Ресейлік танымал спорт комментаторы Василий Уткин көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ria.ru 

Журналист әрі "Эгриси" футбол командасының иесі 52 жасында өмірден өтті.

"Бұл жазбаны жазу бізге өте қиын. Бірақ бұл шындық. Василий енді арамызда жоқ" — делінген "Эгриси" командасының хабарламасында. 

БАҚ-тағы мәліметтерге сүйенсек, Василий Уткин көз жұмғанға дейін жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауыр дертіне шалдыққан. Өткен жылдың қазан айында оған атеросклероз деген диагноз қойылған.

Василий 1990 жылдардың ортасында НТВ және НТВ-Плюс телеарналарында футбол комментаторы, журналист және "Футбол клубы" телешоуының жүргізушісі ретінде танымал болды.

Василий Уткин 21 наруыз күні өтетін Қазақстан құрамасының ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі Грекияға қарсы ойынынан хабар тарату үшін Алматыға келуі керек еді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.