МаңҒыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ



жүктеу 3.43 Mb.
бет10/21
Дата07.03.2018
өлшемі3.43 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

Маңғыстау облысы басқа өңірлермен (Атырау облысымен) Астрахань – Атырау – Ақтау автомобиль жолы арқылы жалғасады.

Бұдан басқа, өңір «Бейнеу-Ақтау-Жаңаөзен-Түрікменстан шекарасы» автожолы арқылы Түрікменстанға шыға алады. Сондай-ақ, Маңғыстау облысы «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» автожолы арқылы Өзбекстанға (Нүкіске) шыға алады.

Жолаушылар көлігі

01.10.2015 жылғы жағдай бойынша облыста 15 облысішілік, 17 қалалық, 14 ауданішілік жүйелі маршрут жұмыс істейді. Өңірде халықаралық және облысаралық бағыттар жоқ. Автобус паркінде 423 бірлік бар. 1 автостанция жұмыс істейді. Облыста 1000-нан аса адам тұратын 58 елді мекен бар, олардың 14,89%-ы жүйелі автобус қатынасымен қамтылмаған.

Облыстың автомобиль көлігімен 2014 жылы 85 523,1 мың жолаушы тасымалданды, бұл 2012 жылға қарағанда 4,9%-ға көп. Көліктің жолаушылар айналымы 2012-2014 жылдарда 2,8%-ға өсті.

Маңғыстау облысының жүк көлігімен 2014 жылда 217 615,4 мың тонна жүк тасымалданды, бұл – 2012 жылдың деңгейінен 4,7%-ға жоғары.


2-кесте. Ауданаралық бағыттардағы жолдың орташа уақытының есебі

Бағыттардың атауы

Арақашықтық, км.

Орташа жылдамдық, км/сағат

Жолдағы уақыт, сағат

Ақтау-Жаңаөзен

150

70

2-00

Ақтау-Мұнайлы

20

60

00-20

Ақтау-Қарақия

60

60

1-00

Ақтау-Түпқараган

132

70

1-30

Ақтау-Маңғыстау

146

60

1-30

Ақтау-Бейнеу

495

60

9-00

Жолдағы орташа уақыт







15,2:6=2,4 сағат


Теміржол желісі

Жалпылай қолданылатын темір жолдардың жалпы республикалық пайдалану ұзындығындағы Маңғыстау облысының үлесі – 5,2%. Маңғыстау облысының темір жолдарының жиілігі – 1000 шаршы км аумаққа 4,73 км құрайды (республика бойынша – 5,41). Республикадағы темір жолдардың жиілігі және ұзындығы бойынша облыс 10 орында тұр.


3-кесте. Темір жол саласының 2012-2014 жылдардағы өндірістік көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Жүктер тасымалданды

млн. тонна

15,6

15,3

14,6

Жолаушылар тасымалданды

мың адам

2777,58

2966,7

1312,0

Маңғыстау облысы темір жол желісі арқылы Құлсары станциясы (тек қана) бойынша Атырау облысына; Тассай станциясы арқылы Ақтөбе облысына (тек қана); Қарақалпақстан станциясы арқылы Өзбекстанға (тек қана); Болашақ станциясы (қоса алғанда) арқылы Түрікменстанға шыға алады.

Облыстың темір жол желісі ҚТЖ-ның «Бейнеу – Өзбекстан шекарасы», «Бейнеу – Ақжігіт», «Бейнеу – Маңғыстау», «Маңғыстау – Жаңаөзен» учаскелерінен және Ақтау теңіз порты мен Маңғышлақ станциясы арасындағы учаскеден тұрады.

Облыстың магистралды темір жол желісінің ұзақтығы: Опорная - Бейнеу – 113,6 км, Бейнеу – Оазис – 82,3 км, Бейнеу – Жарқұм – 154,8 км, Бейнеу - Сайөтес – 178,0 км, Сайөтес – Маңғышлақ – 226,3 км (екі жолды Сайөтес-9 разъезд аралығының I жолы), екі жолды Сайөтес-9 разъезд аралығының IІ жолы – 30,4 км, Маңғышлақ - Өзен – 180,1 км, Өзен - Болашақ – 145,7 км, Бейнеу парк А – Бейнеу парк Б – 4,1 км.

Маңғыстау облысының барлық теміржол учаскелері бір табанды және электрленбеген. Облыс шегіндегі барлық учаскелерде автоматты сигнал беру және телекоммуникация жүйесі орнатылған.

Облыстың темір жол учаскелерінде жолдарды күтіп-ұстау бойынша санат мынадай: Опорная - Бейнеу-II, Бейнеу - Оазис-III, Бейнеу - Сайөтес -II, Сайөтес - Маңғышлақ-III, Маңғышлақ - Өзен-IV, Өзен- Болашақ-III.

Аумақтық кесінде темір жол желісінің дамуымен байланысты проблемалар тек Түпқараған ауданының аумағында бар.

Өңірдегі сала 2012-2014 жылдарда айтарлықтай дамыды. Жаңа темір жол желілерін, оның ішінде Өзен-Түрікменстан шекарасы, Жезқазған-Бейнеу желілері пайдалануға берілді және салынуда. Нәтижесінде жүктерді Қытайдан және Тынық Мұхит елдерінен тасымалдау мүмкіндігі пайда болды. Бұдан басқа, Түрікменстан және Иран аумағы арқылы Парсы шығанағына шығу қалыптасты. Бұл транзитті кеңейтуге, сондай-ақ темір жол бойындағы облыс аумағын дамыту үшін Маңғыстау облысының аудандары мен қалаларында ШОБ-ті дамытуға ықтимал жағдайлар жасауға мүмкіндік берді. Құрық портында паром кешенін және жағалаудағы аймақта бірнеше жобалар салу жобасын іске асыру үшін инфрақұрылымдық негіз құратын «Боржақты-Ерсай» жаңа темір жол желісінің құрылысы жүргізілуде.

Темір жолмен жолаушылар тасымалдау дамуда. Облыста 2014 жылдан бастап әлеуметтік маңызды облысішілік қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдау іске қосылды, оның шығындары облыстық бюджеттен субсидияланады. Мәселен, 2014 жылғы қрыкүйектен бастап «Маңғыстау-Бейнеу-Маңғыстау» маршруты ашылды. Нәтижесінде көрсетілген маршрут бойынша 2014 жылы – 109 248 жолаушы, 2015 жылдың 4 айында – 59 252 жолаушы тасымалданды.

Алайда, облыс, дәлірек айтқанда Түпқараған ауданы аумағының темір жолдар желісімен толық қамылмағанын атап өту қажет. Өңірдің темір жол желісі бір табанды және электрленбеген, бұл – өткізу қабілеттілігі, қозғалу жылдамдығы және темір жолмен тасымалдау құны бойынша шектеулер туғызады.



Теңіз жолдары

Ақтау және Баутин екі теңіз портының, сондай-ақ Құрық портының (құрылысы басталуда) бар болуына байланысты, облыстың теңіз көлігі кешені ҚР үшін бірегей болып табылады.

Теңіз порттары арқылы жыл сайын шамамен 12,3 млн. тонна жүк ауыстырылып, тиеледі. Негізгі жүктердің номенклатурасын мұнай, металл, бидай, контейнерлер, тасты тау жыныстары және жүктер құрайды. Бұл ретте, Ақтау порты экспорттық қатынаста жұмыс істесе, Баутин порты теңіз мұнай операцияларын қолдау базасы ретінде маманданған.

Қазақстандағы жалғыз халықаралық порты – Ақтау халықаралық теңіз сауда порты Маңғыстау облысының көлік кешенінің негізі болып табылады. Негізгі ауыстырылып-тиелетін жүктердің түрлері – шикі мұнай мен жүктер. Ақтау порты «ТРАСЕКА» және «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәліздерінің құрамдас бөлігі болып табылады.


3-кесте. Ақтау теңіз портының өндірістік көрсеткіштері



Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Жүктерді ауыстырып-тиеу, барлығы

11 006

10 081

10 268

Мұнай

7 591

6 283

5 954

Металл

1 398

718

1 229

Астық

644

527

686

Басқа жүктер

437

574

433

Паром жүктері

936

1 979

1 966

Құрық порты Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырымен қосылу үшін Әзірбайжанға мұнай тасымалдау үшін жүк ауыстырып тиеу пункті ретінде белгіленген. Паромдық тасымалдар үшін ауыстырып тиеу пунктін құру мақсатында, «ҚТЖ» АҚ Құрық портында қуаттылығы жылына 4,1 млн. тоннаға дейін болатын паром кешенінің құрылысын жүргізуде.

Баутин порты – теңіз операцияларын қолдау базасы ретінде пайданылып, мұнай өндіруші компаниялар үшін жүк (жабдықтар, құрылыс материалдары, жанар-жағармай материалдары және т.б.) ауыстырып тиеуді жүзеге асырады. Баутин портында негізінен Каспий теңізінің айдынын игерумен айналысатын компаниялардың кемелері орналасқан.

Сондай-ақ, Түпқараған ауданында «Маңғышлақ-Баутин теміржол желісін салу» жобасының ТЭН-і әзірленуде. Осы жобаны іске асыру Каспий теңізінің қайраңындағы теңіз мұнай-газ операцияларына үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп, қазақстандық кен орындарынан мұнайды Баутин порты арқылы экспортқа тасымалдауды арттырады, сондай-ақ өңірдің мұнай-газ секторының қажеттіліктерін көлік қызметтерімен, ал салынып жатқан теңізде мұнай өндіруді қолдау базаларын қажетті материалдармен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.

Өңірдің және саланың дамуына әсер ететін негізгі шектеу, қазіргі кезде облыс порттарының жобалық қуаттылықтардың шегінде жұмыс жасап жатқаны болып табылады. Осы проблеманы ішінара шешу үшін, Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл – порттың қуаттылығын жылына 21,0 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бермек.

Азаматтық авиация

Облыстың ҚР астанасынан және Қазақстанның басқа өңірлерінен айтарлықтай қашықтықта орналасуына байланысты, әуе көлігі көлік қатынасында маңызды рөл ойнайды.

Облыстың жалғыз әуе айлағы халықаралық және Қазақстан ішіндегі тасымалдауларға қызмет көрсететін Ақтау қаласының әуежайы болып табылады.

Әуежай ISO9001:2008, IATA-ISAGO, ICAO стандарттары бойынша сертификатталған. Мына: Астана, Алматы, Атырау, Шымкент, Орал, Ақтөбе, Мәскеу, Баку, Стамбул, Астрахань, Минеральные воды, Краснодар, Махачкала, Ереван, Тбилиси бағыттары бойынша тұрақты ұшулар жүзеге асырылуда.


4-кесте. Ақтау халықаралық әуежайының 2012-2014 жылдардағы көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Өндірістік қуаттылық

2012

жыл

2013 жыл

2014

жыл

Жолаушыларға қызмет көрсету (мың жолаушы)

жылына 2,0 млн. жолаушы (450 жол./сағ.)

734,1

776,3

813,7

Ұшақтың ұшуы (рейс)

сағатына 14 әуе кемесі

6392

6354

6481

Жүкті өңдеу (тоннамен)

_________

5896

4182

5115

Өңірде облысішілік әуе тасымалдары жоқ. Сонымен бірге, шағын авиацияның инфрақұрылымын дамыту, дәлірек айтқанда «Бейнеу» әуежайын қалпына келтіру, аудан орталығы мен жақын жатқан қоныстардың тұрғындарын облыс орталығына дейін және кері әуе тасымалдарымен көліктік қамтамасыз ету мәселелерін шешер еді.


Көлік бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

қанағаттанарлықсыз жай күйдегі автомобиль жолдарының 40,5%-дан 22,9%-ға дейін қысқаруы;

Қазақстандағы жалғыз халықаралық теңіз портының болуы;

Қазақстанның басқа облыстарымен, әрі шектесіп жатқан мемлекеттермен байланысты қамтамасыз ететін дамыған темір жол желісі (оның ішінде жаңа желілер)




ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

облыстағы автомобиль жолдары тығыздығының төмендігі (орташа республикалық көрсеткіштен 2 есе төмен);

облыстағы көлік инфрақұрылымы объектілерінің жеткілікті дамымауы, оның ішінде бірқатар аумақтардың (Түпқараған ауданы, Қарақия ауданының шекара бойындағы аумақтары) инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі, темір жол қатынасының болмауы;

автомобиль жолдарының тозуы;

облыс аумағын жолаушылар бағытындағы қатынаспен толық қамтылмауы;

порт инфрақұрылымының шектеулі қуаттылығы;

облыстың темір жол желісінің электрленбеуі және бір табанды болуы


МҮМКІНДІКТЕР:

«Нұрлы жол» бағдарламасының және «Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы» аясында көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларын іске асыру;

транзиттік жүк және жолаушылар ағынының жандануынан өңір кірістерінің айтарлықтай өсуі;

жұмыс істеп тұрған порттарды кеңейту және жаңғырту, сондай-ақ жаңа порт салу есебінен порт инфрақұрылымының қуаттылықтарын арттыру;

«Солтүстік - Оңтүстік» және ТРАСЕКА халықаралық көлік дәліздерінің стратегиялық көліктік-логистикалық және сервистік-өндірістік учаскесі ретінде облысты дамыту


ҚАТЕРЛЕР:

көлік инфрақұрылымын дамыту жобалары үшін бөлінген бюджет қаражатын секвестрлеу;

Өзен-Болашақ (Қазақстан) - Берекет (Түрікменстан) - Горган (Иран) темір жол желісін толық пайдаланбау салдарынан транзиттік әлеуеттің төмендеуі.

облыстың көлік-коммуникациялық инфрақұрылымының жеткілікті дамымауы себебінен өңірдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуі




Көлік саласындағы негізгі проблемалар:

асфальт-бетон жамылғысы тозуының жоғары дәрежесі;

автомобиль жолдарын жөндеу мерзімдерінің сақталмауы – күрделі және орташа жөндеу эпизодтық сипатқа ие;

жолдарды ағымдағы жөндеуге және күтіп-ұстауға бөлінетін қаражаттың жеткіліксіздігі;

облыстың жекелеген аудандарының, дәлірек айтқанда Түпқараған және Қарақия аудандарының аудан орталықтарының бағытында жолаушылар қатынасымен толық қамтылмауы;

жолаушылар қатынасы инфрақұрылымының жетіспеушілігі (Ақтау қаласындағы автовокзал, Шетпе және Бейнеу ауылдарындағы автостанциялар);

Түпқараған және Қарақия аудандарының аудан орталықтары бағытындағы маршруттардың залалдығы.
2.1.4.4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Электрмен жабдықтау

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС (бұдан әрі – МАЭК) облыстағы электр энергиясын өндіретін жалғыз кәсіпорын және облыстың барлық тұтынушыларын энергиямен жабдықтайтын ұйым болып табылады.



Бұдан басқа, кәсіпорын Ақтау қаласы мен оған жақын орналасқан аудандарды ауыз сумен және жылу электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Электр энергиясын облыстың қалалары мен аудандарына тасымалдау «Маңғыстау электр тарату желісі компаниясы» АҚ-ның (МЭТК), Ақтау қаласы бойынша «АЭЖБ» МКК-ның электр желілері бойынша жүзеге асырылады. Облыстың қалалары мен аудандары бойынша электрмен жабдықтау мемлекеттік комуналдық ұйымдармен жүзеге асырылады. Электр энергиясын өндіру бойынша энергия кешенінің белгіленген қуаттылығы – 1342 МВт, қолдағы қуаттылығы - 980 МВт құрайды. Қуаттылықтың 200 МВт шегіндегі болмашы қоры бар.
1-кесте. Саланың 2012-2014 жылдардағы дамуының негізгі көрсеткіштері




2012

2013

2014

Электр энергиясын өндіру

4598126,154

4612753,398

5079997,215

Электр энергиясын тұтыну

4548891,014

4545077,088

5009914,331

Электр энергиясын импорттау/экспорттау

-

-

-

Электр энергиясының ысырабы

49235,140

67676,310

70082,884

Негізгі тұтынушылар:

3 875 463

3 897 587

4 296 932

Оның ішінде, өнеркәсіп

3 352 933

3 383 730

3 706 665

Халық және т.б.

522 530

513 857

590 267

Электрмен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы – 8941,63 км-ді құрайды. Желілердің тозуы облыс бойынша – 61,0% немесе 5454,39 км. Желілер тозуының мейлінше жоғары дәрежесі Маңғыстау ауданында (61%), Ақтау қаласында (47,8%), Түпқараған ауданында (36%), Жаңаөзен қаласында (30%) байқалады.

2011-2015 жылдарға арналған АДБ іске асырылған кезеңде кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен облыс бойынша 693,55 км байланыс желілері мен 592 трансформаторлық пункт жөнделді. Республикалық бюджет есебінен Ақтау қаласындағы бір трансформаторлық 20 қосалқы станцияны екі трансформаторлық қосалқы станцияға ауыстыру арқылы реконструкциялау жүргізілді. Жаңаөзен қаласында бұрыннан бар трансформаторлық қосалқы станцияларды, тарату пункттерін реконструкциялау және кеңейту жүргізілді.Облыста электр энергиясын есептеу құралдарымен 100% жарақталуға қол жеткізілді.

Сонымен бірге, салада облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін проблемалар әлі де бар.

Оның бірі өңірдегі энергия тапшылығы болып табылады. МАЭК-да генерациялайтын жабдықтың табиғи тозуы сөзсіз орын алады, ал өңірдегі электр энергиясын тұтынудың жыл сайынғы өсімі жылына 6-8% құрайды.

Қазіргі беталыста қуаттылықтардың қолда бар резерві таяу арада таусылмақ және электр энергиясының теңгерімін ұстап тұру үшін облыста оны тұтынуды шектеу немесе энергия торабының шегінен тыс жерлерден тасымалдау қажет болады. Бұл ретте, Маңғыстау облысының іс жүзінде республиканың Бірыңғай энергия жүйесімен байланыс желісі жоқ екенін есепке алу қажет. Осылайша, таяу келешекте өңірде іс жүзінде энергия тапшылығы қаупі туындайды.



Энергия үнемдеу

Өңірдегі энергия тапшылығының ықтимал тапшылығын есепке алғанда, энергия үнемдеу мәселелері ерекше өзекті болмақ.

Энергия үнемдеу бойынша шараларды іске асыру қазіргі кезде өнеркәсіпті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын және көлік секторын жаңғыртудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.

Маңғыстау өңірінің энергия тұтыну құрылымының талдауы көрсеткендей, оның 82%-ы – өнеркәсіптік секторға, оның ішінде 1,2% - құрылысқа, 3,0% - көлік секторына, 8,4% - жалпы пайдаланымдағы желілердегі шығындарға, 0,5% - ауыл шаруашылығына келеді. Ал, 4,8% облыс шегінен тыс жерлерге жіберіледі.

Маңғыстау облысының 9 ірі өнеркәсіптік кәсіпорны өнеркәсіптік сектор тұтынатын энергетикалық ресурстардың 35%-ын пайдаланады.

Энергия үнемдеу және энергияның тиімділігін арттыру бойынша мәселелерді шешу мақсатында, облыста ірі энергетикалық кәсіпорындарымен жұмыс жүргізуде. Энергия жөніндегі кешенді жоспарлар әзірленіп, оларда «МЭТК» АҚ, «АЭЖБ» МКК объектілеріндегі жабдықты жөндеу, жаңғырту, энергия тасушыларды бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалануға беру, жарықтандыру желілерінде энергия үнемдейтін лампалар пайдалану бойынша іс-шаралар көздестірілді.

«АЭЖБ» МКК ЭТБЕАЖ енгізу жұмыстарын бастады. Дәлдік классы 0,25-0,5 электр есептеуіштер орнатылатын болады, бұл – тұтынылған электр энергиясын өлшеу дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы есепке алу құралдары, тұтынылған электр энергиясы үшін уақытылы ақы төленбеген жағдайда энергия тұтынуды қашықтан шектеуге және тұтынушыны токтан ажыратуға мүмкіндік береді.

Ақтау қаласындағы қаланың 108 қосалқы станциясында СЖ АБЖ-нің (сыртқы жарықтандырудың автоматтандырылған басқару жүйесі) телеметриялық жабдығы орнатылды. Телеметриялық жабдық пен көп тарифтік есепке алу аспаптарын орнату, көшедегі жарықтандырудың жану уақытын қысқартуға және сараланған тарифтер мен нақты тұтыну бойынша ақы төлеуге мүмкіндік берді.

Тұрғындар арасында электр энергиясын үнемдеуді насихаттау жүргізілуде, энергетикалық ресурстарды үнемдеу, ұтымды және тиімді пайдалану, энергия үнемдеу мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша мақалалар жариялануда.


Каталог: media -> uploads
uploads -> Утверждено
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> МаңҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
uploads -> Аймақтық экспорт
uploads -> Информация по осуществлению мониторинга
uploads -> Бағдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 015 жыл мазмұны өңірлік макроэкономика 9


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет