МаңҒыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ



жүктеу 3.43 Mb.
бет12/21
Дата07.03.2018
өлшемі3.43 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21


Атмосфера ауасының жай-күйі

2012-2014 жылдарда атмосфераға әсер ететін өнеркәсіптік кәсіпорындар санының өскені байқалады. 2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы кәсіпорындардың саны 446-дан 466-ға, яғни 0,2%-ға артты.

Стационарлық ластану көздерден ластаушы зарттардың атфосфераға шығарылу динамикасы 1-суретте көрсетілген.

1-сурет. Барлық стационарлық ластау көздерінен шығатын ластаушы заттардың мөлшері


Маңғыстау облысының атмосфералық ауысының ластануына облыс орталығы Ақтау қаласының (20%), Жаңаөзен қаласының (17%), Бейнеу ауданының (17%) өнеркәсіптік кәсіпорындары мейлінше жоғары үлес қосады.

Атмосфераға ластаушы заттардың шығарылуын азайту мақсатында, мұнай-газ өндірісінің жаңа технологиялары қолданылуда. Мәселен, 2012-2014 жылдарда газды кешенді дайындайтын үш сзауыт салынды. Сондай-ақ, Ақтау және Жаңаөзен қалаларының экологиялық паспорттары әзірленді.

Сонымен бірге, облыста «Қазгидромет» РМК-ның атттестатталған зертханасы жоқ Ақтау қаласындағы облыстық филиалының 4 бақылау бекетінен басқа қоршаған ортаның ластануын бақылау бекеттері жоқ.

Су ресурстарының жай-күйі

Солтүстік Каспийдің мұнай кен орындарын игеру бойынша жұмыстарға биологиялық саналуандықтың өмір сүру ортасын бұза отырып, су түбіндегі және кеме түбіндегі ағзаларды жоятын, 3 және одан көп метрге дейін шөгетін 300-ге жуық ірі тонналы кемелер тартылған.

Кен орындарын пайдаланатын өнеркәсіптік кәсіпорындар жер асты суларының пайдалану қорларын қайта бағалауды жүргізбейді. Осылайша, су алу кезінде осы аудандағы экологиялық теріс салдар есепке алынбайды.

Ақтау қаласының жағалауындағы қайраңның түрлiк сан алуандығын және биологиялық өнімділігін сақтау мақсатында, 2013 жылы «Каспий теңізінің Ақтау қаласы жағалауындағы шельфтік аймағында жасанды рифтер жүйесін құру» жобасы іске қосылды. Меловой мүйісіндегі теңіз түбінде түрлі нысандағы 9 риф орнатылды.

Теңіз суларының гидрохимиялық көрсеткішетін бақылау жыл сайын жылына екі рет өткізіліп тұрады. Каспий теңізінің суы «орташа ластанған» деп сипатталып, теңіз суы сапасының 3-сыныбына жатқызылады. Бұл да «Қазгидромет» РМК бақылауының деректерімен расталады.

2-сурет. Теңіз суындағы мұнай мөлшері


Ақтау қаласының Приозерный кентінде орналасқан Өлі көлдің экологиялық жағдайы да назар аударуға тұрады. Осы көл суындағы жалпы темір (5,4-19 ШҰК19), хлоридтер (454,4-647,1 ШҰК), құрғақ қалдық (158,5-406 ШҰК) және сульфаттар (40,5-107,5 ШҰК) концентрациясының айтарлықтай асып түсуі, оны шаруашылық-тұрмыстық мақсат үшін пайдалануға жарамсыз етеді.

Өндіріс және тұтыну қалдықтары

Маңғыстау облысында, тұтастай алғанда елдегідей өндіріс және тұтыну қалдықтарының пайда болуы көлемінің үздіксіз өсуі байқалады. Ол көбінесе шаруашылық қызметтің өсіп келе жатқан көлемімен және тұтыну рыногының қарқынды дамуымен байланысты.

Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың көлемі 2012 жылы – 478,7 мың теңгені, 2013 жылы – 470,7 мың тоннаны, 2014 жылы – 350 мың тоннаны құрады.

Өнеркәсіптік қалдықтардың құрамында мұнай-газ өндіру өнеркәсібінің қалдықтары басым (мазутталған топырақ, мұнай шламы және басқалар), олардың үлесі 37,3% құрайды.

Коммуналдық қалдықтар көлемінің жыл сайын өсіп келе жатқаны байқалады. Жиналатын коммуналдық қалдықтардың мөлшері бойынша Мұнайлы ауданы – бірінші орында (жалпы мөлшердің 38%-ы), Ақтау қаласы –еекінші орында (33%), Жаңаөзен қаласы үшінші орында (22%) тұр.

Маңғыстау облысында тұрмыстық қатты қалдықтарды қоймалаудың және сақтаудың негізгі орындары ТҚҚ-дың арнайы полигондары, ал ауылдық елді мекендерде жинағыштар мен ұйымдастырылған қоқыс тастайтын жерлер болып табылады.

Тұтыну қалдықтары көмілетін ұйымдастырылған (заңдастырылған) жерлер Ақтау, Жаңаөзен, Форт-Шевченко қалаларында, Бейнеу, Құрық, Шетпе ауылдарында, сондай-ақ Қаламқас және Қаражанбас кен орындарында бар. Оның ішінде Ақтау және Форт-Шевченко қалаларындағы 2 полигон ғана санитарлық және экологиялық талаптарға ішінара сай келеді.

________________________


19-шамамен-ұйғарынды концентрация
2014 жылы Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында жаңа полигондардың құрылысы басталды. Түпқараған ауданының Ақшұқыр және Таушық, Бейнеу ауданының Ақжігіт ауылдарында ТҚҚ полигондарын салуға ЖСҚ әзірленді.

Облыста қалдықтарды кәдеге жаратуды Жаңаөзен қаласында пайдалануға берілген қоқысты қайта өңдеу зауыты ықпал етеді. Сондай-ақ, Еуропалық қайта құру және даму банкiмен бірге Ақтау қаласында ТҚҚ-ды кәдеге жарату және биогаз өндіру бойынша зауыт салу мәселесі пысықталуда.



Радиоактивті қалдықтар

Маңғыстау облысының аумағында өндіріс қалдықтарын және радиоактивті қалдықтарды орналастыруға арналған 34 полигон бар. Осы полигондардағы жалпы жинақталу 1511,7 мың тоннп улы және радиоактивті өнеркәсіптік қалдықтарды, оның ішінде 59,5 мың тонна радиоактивті қалдықтарды құрайды.

Құрамында ураны бар химиялық өндіріс қалдықтарының «Қошқар-Ата» қоймасы Каспий маңы өңірінің мейлінше маңызды экологиялық проблемасы болып табылады. Ол Каспий теңізінен 7-8 км қашықтықта және облыс орталығынан -4 км қашықтықта орналасқан.

«Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасының аумағында радиациялық және улы қалдықтардың ауаға таралуын болдырмау және Ақтау қаласы мен жақын орналасқан елді мекендердің айналасындағы экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында, жасанды көлдің сұйық фазасын тұрақтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Ауданнның гидродинамикалық және гидрохимиялық жағдайлары бойынша қолда бар деректердің талдауы, бүгінге Қошқар-Ата қалдықтар қоймасының жерасты су жолдары арқылы енуі әсерінен Каспий теңізі суының ластануына нақты қауіп жоқ екенін көрсетеді.

Қошқар-Ата қалдықтар қоймасының Мұнайлы ауданының Басқұдық, Атамекен және Дәулет ауылдарына аса жақындығы қауіп төндіреді.



Биологиялық алуан түрлілілікті қалпына келтіру және сақтау

Соңғы зерттеулердің нәтижелері бойынша, аша тұяқты жануарлардың кейбір түрлерінің саны бірнеше есе қысқарған. Мәселен, 1991 жылмен салыстырғанда ақбөкендердің саны – 22 есе, арқарлар саны – 8 есе, қарақұйрықтар саны – 1,7 есе азайды.

Табиғи экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру мақсатында, 2012 жылы жергілікті маңызы бар «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі (68,4 мың га), сондай-ақ жалпы ауданы 544,5 мың га болатын жергілікті маңызы бар «Жабайұшқан» (316,0 мың га) және «Тасорпа» (160,0 мың га) мемлекеттік табиғи қаумалдары құрылды.

Жердің тозуына қарсы күрес

2012-2014 жылдарда Сенек ауылының қасындағы Түйесу, Үштаған ауылына жақын жердегі Бостанқұм жұтаң құм алаптарының және Тұщықұдық ауылының өсімдік жабынын жыл сайын 100 гектардан қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қазіргі кезде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Сенек және Үштаған ауылдарының айналасында жасанды оазистер құрылды.

Орман қоры

Маңғыстау облысының орманды алқаптарының жалпы ауданы 122 431 гектарды құрайды.

Орман алабының негізгі бөлігін қара сексеуіл құрайды. Сондай-ақ, жыңғылдар, тауарпа, баялыш және тағы да басқа бұталы талдар кездеседі.

Қазіргі кезде өңірде екі мемлекеттік орман мекемесі бар: Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi мен Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi.

300 гектарға қара сексеуіл тұқымдарын егу бойынша жұмыстар жыл сайын жүргізіледі. Сондай-ақ, ормандарды патологиялық зерттеулер, өртке қарсы іс-шаралар және қорғау жүргізілуде.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша SWOT-талдау


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

табиғат қорғау жобаларының іске асырылуы;

қоршаған орта жағдайы мен халықтың денсаулығына қолайсыз антропогендік әсерді төмендету үшін қажетті зерттеулердің жүргізілуі;

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға арналған қаржыландыру көлемінің ұлғаюы;

жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын аумақтардың құрылуы;

жергілікті экологиялық проблемаларды жою жөніндегі шаралардың әзірленуі;

Жаңаөзен және Ақтау қалаларының, Мұнайлы ауданың экологиялық паспорттарының болуы


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

қоршаған ортаның ағымдағы және тарихи ластануы;

су ресурстарының, бірінші кезекте ауыз судың болмауы, су көздерінің ластануы, тазарту құрылыстарының нашар жағдайы;

өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату және көму бойынша өндірістік қуаттылықтардың болмауы;

мемлекеттік мониторинг жүйесінің болмауы, мұнай өндіру үлерісінде Каспий теңізінің ластануын болдырмау үшін бақылаудың жеткіліксіздігі


МҮМКІНДІКТЕР:

қоршаған ортаны ластағаны үшін жергілікті бюджетке түсетін төлемақылар мен табиғат қорғау шараларына жергілікті бюджеттен бөлінген ақшалай қаражаттың барабарлығын қамтамасыз ету, өзекті табиғат қорғау іс-шараларын қаржыландыру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бермек;

тазарту құрылыстарын жаңғырту, ұйымдастырылған қоқыс төгетін жерлермен бөлініп қалған, ауыл шаруашылығы үшін жарамды және өзге мақсаттта пайдаланылатын жерлердің аудандарын қалпына келтіру;

өнеркәсіптік кәсіпорындардың ластау көлеміне бақылауды арттыру;

мониторингтік бақылау үшін стационарлық экологиялық алаңдар саны арттыру, шаруашылық жүргізуші субъектілердің техногендік қызметіне жедел ден қою есебінен қоршаған ортаның сапасын көтеруге мүмкіндік бермек;

экологиялық міндеттерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушы инвесторлардың ақшалай қаражаты мен технологияларын тарту



ҚАТЕРЛЕР:

атмосфераны, су қорын ластау көздері үшін тазарту құрылыстарын нашар жаңғыртқан жағдайда экологиялық ахуалдың шиеленісуі;

жерде және Каспий теңізінің қайраңында қарқынды мұнай операцияларының жүргізілуі;

су алып кету және су астында қалу аймағындағы және теңіздік биоресурстарына айтарлықтай қауіп төндіретін жойылуға тиісті мұнай ұңғымаларының (23 бірлік) айтарлықтай санының бар болуы;

БН-350 реакторын пайдаланудан шығару жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын» орындау кестесіңнің бұзылуы;

стационарлық және жылжымалы ластаушы көздерден атмосфреға шығарылудың артуы;

бақыланбайтын браконьерлік



Қоршаған ортаны қорғау бойынша негізгі проблемалар:

атмосфералық ауаның ластануы;

қоршаған ортаның ластануын бақылау бекеттерінің жоқтығы;

Каспий теңізі мен Өлі көлдің ластану деңгейінің артуы;

коммуналдық қалдықтар көлемін дәлме-дәл есепке алудың бірыңғай жүйесінің болмауы, ауылдық елді мекендерде ТҚҚ-ды жинау мен шығарудың тұрақты жүзеге асырылмауы; ТҚҚ-ды жинау үшін контейнерлер санының жеткіліксіздігі;

ТҚҚ-ды қайта өңдеудің, ТҚҚ-дағы пайдалы компонентттердің айтарлықтай мөлшерін қайтадан пайдаланудың болмауы;

«Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасының шекті межедегі ахуалы;

биологиялық саналуандық мөлшерінің бірнеше есе азаюы;

орман алқаптары аумағының қысқаруы.
2.1.5.2. Жер ресурстары

Маңғыстау облысының 16 564,2 мың гектар болатын жалпы ауданының ішінде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 5 134,7 мың гектарды (31%), елді мекендердің жерлері 993,7 мың гектарды (6%), өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс, және өзге ауыл шаруашылғы мақсатындағы емес жерлер 276,0 мың гектарды (2%), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және емдеу-сауықтыру мақсатындағы жерлер 223,7 мың гектарды (1%), орман қорының жерлері 241,6 мың гектарды (1%), босалқы жерлер 9 694,5 мың гектарды (58%) құрайды.

Облыста су қорының жері жоқ, бұл жергілікті жерлерде су қорғау аймақтары мен Каспий теңізінің жолақтарының шекараларын белгілеу қажеттілігіне, ауданын айқындау арқылы су қоры жерлерінің санатын қалыптастыруға әкелмейді.

Облыс аумағы пайдаланылатын жерлер кесінінде, негізінен жалпы ауданы 12654,2 мың гектарды (76,4%), оның ішінде жайылымдық жерлердің ауданы 12652,3 гектарды (76,3%), егістік  жер 0,5 мың гектарды, тыңайған жер 0,3 мың гектарды, кені бар жер 0,3 мың гектарды, пішендік жер 0,3 мың гектарды, көпжылдық екпе ағаштар 0,6 мың гектарды және басқалары 0,2 мың гектарды құрайтын жайылымдық алқаптарды қамтиды.

Егін салынатын жерле облыс аумағында бытырап орналасқан және суаратын судың шектеулі мөлшеріне байланысты болмашы ауданды алады.

Пайдалы жерлердің негізгі түрі – жайылым өнімі аз, шығымдылығы 1,0-3,0 ц/га болатын шөл өсімдігін қамтиды.

Құрғақ климат, өсімдік жабынының сиректік жағдайларында дәрменсіз құнарлы жер қабаты қалыптасқан, бұл тиісінше топырақтың сапасына әсер етті. Топырақ жабыны негізінен орташа бонитет балы 4-5 баллға дейін болатын қоңыр және сұр-қоңыр топырақтан тұрады.

Жер реформасын одан әрі дамыту жер ресурстарының әлеуетін пайдаланудың және оларды қорғаудың тиімді тетігін іске асыру қажеттілігімен байланысты.

Одан әрі жекешелендіру үшін барлық пайдаланылмайтын пайдалы жерлерді мемлекеттік қорға беру арқылы оларды тиімді пайдалану мақсатында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді рыногтық айналымға енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жерді меншікке берудің және жер пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, облыс аумағында жер рыногын қалыптастыру және жер учаскелерін аукциондар мен конкурстар арқылы сату практикасын енгізуде мақсатты жұмыс басталды.

Қайтарылған жерлерді және босалқы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында, жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.


1-кесте. Қайтарылған жерлердің жалпы ауданындағы ауыл шаруашылығы айналымына тартылған жерлердің ауданы, мың гектармен




Ауыл шаруашылығы айналымына тартылды

Оның ішінде

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

саны

ауданы

саны

ауданы

саны

ауданы

Маңғыстау облысы

184,4

52

50,0

100

105,9

35

28,5

Маңғыстау ауданы

177,5

46

45,5

95

103,5

35

28,5

Қарақия ауданы

6,9

6

4,5

5

2,4

-

-

Қарақия және Маңғыстау аудандардағы жерлердің ауыл шаруашылығы айналымына белсенді тартылуы, тартылған жерлердің қызмет көрсету орталықтарына мейлінше жақын орналасуымен, су көздерінің, жол желісінің бар болуымен түсіндіріледі. Бейнеу ауданының жері түгелдей Үстірт шоқысында орналасса, Түпқараған және Мұнайлы аудандарының жерлері болмашы ауданға ие және және жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы құрылымдарымен белсенді пайдаланылуда.


Жер ресурстары бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

облыстың жалпы аумағында 58% босалқы жердің болуы;

жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрылуы және қорғалуы, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары анықталған кезде және игеруге мемлекеттік қажеттіліктер үшін, магистралдық құбыржолдарлы салу (реконструкциялау), жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп бөліп алу


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін қажетті жағдайлары бар жер учаскелерінің жоқтығы (су көздерінің, жолдардың электрдің жоқтығы)



МҮМКІНДІКТЕР:

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аукциондар мен конкурстар, оның ішінде электрондық конкурстар арқылы беру жолымен жер пайдаланушылардың санын арттыру



ҚАТЕРЛЕР:

табиғи-климаттық факторлардың облыстың жер қорына әсері;

Каспий теңізінің су деңгейінің азаю немесе арту тәуекелі



Саланың негізгі проблемалары:

ауданын анықтаумен су қоры жерлерінің санаты қалыптасқан жоқ;

облыстың елді мекендері бойынша 1:1000, 1:2000, 1:5000 масштабындағы картографиялық материалдардың болмауы, бұл – жер учаскелерінің тиімсіз болуына, шекараларды белгілеу кезінде қателіктерге және тағы басқаларға әкеледі;

қазіргі заманғы жоспарлық-картографиялық, топырақ және басқа зерттеу материалдарының болмауы, бұл жер-кадастрлық жұмыстарды жүргізу сапасына әсер етеді, жер учаскелерінің тиімсіз пайдалануылуына, жерлерді сапасыз экономикалық бағалауға әкеледі;

инвестициялар тарту, жер учаскелерін одан әрі игеру мақсатында жерлердің жай-күйі, оларда болып жатқан өзгерістер туралы толық және шынайы ақпараттың жетіспеушілігі.
2.1.5.3. Ауылдық және шекара маңындағы аумақтар

Ауылдық аумақтар

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Маңғыстау облысында 327,8 мың адам тұратын 61 ауылдық елді мекен (бұдан әрі – АЕМ) бар. Бұл ретте, ауыл халқының 97%-ы саны 1000 адамнан асатын АЕМ-де тұрады. Соңғы үш жылда (2012-2014) ауыл халқының саны 5,1%-ға өсті.




АЕМ-дің жалпы санында даму әлеуеті жоғары 5 ауыл, даму әлеуеті орташа 47 ауыл, даму әлеуеті төмен 2 ауыл және халқы жоқ 1 ауыл бар. 2013 жылмен салыстырғанда даму әлеуеті жоғары АЕМ-дің динамикасы өскен жоқ, сондай-ақ даму әлеуеті АЕМ азаймады.ү Бұл ретте, даму әлеуеті жоғары 5 ауыл аудан орталықтары болып табылады. Даму әлеуеті төмен АЕМ-дің көпшілігі Маңғыстау ауданында байқалады (5 бірлік).

Аталған ережелерге сәйкес ауылдық елді мекендер білім беру және денсаулық сақтау обьектілерімен толығымен қамтылған. Жалпы ауылдар санының 81%-ы білім беру объектілерімен және 90% денсаулық сақтау объектілерімен қамтылған.

Ауылдық жердегі жалпы білім беретін мекемелер желісі 50,7 мың оқушысы бар 86 мектепті және 9,7 мың бала бар 99 балабақшаны қамтиды (2012 жылы ауылдық жерде 45,5 мың оқушысы бар 76 мектеп пен 8,2 мың бала бар 86 балабақша болды). Мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту 100% құрайды.

Ауыл халқына 73 медициналық ұйым медициналық көмек көрсетеді 2012 жылы – 65 медициналық ұйым).

Ауылдық жерде 50 кітапхана, 2 мұражай және «Отпан» атты 1 тарихи-мәдени кешен қызмет көрсетеді.

«Ақ бұлақ» салалық бағдарламасының іске асырылуы, жалпы саны 27 мың адам болатын Боранқұл, Аққұдық, Түйесу, Жетібай, Шайыр, Үштаған, Онды, Таушық сияқты 8 АЕМ-ді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

АЕМ-дің жалпы санында 84%-ы табиғи газбен қамтамасыз етілген. Бұл ретте, Бейнеу, Мұнайлы және Түпқараған аудандарындағы ауылдардың газбен толық қамтамасыз етілгенін атап өткен жөн.

Облыстың облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының желісі 1553,2 километрді құрайды, оның ішінде: облыстық маңызы бар автожолдар – 1012 километрді және аудандық маңызы бар автожолдар – 541,2 километрді құрайды. Соңғы үш жылда республикалық бюджет қаражаты есебінен «Жыңғылды-Шайыр» және «Қияқты-Тұщықұдық» автомобиль жолдары салынып, «Ақтау-Форт-Шевченко» және «Таушық-Шетпе» автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жүргізілді.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс бойынша стационарлық пошта байланысымен қамтамасыз етілу АЕМ-дің жалпы санында 69% құрайды, бұл ретте ең төменгі қамтамасыз етілу Маңғыстау және Қарақия аудандарында байқалады (50%). АЕМ-дің электрлендірумен және телефон байланысымен толық қамтамасыз етілуі оң көрсеткіш болып табылады.

Тұрғындар санына қарамастан барлық ауылдарды телефондандырды. Мұнайлы ауданының ауылдарынан басқа, тұрғындар саны 500 адамнан асатын барлық елді мекенде АТС орнатылған.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» атты 4-бағытының аясында облыстың ауылдық елді мекендерін жайластыруға жергілікті бюджеттің қаражатынан 2014 жылы 654,4 млн. теңге бөлініп, 17 ауылдық елді мекенде 40 жоба іске асырылды (2012 жылы – 34,4 млн. теңгеге 15 жоба, 2013 жылы – 211,3 млн. теңгеге 42 жоба).

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасының» бірінші бағытының аясында облыстың ауылдарын абаттандыруға 2014 жылы 1968,3 млн. теңге көлемінде нысаналы трансферттер бөлінді. Осы қаражаттың есебінен даму әлеуеті жоғары және орташа 32 ауылдық елді мекенде 157 жоба іске асырылды (2012 жылы – 337,2 млн. теңгеге 15 жоб, 2013 жылы – 1611,3 млн. теңгеге 96 жоба).

Ауылдағы бюджеттік саладағы білікті кадрлардың тапшылығы проблемасын шешу және әлеуметтік сала мамандарын ауылдық жерге жұмыс істеуге тарту мақсатында 1018 жас маманға 131,9 млн. теңге сомасына көтерме жәрдемақы, 222 маманға 607,8 млн. теңге сомасына тұрғын үйге арналған кредиттер берілді (2013 жылы – 462 жас маманға көтерме жәрдемақы, 127 маманға тұрғын үйге арналған кредит).
Шекара маңындағы аумақтар

Маңғыстау облысының Каспий өңірінің бес мемлекетімен шекарасы бар. Осы өңірлік аспект облыс үшін өзін халықаралық сауда-экономикалық қатынастарды дамытуда бәсекеге қабілетті өңірлік көшбасшы ретінде көрсетеуге мүмкіндік береді.

Жылдан жылға Ресей өңірлерінің Маңғыстау облысымен тауар айналымының көлемі артуда (Қазақстан мен Ресейдің шекара бойындағы өңірлері тауар айналымының шамамен 23%-ын қамтамасыз етеді). Сондай-ақ, Ресеймен тығыз экономикалық байланысқа бағдарланған үлкен болашақ кеме верфтері мен мұнай құю айлақтары бар Құрық теңіз портында да бар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған шаралар кешенін бекіту туралы» қаулысын орындау үшін, Маңғыстау облысының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (Бейнеу ауданының Тәжен, Сам және Ақжігіт, Қарақия ауданының Болашақ ауылдарының) әзірленді.

Шекара маңындағы аудандарды дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға 2014 жылы 1,1 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 0,8 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 0,3 млрд. теңге бағытталды. Көрсетілген қаражат көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, шекара маңындағы сауда-саттықты дамыту, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша іс-шараларды, табиғат қорғау іс-шараларын іске асыруға және трансшекаралық өзендерді пайдалануға, халықты жұмыспен қамтудың өсуіне жәрдемдесуге бағытталды.

Шекара маңындағы аудандарды дамыту бойынша көрсетілген шараларды іске асыру, шекара маңындағы тірек АЕМ хақының санын 2819 адамға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

2014 жылдан бастап 850,3 млн. теңге жалпы сомасына «Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автожолын салу жобасын іске асыру жүргізілуде. Аяқтау мерзімі – 2017 жыл.

Қаргі кезде ағымдағы жағдайды есепке ала отырып, Шекара маңындағы аудандарды дамыту жөніндегі 2014-2020 жыллдарға арналған іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізілуде.


Каталог: media -> uploads
uploads -> Утверждено
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> МаңҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
uploads -> Аймақтық экспорт
uploads -> Информация по осуществлению мониторинга
uploads -> Бағдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 015 жыл мазмұны өңірлік макроэкономика 9


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет