МаңҒыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ


Ауылдық және шекара маңындағы аумақтар бойынша SWOT-талдау



жүктеу 3.43 Mb.
бет13/21
Дата07.03.2018
өлшемі3.43 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

Ауылдық және шекара маңындағы аумақтар бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

облыстың елді мекендерінің 100% газдандырылуы мен электрлендірілуі;

ауылдағы оң көші-қон сальдосы, облыс бойынша жалпы сандағы ауыл халқы үлесінің артуы (2009 жылғы 43,3%-дан 2013 жылы 50,1%-ға дейін)


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

9 АЕМ-де (18%) білім беру объектілері мектеп бейімделген орынжайларда орналасқан; 3 ауылдық мектепте оқу 3 ауысыммен жүргізілуде, 2 ауылдық мектеп авариялық болып табылады;

денсаулық сақтау объектілерімен қамтамасыз етілген АЕМ-дің жалпы санында 21%-ы бейімделген орынжайларда орналасқан;

ауыз судың жетіспеушілігіне байланысты ауыл шаруашылығын дамытудың қиындықтары;

ауылдық аудандарда өнеркәсіптік өндірістің жеткіліксіз дамуы


МҮМКІНДІКТЕР:

басым мемлекеттік-және салалық бағдарламалар аясында облыстың ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту және жақсарту;

ауылдағы экономикалық қызметтің жаңа түрлерін, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;

ауылдық жердегі әлеуметтік сала ұйымдарын кредиттер мен гранттар беру есебінен білікті кадрлармен қамтамасыз ету.



ҚАТЕРЛЕР:

өңірлік даму жөніндегі бағдарламалардың тиімсіз орындалуы;

қала және ауыл халқының өмір сүру деңгейлеріндегі айырмашылықтың күшеюі



Негізгі проблемалар:

білім берудің, денсаулық сақтаудың, мәдениеттің және спорттың бюджеттік ұйымдарындағы мамандардың жетіспеушілігі;

облыс ауылдарының орталықтандырылған сумен жабдықтаумен төмен қамтамасыз етілуі;

аудандық және ауылішілік автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы, жаңа жолдар салу қажеттілігі;

ауылдағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілерін дамыту және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту қажеттілігі;
2.1.6. бағыт. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Қабылданған кешенді шаралардың негізінде, Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметтер көрсету саласында негізгі көрсеткіштер бойынша позитивті динамикаға қол жеткізілді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау және аудит жүргізу жөніндегі Әкімдіктің қызметіне жүргізілген талдау, ішкі бақылау жүйесін ұйымдастырудың жоғары деңгейін көрсетті.

Жергілікті атқарушы органдар (облыстық басқармалар, қалалық және аудандық әкімдіктердің бөлімшелері, сондай-ақ кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдіктері) барлығы 731 198 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның 37 770-і – халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 4 836-сы электрондық түрде көрсетілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 121 стандарты бекітіліп, облыс әкімдігі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 104 регламентін бекітті.

Жаңадан бекітілген 09.02.2015 жылғы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, 2015 жылы жергілікті атқарушы органдардың 162 қызметі, оның 81-і электрондық түрде, 58-і – халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қосылды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне қосылған барлық қызметтерге стандарттар мен регламенттер бекітілді.


1-сурет. Аумақтық кесінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны


Мейлінше қажет етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы қызметтер болып табылады.

Халықтың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейі, мемлекеттік социологиялық тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдар жүргізген социологиялық зерттеулердің қорытындысы бойынша анықталды.




2-сурет. Халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттанушылығы
2014 жылы 132 мемлекеттік көрсетілетін қызметке бағалау жүргізіліп (2012 жылы – 77), нәтижесінде облыс өңірлер арасында 8-орын алды. (2012 жылы – 16-орын).

Өңірлер арасындағы сегізінші орынға қарамастан, облыс әкімдігінің мемлекеттік қызметтерді көрсету қызметі 2014 жылы 54,37 балл болған бағалау көрсеткішімен «төмен тиімді қызмет» деп бағаланды (2012 жылы – 33,17 балл). Бұл – мемлекеттік орган (ведомстволық бағынысты ұйым) «электрондық үкімет» порталы арқылы балама негізде көрсететін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың төменгі үлесімен байланысты (өтініштердің жалпы санының 6,7%-ы және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы – 19,7%).

Жергілікті атқарушы органдардың электронды форматта көрсететін мемлекеттік қызметтердің саны 2014 жылы 9 653-ке дейін артты (2012 жылы – 109).

«Е-әкімдік», «Е-собес», «Еңбек нарығы», «Әлеуметтік көмек» кіріктірілген жүйелерін және Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған кіріктірілген ақпараттық жүйені тексеру және оларды қолдану бойынша оқыту мақсатында, аудандар мен қалалардың әкімдіктерінде көшпелі кеңестер өткізілді.

«Е-лицензиялау» мемлекеттік базасы» ақпаратық жүйесін дамыту аясында, рұқсат беру құжаттарын автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілді. 2015 жылдан бастап, кейіннен пайдалану үшін мемлекеттік органдардың пайдаланушыларын осы функциолдармен жұмыс жасау бойынша оқыту жүргізілуде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

әлеуметтік маңызды қызметтерді электронды форматқа көшуі;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну сапасын ішкі бақылаудың тиімді жүйесі;

көрсетілетін қызметтердің алушылардың тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдардың болмауы;

халықтың мемлекеттік қызметтердің көрсету сапсына қанағаттануы


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы;

мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі әкімдік қызметінің төмен көрсеткіші;

мемлекеттік органдарда мемлекетттік қызметтерді көрсету үшін жайлы және ыңғайлы жағдайлар құру бойынша әлсіз ұйымдастыру;

мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін арттырудың әлсіз жүйесі;

ұсынылатын мемлекеттік қызметтер туралы халықтың әлсіз хабардар болуы.



МҮМКІНДІКТЕР:

«электрондық үкімет» порталы және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылар үлесінің артуы;

шалғайдағы елді мекендерді интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету;

телефон байланысы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат беру




ҚАТЕРЛЕР:

ҚР заңнамасына және Мемлекеттік органдардың қызметін бағалау әдістемесіне өзгерістердің жиі енгізілуі;

ақпараттық жүйелердегі техникалық істен шығу;

елді мекендер тұрғындарының интернет ресурсқа қолжетімділігінің теңсіздігі




Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы негізгі проблемалар:

мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын көтеру бойынша жұмыстың тиімсіз үйлестірілуі (қалалық және аудандық әкімдіктерде мемлекеттік қызметтерді көрсету саласын бақылау және үйлестіру жөніндегі дербес құрылымдық бөлімшелердің болмауы, жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметтерді көрсететін білікті қызметкерлердің және нехватка квалифицированных работников, оказывающих государственные IT бойынша мамандардың жетіспеушілігі, мемлекеттік қызметтердің сапалы еөрсетуге мамандар уәждеменсінің болмауы);

мемлекеттік қызметтерді көрсеумен және олардың мониторингімен байланысты ақпараттық жүйелердің жетілмегендігі (халыққа қызмет көрсету орталығының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің сапасы төмен деңгейде қалуда, электрондық үкімет шлюзінің және электрондық үкіметтің өңірлік шлюзінің ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнының тарапынан болатын интеграциялық қателіктер);

мемлекеттік қызметтерді көрсетудің белгіленген мерзімдерінің бұзылу себептерін факторлық талдаудың болмауы.




3. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НАСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ


    1. бағыт. Экономика

      1. Өңірлік макроэкономика

Қазақстанның экономикалық даму «локомотивтерінің» бірі ретіндегі облыстың рөлі мұнай-газ өндіруді дамыту перспективаларына байланысты сақтала бермек. Сонымен қатар, облыс экономикасының құрылымын инновацияларды, экономиканың жоғары технологиялық секторларын дамыту және елдің транзиттік әлеуетін нығайту бағытында әртараптандыруға ерекше назар аударылмақ.

Облыстың бәсекелестің артықшылықтарын есепке ала отырып, мынадай өсу резервтері анықталды және облыс экономикасын дамытудың басым бағыттары айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (мұнай-газ өндіру, мұнай-газ сервисі), транзиттік әлеуетті дамыту (көлік пен логистика), құрылыс индустриясын, туризмді дамыту («Кендірлі» курортты демалыс аймағы).



Мақсат: Экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ететін өңірдің бәсекеге қабілетті мамандандырылуын қалыптастыру



Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жауапты орындаушы

Ақпарат көзі

нақтысы

бағалау

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлемінің индексі

%

105,5

102,6

103,7

105,0

104,9

105,2

106,5

ЭБЖБ

Статистикалық деректер

2

Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнiм

адамға/

мың теңге



2131,9

4020,6

4289,6

4562,7

4879,2

5235,4

5635,2

ЭБЖБ

Статистикалық деректер

3

Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны

%

112,5

106,1

104,6

116,8

115,6

116

117

ЭБЖБ

ҚР Қаржыминінің ведомстволық есептілігі


Қойылған мақсаттарға жету жолдары:

Қойылған индикаторларға жету мақсатында, экономиканың негізгі салаларында жыл сайын жоспарланған өсу қарқынын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі макрокөрсеткіштеріне тұрақты мониторинг жүргізу және жағдайды жақсарту бойынша шараларды қабылдау.

ИИДМБ аясында инвестициялық жобаларды, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында инфрақұрылымдық жобаларды, басқа салалық бағдарламалардың аясында инвестициялық жобаларды, «Өңірлердің дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» аясында моно- және шағын қалаларды (Жаңаөзен және Форт-Шевченко қалаларын) дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру.

Негізгі азық-түлік өнімдеріне бағалардың өсуіне жол бермеу, тиімді тариф саясатын жүргізу бойынша шараларды жалғастыру.



Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін, салықтық және салықтық емес түсімдерді ұлғайту бойынша шаралар қабылдау.


      1. Өнеркәсіп

2016-2020 жылдарға арналған басымдық өнеркәсіпті әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен өңірдің тұрақты кірістерін және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Мақсат: Өңдеу салаларын және баламалы энергия көздерін дамыту



Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жауапты орындаушы

Ақпарат көзі

нақтысы

бағалау

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі

%

118,5

103,0

104,5

106,3

107,5

108,2

110

ИИДБ

Статистикалық деректер

2

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі

адам/ мың АҚШ доллары

38,5

35,0

25,8

28,8

35,6

37,8

41,6

ИИДБ

«ИИДМБ көрсеткіштері» статистикалық бюллетені

3

Өңір экспортының жалпы көлеміндегі шикізат емес тауарлардың көлемін экспорттау үлесі

%

4,8

1,9

2,0

2,04

2,1

2,14

2,2

ИИДБ

Статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері

4

Өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі энергияның жаңартылған көздерінен өндірілген электр энергиясының үлесі

%

-

-

-

-

3,46

8,23

9,26


ЭжТКШБ

ҚР ЭМ ведомстволық есептілігі

5

Жалпы өңірлік өнімнің энергия сыйымдылығының көрсеткіші

мың АҚШ долларына тнэ,2000 жылдың бағаларымен

2,75

2,69

2,64

2,58

2,53

2,47

2,40

ЭжТКШБ

Статистикалық деректер


Қойылған мақсаттарға жету жолдары:

Индустриялық секторды одан әрі дамыту

«Өнімділік 2020», «Экспортер - 2020», «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламалары арқылы жұмыс істеп тұрған өндірістерді қолдау;

ИИДМБ аясында, оның ішінде «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында экспортқа бағдарланған жоғары технологиялық жаңа өндірістер құру;

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» арқылы Жаңаөзен моноқаласының өнеркәсібін әртараптандыруды қолдау (ұлттық холдингтердің қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін орналастыруы, жаңа өндірістер құру үшін стратегиялық инвесторлар тарту);



Жергілікті қамтымды дамыту және облыстың отандық өндірушілерінің өнімін одан әрі жылжыту

әкімдіктер, ұлттық компаниялар, жүйе құраушы кәсіпорындар және жер қойнауын пайдаланушылар арасында жергілікті қамтымды дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдар, тауарлар жеткізуге арналған шарттар мен келісімшарттар жасасу;

сұхбат алаңдарын, дөңгелек үстелдер, семинар-кеңестер, форумдар, жәрмеңкелер, конкурстар ұйымдастыру, жергілікті рыногтардың жаңа және қосымша мүмкіндіктерін таныстыру;

ірі жүйе қраушы кәсіпорындардың айналасында аралас өндірістер құру үшін тауарлар тізбесін қалыптастыру;

«Қазақстандық қамту» интернет-порталы арқылы мемлекеттік органдардың, жүйе құраушы кәсіпорындардың және ұлттық компаниялардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуындағы жергілікті қамтым үлесіне мониторингті жүйелі түрде жүргізу.

Өңірде электр энергиясын өндіріп шығаруды арттыру, балма энергеитканы дамытуды қолдау

««МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС алаңында қуаттылығы 250 МВт бу-газ қондырғысын салу» жобасына ЖСҚ әзірлеу мәселесін шешу;

жел электр станцияларын салу жобаларын іске асыру;

облыс объектілерінде балама энергия көздерін енгізу.


Кен өндіру өнеркәсібі

Өңірдің негізгі міндеті КТҚС көмірсутектері ресурстарын кешенді игеру және өндіруді тұрақтандыру, ұтымды және қауіпсіз игеру үшін жағдайлар жасау болады. Өңірді дамытудың маңызды бағыты игерілетін кен орындарында табиғи газды өндіру деңгейін жандандыру және ұстап тұру болуы тиіс. Тағы бір стратегиялық міндет мұнай-газ секторына қызмет көрсететін сервистік өндірістерді дамыту болып табылады.


Мұнай-газ секторы

Мақсат: Мұнай-газ саласының тұрақты дамуын, мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісін дамытуды қамтамасыз ету




Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жауапты орындаушы

Ақпарат көзі

нақтысы

бағалау

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

Өткен жылға қарағанда, мұнай өндіру көлемінің жыл сайынғы өсу қарқыны

%

102,3

100,0

100,5

101,1

101,6

100,5

101,0

ИИДБ

Статистикалық деректер

2

Мұнай өндіру көлемі

млн.

тонна


18,49

18,5

18,6

18,8

19,1

19,2

19,4

ИИДБ

Статистикалық деректер

3

Газ өндіру көлемі

млрд.

текше метр



2,026

2,3

2,5

3,1

3,2

3,2

3,4

ИИДБ

Статистикалық деректер

4

Мұнай өңдеу өнімдерін өндірудің НКИ

%

242,1


90

100

102

105

107

109

ИИДБ

Статистикалық деректер

5

Мұнай өңдеу өнімдерінің көлемі

млн. теңге

20817


12120

13400

13700

14000

14300

14600

ИИДБ

Статистикалық деректер


Каталог: media -> uploads
uploads -> Утверждено
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> МаңҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
uploads -> Аймақтық экспорт
uploads -> Информация по осуществлению мониторинга
uploads -> Бағдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 015 жыл мазмұны өңірлік макроэкономика 9


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет