МаңҒыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ



жүктеу 3.43 Mb.
бет11/21
Дата07.03.2018
өлшемі3.43 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

Жаңартылатын энергетика.

Энергия тапшылығын жабудың басқа бір мүмкіндігі жаңартылатын энергия көздерін, бірінші кезекте жел энергиясын пайдалану болуы қажет. Жел электр станцияларын салу үшін перспективалы аймақ Түпқараған ауданы болып табылады. Форт Шевченко жоғары жел жүктемелерінің аймағында орналасқан, бұл – электр энергиясын үлкен ауқымда өндіру үшін жел энергетикасын пайдалануға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, өңірде энергияның жаңартылатын көздерін пайдалану инвесторлардың болмауынан баяу жүзеге асырылуда. Бұл, бір жағынан мемлекеттік жаңартылатын энергия көздеріне арналған тарифтерді 2014 жылы ғана бекітумен де байланысты.

Жылумен жабдықтау.

Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және Маңғыстау ауылында орталықтандырылған жылумен жабдықтау пайдаланылады. Облыстың орталықтандырылған жылумен жабдықтау қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі 51% құрайды.

Ақтау қаласында жылумен жабдықтау «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО-ның қазандықтарымен қамтамасыз етіледі. Жаңаөзен қаласында жылумен жабдықтау «Өзенжылу» МКК-ның орталық қазандығымен жүргізіледі.

Аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде жылу көзі ретінде автономды қазандықтар мен газ қазандары қолданылады. Оларды орталықтандырылған жылумен жабдықтауға ауыстыру экономикалық тиімсіз.

Облыс бойынша 100 Гкал-дан асатын барлығы 3 бірлік, оның ішінде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің ТЭЦ-1 және ТЭЦ-2 қазандықтары, «Өзенжылу» МКК-ның қазандығы бар. 100 Гкал-ға дейінгі қазандықтар саны – 126 бірлік.

Коммуналдық меншіктегі жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 779 км. Желілердің тозуы 54% құрайды.

«КЖСА» МКК желілеріндегі нормативтік техникалық ысыраптар 2015 жылға: ауыз суда – 16,98 %; техникалық суда – 16,98%; ыстық суда – 13,78%; жылу энергиясында – 19,4% құрады.

Жаңа шағын аудандарды жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында, Ақтау қаласында 1-ЖЭО-дан жылумен жабдықтаудың ұзындығы 9 км жаңа магистралды желісі пайдалануға берілді. Жаңаөзен қаласының тұтынушыларын жылумен жабдықтау сапасын жақсарту және жылу энергиясының ысыраптарын азайту үшін, шағын ЖЭО-ға ауыстыру арқылы орталық қазандықты реконструкциялау және кеңейту жүргізілуде. Ақтау қаласының бірқатар шағын аудандарында жылу желісінің құбыржолдарын реконструкциялау жүргізілуде.

Облыста жылу энергиясын есептеу құралдарын орнату бойынша жұмыс жүргізілуде. Заңды тұлғалардың есепке алу құралдарымен жарақтандырылу үлесі 85%, жеке тұлғалар бойынша 2,7% құрайды.

Тұтастай алғанда, 2012 жылы – 21,9 км, 2013 жылы – 13 км, 2014 жылы – 12 км, 2015 жылы – 34, км жылу желісі ауыстырылды. Нәтижесінде жылумен жабдықтау желілерінде орын алған авариялар мен өшірулер саны 2012 жылы – 484 бірлікті, 2013 жылы – 460 бірлікті құрады. Олардың саны 2014 жылы 425 бірлікке дейін төмендеді.



Газбен жабдықтау

Қазіргі кезде облыстағы елді мекендердің табиғи газбен қамтамасыз етілуі 100% құрайды.

Облыстағы газ құбырларының жалпы ұзындығы 2690 км-ді құрайды. Желілердің тозуы 30% құрайды. Облыстың жер асты газ құбырларының 40%-ы электр химиялық қорғау жүйесінсіз пайдаланылуы салдарынан газ құбырларының тозуы орын алуда.

Облыстың тұтынушыларын газбен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында, республиканың басқа өңірлеріндегі газбен қамтушы ұйымдардың жұмыс тәжірибесін есепке ала отырып, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ негізінде көрсетілетін қызмет тарифін реттейтін, желілерді реконструкциялау және жөндеу бойынша бірыңғай техникалық саясат жүргізетін газбен жабдықтау және тарату бойынша бірыңғай оператор құрылды.

2012-2014 жылдарда облыстың қалалары мен аудандарында газбен жабдықтау және газ тарату инфрақұрылымының құрылысы мен оларды күрделі жөндеу жүргізілді.

Қалалық жердегі сумен жабдықтау.

Өңір шөлейтті аймақта орналасқан, су ресурстары өте аз. Облысты сумен қамтамасыз ету 3 су көзі бойынша жүзеге асырылуда:

Тұщытылған теңіз суы («МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС);

«Астрахань-Маңғышлақ» сутаратқышы бойынша берілетін Еділ суы;

Жерасты су көздері.

Қала халқының орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігі 100% құрайды. Облыстың қалаларындағы коммуналдық меншіктегі су құбырлары желілерінің жалпы ұзындығы 1460,5 км-ді құрайды. Су құбырлары желілерінің 679,4 км-і немесе 55,2%-ы тозған. Осы көрсеткіштің үлкен үлесін Ақтау қаласы желілерінің тозуы құрайды – 78% немесе 315,37 км. ҚЕМ бойынша судың нақты ысырабы 4 395 текше метрді құрайды.

2012 жылы 50,4 км су құбырлары желілері салынып, 1,175 км канализация желілері реконструкцияланды. 2013 жылы 10,57 км су құбырлары желілері салынып, 25,3 км су құбырлары желілері және 7,2 км канализация желілері реконструкцияланды. 2014 жылы 47,5 км су құбырлары желілері салынып, 24,8 км су құбырлары желілері және 7,2 км канализация желілері реконструкцияланды. 2015 жылы 57,65 км су құбырлары желісінің құрылысы және 3,7 км су құбырлары желісін және 9,4 км канализация желісін реконструкциялау жүргізілуде.

Форт-Шевченко қаласында тұщы ауыз судың тапшылығы байқалады. Форт-Шевченко шағын қаласын дамытудың кешенді жоспарында «Қала халқын ауыз сумен жабдықтау үшін су тұщыту қондырғысын қолдану» жобасына ТЭН әзірлеу және оны іске асыру болжануда.



Ауылдық жердегі сумен жабдықтау.

2014 жылдың қорытындысында облыс бойынша 28 ауылдық елді мекеннің орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар («МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, Түйесу, Сауысқан, Құйылыс, Торорпа, Онды, Шайыр кен орындары), 27 АЕМ орталықтандырылмаған сумен жабдықтауды пайдаланады (Сам, Қарағайлы, Аққұдық, Ақмыш, Сауысқан, Ұланақ, Тұщыбек, Бекі, Боздақ кен орындары), 8 АЕМ тасымалданатын суды пайдаланады (Басқұдық, Түйесу, Сауысқан кен орындары).

Тұтастай алғанда, облыс бойынша ауылдық елді мекендердің 46,7%-ның орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар (Рахат ауылын есепке алмағанда).

Аудандар бойынша сумен жабдықтаудың орталықтандырылған желісіне қолжетімділік дәрежесі аумақтық кесінде (халық саны бойынша) былайша көрінеді: Мұнайлы ауданы – 8%, Бейнеу ауданы – 15%, Түпқараған ауданы – 20%, Қарақия ауданы – 36%, Маңғыстау ауданы – 64%.

Ауылдық елді мекендердегі коммуналдық меншіктегі су құбырлары желілерінің жалпы ұзындығы 495,14 км-ді құрайды. 104,32 км немесе 21% су құбырларының желісі тозған. АЕМ бойынша судың нақты ысырабы 193,3 мың текше метрді құрады.

2012 жылы – 185 км, 2013 жылы – 28,44 км, 2014 жылы – 78,36 км су құбырлары желілері салынды. 2015 жылы 419,3 км су құбырлары желілерін салу және ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігін 50%-ға дейін арттыру жоспарлануда.

Сумен жабдықтау саласындағы негізгі проблема – халық пен экономиканың тұрақты өсуіне қарай облыстағы бұрыннан бар су тапшылығы. Бұл проблеманы, инфрақұрылымының, дәлірек айтқанда облыс үшін негізгі су көзі болып табылатын «Астрахань-Маңғышлақ» сутаратқышының тозуы да қиындата түседі.

Су бұру.

Су бұру және ақаба суларды тазарту жүйелерімен Ақтау мен Жаңаөзен қалалары ғана жабдықталған. Облыс бойынша 31 канализациялық құрылыс жұмыс істейді. Коммуналдық меншіктегі канализациялық желілердің жалпы ұзындығы 403,8 км-ді құрайды, оның 302,26 км-і ауыстыруды қажет етеді. Канализация желілері 30 жылдан астам пайдаланылуда, және олардың 79%-ы, канализациялық сорғы станциялары 80%, канализациялық тазарту құрылыстары 90% ескірген.

Халықтың орталықтандырылған су бұруға қолжетімділігі қалаларда 93,1% құрайды. АЕМ-дерде көбінесе септиктер қолданылады.

2016-2020 жылдарға арналған АДБ аясында шешілуі қажет саладағы негізгі проблема тозуы 80-90% құрайтын инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту болып табылады.



Тұрғын үй қоры.

1.10.2015 жылғы жағдай бойынша облыстың көп пәтерлік тұрғын үйлерінің саны 1464-ті құрады. Олардың ішінде жөндеуді қажет ететіні – 298.


2-кесте. Қалалар мен аудандар кесініндегі тұрғын үй қоры




Көп пәтерлі тұрғын үйлердің саны

Оның ішінде, жаңғыртуды қажет ететіні

Тіркелген кондоминиум объектілерінің саны

Кондоминиум объектілерін басқару органдарының саны

Көп пәтерлі тұрғын үйлердің ауданы, м2

Ақтау қаласы

858

170

290

50

3 066 100

Жаңаөзен қаласы

245

53

17

4

712 156,95

Маңғыстау ауданы

46

14

12

2

38 800

Мұнайлы ауданы

63

17

4

1

59 935

Бейнеу ауданы

133

18

0

3

241 666

Түпқараған ауданы

25

15

1

1

17 800

Қарақия ауданы

94

11

1

2

67 691

БАРЛЫҒЫ:

1464

298

325

63

4 204 150

Облыстың тұрғын үй қоры мейлінше жоғары тозу дәрежесімен сипатталады. Қазіргі кезде 852,4 мың шаршы метрден астамы немесе 20,27%-ы күрделі жөндеудің кейбір түрлерін жүргізуді қажет етеді және 82 үй (93,523 мың шаршы метр) немесе 1,97%-ы тұру үшін жарамсыз үй ретінде бұзуға жататын апатты үйлер болып табылады.

2011-2015 жылдарға арналған АДБ қолданылған кезеңде облыста күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.

Мәселен, «ТКШ-ын жаңғырту» бағдарламасының аясында 33 көп пәтерлі тұрғын үйде күрделі жөндеу жүргізілді (Ақтау қаласында – 17 үй; жаңаөзен қаласында 2 үй; Шетпе ауылында – 8 үй; Құрық ауылында – 1 үй; Форт-Шевченко қаласында – 1 үй; Маңғыстау ауылында – 4 үй. 2015 жылы Ақтау қаласында 5 үйге жөндеу жүргізілуде.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

облыстың энергиялық тәуелсіздігі;

облыстың елді мекендері 100% табиғи газбен қамтылған;

жылу желілеріндегі 1,5 есе төмендеуі




ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

су тапшылығы, сумен қамтамасыз ететін инфрақұрылымның барынша тозуы;

газбен жабдықтау инфрақұрылымының 40% тозу дәрежесі;

жылу энергиясының жоғары ысыраптары;

электр желілерінің жоғары тозу дәрежесі.


МҮМКІНДІКТЕР:

ЖЭК дамыту есебінен энергия тапшылығының орнын толтыру;

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» іс-шараларын іске асыру есебінен инфрақұрылымның барлық түрлерін дамыту


ҚАТЕРЛЕР:

энергия өндіретін МАЭК негізгі кәсіпорнындағы тозу салдарынан қуаттылықтардың істен шығуы және оның салдарынан облыстың энергия тапшылығының ықтималдығы;

халық санының өсуі және жабдықтың тозуы салдарынан экономиканың шектеулі дамуы, облыс халқы үшін судың жетіспеушілігі



Саладағы негізгі проблемалар:

тұрғын үй қорының жоғары тозуы, сондай-ақ авариялық тұрғын үйлердің болуы (2,2%);

өңірдегі электр энергиясының ықтимал тапшылығы;

жылу желілерінің тозуы (54%), ол жаңаларын салу және жаңғырту есебінен шешуді қажет етеді;

халықтың және экономиканың тұрақты өсуіне қарай облыстағы бұрыннан бар су тапшылығы;

ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған сумен жабдықтаумен толық қамтылмауы.


2.1.5. бағыт. Экология және жер ресурстары.

2.1.5.1. Қоршаған ортаны қорғау

Облыстың экономикалық жағдайына оның аумағында ядролық сынақтардың өткізілу фактісі әсер етеді. Бұдан басқа, тарихи ластанулар қоршаған ортаға және медициналық-демографиялық ахуалға теріс әсер етуде. Сонымен қатар, құрғақ жерде көмірсутегі шикізатын өндіру және тасымалдау көлемінің қарқынды өсуі және Каспий теңізінің қайраңында барлау жұмыстарын жүргізудің басталуы онсыз да нашар экологиялық жағдайды қиындата түседі.


1-кесте. Облыстағы экологияға арналған шығындардың негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2012 жыл

2013

жыл

2014

жыл

Облыстық бюджеттен табиғи ортаны қорғау саласындағы іс-шараларды іске асыруға бөлінген сома, млн.теңге

2601,3

2603,2

4065,0

Экологиялық іс-шараларға бағытталған шығындардың қоршаған ортаға эмиссия үшін алынған жергілікті бюджет кірістеріне арақатынасы, %

62

23

178

Каталог: media -> uploads
uploads -> Утверждено
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> МаңҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
uploads -> Аймақтық экспорт
uploads -> Информация по осуществлению мониторинга
uploads -> Бағдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 015 жыл мазмұны өңірлік макроэкономика 9


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет