МаңҒыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ



бет3/21
Дата07.03.2018
өлшемі3.43 Mb.
#20153
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Химия өнеркәсібі

2012-2014 жылдардағы өнім өндіру көлемі және нақты көлем индексі өсу беталысын көрсетеді (4-кесте).

Негізгі кәсіпорын – Қазақстан Республикасындағы азоттық минералды тыңайтқыштарды шығаратын ірі кәсіпорын «ҚазАзот» ЖШС (ҚР-дағы азоттық минералды тыңайтқыштар шығарудың жалпы көлемінің 93%-дан астамы). Негізгі өнім түрлері: аммиак селитрасы, сұйық аммиак, азот қышқылы.

Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру

«Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі» саласы бойынша 2012-2014 жылдардағы өнім өндіру көлемі және нақты көлем индексі өсу беталысын көрсетеді (4-кесте).

Саланың негізгі кәсіпорындары: «Каспий Цемент» ЖШС, «Маңғыстау жол құрылысы материалдары комбинаты» АҚ, «Теміртас-1» ЖШС, «Өндірістік кәсіпорындар басқармасы» ЖШС, «Карьертау» ЖШС, «Строй – Деталь» ЖШС.

Негізгі өнім түрлері: цемент, әк, бетон, темір-бетон бұйымдары, тротуар тақтасы.

Индустрияландыру картасының аясында 2014 жылы іске қосылған: Үй құрылысы комбинатын (Ақтау қаласы), Индустриялық құрылыс комбинатын (Ақтау қаласы), Темір-бетон бұйымдары зауытын, құрылыстық жарық селдірлі конструкциялар өндіретін шағын зауытты («Ақтау теіңіз порты» АЭА) жобалық қуаттылыққа шағыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында құрылыс индустриясын дамыту және құрылыс материалдарын өндіру үшін алғышарттар бар. Ұлутас пен қиыршық тас игерілуде, темір-бетон бұйымдарды өндіру басталды.



Жеңіл өнеркәсіп

Сала өнімінің нақты көлем индексі 2012 жылғы 126,3%-дан 2014 жылы 116,1%-ға дейін төмендеді (2013 жылы – 93,4%) (4-кесте):

Саланың негізгі кәсіпорындары: «Жамал-ай» АҚ; «Жанарыс» ЖШС; «Қазақ соқырлар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС.

Негізгі өнім түрлері: күштік құрылымдарға арналған арнайы қорғау аяқ киімі, арнайы қорғау киімі, тоқыма бұйымдар, мұнай-газ саласына арналған арнайы киім, халық тұтынатын тауарлар.



Фармацевтика өнеркәсібі

2012-2014 жылдардағы өнім өндіру көлемі және нақты көлем индексі орнықсыз динамиканы көрсетеді (4-кесте).

Өңірдің фармацевтика өнеркәсібі халық үшін рецепттер бойынша және облыс ауруханалары үшін облыстық ауруханааралық дәріхананың дәрілік заттарын өндіруден тұрады.

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында «Медикал Фарм «Ча-Кур» ЖШС-нің өндірістік қуаттылығы жылына 20 млн. дана инфузиялық дәрілік формалар болатын «Сұйық дәрілік формаларды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығару бойынша фармацевтикалық кешен» инвестициялық жобасы іске асырылуда. Құрылатын жұмыс орындарының саны – 300 адам. Аяқтау мерзімі – 2016 жыл.



Жергілікті қамтымды дамыту

Бүгінгі күнге облыстың өңдеу өнеркәсібінің өндіріс номенклатурасы импортқа бағдарланған, осыған байланысты импортталатын тауарлардың тізбесімен салыстырғанда отандық тауарларды сатып алу үлесі болмашы ғана. Облыс бойынша сатып алудағы жергілікті қамтым үлесі 5-кестеде келтіріліген.


5-кесте. Маңғыстау облысының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі

Кезең

Мемлекеттік сатып алу

Жүйе құраушы кәсіпорындар

Барлығы, %

оның ішінде:

Барлығы, %

оның ішінде:

тауарлар

жұмыстар

көрсетілетін қызметтер

тауарлар

жұмыстар

көрсетілетін қызметтер

2012 жыл

78,3

51,69

79,13

92,38

24,7

4,7

82,9

29,8

2013 жыл

89,9

62,93

92,29

97,05

52,8

6,7

95,2

99,9

2014 жыл

88,9

64,90

92,61

95,75

21,3

1,0

32,9

33,2

Кезең

Жер қойнауын пайдаланушы компаниялар




Барлығы, %

оның ішінде:




тауарлар

жұмыстар

көрсетілетін қызметтер




2012 жыл

65,2

28,1

59,0

84,7




2013 жыл

61,9

27,9

56,8

84,8




2014 жыл

48,5

13,7

68,8

41,2



Облыстың жүйе құраушы кәсіпорындарын («ЕРСАЙ Каспиан Контрактор» ЖШС) сатып алуындағы жергілікті қамтымның төменгі үлесінің себебі қазақстандық өнімнің қойылатын талаптарға сәйкес келмеуімен байланысты.

Отандық тауар өндірушілерді қолдаудың және жергілікті қамтымды дамытудың пәрменді шараларының бірі меморандумдар мен шарттар жасасу арқылы форумдар өткізу болып табылады. Форумдардың шеңберінде 2015 жылы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету бойынша 306 млрд. теңгеден асатын жалпы сомаға 121 меморандумға қол қойылды. 9.10.2015 жылғы жағдай бойынша барлық меморандумдардың шеңберінде 295,7 млрд. теңге жалпы сомасына 324 шарт жасасылды (меморандумдар 96%-ға орындалды).
Өнеркәсіп бойынша SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 2012-2014 жылдарда айтарлықтай артуы, бұл – онымен аралас салалардың (металлургияның, машина жасаудың, мұнай-химияның) дамуына жағдай жасайды;

ИИДМБ, Өнімділік-2020, Экспорттаушы 2020 бағдарламаларының аясында мемлекеттік қолдау шараларының іске асуы;

өнеркәсіпті дамыту институттары: «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ны, «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның бар болуы;

жұмысшы мамандықтар бойынша кадрларды сапалы даярлау үшін ТжКБ ұйымдары желісінің бар болуы;

«Жаңаөзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» темір жолын пайдалануға беру есебінен көлік-логистикалық инфрақұрылымның дамуы.


көмірсутегі шикізаты мен металлға арналған бағалардың әлемдік конъюктурасына өңір экономикасы дамуының аса тәуелділігі;

өнеркәсіптің құрамындағы кен өндіру өнеркәсібінің үлкен үлесі (93%) (экономиканың осылдығының өсуі, басқа секторларға инвестициялар тартудың төмендігі, жұмыспен қамтуға әлсіз әсері);

дайын металл бұйымдарын өндіретін кәсіпорындардың теңіз мұнай кен орындарын, оның ішінде ірі Қашаған кен орнын игеруді іске асыру мерзімдеріне тәуелділігі;

мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамтымның аз үлесі (3-8%)



МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

геоэкономикалық жағдай, өндіру және мұнай химиясын дамыту үшін көмірсутегі шикізатының бай қорларының болуы;

металлургияны, құрылыс материалдарының өндірісін дамыту үшін бай минералдық-шикізат негізінің болуы;

отандық тауарлар өндірушілерді сыртқы экономикалық тұрғыдан қолдау (кедендік жеңілдіктер);

экономиканың дамуының кластерлік моделі (мұнай мен газды өндіру және қайта өңдеу, мұнай химия, мұнай-газ машинасын жасау бойынша кластер және Маңғыстау облысын қоса алғанда үш облыстың аумағында сервис құру жоспарлануда)



Әлемдік экономикаға кірігу байланысты өңірлік экономиканың бәсекеге қабілеттігінің төмендеуі;

облыстың мұнай-газ ресурстарының түгесілуі;

өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салалалрын дамыту үшін шикізат базасының жеткіліксіздігі



Өнеркәсіп бойынша негізгі проблемалар:

Мұнай-газ саласы: жұмыс істеп тұрған мұнай кен орындары қорларының табиғи түгесілуі, мұнайға арналған бағалардың, тиісінше мұнай компаниялары кірістерінің төмендеуі;

Машина жасау: мұнай-газ компанияларынан түсетін тапсырыстарға жоғары тәуелділік, бұл өз кезегінде мұнайға арналған әлемдік бағалардың конъюнктурасына; Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы (КТҚС) Қашаған кен орнын игерудің 2-кезеңін бастауға байланысты; «Өнімділік – 2020» бағдарламасының аясында лизингтің қаржыландырумен байланысты проблемалар;

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдар өндірісі: Қашаған кен орнын игерудің 2-кезеңін іске асыру мерзімдерінің шегерілуіне байланысты компаниялардың төмен жүктелуі.

Металлургия өнеркәсібі: ұлттық мұнай-газ тасымалдаушы компаниялардың, сондай-ақ жылу транзиттік ұйымдардың тарапынан сұраныстың болмауына байланысты, «Аrcelor Mittal Tubular Products Aktau» АҚ-ның қуаттылықтары тек 25%-ға жүктелген; «АҚЗ» ЖШС-нің айналым қаражатының жоқтығы.

Мұнай-химия (мұнайды қайта өңдеу өнімдерін өндіру): «Caspi Bitum» БК» ЖШС – Ресейлік рубльдік құнсыздануына байланысты ресейлік битумның тарапынан бәсекелестік; «ҚазГӨЗ» ЖШС-дегін жабдықтың жоғары тозуы (газ өңдеу зауыты 1973 жылы іске қосылды),

Химия өнеркәсібі: ҚР ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің тарапынан тиеліп қойған аммиак селитрасына уақытылы ақы төлемеуі; энергия ресурстарына, табиғи газға және темір жол тасымалдарына арналған тарифтердің өсуі; амииак селитрасы импортының жыл сайынғы өсуі; амииак селитрасын Өзбекстан аумағынан өткізу кезінде, ол қолданатын бөгеу шаралары Тәжікстан мен Қырғызстандағы өткізу рыногын шектейді; салада білікті кадарлардың жетіспеушілігі.

Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру: жоғары бағалық бәсекелестік және сертификатталмаған құрылыс материалдарының, оның ішінде арзан ирандық цементтің жеткізілуі.

Жеңіл өнеркәсіп: шикізатты импорттауға жоғары тәуелділік, салықтардың жоғары деңгейі, жосықсыз бәсеклестік.

Фармацевтика өнеркәсібі: зауытты инақтауды аяқтау үшін қытайлық мамандар мен жұмысшыларға жаңа визалар ресімдеу қажеттілігіне байланысты, «ФармЧакур» ЖШС-нің фармацевтикалық кешенін пайдалануға беру кейінге шегерілді.

Жергілікті қамтым: кейбір отандық тауарларды жеткізушілерде тауардың қазақстандық шығу тегін растайтын сертификаттар жоқ; қазақстандық кәсіпорындардың көпшлігінің өндірістің әлемдік стандартатрына сай болмауы, ірі жобалардың қажеттіліктері үшін қажет етілетін өндірістердің жоқтығы.
2.1.1.3. Агроөнеркәсіптік кешен

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығының жалпы көлемі 2014 жылы 8724,7 млн. теңгені, НКИ – 95,7% құрады (1-кесте). Облыс ЖӨӨ-дегі ауыл шаруашылықтың үлесі 0,34% құрап, есепті кезеңде іс жүзінде өзгерген жоқ (2012 жылы – 0,3%). Тұщы судық жер сүтіндегі көздерінің, шалғынды жайылымдарының жоқтығы, қүрт континенталды құрғақ климат, табиғи жайылымдар шығымдылығының ауа райы жағдайларына тікелей тәуелділігі, қатаң гидрологиялық жағдайлар,  жерасты су көздерінің жоғары минералдануы аграрлық сектодың дамытуды шектейді.


1-кесте. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің динамикасы




2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге

7 822,5

8 036,6

8 724,7

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің НКИ

99,6

96,6

95,7

Алайда, ауыл шаруашылығының болмашы үлесіне және жұмыспен қамтудың төмендігіне (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санында барлығы 1,3%) қарамастан, өңір үшін осы саланың маңызы айтарлықтай жоғары. Ауылдық жерде облыс халқының жартасы тұрады және тиімді аграрлық секторды дамыту ауылдағы әлеуметтік тұрақтылықтың гаранты болып табылады.

Маңғыстау облысының жалпы ауданы 16,6 млн. гектарды, оның ішінде аукыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 5,99 млн. гектарды (36,0%), негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс ауданы – 0,866 мың гектарды (0,014%), оның ішінде озық ылғал үнемдеу технологиясы (тамшылатып суару) пайдаланылатын егіс алқабы – 0,651 мың гектарды (2012 жылмен салыстырғанда 2,3 есе өсті) құрайды.

Пайдалы жерлер кесінінде облыс аумағы негізінен жалпы ауданы 12,7 млн. гектарды құрайтын жайылымдық жерлерден тұрады.



Мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының құрылымында шахталық және түтікті құдықтардың тұзы аз жер асты суларын пайдаланумен жануарларды (түйелерді, қойларды және жылқыларды) жыл бойы жайылымда ұстауға негізделген мал шаруашылығы (86%) басым.

Елдегі түйелердің үштен бірге жуығы Маңғыстау облысында шоғырланған. Түйе шаруашылығы өңірдің мал шаруашылығының дәстүрлі саласы болып табылады. Облыста қазақтың айыр өркешті (бактриан) түйелерін өсіретін 2 асыл тұқымды шаруашылық пен бір өркешті түйе (дромедар) өсіретін 6 асыл тұқымды шаруашылық жұмыс істейді.

Өңірде қой басының шамамен 80%-ын қаракөл қойлар мен олардың елтірілі-етті бағыттағы құйрықты қойлармен жан-жақты будандастырылған қоспалары құрайды. Қалған бөлікті дергілікті қазақы құйрықты, еділбай тұқымдас және олардың будандары құрайды. Қазіргі кезде жакеттік елтірі бағытындағы қара қаракөл және еділбай тұқсымдас етті-майлы қойлар өсіретін 2 асыл тұқымды шаруашылық жұмыс істейді.

Өңірдің жылқы шаруашылығы тек адай үлгісіндегі қазақ жылқыларынан тұрады (95%). Жануарлар жергілікті табиғи-климаттық және жем-шөп жағдайларына жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. Асыл тұқымды жылқы шаруашылығының барлық 19 субъектісі, оның ішінде 2 асыл тұқымды шаруашылық тек адай үлгісіндегі қазақ жылқыларын өсіреді.

Облыс бойынша 1128 субъект ауыл шаруашлығымен, оның ішінде 1004 субъект мал шаруашылығымен (89%) айналысады. Негізгі өнім өндірушілер тұрғындардың шаруашылықтары болып табылады. Мысалға, 2014 жылда ет өндіруде тұрғындар шаруашылықтарының үлесі 75%, ал шаруа қожалықтарының үлесі – 21,6%, ауыл шаруашылығы құрылымдарының үлесі – 3,4% құрады. Бұдан басқа, ірі қара мал басының 66%-ы, жылқы басының 57,5%-ы, түйе басының 60,3%-ы тұрғындардың үй шаруашылықтарына тиесілі.

Мал шаруашылығын дамытудағы негізгі жұмыс мал басын арттыруға, өндірілетін өнімнің шығымдылығы мен сапасын көтеруге және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Қазіргі кезде облыста 32 асыл тұқымды субъект, оның шінде: асыл тұқымды қой өсіру бойынша – 4 субъект, адай жылқысын өсіру бойынша – 19 субъект, түйе өсіру бойынша – 8 субъект, ірі қара мал бойынша – 1 субъект жұмыс істейді. Оларда 14435 қой басы, 4065 жылқы басы, 1781 түйе басы мен 113 бас ірі қара мал бар.



Асыл тұқымды мал басының үлес салмағы қой шаруашылығында – 7,2%, жылқы шаруашылығында – 8,8%, түйе шаруашылығында – 4,3% құрайды. Мал басының ең көп бөлігі Бейнеу және Маңғыстау аудандарында шоғырланған.
2-кесте. Мал мен құстың 2012-2014 жылдардағы саны

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014/2012, %

2014 жылға республикадағы үлес, %

Ірі қара мал

бас

16077

15180

17124

106,5%

0,29%

Қой мен ешкі

бас

572917

434863

353937

61,8%

2,0%

Түйе

бас

56146

47735

47209

84,1%

29.3%

Жылқы

бас

61637

59723

57629

93,5%

3.2%

Құстар

бас

8643

7688

16566

в 1,9 раз

0.05%

Мал басының қысқаруының негізгі себебі өңірде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша жұмыстардың басталуы болып табылады. Осыған байланысты, мал басының 2013 жылы төмендегені және 2014 жылы артқаны байқалды. Сондай-ақ, мал басының азаюының негізгі факторларының бірі 2012-2014 жылдардағы құрғақшылық болды.


Сурет 1. 2012-2014 жылдардағы мал шаруашылығының негізгі өнім түрлерін өндіру
Мал басының өсуіне әсер ететін негізгі факторлар өңірдің табиғи-климаттық жағдайлары мен жайылымдарды суландыру болып табылады. 2014 жылғы қарашадан бастап 2015 жылдың бірінші жартыжылдығын қоса алғанда шаруа қожалықтары үшін 28 ұңғыма бұрғыланып, пайдалануға берілді.

Жыл өткен сайын мал шаруашылығының материалдық-техникалық базасы нығаюда. Мәселен, 2014 жылы «Маңғыстауагросервис» ЖШС арқылы 1 трактор, 3 шөп машинасы, 3 тырнауыш, 6 пішен пресі лизингке сатып алынды. Қазіргі кезде облыста 102 дөңгелекті трактор, 68 трактор тіркемесі, 77 шөп машинасы, 66 тырнауыш және 46 пішен пресі бар.



Өсімдік шаруашылығы. Өсімдік шаруашылығы негізінен көкөністер мен бақша дақылдарын өсіруден тұрады (3-кесте). Бұл ретте, өсімдік шаруашылығы ықшам, яғни жерасты және су құбырының суармалы суларының жеткілікті дәрежесі бар аумақтарда орналасқан. Бұл – Қарақия және Мұнайлы аудандарында Қызылқұм, Жаңаөзен қаласындағы Төңірекшың (Астрахань-Маңғыстау құбыржолы), Түпқараған ауданындағы Сәубет, Маңғыстау аданындағы Жыңғылды жерлері.

Статистикалық деректер бойынша нақты егіс ауданы 2014 жылы 1561,7 гектарды құрап, оның ішінде ылғал үнемдеуші технология – тамшылатып суарумен 651,40 га қамтылды. Бұл – 2012 жылдың деңгейінен 168,4 гектарға көп.

Өңірде 2015 жылы жалпы ауданы 9,4 га 9 жылыжай, оның ішінде ауданы 6,2 га өнеркәсіптік үлгідегі 3 жылыжай және ауданы 3,2 га фермерлік үлгідегі 6 жылыжай жұмыс істейді. 2014 жылы жабық топырақта 1045,1 тонна көкөніс дақылдары өндіріліп, облыс халқына сатып өткізілді.
3-кесте. Өсімдік шаруашылығы бойынша 2012-2014 жылдардағы көрсеткіштер





2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014жыл/2012 жыл, %

Жалпы көкөніс-бақша дақылдарын жинау, тонн

11338,6

8787,4

12088,2

106,6%

Шығымдылық, ц/га:













Көкөністер

110,2

183,3

84,2

76,4%

Бақша дақылдары

136,5

168,2

64,3

47,1%


Сурет 2. 2012-2014 жылдардағы жеміс бақшасының мәдениет өндірісі


2014 жылы шығымдылықтың төмендеуі, Статистика департаментінің 2014 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары мен үй шаруашылықтарының (бақшалардың) аудандарын есепке алуымен түсіндіріледі. Бірақ, осы деректер жалпы жинауда көрсетілмеген. Ауыл шаруашылығы дақыларының ауданы 2014 жылы 1561,7 га құрады, бұл – 2012 жылғы суарылатын ауданнан 2,07 есе көп.

Балық шаруашылығы. Облыста жағада балық аулаумен 15 шаруашылық етуші субъект айналысады. Балық аулау Каспий теңізінің жағалаудық аймағанда, Қаражанбас, Қаламқас кен орындарың, Сарытас, Қошақ шығанақтарының, Құлалы, Подгорный және Долгий аралдарының ауданында және облыстың батыс жалауында жүргізіледі.

Облыста мұздатқыш және тоңазытқыш қондырғылармен жабдықталған 7 балық қабылдау пункті жұмыс істейді. Балықты өткізу үшін 28 сауда нүктесі жұмыс істейді. Ауланған балықтың барлығы ішкі тұтыну үшін пайдаланылады.

Балықтардың кәсіпшілік түрлері – балықтардың майшабақ, тікенді және ұсақ түрлері. Жыл мерзіміне қарай Каспий теңізінің оңтүстігінен солтүстігіне және кері көшіп жүретін өрістегіш және жартылай өрістегіш балықтардың маусымдылығына және экономикалық тиімсіздігіне байланысты, теңізде балық аулау дамымаған.

2012 жылдан бастап 2014 жылды қоса алғандағы аралықта балық аулаудың және лимитті игеру көлемінің 445,3-тен 605 тоннаға дейін немесе 35,8%-ға өсу беталысы байқалады.

Балық өсіруде 2014 жылы «KazakhOsseter» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында қуаттылығы жылына 60 тоннан бекіре балығы болатын тауарлық ферма салу жобасы іске асырылды.

Форт-Шевченко шағын қаласы балық саласын дамыту үшін қолайлы жағдайларға ие: теңізге жақын орналасу, балық шаруашылығы саласында тәжірибенің бар болуы (кеңестік кезеңде мұнда балықты қайта өңдеу бойынша ірі кәсіпорын жұмыс істеді).



Өнімді қайта өңдеу. Облыста өндірілетін өнімді қайта өңдеу болмашы көлемде жүзеге асырылуда. Негізгі көлем үй шаруашылықтары мен шаруа қожалықтарында өндіріліп, өнім негізінен өз мұқтаждықтарына жұмсалады.

Өңірде «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС-нің меншікті өндірістегі сүтін қайта өңдейтін цехы (жылына 450 тонна) мен «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС (жылына 2000 тонна) жұмыс істейді. Осы кәсіпорындар шұбат шығарғаннан басқа, сүттен жасалатын ұлттық өнімдерді дайындаумен де айналысады.

ИИДМБ аясында 2014 жылы Түпқараған ауданының Таушық ауылында «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС-нің жүн өңдейтін цехы пайдалануға берілді (қуаттылығы – жылына 615 тонна).

Ет өндіру мен оны өткізуді «Сенек» ЖШС, «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС, «Қарағантүбек» ЖШС жүргізеді. Осы кәсіпорындар өңірдің мұнай компанияларын өздері шығаратын ет және сүт өнімдерімен қамтамасыз етеді.

Өңірде нан мен нан-тоқаш өнiмдерiн көптеген жеке наубайханалар өндіреді. Облыс орталығы – Ақтау қаласында ғана «Ақ-нан Маңғыстау» ЖШС, «Maga-Bred» ЖШС сияқты мейлінше ірі кәсіпорындар жұмыс істейді.

ИИДМБ аясында пайдалануға берілген және астықты сақтауға және қайта өңдеуге арналған, өндіру қуаттылығы жылына 90 мың тонна ұн және 30 мың тонна құрама жем болатын «Бейнеу астық терминалы» ЖШС жұмыс істейді.


АӨК саласын дамыту бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінің (жайылымдардың) зор резерві;

мал шаруашылығн дамытуды қолдау үшін, «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бюджеттерден ақшалай қаражаттардың жыл сайын бөлінуі;

жергілікті ауыл шаруашылығы өніміне деген үлкен сұраныс жәіне салыстырмалы түрдегі төмен өткізу бағасы;

ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға инвестициялар салатын қаржы институттарының жеткілікті саны




жергілікті табиғи жем-шөп жағдайларын өсіруге сыналған ауыл шаруашылығы жануарларының шектеулі түрлері мен тұқымдары;

өндірістің ұсақ тауарлығы;

жайылымдарды суландырудың әлсіздігі;

АШТӨ-дің өткізу рыногтарынан қашық орналасуы;

білікті кадрлардың жетіспеушілігі;

саланың инвестициялық тартымдылығының және мұнай-газ өнеркәсібінің қарқынды дамуына байланысты жастарда ауыл шаруашылығы өндірісіне бастамашылықтың болмауы



МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

сүт-тауарлық түйе шаруашылығына және етті-майлы қой шаруашылығын дамыту;

мал шаруашылығын дәстүрлі салалаларының тұқымдық және өнімдік сапаларын одан әрі жетілдіру;

мақсатты ғылыми негізделген селекциялық-тұқымдық жұмыс арқылы ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу желісін ұйымдастыру және дамыту, тұқымдық, өнімдік және бейімделген сапаларымен (белгілерімен) ерекшеленетін жануарлардың жаңа желілері мен тұқымдастарын, зауыттық үлгілерін шығару


саланың табиғи-климаттық факторларға жоғары тәуелділігі;

ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне пайдалануға жарамды табиғи су көздеріің жоқтығы;

мал басыың, тиісінше мал шаруашылығы өнімдерін шығарудың азаюы;

шығарылатын ауыл шаруашылығы өніміне арналған бағалардың өсуі;

шекара маңындағы елдерден аса жұқпалы аурулардың әкелінуінің жоғары ықтималдығы;

ауыл шаруашылығы өнімі импортының өсуі.



АӨК саласы бойынша негізгі проблемалар:

өңірде дәстүрлі отарлы мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бермейтін, жайылымдарды суландырудың әлсіздігі;

өңірдің мал шаруашылығын дамыту үшін жем-шөп базасының жоқтығы;

түйе шаруашылығын дамытудың арнайы мемлекеттік бағдарламасының жоқтығы;

балық шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қаржылай қолдаудың тартымсыз шарттары;

ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығы;

білікті кадрлардың жетіспеушілігі.

2.1.1.4. Шағын және орта бизнес, сауда

Шағын және орта кәсіпкерлік

Облыс бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі – ШОК) субъектілерінің саны 2014 жылы 55195 бірлікті құрады, бұл – 2012 жылдың деңгейінен 24,7%-ға жоғары (1-кестені қараңыз).

ШОК құрылымында ұйымдастырушылық-құқықтық нысан бойынша тіркелген субъектілердің ең үлкен үлесі жеке кәсіпкерлерге келеді (2012-2014 жылдарда орташа алғанда – 79,5%). ШОК-тің белсенді субъектілерінің жалпы санында орташа алғанда заңды тұлғалар – 18,1%, шаруа қожалықтары (фермерлік) – 2,4% құрайды.

ШОК-тің белсенді субъектілерінің саны 2012 жылғы 28678 бірліктен 2014 жылы 35620 бірліккке дейін немесе 24,2%-ға артты. Бұл ретте, тіркелгендердің жалпы санындағы ШОК-тің белсенді субъектілерінің үлесі 64,8%-дан 64,5%-ға дейін төмендеді, бұл – ШОК-тің тіркелген субъектілерінің жалпы санының 2014 жылы күрт өсуімен байланысты.

ШОҚ саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 2012 жылғы 74214 адамнан 2014 жылы 96 655 адамға дейін немесе 30%-ға өсіп, ШОК субъектілерінің өнім шығаруы тиісінше 321,3 млрд. теңгеден 683,2 млрд. теңгеге дейін ұлғайды (21,3%-ға).

Ұйымдастырушылық-құқықтық нысан бойынша ШОК субъектілері өндірген өнімнің мейлінше үлкен үлесі заңды тұлғаларға келеді (2012-2014 жылдарда орташа алғанда – 90,4 %). Шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар орташа алғанда ШОК субъектілері шығарған өнімнің жалпы көлемінде – 0,6 %, жеке кәсіпкерлер – 8,9 % өндіреді.



Облыс ЖӨӨ-дегі ШОК-тің үлесі 2014 жылдың қорытындысы бойынша 30% құрады. Облыс осы көрсеткіш бойынша ел өңірлерінің арасында 10-орынды алады.
1-кесте. Өңірдегі ШОК дамуының негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

2012

2013

2014

Тіркелген ШОК субъектілерінің саны

бірлік

44263

49602

55195

ШОК-тің белсенді субъекітілерінің саны

бірлік

28678

32835

35620

Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санындағы белсенді субъектілердің үлесі

%

64,8

66,2

64,5

ШОК-те жұмыспен қамтылғандардың сагы

адам

74214

83016

96655

ШОК субъектілерінің өнім шығаруы

млн. теңге

321354

325497

683224

ШОК субъектілеріөнім шығаруының НКИ

%

90,3

93,5

109,0

Облыс ЖӨӨ құрылымындағы ШОК үлесі

%

19,6

17,1

30

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында 2010 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы (бұдан әрі – БЖК-2020) іске асырылып келеді.

Маңғыстау облысында БЖК-2020 іске асыру үшін республикалық бюджеттен 2012-2014 жылдарда 3,7 млрд. теңге бөлінді.

БЖК-2020 аясында 2012-2014 жылдарда 79 жоба субсидияланып, 20 кредит бойынша кепілдендіру ұсынылды және 8 грант берілді. Жеке кәсіпкерліктің 491 субъектісі үшін 1237 сервистік қызмет көрсетілді.


2-кесте. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында құралдар кесінінде қолдау алған жобалардың саны

Қолдау құралдары

2012

2013

2014

3 бағыт бойынша субсидиялау

23

25

31

Кепілдендіру

2

4

14

Гранттар

1

4

3

Инфрақұрылым

4

0

4

БЖК-2020 бойынша мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру нәтижесінде 2012-2014 жылдары 1,0 мыңнан аса қосымша жұмыс орны құрылды.

БЖК-2020 аясында 2011 жылдан бастап «Кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау» атты 4-бағыт іске асырылуда.
3-кесте. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында компоненттер кесінінде оқудан өткен қатысушылардың саны


Қолдау құралдары

2012

2013

2014

Барлығы

Бизнес-кеңесші 1

769

1 281

1 190

3237

Бизнес-кеңесші 2

-

-

90

90

Топ-менеджментке оқыту

7

11

17

35

Іскерлік байланыстар

19

15

18

52

Үлкен сеньоралар

-

-

1

1

Жас кәсіпкер мектебі

-

-

61

61


Сауда

Өңірдің бөлшек саудасының көлемі 2012-2014 жылдарда 25%-ға өсіп, 2014 жылы 145,2 млрд. теңгені құрады (2012 жыл – 101 млн. теңге, 2013 жыл – 129,3 млн. теғге).

Бөлшек және көтерме сауда саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда (19784 адам) 28,6%-ға артып, 25444 адамды құрады. Өңір ЖӨӨ-нің құрылымындағы бөлшек және көтермен сауданың үлесі 2014 жылы 3,2% құрады (2012 жыл – 3,7%, 2013 жыл – 3,9%).

Өңірде әмбебап базарлардың санын және аудандарын азайту бағытында сауда базарларын оңтайландыру үдерісі басталды. 2015 жылдың басында облыста ауданы 285 417 шаршы метр болатын 7373 сауда орны бар 22 базар тіркелді (2014 жылдың басында – ауданы 278 651 шаршы метр болатын 6967 сауда орны бар 22 базар).


4-кесте. Қалалар мен аудандар кесінінде сауда базарларының саны

Қала/аудан

Базарлар саны (бірлік)

Сауда орындарының саны (орын)

Сауда ауданы

(шаршы метр)

Ақтау қаласы

16

5 447

248 100

Жаңаөзен қаласы

3

1 170

24 760

Бейнеу ауданы

2

577

8 428

Қарақия ауданы

-

-

-

Маңғыстау ауданы

1

179

4 129

Мұнайлы ауданы

-

-

-

Түпқараған ауданы

-

-

-

Маңғыстау облысы

22

7 373

285 417

2011 жылдан бастап 2014 жылды қоса алғандағы аралықта саланы дамыту Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама бойынша жүзеге асырылды. Оң динамикаға қарамастан, үдеріс баяу жүріпкеледі. Өңір үшін қазіргі замандағы сауда форматтарының төмен үлесі, электронды сауданың дамымауы, меншікті ауыл шаруашылығының жоқтығы және тасып әкелінетін азық-түлік өнімдерінің үлкен үлесі (85%) тән. Негізгі себеп – бизнес үшін стимулдардың, кәсіпкерлерде құзіреттердің жетіспеушілігі.

Бөлшек сауда саласы әлеуметтік маңызды тауарларға арналған бағалар мониторингінің объектісі болып табылады. Сырттан әкелінетін өнімдерге арналған бағаларды тежеу мақсатында ірі жеткізушілермен әлеуметтік маңызды тауарларды өткізу кезінде жиынтық үстеме бағаны өндірушінің босататын бағасынан 15-20 % көтермей белгілеу туралы 60 меморандумға қол қойылды.

Өңірде қазіргі замандағы форматтағы (А класты) көкөкніс қоймасының жоқтығы, маусымдық азық-түлік тауарларының жыл сайынғы тапшылығына алып келеді, бұл – өз кезегінде бөлшек сауда бағаларының негізсіз өсуіне ықпал етеді. Осыған байланысты, өңірде инвесторларды тартумен Ақтау қаласында 400 және 500 тонналық және Жаңаөзен қаласында 2000 тонналық көкөкніс өоймаларын салу жоспарланған.

Қазірдің өзінде Индутсрияландыру картасының аясында Әзербайжан компаниясы – «Азерсун Өндіріс және Логистика Орталығы» ЖШС-нің «Ақтау теңіз порты» АЭА-да кейіннен өткізу арқылы азық-түлік тауарларын сақтау үшін ауданы 178,7 мың шаршы метр болатын қоймалық орынжайлар құру жобасы сіке асырылуда.

Өңірдің ерекшелігі сұйытылған газды, оның ішінде автомобиль көлігінің үлкен көлемде тұтынуы болып табылады. Жалғыз өндіруші – «ҚазГӨЗ» ЖШС сұйытылған газды жеңілдетілген бағалар бойынша сату мүмкіндігін тауысты.


Шағын және орта бизнес, сауда бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ШОБ субъектілерінің сандық тұрғыда артуы;

шағын кәсіпкерлікті дамытатын рыногтық инфрақұрылымның болуы: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, МКҰ, кәсіпкерлер ассосациялары, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары және Жаңаөзен қаласындағы бизнес-инкубатор;

Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында Кәсіпкерлер қызмет көрсету орталықтарының ашылуы;

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының іске асырылуы;

кәсіпкерлерді қолдау арналған бюджет шығыстарының жыл сайынғы ұлғаюы.



ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

кепілдік қамтамасыз етудің болмауына байланысты кредиттік ресурстарға қолжетімділіктің шектеулі болуы;

банк крдеттиерің сыйақыларының жоғары пайыздық ставкалары;

салық салу саласында жеңілдіктердің жоқтығы;

шағын және орташа бизнестің салалық теңгерімсіздігі және оның әртараптандырылуының төмен деңгейі;

қазіргі заманғы форматтағы базарлардың жоқтығы, электронды сауданың әлсіз дамуы;

азық-түлік тауарларын басқа өңірлерден және елдерден 85%-ға дейін импорттауға тәуелділік.


МҮМКІНДІКТЕР:

ірі және орта кәсіпорындармен франчайзинг және аутсорсинг қағидаттарымен өзара пайдалы кооперативтік байланыстарды жолға қою;

шағын кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымын дамыту үшін әлеуеттің болуы;

рыногтағы сұраныс пен ұсыныстар, бәсекелестер, шикізат берушілер, дайын өнімді сату мүмкіндіктері және тендерлерге қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат банкін қалыптастыру.




ҚАТЕРЛЕР:

бірқатар шағын және орташа кәсіпорындардың банкрот болуына байланысты жұмыссыздықтың артуы, крминогенді жағдайдың жоғарылауы;

әлемдік рыногтағы мұнайға арналған бағаның құлдырауы себепті мердігерлік жұмыстарды орындау көлемінің төмендеуі;

ішкі рыногтың импортқа тәуелділігінің артуы;

теңгенің құнсыздануына байланысты әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына арналған бағалардың өсуі;

мұнай өнімдеріне арналған бөлшек бағаның ұлғаюы.




Шағын және орта бизнестегі, саудадағы негізгі проблемалар:

рұқсат беру рәсімдері мен одан әрі жеңілдету және әкімшілік кедергілерді қысқарту қажеттілігі;

сыртқы экономикалық жағдайға байланысты жалға алу ақысы мен жабдық құнының өсуі;

кәсіпкерлер мен жалдамалы қызметкерлердің төмен біліктілігі;

ауылдық елді мекендерде шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік нысаналы бағдарламалар бойынша іске асырылып жатқан жобалардың төмен деңгейі;

ШОБ үшін нысаналы топ болып табылатын өңір халқының жергілікті өнімге деген сұранысының төмендігі;

қазіргі заманғы форматтағы базарлардың жоқтығы;

қосымша азық-түлік қорларын сатып алу үшін көкөніс қоймаларының жоқтығы;

өңірде сұйытылған газды бөлшек және көтерме бағамен сатуды реттеу проблемалары.
2.1.1.5. Өңіраралық ынтымақтастық

Маңғыстау облысында ел өңірлерімен арадағы республикаішілік кооперация тамақ, химия, жеңіл өнеркәсіптерінде, машина жасауда, резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісінде, металлургияда, мұнай-газ кешенінде жолға қойылған (1-кесте).


1-кесте. Республикаішілік өнеркәсіптік кооперация

Өңірге жеткізу

Өнім

Маңғыстау облысындағы тұтынушылар

ҚР-ның басқа өңірлерінен жеткізушілер

Ұн

Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары

«Корпорация «Цесна» АҚ – Астана қаласы; «Ардагер» ЖШС – Семей қаласы

Сары май

«Маслодел» фирмасы – Алматы қаласы

Қағаз бума

Алматы қаласы

Тот баспайтын қамыттар

«Маңғыстау шыны-пластик құбырлар зауыты» ЖШС

«KSPSteel» ЖШС – Павлодар қаласы

Резеңке сақиналар

«Восход» зауыты – Қарағанды қаласы

Пластикалық және резеңке бұйымдар

«Проминвесткомплект» ЖШС – Алматы қаласы

Табиғи газ

«ҚазАзот» ЖШС

Атырау облысы

Буып-түю ыдыстары 

Ақмола, Алматы облыстары

Мұнай-газ машинасын жасауға арналған құрағыш өнімдер

«ГММОС» ЖШС

Алматы, Атырау облыстары,

Алматы, Ақтөбе қалалары



Цемент

Құрылыс индустриясының кәсіпорындары

ВШҚОО

Сыйымдылық жабдығы, пештер, машиналар

Мұнай-газ өндіруші және мұнай-сервистік компаниялар

«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ – БҚО

Өңірден жеткізу

Өнім

Маңғыстау облысынан жеткізушілер

Басқа өңірлердегі тұтынушылар

Аммиак селитрасы

«ҚазАзот» ЖШС

Қарағанды, Жамбыл, Павлодар облыстары

Тыңайтқыштар

ҚР-ның барлық өңірі

Арнайы киім

«Жанарыс» ЖШС

Атырау облысы

Шыны-талшықты құбырлар

«Ақтау шыны-талшықты құбырлар зауыты» ЖШС

Қызылорда, Атырау облыстары

Болат құбырлар

Ақтау құбыр зауыты

БҚО, Алматы облысы, Қызылорда облысы

Өңіраралық кооперацияның рыногтық әлеуеті өңірде монополист кәсіпорындардың (азоттық тыңайтқыштар), не тауашалық өнімдер (диаметрі үлкен құбырлар) өндіретін кәсіпорындардың бар болуымен байланысты. Тиісінше, өңірге облыста шығаруға пайдасыз өнім әкелінеді (ұн, сары май, көкөністер, машина жасауға арналған құрағыш өнімдер).

Батыс макроөңірінің аясында мұнай-газ секторы кәсіпорындарының арасында сервистік қызметтер көрсету және мұнай-химия өнімін жеткізу бөлігінде өңіраралық ынтымақтастық әлеуеті бар.

Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында, өңірде ақпараттық-таныстырылымдық жұмыс (көрмелер, бизнес-конференциялар, семинарлар, кездесулер) тұрақты негізде жүргізіліп тұрады. Оған Павлодар облысының бизнес-делегациясының 2015 жылғы өңірге сапары болып табылады. Кездесу қорытындысында ауыл шаруашылығы өгімін, металл конструкцияларды, машина жасау өнімін қоса алғанда, 5 млрд. теңгеден астам сомаға Павлодар облысының кәсіпорындарының өнімін жеткізуге арналған ниетке қол жеткізілді.

ҮИИДМБ аясында іске қосылған кәсіпорындардың қызметін талдау негізінде, ТШО, ҚазМұнайГаз сияқты және басқа да компаниялардың даму бағдарламаларының аясында өндірістік қуаттылықтарын жүктеу үшін, әкімдік оларға көрші мұнай-газ өңірлерінен әріптестер іздестіруге жәрдем көрсетуде.
Өңіраралық ынтымақтастық бойынша SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

тамақ, химия, жеңіл өнеркәсіптерінде, машина жасауда, резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісінде, металлургияда, мұнай-газ кешенінде жолға қойылған өңіраралық байланыстардың болуы;

өңіраралық ынтымақтастықты жолға қою үшін ақпараттық-таныстырылымдық жұмыстың жүргізілуі;

әкімдіктің облыс кәсіпорындарына көрші мұнай-газ өңірлерінен әріптестер іздестіруге жәрдем көрсетуі



ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

өңіраралық ынтымақтастық аясында статистиканың жоқтығы;

өңіраралық ынтымақтастықты дамыту саласындағы жеткіліксіз жүйелі жұмыс және пайымның жоқтығы


МҮМКІНДІКТЕР:

өңірде ұлттық мұнай-газ кластерін, мұнай-сервистік кластерді және кәсіпшілік мұнай-химия кластерін құру аясында мұнай-газ секторының кәсіпорындарымен кооперация;

басқа өңірлерден ауыл шаруашылығы өнімін жеткізуді ұйымдастыру;

ҚР-ның басқа өңірлерінде және БЭК елдерінде сатуға арналған тауарларды өндіру үшін "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында процессингтік орталықтар құру



ҚАТЕРЛЕР:

өңір өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;

орталық деңгейде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын мұқият пайымдаудың болмауы



Өңіраралық ынтымақтастықтың негізгі проблемалары:

ҚР Батыс макроөңірінің аясында, Өңірдің ел ішінде және БЭК елдерімен өңіраралық кооперацияны дамыту жөніндегі жол картасы әзірленбеген;

Қазақстанның басқа өңірлерінде өндірілуі мүмкін, салынып жатқан құрағыш өнімдер өндірісінің қажеттілігін талдау жүйелі негізгі қойылмаған;

өңірдегі тауарлар, құрағыш өнімдер және шикізат өндірісі туралы ақпараттық база әзірленбеген.



2.1.1.6. Инновациялар мен инвестициялар

Инвестициялар

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2012-2014 жылдарда 396 млрд. теңгеден 530 млрд. теңгеге дейін, НКИ 100,1%-дан 114%-ға дейін өсті (1-сурет).



group 5
Сурет 1. Өңір бойынша 2012-2014 жылдардағы инвестиция динамикасы

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі бойынша облыстың үлесі 8% құрайды (2014 жылы – республика бойынша 3-орын). Халықтың жан басына шаққандағы инвестициялар көлемі бойынша (2014 жылда 872,1 мың теңге) облыс республика өңірлерінің арасында екінші орында тұр.

Батыс макроөңіріне кіретін облыстар арасында Маңғыстау облысы негізгі капиталға инвестициялар көлемі бойынша Атырау облысына кейін екінші орын алады (2014 жылда 1119,4 млрд. теңге).

Негізгі капиталға инвестициялар көлемінің 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда ұлғаюы облыстың түгелге дерлік аудандары бойынша байқалды. Бұл ретте, салымдардың өсуі Қарақия ауданында және Түпқараған ауданында байқалады (тиісінше 27,4% және 21,9%) (1-кесте).


1-кесте. Қалалар мен аудандар кесініндегі инвестициялар бойынша деректер (2014 жыл)

Атауы

Негізгі капиталға инвестициялар

(мың теңге)

2012 жылдың тиісті кезеңіне (%)

Негізгі капиталға инвестициялар жалпы көлеміндегі үлес салмағы (%)

Маңғыстау облысы

529 412 926

114,6

100,0

Жаңаөзен қаласы

26 252 127

79,0

5,0

Мұнайлы ауданы

26 618 043

110,6

5,0

Бейнеу ауданы

54 702 847

197,8

10,3

Маңғыстау ауданы

67 123 790

124,8

12,7

Ақтау қаласы

93 822 019

78,6

17,7

Түпқараған ауданы

115 911 917

129,4

21,9

Қарақия ауданы

144 982 183

125,7

27,4

Шетелдік инвестициялардың көлемі 2012-2014 жылдарда 1,2 есе: 126 млрд. теңгеден 163 млрд. теңгеге дейін өсті (2-сурет).

Инвестиция құрылымының негізгі көлемін өнеркәсіп (72%), оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі (66,2%), өңдеу өнеркәсібі (1,7%), көлік және қоймалау (14%), құрылыс (1,8%) алады. Өңірдің аграрлық секторына салынған инвестицияларды тіпті жоқ деуге болады.

Негізгі капиталға инвестициялардың айтарлықтай бөлігі жеке меншік нысанындағы кәсіпорындармен (62,5%), мемлекеттік меншік нысанымен (10,4%), сондай-ақ Маңғыстау облысында өз қызметін жүзеге асыратын басқа мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеміне (27,1%) игерілген.

Индустрияландыру картасының аясында 2010-2014 жылдардағы кезеңде 33 жоба іске асырлып, инвестициялардың жалпы сомасы 220 млрд. теңгені құрады. Жаңадан 3018 тұрақты жұмыс орны құрылды. Индустрияландыру картасының 2010-2014 жылдарда пайдалануға берілген жобаларымен 81,1 млрд. теңгеден астам сомаға өнім шығарылды. Нәтижесінде Индустрияландыру картасына қатысушылардың облыс өнеркәсібіндегі үлесі – 2,4% (ҚР бойынша орташа – 7,7%), өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 52,4% (ҚР бойынша орташа – 13%) құрады.

Инвестициялар тартылатын негізгі салалар өнеркәсіптік, мұнай сервистік, көлік-логистикалық, туристік және теңіз жобалары болды. Бұл салалар шетелдік, сонымен бірге отандық инвесторлар үшін де тартымды. Мұнда мына жобаларды іске асыру басталды:

1) «Боржақты-Ерсай» темір жол желісінің, «Құрық ауылындағы паром кешенінің» құрылысы және «Халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейу». Паромдық өткелмен бірге темір жол тармағы порттар арқылы Каспий өңірінің елдеріне және Еуропаға Қазақстанның батыс бағыттағы транзиттік әлеуетін көтеруге ықпал етпек.

2) «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ итальяндық «Eni» компаниясымен бірге іске асырып жатқан «Құрық ауылында кеме жасау/кеме жөндеу зауытын салу» жобасы. Ол Каспийдегі теңіз операцияларымен байланысты жобалардың логикалық жалғасы болып табылады.

3) өңіраралық ынтымақтастықтың маңызды буыны болатын «Жаңаөзен-Түрікменстан шекарасы», «Бейнеу-Өзбекстан шекарасы» автомобиль жолдарын реконструкциялау жөніндегі жобалар.

Бизнес-келісімшарттарды жасасуға ықпал ететін халықаралық экономикалық, инвестициялық форумдарды өткізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Облыс әкімдігі 2012-2014 жылдарда Еуропадан, Қытайдан және БАӘ-нен келген инвесторлармен 15-тен аса келісімге қол қойды.

Инвестициялар тарту мәселесінде «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы республика бойынша Астана АЭА-нан кейінгі екінші тиімді дамып келе жатқан АЭА ерекше рөл ойнайды. Құрылған сәттен бастап «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында шамамен 29 млрд. теңге тартылып, 222,9 млрд.теңгенің өнімі өндірілді, 19 млрд. теңгеден асатын мөлшерде бюджетке салықтар төленді. 1000-нан аса тұрақты жұмыс орындары құрылды.

Инновациялар

Өңірлік инновацияилық саясатты дамыту мамандандандырылған технологиялық ресурстарға негізделген өңірлік бәсекеге қабілеттіліктің өсуін ынталандыруға бағытталған.

Өңірдің инновациялық қызметінің негізгі көрсеткіштері жан-жақты беталысқа ие (2-кесте). Инновациялық белсенділік деңгейі, 2014 жылы орташа республикалық көрсеткіш 8,1% болғанда 3,4% құрады (2012 жыл – 2,4%).
2-кесте. Инновациялық қызметтің негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

ҚР-мен салыстыру үшін (2014ж.)

Инновациялық белсенді кәсіпорындардың саны

бірлік

11

20

32

1774

Инновациялар саласындағы белсенділік деңгейі

%

1,6

2,4

3,4

8 %


Инновациялық өнім көлемі

млн. теңге

3609

1395,4

1546,8

580368 млн. теңге

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған қызметкерлер саны

адам

454

612

583



Мұнай-газ секторының басым рөлі өңірдің инновациялық инфрақұрылымының дамуын алдын ала белгілеп берді. Облыстың ғылыми-зерттеу институттарының («ҚазҒЗЖИмұнайгаз», «Мұнай-газ ҒЗЖИ» АҚ, Ксапий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті) барлық әзірлемелері дәл осы салада іске асырылуда. Сонымен бірге, мұнда әлемдік және отандық жетекші компаниялардың озық инновациялық технологиялар енгізілуде.

Облыстың шикізаттық емес секторының кәсіпорындарының ешқайсысында конструкторлық бюро немесе ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) жоқ. Университеттер, өнеркәсіптік сектор және мемлекеттік агенттіктер арасындағы байланыс әлсіз.

Өңірдің өңдеу секторындағы инновациялық жүйесін дамытудың жалғыз арнасы тікелей шетелдік инвестициялар қатысатын жобалар болып табылады (Индустрияландыру картасы).

Мәселен, жол битумдарын өндіретін зауттың іске қосылуы («Caspi Bitum» БК) өңірде тиісті технологиялық инновациялар енгізілген мұнай-химияны құруға ықпал етті. «ҚазАзот» зауытын жаңғырту аммиак селитрасын грануляциялаудың бірегей технологиясын енгізуге ықпал етті. Бұл технология «ҚазАзот» ЖШС-де ғана пайдаланылады және оның аналогы жоқ. Шетпе ауылында «Каспий Цемент» ЖШС-нің Цемент зауытын іске қосу, қоршаған ортаға барынша төмен әсер ететін құрғақ тәсілмен цемент өндірудың «таза» технологиясын енгізуге ықпал етті.
Инвестициялар мен инновациялар бойынша SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

Қазақстанның барлық теңіз операцияларына сервистік қызмет көрсету үшін базалық инфрақұрылым құрылды, бұл – инвестициялық салымдар үшін тартымды болып табылады;

«Ақтау теңіз порты» АЭА-ын қарқынды дамыту халықаралық маңызы бар транзиттік, көлік-логистикалық әлеуетті іске асыру үшін инвестициялар тарту факторы болып табылады




дәстүрлі өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық технологияларды енгізудегі белсенділігінің төменігі;

облыс ШОБ-нің инновациялық белсенділігінің төмендігі және төмен әртараптандырылуы;

агроөнеркәсіптік жобалардың төмен өтелімділігі және су ресурстарының жетіспеушілігі, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, АӨК-тің әлсіз экономикалық жағдайы АӨК инфрақұрылымын және тұтастай алғанда өңірдің агробизнесін дамытуға инвестициялар тартуға негізгі кедергі болып табылады


МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

трансұлттық компаниялардың инвестицияларын теңіз операцияларына тарту; инфрақұрылымдық жобаларға тікелей шетелдік инвестицияларды тарту


«Қошқар ата» қалдықтар қоймасының экологиялық жағдайының Ақтау қалалық инфрақұрылмын және инвестициялық жобаларды солтүстік бағытта дамытуға әсері;

Каспий бассейнінің қазақстандық бөлігін зерттеу және игеру жөніндегі ғылыми экологиялық орталықтың жоқтығы;

Каспий теңізіне мұнай төгілу жағдайларына арналған халықаралық келісімнің жоқтығы, теңіз және теңізбен байланысты инвестициялық жобаларды дамытуда тежеуші фактор болып табылады;

өмір сурудің жоғары деңгейінің және баға саясатының экспортқа бағдарланған жобаларға әсері





Инвестициялар мен инновациялар саласындағы негізгі проблемалар:

мұнай-газ секторының шегінен тыс өңірлік инновациялық жүйе құру үшін стимулдардың жоқтығы;

теңіз мұнай жобаларының технологтялық қиындығы және үлкен экологиялық тәуекелдер инвестициялар тартуды тежеуші фактор болып табылады;

дәстүрлі өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық технологияларды енгізудегі белсенділігінің төмендігі;

облыс ШОБ-нің инновациялық белсенділігінің төмендігі және төмен әртараптандырылуы;

АӨК-тің әлсіз экономикалық жағдайы АӨК инфрақұрылымын және тұтастай алғанда өңірдің агробизнесін дамытуға инвестициялар тартуға негізгі кедергі болып табылады.



Каталог: media -> uploads
uploads -> Утверждено
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> МаңҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
uploads -> Аймақтық экспорт
uploads -> Информация по осуществлению мониторинга
uploads -> Бағдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 015 жыл мазмұны өңірлік макроэкономика 9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет