МаңҒыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ



жүктеу 3.43 Mb.
бет4/21
Дата07.03.2018
өлшемі3.43 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

2.1.2. бағыт. Әлеуметтік сала


2.1.2.1. Білім беру
2011-2015 жылдарға арналған АДБ іске асырылған кезеңде8 өңір білім беру саласында нақты жетістіктерге жетті: жалпы білім беретін мектептер желісі –12%-ға, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының желісі – 35%-ға кеңейді, балаларды мектепалды даярлықпен қамту 90%-ға қамтамасыз етілді, мектептердің 40%-дан астамы электронды оқыту жұүйесін енгізді, мектептердің 23%-ы инклюъивті білім беру үшін жағдайлар жасады, колледждердің 60%-ы дуальді білім беру жүйесіне көшті.

Мектепке дейінгі білім беру

Маңғыстау облысы халықтың өсу қарқыны жоғары өңірлердің қатарына жатады9. Халықтың мектепке дейінгі балалар ұйымдарының (МБҰ) қызметтеріне қажеттілігі үнемі өсуде (1-кесте). 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымдарында орын алуға арналған кезекте 33742 бала тұрды.


1-кесте. Мектепке дейінгі білім беру көрсеткіштерінің динамикасы, 2012-2014 жылдар

Жылдар

МБҰ саны, бірлік

Балалар қамтылды, адам

3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту, %

1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту, %

5-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту, %

Жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың үлесі, %

2012

172

23864

63,4

37,7

75,7

27,2

2013

183

26172

67,9

39,6

92

21,1

2014

202

28275

68,2

40,8

92,3

20,5

МБҰ санының тез өсуіне қарамастан, 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 40,8% құрайды, бұл – орташа республикалық көрсеткіштен төмен (52,3%10).



Балаларды мектепалды даярлықпен қамту 93%-ға қамтамасыз етілген. Қалалар мен аудандар кесініндегі деректер 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте. Қалалар мен аудандар кесінінде балалардың МБҰ-мен қамтамасыз етілуі



Қалалар мен аудандардың атауы

МБҰ-ның барлығы

1-ден 6 жасқа дейінгі балалар саны

МБҰ балаларының саны

қамту %-ы

1

Ақтау қаласы

62

24174

12247

59,89

2

Жаңаөзен қаласы

40

20620

5800

36,39

3

Бейнеу ауданы

19

9941

2148

33,83

4

Қарақия ауданы

17

6055

1723

37,34

5

Маңғыстау ауданы

23

6449

1612

33,31

6

Мұнайлы ауданы

24

18211

3063

21,88

7

Түпқараған ауданы

13

4360

1382

42,88




Областық ұйымдар

4




341




 

Облыс бойынша

202

89810

28275

40,8

Мұнайлы, Маңғыстау және Бейнеу аудандарында 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 35%-дан төмен (ең жоғары көрсеткіш – Ақтау қаласында – 60%).

МБҰ-мен қамтамасыз ету мәселелерінен басқа, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мәселелері де бар (жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың үлесі 2012 жылғы 27,2%-дан 2014 жылы 20,5%-ға дейін төмендеді).

Жалпы орта білім

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өңірде 145 жалпы білім беретін мектеп (2012 жылы – 130) (оларда оқитындардың саны – 108752 адам (2012 жылға қарағанда контингенттің өсімі - 11%), оның ішінде: 130 күндізгі жалпы білім беретін мемлекеттік мектеп, 6 кешкі мектеп, 4 мемлекеттік емес мектеп, 4 түзету ұйымы, 1 девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектеп жұмыс істейді.

2015 жылдың басында өңірде 2 авариялық мектеп жұмыс істеп11, 3 ауысымдық мектептердің саны 3 бірлікті құрады (2015 жылға қарағанда 50%-ға қысқарды)12.

Облыс мектептерінің жаңа модификациядағы кабинеттермен қамтамасыз етілуі республика бойынша орташа көрсеткіштен жоғары13: жаңа физика кабинеттері 75 мектепте (64,6%), химия кабинеттері – 72 мектепте (62%), биология кабинеттері – 88 мектепте (75,8%), лингафондық-мультимедиялық кабинеттер 114 мектепте (98,2%) бар.

Электронды оқыту 44 мектепте енгізілген (2012 жылы – 17 мектеп). Облыстың 130 мемлекеттік мектебінің 99-нда (76%) дербес веб-сайттар жұмыс істейді (2012 жылы – 74 мектеп).

Облыстың 130 мемлекеттік жалпы білім беретін мектебінің ішінде 125 мектепте немесе мектептердің 96,2%-нда ыстық тамақ ұйымдастырылған. 5 мемлекеттік жалпы білім беретін мектепте асханалар жоқ (Қарақия ауданында – 2-еу, Маңғыстау ауданында – 3-еу).

6071 оқушы немесе мұқтаж адамдардың 100%-ы тасымалдаумен қамтамасыз етілген.

Жалпы білім беру мекемелерінде 8721 педагог (2012 жыл – 7272) жұмыс жасайды. Бірінші және жоғары санаттағы оқытушылар үлесі орташа республикалық деңгейден төмен14 және 43,7% (2012 жыл – 39,7%) құрайды.

Облыстың ҰБТ көрсеткіштері 2012-2014 жылдарда орташа республикалық көрсеткіштен төмен болды. 2014-2015 оқу жылындағы ҰБТ қорытындысы бойынша облыстағы орташа балл 75,7-ні құрады (2012-2013 оқу жылында – 65,71), республикалық көрсеткіш 79,4-ті (2012 жылы – 70,9) құрады.

Мектептерде білім беруді 12 жылдық жалпы орта білім беруге ауыстыруды дайындау бойынша пилоттық режимде жұмыстар жүргізілуде.



Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, облыс бойынша 738 баланы жалпы қамтитын 5 арнайы (түзету) мектебі мен 2 арнайы ұйым (психологиялық-медициналық- педагогикалық консультация, 2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, 1 оңалту орталығы) жұмыс істейді.

2014 жылы 30 мектепте (23%) инклюзивтік білім беру үшін жағдай жасалды (2012 жылы – 18,7%). Білім беру ұйымдарының жалпы санында инклюзивтік білім берумен қамту көрсеткіші 2013 жылы 17,9% құрады (АДБ бойынша жоспар – 19%). Қол жеткізе алмаудың негізгі себебі – облыстағы мектептердің жалпы санының күрт өсуі, нәтижесінде жалпы сандағы үлес төмендеді.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны – 501, оның ішінде 179 балада бекітілген үй бар. Бекітілген тұрғын үйі жоқ балаларды тұрғын үймен қамамасыз ету мәселесін шешу мақсатында, 2014 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында жинақтау шоттары ашылды.

Өңірде отбасылық тәрбиенің балама нысандарын дамыту мәселесі бойынша жұмыс жүргізілуде. Нәтижеснде, 2014 жылы интернат мекемелердің 11 тәрбиеленушісі қорғаншылыққа және қамқоршылыққа берілді, 1 тәрбиеленуші асырып алынды, мамандандырылған балалар үйінің 14 баласы отбасыларға орналастырылды.

Техникалық және кәсіптік білім беру

Облыста 2014 жылы техникалық және кәсіптік білім беретін 24 (2012 жылы – 25), оның ішінде 14 мемлекеттік, 10 мемлекеттік емес оқу орны жұмыс істеп тұрды. 2013 жылдағы мөлшердің төмендеуі Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің жанындағы колледждің жабылуымен байланысты болды.

Облыс колледждерінде 2014-2015 оқу жылында 27031 оқушы, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша – 11568 дам оқиды (43%). 2012 жылы барлығы – 27092 адам, мемлекеттік тапсырыс бойынша – 14205 адам (52%).

Кадрлар даярлау 115 мамандық бойынша жүзеге асырылуда Оның ішінде, техникалық мамандықтар – 34%, сервис, экономика, басқару – 16%, медициналық мамандықтар – 12%, білім беру – 20%.

Ауылдық аудандардың аумақтарында Бейнеу, Қарақия және Маңғыстау аудандарында 4 колледж жұмыс істеп тұр. Жетібай кәсіптік колледжі 2013 жылы республикалық бюджет қаражатының есебінен салынған Құрық ауылындағы жаңа ғимаратқа көшті.

Дуальді білім беру жүйесі 24 колледждің ішінде 16 колледжде енгізілген.

Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітіріп шыққан мамандар 2013 жылы 4919 адамды құрады. Оның ішінде, жоспар 3440 адам болғанда, 2775 адам (56%) жұмысқа орналастырылды. Қол жеткізе алмау себебі – жұмыс берушілердің жұмысқа қабылдау кезіндегі көтеріңкі талаптары (тәжірибенің, жұмыс өтілінің болуы), Қашаған кен орнының 2-фазасын іске асыру мерзімдерінің ауыстырылуына байланысты, облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы жұмыс көлемінің қысқаруы.
Білім беру бойынша SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

балабақшаларды, шағын орталықтарды, оның ішінде жекеменшік балабақшаларды салу және жаңаларын ашу, бұрынғы ғимараттарды қайтару және қайта құру есебінен мектепке дейінгі балалар ұйымдары желісінің кеңеюі;

қосымша мектептер салу есебінен оқушылар орны тапшылығының біртіндеп жойылуы;

мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының ашылуы;

интернат мекемелерінде балалар санының қысқаруы және балалардың отбасыға орналастырылуы;

колледждер желісінің кеңеюі және колледждерде оқушылар мен оқытушылар санының артуы.

оқу үдерісіне оқытудың дуальді жүйесі элементтерінің енгізілуі:

даярланған кадрларды жұмысқа орналастыру мәселелерін болдырмайтын Корпоративтік білім беру қағидаттарының пайдаланылуы


мектепке дейінгі балаларға ұйымдарындағы орындардың тапшылығы, оның ішінде ауылдық елді мекендерде сақталуда;

мектепке дейінгі ұйымдардың білікті кадрлармен, оның ішінде тәрбиешілермен қамтамасыз етілуінің төмендеуі;

күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер үлесінің жыл сайын артуы;

үш ауысымда оқытатын мектептердің болуы;

бейімделген орынжайларда орналасқан мектептердің, әсіресе ауылдық жерде болуы;

инклюзивті білім берудің жеткілікті дамымауы;

тұрмысы қолайсыз отбасы мен баланы анықтаудың бірыңғай өлшемдерінің жоқтығы;

жетім балалардың қатарындағы түлектерді жұмысқа орналастыру тетігінің пысықталмағандығы;

мектепке дейінгі балалар ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жеткіліксіздігі


МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

мектептерді бейімделген орынжайларға орналастыру практикасын жою мақсатымен және мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін, орта білім берудің қазіргі заманғы объектілерін салу саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту;

отбасыларды – әлеуетті бала асырып алушыларды, қорғаншыларды, қамқоршыларды іріктеу, дайындау және сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді көрсететін халықаралық ұйымдар мен ҮЕҰ жобаларының гранттарын пайдалану




жеке меншік сектор бастамасының әлсіздігі;

білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған бюджет қаражатының шектеулілігі;

жалақының төмен деңгейі педагог кадрлардың кетуіне әкеледі;

балаларды отбасына орналастыру мәселелерінде интернат мекемелері әкімшілігі мен қызметкерлерінің әлсіз уәждемесі;

ата-ананың қамқорлығынсыз және оларды алмастыратын отбасылардың қолдауынсыз қалған балаларды отбасылық өмірге орналастыру бағдарламаларына оқыту бойынша кадрларды қайта даярлау бағдарламаларының жоқтығы.



Білім беру саласындағы негізгі проблемалар:

мектепке дейінгі және мектепте білім беруде оқушылар орындарының тапшылығы;

білім беру ұйымдарының әлсіз материалдық-техникалық базасы;

орыс ьілінде оқытатын мектептерде кадрлардың тапшылығы сақталуда;

білім беру жүйесіндегі тексерулер санының көптігі, ол білім беру қызметінен басқаға алаңдатады;

инклюзивтік білім беру үшін жағдайлардың жеткіліксіздігі (пандустар, лифтілер, шкафтар және т.б.);

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің төмендігі;

қалалық жердегі студенттік жатақханалардың жетіспеушілігі;

колледж түлектерін жұмысқа орналастыру проблемалары;

колледждердің көпшілігінің үлгілік емес ғимараттарда орналасуы.



Жастар саясаты

Межастар саясатын іске асырудың басты мақсаты жастардың әлеуетін жан-жақты дамыту болып табылады. 1.01.2015 жылға жастардың (15-28 жас) саны 164,1 мың адамды немесе облыс халқының жалпы санының 28%-ын құрайды.

Мемлекетттік жастар саясатын іске асыру мақсатында, өңірде жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстың қалалары мен аудандарында 8 жастардың ресурстық орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, барлық жоғары және техникалық-кәсіптік оқу орындарында 26 Жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс істейді. Жастар саясатын іске асыруға 2012-2014 жылдарда шамамен 500 млн. теңге бөлінді.

Жастар саласындағы проблемаларды шешу және анықтау үшін, басқарма жастардың ҮЕҰ-мен тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Облыс бойынша жастардың ҮЕҰ-ның саны 30 бірлікті құрайды, оның ішінде 20-дан астамы белсенді жұмыс істейді. Олардың көпшлігі Ақтау қаласында орналасқан. Облыстағы жастардың үкіметтік емес ұйымдары мемлекеттік тапсырыс жүйесі арқылы жастар арасындағы әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуге белсенді тартылуда.

Социологиялық сұраулардың нәтижелері бойынша, жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа 14-тен 29 жасқа дейінгі халықтың қанағаттану деңгейі 2014 жылы 82% құрады.

Осыған қарамастан, өңірде жастар саясатын іске асыру саласында бірқатар өзекті мәселелер бар. Біріншісі – жастар жұмыссыздығының проблемасы. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 2014 жылы ҚР бойынша 4,2% болғанда (2012 жылы – 4,6%, 2013 жылы – 7,5%), 5,6% құрады. Бұл ретте, мейлінше жоғары деңгей Қарақия ауданында байқалады – 8,5%.




Сурет 2. Қала және аудан аясында 2014 жылғы жастар жұмыссыздығының деңгейі
Облыс бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында, бірқатар қажетті шаралар қабылданып, «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» және «Жасыл ел» бағдарламалары іске асырылуда. Осы бағдарламалардың аясында 2013-2014 жылдарда 7015 адам немесе жұмыссыз жастардың 70,2%-ы жұмысқа орнластырылды.

Екінші проблема: 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі оқымайтын, жұмыс жасмайтын және экономикалық белсенді емес болып табылатын жастардың үлесі) де орташа республикалық деңгейден асып түседі. Статистикалық деректер бойынша, осы көрсеткіш 2014 жылы 10% құрады (ҚР бойынша – 8,8%).



Сурет 3. 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, %
Сондай-ақ, өңірдің өзекті проблемаларының бірі жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады. Соңғы үш жылда Жаңаөзен қаласында және басқа аудандарда «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының аясында жас отбасылар үшін тұрғын үй салынған жоқ.
Жастар саясаты бойынша SWOT-талдау


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

патриоттық өзіндік сана-сезімді, азаматтық жауапкершілікті көтеруге бағытталған жастармен өзара іс-қимылдың тиімді моделі (әкімдік – облыстық жастар саясаты орталығы – ҮЕҰ) құрылды;

жастар саясаты жөніндегі іс-шараларға жастардың қатысу пайызы және ақпараттық жастар саясаты қызметінің саны артты;

облыстағы жастардың ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруын қаржыландыру көлемі өсті;

мемлекеттік органдардың жастардың ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылының маңызды институттары: барлық деңгейдегі әкімдіктер жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер, облыстық жастар форумдары құрылды



бірлесіп орындаушы - мемлекеттік органдардың мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысуының төмен деңгейі;

аудандарда және ауылдық жерде жастар инфрақұрылымының жеткілікті дамымауы;

жастардың ҮЕҰ-ның әлеуметтік маңызды жобаларының орындалу сапасын бағалаудың бірыңғай өлшемдерінің жоқтығы.


МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

Жастарды жұмысқа орналастыруға ықпал ететін «Жастар практикасы», «Дипломмен – ауылға», «Жасыл ел» жобаларын одан әрі ілгерілету;

«Бизнестің жол картасы» аясында жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау;

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» жобасының аясында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету


жастар арасында нашақорлықтың, діни экстремизмнің таралу мүмкіндігі;

жастардың іс-шаралары мен жобаларын жеткізе қаржыландырмау.




Жастар саясатының негізгі проблемалары:

жастар арасындағы жұмыссыздық республика бойынша орташа көрсеткіштен жоғары;

дипломы бар жастардың жұмысқа орналасуының қиындығы;

15-28 жастағы NEET үлесінің болмашы төмендеуі;

жастардың тұрғын үймен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі.

2.1.2.2. Денсаулық сақтау

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау саласында қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде 2012-2014 жылдарда халық денсаулығының медициналық-демографиялық және негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады. Облыс бойынша халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2014 жылы 72,51 жасты құрады (ҚР бойынша – 71,62 жас), бұл – 2012 жылдың деңгейінен жоғары (71,56 жас, 2013 жылы – 71,68).

Облыс бойынша бала туу көрсеткіші 2012 жылғы 1000 адамға шаққандағы 30,49-дың орнына 2014 жылы 32,05-ті қүрап (ҚР – 23,13), 5,1%-ға өсті. 2014 жылдың қорытындысы бойынша орташа облыстық көрсеткіштен доғарпы бала туудың өсуі Бейнеу (34,65), Маңғыстау (34,41) аудандарында және Жаңаөзен қаласында (33,62) байқалды.

Облыс бойынша жалпы өлім-жітім көрсеткіші 2012 жылғы 1000 тұрғынға шаққандағы 5,09-дың орнына 2014 жылы 4,64-тін құрап (ҚР – 7,57), есеті кезеңдегі төмендеуі 8,8% құрады. Дегенмен, Ақтау қаласы (5,93), Маңғыстау (4,95) және Қарақия (4,87) аудандары бойынша осы көрсеткіш облыстық көрсеткіштен жоғары күйінде қалуда.

Табиғи өсім көлемі ҚР бойынша 15,56 болғанда, 2012 жылғы 1000 тұрғынға шаққандағы 25,4-ттің орнынан 2014 жылы 27,41-ді құрады.

Облыс бойынша нәрестелер өлім-жітімінің 2012-2014 жылдарда 29,4%-ға – 2012 жылғы 1000 тірі туылғандарға шаққанда 12,67-ден 2014 жылы 8,95-ке дейін төмендегені байқалады (2013 жыл – 9,49). Көрсеткіш ҚР бойынша орташа көрсеткіштен төмен (9,72).

Облыстағы аналар өлім-жітімінің көрсеткіштері тұрақсыз күйінде қалуда. Мәселен, ол 2012 жылы 100 мың тірі туғандарға шаққанда – 5,9, 2013 жылы – 11, 2014 жылы – 21,2 құрады (ҚР – 11,7). Облыстағы аналар өлім-жітімінің жоғары болуының негізгі себептері бала көтеретiн жастағы әйелдер денсаулығының төмен индексі, акушерлік қан кету болып табылады,

Аналар және балалар өлім-жітімінің көрсеткіштерін тұрақтандыру және одан әрі жақсарту мақсатында, аналар, балалар өлім-жітімін төмендету жөніндегі штабтың облыстық деңгейдегі жұмысы, медициналық қызметкерлердің біліктілігін көтеру, оқу орталықтарындағы тәжірибелік дағдыларды бағалау, ДСҰ-ның қазіргі заманғы стратегияларын енгізу тұрақты жүргізілуде. Біздің облыс 2015 жылы ерте жастағы балалардың, ұрпақты болу жасындағы әйелдердің денсаулығын жақсартуға, нәрестелер мен балалар өлім-жітімін төмендетуге бағытталған ЮНИСЕФ жобасы бағдарламасын енгізу бойынша пилоттық өңір ретінде белгіленді.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру нәтижесінде облыстағы 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезбен ауыру көрсеткіші 2012 жылғы 81,2-ден 2014 жылы 71,2-ге дейін немесе 12,3%-ға азайды. Сондай-ақ, туберкулезден өлім жітім көрсеткіші 2012 жылғы 100 мың тұрғынға шаққандағы 7,9-дан 2014 жылы 5,4-ге дейін (ҚР – 4,7) немесе 31,6%-ға төмендеді (ҚР бойынша – 34,7%-ға). Облыстық көрсеткіштен жоғары туберкулезбен ауыру Қарақия (2014 жылы – 100 мың халыққа шаққанда 98,5) және Мұнайлы (2014 жылы – 100 мың халыққа шаққанда 80,95) аудандарында байқалады.

Есепті кезеңде қан айналымы жүйесінің аурулары (бұдан әрі – ҚАЖА 37%-ға: 2012 жылғы 2419,5-тің орнына 2014 жылы 1521,3-ке дейін төмендеді. ҚАЖА-ның негізгі көрсеткіштерін жақсартуға Ұлттық скрининг бағдарламасын енгізу, жоғары технологиялық диагностикалау тәсілдерін енгізу, кардиохирургиялық көмекті жетілдіру нәтижесінде қол жеткізілді. Нәтижесінде ҚАЖА-нан өлім-жітімді төмендетуге қол жеткізілді (1-сурет).




Сурет 1. Маңғыстау облысындағы қан айналымы жүйесінің ауруынан (100 мың адамға) өлім көрсеткіші


Маңғыстау облысы бойынша қатерлі ісіктерден өлім-жітім 2012 жылғы 100 мың адамға шаққандағы 71,49-дан 2014 жылы 56,77-ге дейін (ҚР бойынша тиісінше 103,98-ден 91,36-ға дейін) немесе 20,6%-ға қысқарды.

Бұл төмендетуге БМСК ұйымдарында ашу 8 онкологиялық кабінет ашу және оларды аудандық онкологтармен толықтыру, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту есебінен қол жеткізілді. Облыстық онкологиялық диспансердің төсек-орындық қуаты 2012 жылғы 45-тен 2014 жылы 70-ке дейін және онкологиялық науқастарды мамандандырылған емдеумен қамту 2012 жылғы 52,3%-дан 2014 жылы 93,8%-ға дейін арттырылды.

Халықтың нысаналы топтарын скринингілік тексерудің тиімділігі көтерілді. Мәселен, скринингілік тексерулердің нәтижесінде 2012 жылы 3 жағдай анықталса, 2014 жылы 47 жағдай анықталды.

Дегенмен, позитивті беталысқа қарамастан қатерлі ісктерден өлім-жітімнің жоғары болуы Ақтау қаласында (100 мың тұрғынға шаққанда 91,2), Қарақия (72,3) және Маңғыстау (63,4) аудандарында байқалады. Талдау нәтижесінде мына негізгі себептер анықталды: Ақтау қаласында және көрсетілген аудандарда эндоскопист дәрігерлердің болмауы; Ақтау қаласы емханаларының аудандық онкологтармен, маммологтармен жете толықтырылмауы; Қарақия АОА-да рентгенологиялық кабинеттің жоқтығы.

2014 жылы АИТВ инфекциясының таралу көрсеткіші 0,033 құрады, 2012 жылғы 0,004-ке қарсы. АИТВ инфекциясын диагностикамен қамту 12,3% жоғарылағаны байқалуда (2014 жылы 87472 адам тексерілген, 2012 жылы – 77908 адам).

Облыстағы дәрігер кадрлардың тапшылығым басым мәселелердің бірі болып қала беруде. Мәселен, 2015 жылғы 1 қаңтардағы жадай бойынша Денсаулық сақтау басқармасының 36 ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдарында 1470 дәрігер мен 4636 орта медициналық қызметкер жұмысжасайды. Бұл ретте, 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз етілу – 22,7-ні (ҚР-32,4), 10 мың тұрғынға шаққанда орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу – 78,8-ді (ҚР-80,6) құрайды.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс халқына медициналық көмекті 28 аурухана ұйымы (оның ішінде, 23 мемлекеттік меншік нысанындағы және 5 жеке меншік нысанындағы); 11 амбулаториялық-емханалық ұйым, 4 БМСК, 30 ДА және 10 өзге де ұйымдар, сондай-ақ дәрігерге дейінгі көмекті 5 фельдшерлік-акушерлік әжне 14 медициналық пункт көрсетеді. 5 аудандық орталық аурухана мен 2 аудандық аурухана, 1 КДЕ (консультациялық-диагностикалық емхана) жұмыс істейді.

«350 дәрігерлік амбулатория фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана» бағдарламасы бойынша 5 денсаулық сақтау объектісі, ауысымына 250 келушіге арналған 2 емхана, 14 дәрігерлік амбулатория, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың есебінен 1 ДА қатарға қосылды. Маңғыстау облыстық ауруханасының «Г» блогы мен Жаңаөзен қаласындағы 100 төсек-орындық перзентхана 2014 жылы пайдалануға берілді. Жергілікті бюджет есебінен 2 емхана, 21 ДА және 1 ФАП салынды. Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығының, 100 төсектік Облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы жүргізілуде.

Мемлекеттік бағдарлама аясында, БМСК көрсетудің медициналық-әлеуметтік моделі енгізу мақсатында бастапқы буын деңгейінде штат бірлігі 46 әлеуметтік қызметкер және 20 психолог болатын әлеуметтік-психологиялық көмек қызметі құрылды.


Каталог: media -> uploads
uploads -> Утверждено
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> МаңҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
uploads -> Аймақтық экспорт
uploads -> Информация по осуществлению мониторинга
uploads -> Бағдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 015 жыл мазмұны өңірлік макроэкономика 9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет