МаңҒыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ



жүктеу 3.43 Mb.
бет2/21
Дата07.03.2018
өлшемі3.43 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

2.1.1. бағыт. Экономика.


2.1.1.1. Өңірлік макроэкономика

Жалпы өңірлік өнім көлемі 2012 жылғы 1640,1 млрд. теңгеден 2014 жылы 2278,7 млрд. теңгеге дейін немесе нақтылы есептегенде  10,6%-ға өсті.



Сурет 1. 2012 –2014 жылдардағы жалпы өңірлік өнім көлемінің өзгеру динамикасы


Облыс ЖӨӨ-нің республика ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 2014 жылы 5,8% құрады, бұл – республика өңірлері арасындағы 7-орын (2012 жылы – 5,4%, 9-орын; 2013 жылы – 5,4%, 7-орын).

Ауыл шаруашылығының үлесі 2012 жылғы 0,3%-дан 2014 жылы 0,4%-ға дейін, тиісінше көлік пен қоймалаудың үлесі 4,8%-дан 7,3%-ға, өзге де қызметтердің үлесі 27,6%-дан 30,4%-ға дейін артты. Өнеркәсіптің үлесі 2012 жылғы 56,6%-дан 2014 жылы 52,1%-ға дейін, тиісінше көтерме және бөлшек сауданың үлесі 3,7%-дан 3,6%-ға дейін, құрылыстың үлесі 7,0%-дан 6,2%-ға дейін азайды.



Сурет 3. 2014 жылғы жалпы өңірлік өнім құрылымы
Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі 2014 жылы 3815,9 мың теңгені құрады, бұл – республика өңірлері арасындағы төртінші орын (ҚР бойынша орташа – 2258,1 мың теңге). Көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда (2945,9 мың теңге) 29,5%-ға ұлғайды.

Облыс әлемнің 101 елімен экспорттық-импорттық операцияларды, оның ішінде 41 елмен экспорттық операцияларды, 99 елмен импорттық операцияларды жүзеге асырады. Облыстың сыртқы сауда айналымы 2012 жылғы 8 667 млн. АҚШ долларынан 2014 жылы 10 187,7 млн. долларға дейін немесе 17,5%-ға ұлғайды. Тауарларды экспорттау 2012 жылғы 8 098,9 млн. АҚШ долларынан 2014 жылы 9 673,7 млн. АҚШ долларына дейін немесе 1,2 есеге ұлғайды.

Маңғыстау облысы өнеркәсіптік өндіріс үлесі бойынша елде 2-орын алады (13,2%). Өнеркәсіптік өндірісі негізінен ұлттық кен өндіру өнеркәсібінде үлесі 23% құрайтын кен өндіру өнеркәсібінен тұрады. Осы салада ірі және орта кәсіпорындардың саны біршама көп.

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бұрынғысынша, облыс бюджетін қалыптастыратын негізгі салықтар болып қала беруде.

Маңғыстау облысы республикалық бюджеттің доноры болып табылады және жоғарыда көрсетілген бюджетке бюджеттік алып қоюлар көлемі 2013 жылы – 24,6 млрд.теңге, 2014 жылы – 10,1 млрд.теңге, 2015 жылға жоспар – 16,7 млрд.теңге құрады.

Облыстың бюджетін қалыптастыратын негізгі салықтар әдеттегідей жеке табыс салығы және әлеуметтік салық болып қала береді.

Жергілікті бюджетке түсетін салықтық және салықтан тыс түсімдердің көлемі 2012 жылғы 74 млрд. теңгеден 2014 жылы 103,5 млрд. теңгеге дейін немесе 1,4 есе ұлғайды. 2015 жылға арналған жоспар 109,8 млрд. теңгені немесе 2014 жылдың деңгейіне 106,1% құрайды.
Өңірлік макроэкономика бойынша SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

облыс халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі бойынша 4-орынды алады;

«Ақтау теңіз порты» АЭА қызметінің салдарынан қолайлы бизнес-ора мен инвестициялық ахуал құру;

өңдеу өнеркәсібің мұнай-газ секторына бағдарланған бірқатар салаларының – машина жасаудың, металлургияның, құрылыс саласының қосылған құны жоғары өнім өндіру бойынша дамуға оң беталысы;

облыс аумағы арқылы «Оңтүстік-Солтүстік» және «ТРАСЕКА» халықаралық көлік дәліздерінің өтуі, Ақтау теңіз портының бар болуы салдарынан жоғары транзиттік әлеует;

айтарлықтай туристік-рекрациялық әлеует;

оралмандардың және Қазақстанның басқа өңірлерінен тұрғындардың келуі есебінен халықтың миграциялық өсімінің жоғарылығы



өңір экономикасының мономамандануы (кен өндіру өнеркәсібінің басым болуы);

тұщы судың табиғи көздерінің жоқтығы, ауыл шаруашылығын дамыту және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи-климаттық шектеулер;

облыс халқы санының аздығы (облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың ішінде 16-орын);

облыстың білікті еңбек ресурстарының тапшылығы, біліктілігі төмен мигранттардың көптеп келуі;

облыстағы ішкі тұтыну рыногының шектеулі көлемі және логистиканың жеткілікті дамымауы;

мұнай-газ секторы мен экономиканың қалған секторлары арасындағы жалақының саралануы



МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

мұнай-газ саласындағы, құрылыс индустриясындағы, туризмдегі кластерлік дамыту мүмкіндігі;

көлік пен логистиканы, туризм мен өңдеу өнеркәсібін дамыту есебінен ЖӨӨ құрылымын оңтайландыру;

ауыл шаруашылығын дамытуда инновациялық тәсілдер – тамшылатып суаруды, жылыжайлық өсімдік шаруашылығын, облыс аумағында жем-шөп өндіруді енгізу;

АЭА аумағында экспортқа бағдарланған жоғары технологиялық өндірістер орналастыру, олар үшін қажетті инженерлік және көліктік инфрақұрылым құру



облыстағы мұнай-газ ресурстарының түгесілу қаупі;

«Солтүстік - Оңтүстік» және ТРАСЕКА халықаралық көлік дәліздерінің қазақстандық учаскелерінің баяу дамуының салдарынан транзиттік әлеует бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жоғалуы;

Солтүстік Каспий жобасының 2-ші кезеңін іске асыруды ауыстыру салдарынан өңірдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуі;

азық-түлік тауарларының және оларды өндіруге арналған шикізаттың тасымалданып әкелуіне байланысты облыстағы азық-түлік қауіпсіздігінің қатері.




Өңірлік макроэкономиканың негізгі проблемалары:

өңір экономикасының моношикізаттық бағыты;

ішкі рыногтың тарлығы;

өңірдің республиканың негізгі экономомикалық орталықтарынан шалғайлығына байланысты жоғары көліктік шығындар;

ауыз су тапшылығы;

меншікті ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту мүмкіндіктерінің шектеулі болуына байланысты импортталатын азық-түлік өніміне арналған жоғары бағалар;

есебінен өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

халық табысының жоғары саралануы.



2.1.1.2. Өнеркәсіп

Ел мен өңір экономикасындағы индустриялық сектордың маңыздылығы туралы мынадай деректер арқылы білуге болады: өнеркәсіпте облыс халықының 20%-ға жуығы жұмыспен қамтылған, саланың ЖӨӨ құрамындағы үлесі 50%-дан асады.1

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2012-2014 жылдарда 7,3%-ға өсіп, 2014 жылдың қорытындысында 2330,1 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіптің құрылымында негізгі бөлікті үлесі 92,3% құрайтын кен өндіру өнеркәсібі (1-кесте), оның ішінде шикі мұнай мен табиғи газ өндіру (79%) алады. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 4,5%.

Есепті кезеңде өнерксәсіп құрылымында оң ілгерілеу орын алды: өңдеу өнеркәсібінің үлесі 1,2 пайыздық орынға өсіп, кен өндіру өнеркәсібінің үлесі 1,5 пайыздық орынға төмендеді.


1-кесте. 2012-2014 жылдардағы өнеркәсіп көрсеткіштері

Салалар

Өндіру көлемі,

млрд. теңге

НКИ, %

Үлес салмақ,%

2012ж

2013ж

2014ж

2012ж

2013ж

2014ж

2012ж

2013ж

2014ж

Барлығы

2170,8

2187,3

2330,1

100

102,1

103,5

100,0

100,0

100,0

кен өндіру

2 037,1

2 023,5

2 150,8

100

101,7

102,7

93,8

92,5

92,3

өңдеу

71,0

89,1

105,7

84,9

110,1

118,5

3,3

4,1

4,5

электрмен жабдықтау

49,1

58,6

55,1

101,8

104,9

104,6

2,3

2,7

2,4


сумен жабдықтау

13,7

16,1

18,5

113

103,2

122,3

0,6

0,7

0,8

Қалалар мен аудандар кесінінде 2014 жылдың қорытындысында өнеркәсіптік өнімнің мейлінше жоғары көлемі мұнай-газ өндіруші кәсіпорындардың кен орындарының аумағында: Қарақия ауданында – 33,2% (2012 жыл – 33,5%), Маңғыстау ауданында – 25,0% (2012 жыл – 28,4%), Түпқараған ауданында – 23,4% (2012 жыл – 23,8%) қалыптасты. Ең аз үлес2 – Мұнайлы ауданында – 2,4% (2012 жыл – 1,4%), Бейнеу ауданында – 3,1% (2012 жыл – 2,5%), Жаңаөзен қаласында– 6,3% (2012 жыл – 5,3%), Ақтау қаласында – 6,5% (2012 жыл – 5,1%).


Кен өндіру өнеркәсібі: мұнай-газ секторын дамыту

Облыстың негізгі мұнай және газ кен орындары (Қаламқас, Қаражанбас, Жетібай, Өзен, Солтүстік Бозашы, Доңға, Арман, Тасболат және тағы басқалар) Түпқараған, Маңғыстау, Қарақия аудандарының және Жаңаөзен қаласының аумағында орналасқан. Мұндағы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Қарақұдықмұнай» ЖШС, «Бозашы Оперейтинг ЛТД» КФ сияқты және басқа да компаниялар шикі мұнайдың негізгі үлесін өндіреді (2-кесте).


2-кесте. Мұнай-газ өнеркәсібінің динамикасы, 2012-2014 жылдар

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Ескертпе

Өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлеміндегі мұнай-газ өнеркәсібінің үлесі

%

83,6

80,8

79,0




Шикі мұнай өндіру көлемі

мың тонна

17 644,2

18 067,1

18 493,7

2014 жылы республикалық көлемнің 27,2%-ы

Мұнай-газ кәсіпорындары 30% құрайтын мұнай алу коэффициентін (МАК) арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. Ол басқа елдерде полимерлік суландыру технологиясын пайдалану есебінен шамамен 50% құрайды. Мәселен, «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» АҚ және «CPTDC» институттары жұмыс істеп тұрған кен орындарындағы МАК-ін 12% арттыруға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды қолдану бойынша зертханалық зерттеулер жүргізді, бұл – жаңа кен орнын ашқанмен тең.

Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу есебінен ресурстық базаны кеңейту бойынша шаралар алынуда3. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның облыс аумағында жалпы қоры 3 млрд. 406 млн. тонна мұнай эквиваленті болатын 9 перспективалы учаскені қоса алғанда (оның 5-еуі теңізде орналасқан), геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге арналған 16 учаскесі бар.

Облыс әкімдігінің бастамасымен, Мұнай және газды өндіру және өңдеу, мұнай-газ химиясы, олармен байланысты машина жасау және мұнай-газ өнеркәсібі үшін сервистік қызмет көрсету бойынша ұлттық кластер аясында мұнай-сервистік кластер құру бойынша жұмыс басталды. Ғылымды дамыту тұрғысында Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті Магдебург институтымен (Германия) Орталық Азия үшін инженерлер даярлау бойынша Инжиниринг орталығын құру жөніндегі мәселені пысықтауда.


Өңдеу өнеркәсібін дамыту

2014 жылдың қорытындысында өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 1,5 есе, оның өнеркәсіп құрамындағы үлесі 3,3%-дан 4,5%-ға дейін өсті (3-кесте) өсті.

Өңірдің өңдеу өнеркәсібінің негізін химия өнеркәсібі, машина жасау, мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі және өзге де өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі құрайды (4-кесте).
3-кесте. Өңірдің 2012-2014 жылдардағы өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Өнім өндіру көлемі

млн.

теңге


70 968

89 121

105676

Өткен жылға НКИ

%

84,9

110,1

118,5

Өнеркәсіп құрылымындағы үлесі

%

3,3

4,1

4,5

Өңдеу өнеркәсібінің мейлінше жоғары көлемі Ақтау қаласына келеді, мұнда саланың ірі және орташа кәсіпорындары шоғырланған.


4-кесте. Салалардың өңдеу өнеркәсібінің құрылымындағы 2012-2014 жылдардағы өндіру көлемі мен үлес салмағы

Саланың атауы

2012 г.

2013 г.

2014г.

Өндіру көлемі,

млрд. теңге/НКИ



Үлес салмақ,

%


Өндіру көлемі,

млрд. теңге/НКИ



Үлес салмақ,

%


Өндіру көлемі,

млрд. теңге/НКИ



Үлес салмақ,

%


Машина жасау

17,7 /84,9%

25

17,0/110,1%

19,1

23,0/118,3%

21,8

Химия өнеркәсібі

13,1/73,5%

18,5

15,7/114,7%

17,6

21,8/152%

14,2

Металл емес өзге де минералды өнімдер өндірісі

8,2/89,3%

11,5

12,4/132,2%

13,9

16,3/150,9%

17,4

Мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі

6,2/104%

8,7

10,7/146,6%

12,0

20,8/260%

19,7

Металлургия өнеркәсібі

5,2/77,2%

7,4

4,9/49,7%

5,5

3,5/91,9%

3,7

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдар өндірісі

7,2/69%

10,1

15,8/220%

17,7

0,9/73,6%

9,7

Жеңіл өнеркәсіп

1,3/126,3%

1,9

2,2/93,4%

2,4

2,5/116,1%

2,4

Фармацевтика

0,2/173%

0,1

0,1/98,5%

0,2

0,06/71,3%

0,2


Машина жасау

Машина жасау өңір өнеркәсібінің тез өсіп келе жатқан салаларының бірі болып табылады: 2012-2014 жылдарда өндіріс көлемі 1,3 есе өсті. Өңірде мұнай-газ машинасын жасау дамыған, Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеруге байланысты кеме жасау дамып келеді. Саланың бәсекелестік артықшылықтары жер қойнауын пайдаланушылардың жобаларына жақындық, біліктіліігі жоғары мамандардың олуы, кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің жеткілікті желісі бар болып табылады.

Саланың негігі кәсіпорындары: «Каспий маңы машина жасау кешені» ЖШС, «Каскор-Машзавод» АҚ, «GММОS Қазақстан» ЖШС4, «Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты» ЖШС 5, «Сага-Аташ» ЖШС6 және басқалар. 2015 жылы бұрандалы сорғылар шығаратын зауыт пайдалануға берілді, жобаның бастамашысы – «КУДУ Индастриз Қазақстан» ЖШС (Индустриялық парк, Ақтау қаласы).

Өнім мен қызметтердің негізгі түрлері: бұрғылау соғрылары мен оларға арналған қосалқы бөлшектерді қоса алғанда, жоғары технологиялық мұнай-газ жабдығы, кемелер мен мұнай-газ жабдығын жөндеу.



Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдар өндірісі (металл өңдеу саласы)

Саланың негізгі кәсіпорындарыв: «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС (бұрынғы «Keppel Kazahstan» ЖШС), «Казахстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС, «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС. Саланың негізгі кәсіпорындары КТҚС-да теңіз мұнай операцияларын жүргізуге арналған металл конструкцияларды шығаруға бағдарланған.

Сала НКИ-нің 2013 жылы өсуі (4-кесте), «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС консорциуымы – «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС-нің «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-нан өздігінен көтеретін жүзбелі бұрғылау қондырғы (ӨЖБҚ) салуға тапсырыс алуына байланысты болды.

Металлургия өнеркәсібі

2012-2014 жылдардағы кезеңде саланың өнім өндіру көлемінің және нақты көлем индексінің бәсеңдеуі байқалады (4-кесте). 2013 жылы Иранға қарсы экономикалық санкциялардың күйшейді, бұл болат дайындамалар экспортының қысқаруына әсер етті. Ішкі рыногта ресейлік өндірушілердің тарапынан болған бәсекелестік арматура сатуды қысқартуға алып келді. 2014 жылы әлемдік рыногта меалл бағалары төмендеді. Нәтижесінде, «АҚЗ» ЖШС Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасының Оңалту жоспары бойынша міндеттерді орындамады7.

Саланың негізгі кәсіпорындары: «Ақтау құйма зауыты» ЖШС – «АҚЗ» ЖШС (негізгі қызмет түрі – болат дайындамалар өндіру мен жаймалау өндірісі); «АrcelorMittal Tubular Products Aktau» АҚ (үлкен диаметрлі болат спиралды-жікті құбырлар өндірісі).

Мұнай-химия» (мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі)

Саланың негізгі кәсіпорындары: «CASPI BITUM» БК» ЖШС, «Қазақ газ өңдеу зауыты» АҚ («ҚазГӨЗ» ЖШС). Негізгі өнім түрлері: жол битумы, сұйытылған көмірсутегі газдары.

2013 жылы қазақстандық-қытайлық кәсіпорын – жол битумдарын өндіретін зауыттың («CASPI BITUM» БК» ЖШС) пайдалануға берілгенінің нәтижесінде, 2012 жылдан бастап 2014 жылды қоса алғандағы кезеңде өңдеу саласының құрамындағы кіші саланың үлесі 8,7%-дан 19,3%-ға дейін өсті (4-кесте).

Қазақ мұнай жəне газ ғылыми-зерттеу жəне жобалау институты, тиімді химиялық реагенттердің өндіруге және игеруге, технологияларды бейімдеуге және оларды нақты мұнай-газ кен орындарында пайдалануға назар аудара отырып, Өңірде кәсіпшілік мұнай-химияның ғылыми-өнеркәсіптік кластерін құру тұжырымдамасын әзірледі. Тұжырымдаманы іске асыру мақсатанда, ИИДМБ аясында Қарақия ауданында малайзиялық инвесторлардың қатысуымен метанол шығаратын зауыттың және газды сұйылтатын зауыттың құрылысы басталды. «ҚазГӨЗ» ЖШС-ін («ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) терең жаңғырту жоспарлары әзірленді.



Каталог: media -> uploads
uploads -> Утверждено
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> МаңҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
uploads -> Аймақтық экспорт
uploads -> Информация по осуществлению мониторинга
uploads -> Бағдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 015 жыл мазмұны өңірлік макроэкономика 9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет