өлеңге ән жаздым.
2- оқушы: Олай болса, ұстаздар мен оқушылар, Мұқағали Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың» өлеңі, әнін жазған Нұрғиса Тілендиев.
«Есіңе мені алғайсың» орындайтын Перизат.
2-жүргізуші:

Бұл кешті ақынның мына бір өлең жолдарымен аяқтағымыз келіп отыр.

Әрине, суық қайғы, суық қайғы.

Көңілін халқың, бірақ суытпайды,

Егер де халық өзін ұмытпаса,

Бақұл бол, халқың сені ұмытпайды.


1-жүргізуші:

Құрметті тыңдарман қауым! Қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа, ізгілікке, өз ұлтын сүйе білуге баулысақ, сол арқылы мына күрмеуі көп қиын заманда бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен, халқына деген махаббатын тек поэзияда ғана емес, өмірде де, күресте де үлкен азаматтықпен қорғай білген Мұқағали Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емес.



Осымен кешіміз аяқталды. Келіп тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош, сау болыңыздар!
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Қалалық көркемсурет лицейі – юнеско клубы «Графика және оның түрлері»
lessons -> Сабақтың тақырыбы : Кинотеатрға барамыз. Сабақтың мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Түбінде адам болатын бала "Менің атым Қожа"
lessons -> Сабақ№ Сыныбы Күні
lessons -> Сабаќ жоспары бекітемі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару. Сабақтың мақсаты: Білімділігі
lessons -> Ќайырбек Оразов атындаѓы
lessons -> «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
lessons -> Диктант 5 сынып


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет