МаңҒыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ


Денсаулық сақтау бойынша SWOT-талдау



жүктеу 3.43 Mb.
бет5/21
Дата07.03.2018
өлшемі3.43 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Денсаулық сақтау бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, бала туудың, табиғи өсімнің артуы, жалпы өлім-жітімнің төмендеуі;

медициналық ұйымдар желісінің, оның ішінде «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасының аясында салу есебінен кеңеюі;

медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының нығаюы;

халықтың орта медициналық қызметкерлермен жеткілікті қамтамасыз етілуі;

Әкімнің гранты бойынша 250 студенттің елдің медициналық ЖОО-да оқуы;

медициналық ұйымдардың, денсаулық сақтау басқармасының 25 басшысының «Алматы менеджмент университетінің» Денсаулық сақтау менеджменті факультетінде оқуы


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

облыс бойынша 2014 жылы дәрігер кадрлардың тапшылығы 356 маманды, ауылда 52 маманды құрады;

Ақтау қаласындағы БМСК ұйымдары инфрақұрылымының жеткілісіздігі;

бала табатын жастағы әйелдер денсаулығының төмен индексі;

жекелеген аудандардағы туберкулезбен ауырудың салыстырмалығы жоғарылығы:

әлеуметтік маңызды аурулар бойынша алдын алудың жеткіліксіз инфрақұрылымы




МҮМКІНДІКТЕР:

денсаулық сақтау жүйесінің кадрларын тұрғын үймен, әлеуметтік пакетпен қамтамасы ету арқылы жергілікті жерде қалдыру;

аса тапшы мамандарды Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен тарту;

денсаулық сақтау объектілерін, дәлірек айтқанда Жаңаөзен қаласындағы, Мұнайлы ауданындағы объектілерді және Ақтау қаласында ауысымына 500 келушіге арналған емханананы салуды бюджеттік және жеке қаржыландуры көлемін, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін пайдалану арқылы ұлғайту



ҚАТЕРЛЕР:

жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасы оларды жергілікті жерде орнықтыруға теріс әсер етеді;

еңбек мигранттарының белсенді көші-қон үдерісі;

көші-қон ағындарының салдарынан сырттан әкелінетін инфекциялық ауруалдырдың өсу тәуекелі




Денсаулық сақтаудың негізнгі проблемалары:

дәрігер кадрлардың тапшылығы, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету;

Маңғыстау облыстық ауруханасының базасындағы және Жаңаөзен қаласындағы инсульт орталығын жарақтандырудың жеткіліксіз деңгейі;

бала табатын жастағы әйелдер денсаулығын,ың төмен индексі;

Ақтау қаласындағы БМСК ұйымдары инфрақұрылымының жеткілісіздігі және Мұнайлы ауданында арухананың жоқтығы.
2.1.2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамту және халықтың табысы

Облыстың экономикалық белсенді халқының саны 2012-2014 жылдардағы кезеңде 3,7%-ға қысқарды (1-кестені қараңыз). Бұл ретте, экономикалық белсенді емес халық саны 28,9%-ға өсті (республикалық көрсеткіштің 3,7%-ы).

Экономикалық белсенді емес халықтың негізгі үлесін күндізгі оқу нысанында оқитындар (34%), зейнеткерлер (25,6%), үй шаруасындағылар (22,6%), денсаулығына қатысты еңбекке жарамсыздар (мүгедектер немесе жұмысқа қабілетсіз адамдар) (4,3%) құрайды.

Облыстағы жұмыспен қамту деңгейі біршама жоғары – экономикалық белсенді халықтың 92%-ы (республика бойынша орташа – 95%).


Кесте – 1. Маңғыстау облысы бойынша еңбек рыногының негізгі индикаторлары

Еңбек рыногының негізгі индикаторлары

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Экономикалық тұрғыда белсенді халық, мың адам

271,7

274,2

261,7

Жұмыспен қамтылған халық, мың адам, оның ішінде:

256,3

259,1

248,7

жалдамалы қызметкерлер, мың адам

237,4

240,8

227,8

өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, мың адам

18,9

18,2

20,9

Жұмыссыз халық, мың адам

15,4

15,1

13,0

Жұмыссыздық деңгейі, пайызбен

5,7

5,5

5,0

Жұмыспен қамтылған халықтың негізгі үлесі өнеркәсіпте (35%), дәлірек айтқанда кен өндіру өнеркәсібінің кіші секторында (22,6%) шоғырланған. Экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санында құрылыста – 6,0%-ы, көлік және қоймалауда – 8,1%-ы, ауыл шаруашылығында барлығы – 1,3%-ы жұмыспен қамтылған.

Бұдан басқа, жұмыспен қамтылған халықтың 24,1%-ы бюджеттік (мемлекеттік басқару, білім, денсаулық сақтау), сондай-ақ ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылықтары сияқты табысы төмен салаларда жұмыс істейді.

Облыста өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қатарында өнімді жұмыспен қамтылғандардың жоғары үлесі байқалады. Мәселен, осы үлес 2014 жылы 71,6% құрады (21 мың адамның барлығының ішінде 15,0 мың адам). Тиісінше, өнімсіз жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі азаюда.

Тұтастай алғанда, 2014 жылы облыста өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық үлесінің төменгі деңгейі байқалады (8,4%) (2012 жылы – 7,3%), бұл – орташа республикалық көрсеткіштен айтарлықтай төмен (28,2%). Бұл халықтың, оның ішінде ауылдық жердегі айтарлықтай бөлігінің жалақы деңгейі мейлінше жоғары және тартымды мұнай-газ өнеркәсібі мен ілеспе өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғанына байланысты (вахталық әдіспен жұмыс істейді).

Облыстағы орташа айлық жалақы 2012 жылғы 157,4 мың теңгеден 2014 жылы 221,6 мың теңгеге дейін немесе 40%-ға өсті және ол республика өңірлері арасында ең жоғарылардың бірі болып табылады (орташа республикалық деңгейден 1,7 есе асып түседі). Сонымен бірге, жалақы деңгейі экономика секторларының кесінінде әр түрлі болып келеді. Ең жоғары деңгей өнеркәсіпте, кен өндіру өнеркәсібінде (542614 теңге) (орташа облыстық көрсеткіштен 145%-ға жоғары), көлікте, қоймалауда және құрылыста (397 045 теңге) (облыс бойынша орташа көрсеткіштен 79%-ға жоғары) байқалады. Жалақының төменгі деңгейі денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, білім беру, ауыл шаруашылығы, аң шаруашылығы мен орман өсіру (облыстағы орташа деңгейдің 34-58%-ы) секторларында сақталуда.

Жұмыспен қамту органдарының еңбек делдалдығына жыл сайын шамамен 15 мың адам, оның ішінде жалдамалы қызметкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қатарынан да өтініш білдіреді (2012 жыл – 16372, 2013 жыл – 13098, 2014 жыл – 15357). Облыстық қалалары мен аудандарының кесінінде жұмыспен қамту органдарына өтініш білдіргендердің негізгі бөлігі Жаңаөзен қаласына келеді. Мәселен, онда жұмыспен қамту органдарына жыл сайын шамамен 5 мың адам өтініш білдіреді.

Инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды іске асыруды есепке алғанда, облыста 2012-2014 жылдарда 73249, оның ішінде өнеркәсіпте – 13868, құрылыста – 17829, көлікте – 2597, білім беруде – 2405, денсаулық сақтауда – 371, экономика басқа түрлерінде – 36179 жұмыс құрылды.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде, облыс бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 2014 жылы 5,0%-ға дейін төмендеді (республика бойынша орташа – 5,0%). 2-кестеде аудандар бойынша бөлініп көрсетілген.

2-кесте. Қалалар мен аудандар кесініндегі 2014 жылғы еңбек рыногының индикаторлары




Қалалар мен аудандар атауы

Экономикалық тұрғыда белсенді халық, адам

Жұмыссыз халық барлығы, адам

Жұмыссыздық деңгейі,%

Маңғыстау облысы

261 710

12 977

5,0

Ақтау қаласы

105 360

5 056

4,8

Жаңаөзен қаласы

55 491

3 265

5,9

Бейнеу ауданы

21 182

1 010

4,8

Қарақия ауданы

10 950

593

5,4

Маңғыстау ауданы

13 381

602

4,5

Мұнайлы ауданы

45 034

1 993

4,4

Түпқараған ауданы

10 312

458

4,4

Бұл ретте, жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жас) 2013 жылғы 7,5%-дан 2014 жылы 5,6%-ға дейін төмендетілді (республика бойынша орташа - 4,2%). Дегенмен, жастар жұмыссыздығының деңгейі қалалық жермен салыстырғанда (5,1%) ауылдық жерде (7,0%) жоғары болып қала беруде. Сондай-ақ, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2012 жылғы 7,8%-дан 2014 жылы 6,3%-ға дейін төмендеді (республика бойынша орташа – 5,8%).

Батыс макроөңіріне кіретін облыстар арасында 2014 жылдық қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы жастар жұмыссыздығының деңгейі (5,6%) ең жоғары болды (Батыс Қазақстан облысы – 4,3%, Ақтөбе облысы – 3,1%, Атырау облысы – 3,2%). Алайда, 2015 жылғы 2 тоқсанның қорытындысы бойынша көрсеткіш 3,8%-ға дейін төмендеді (көрсетілген облыстар расында 2-орын).

Шетелдік жұмыс күшін тарту тұрғысында, Маңғыстау облысы үшін 2012 жылға – 5050 бірлік (2926 рұқсат берілді), 2013 жылға – 4674 бірлік (3226 рұқсат берілді), 2014 жылға – 4950 бірлік (3606 рұқсат берілді) мөлшерінде шетелдік жұмыс күшін тартуға квота берілді.


Жұмыспен қамту және халықтың табысы SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

халықты жұмыспен қамтуға, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасының», «Өрлеу» жобасының, «Жаңа серпін» өңірлік бағдарламасының, Индустрияландыру картасының, «Нұрлы Жол» бағдарламасының, Маңғыстау облысында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарының аясында белсенді шараларды пайдалану;

жаңа өндірістер ашу, өзін-өзі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы құралдарын белсенді пайдалануы;

жұмыссыз халықты кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын жетілдіру;

облыста шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың арнайы бағдарламаларын іске асыру


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

көлеңкелі жұмыспен қамтудың бар болуы;

кәсіптік даярлаудың еңбек рыногының сұраныстарына сай келмеуі;

кейбір кәсіптік топтар бойынша еңбек ресурстарының едәуiр көптiгi;

еңбек ресурстарының жеткілісіз біліктілігі;

жұмыс күшінің төмен жұмылдыруы;

еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз жұмыссыз азаматтар санатының айтарлықтай үлес салмағы


МҮМКІНДІКТЕР:

еңбек рыногында әлеуметтік әріптестікті дамыту;

жұмыс берушілер жауапкершілігінің деңгейін көтеру және әлеуметтік жауапкершілік өлшемдеріне сай келетін ұйымдар санын арттыру;

тартылатын білікті шетелдік жұмыс күшінің үлесін төмендету;

халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларын қолдану;

әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жұмыссыздарды оқыту бағдарламаларын іске асыру;

өз ісін ұйымдастыруы үшін микрокредиттер беру арқылы жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға жәрдемдесу.


ҚАТЕРЛЕР:

экономикадағы дағдарыстық құбылыстар,, өндірісті жаңғырту нәтижесінде және басқа себептермен қызметкерлердің жұмыстан босауы және жұмыс орындарының қысқаруы;

халықтың бәсекеге қабілетсіз топтарын жұмыспен қамту үшін мүмкіндіктердің азаюы;

жалақы төлеу бойынша ықтимал кешіктірулер.





Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша негізгі проблемалар:

мұнайға арналған бағалардыі әлемдің деңгейінің төмендеуіне, мұнай-севрис компанияларындағы жұмыстар көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыссыздық деңгейінің көтерілу тәуекелі;

жұмыссыз азаматтар біліктілігінің жұмыс берушілер қоятын талаптарға сай болмауы;

жастар және әйелдер жұмыссыздығының жоғары деңгейі.


Халықты әлеуметтік қорғау

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен (салыстырмалы кедейлік деңгейі) халықтың үлесі 2012 жылғы 3,3%-дан (ҚР бойынша орташа – 3,8%) 2014 жылы 3,0%-ға дейін (ҚР бойынша орташа – 2,8%) төмендеді. Бұған, оның ішінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларын іске асыру бойынша алынған шаралар да ықпал етті.

Сонымен бірге, ауылдық жердегі кедейлік деңгейі орташа облыстық көрсеткіштен жоғары болып қалуда (2012 жылы – 5,6%, 2013 жылы – 4,5%, ҚР бойынша орташа 4,7% болғанда 2014 жылы – 5,4%).

Статистикалық деректер бойынша, облыстағы халықтың орташа айлық атаулы табысы елдегі ең жоғарылардың бірі болып қалуда. Олар 2012-2014 жылдарда 27,4%-ға, 2012 жылғы 82203 теңгеден 2014 жылы 104687 теңгеге дейін (ҚР бойынша орташа – 62058 теңге) өсті.

Бұл ретте, ауылдық тұрғындардың негізгі бөлігін жалақы құрайтын атаулы ақшалай табысы қала тұрғындарының табысына қарағанда 2-3 есе төмен. Халықтың кедейшілігін, әсіресе ауылдық жерде төмендету мақсатында, аз қамтылған отбасылардың мүшелерін жұмысқа орналастыру, әлеуметтік көмек төлеу, ауыл халқына кредит және микрокредит беру арқылы халықты жұмыспен қамтуды арттыруға, азаматтардың табыстарын ұлғайтуға айырықша назар аударылуда.

Заңнамамен көздестірілген әлеуметтік төлемдерден басқа, жергілікті бюджет қаражаты мен өзге де қаражат көздерінің есебінен аз қамтылған азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілуде.


1-кесте. 2012-2014 жылдардағы аз қамтылған отбасылар мен аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек




Қалалар мен аудандар

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл







Саны

Соммасы мың.теңге

Саны

Соммасы мың.теңге

Саны

Соммасы мың.теңге

1

Бейнеу ауданы

462

16694,5

621

25064,9

99

4597,4

2

Қарақия ауданы

113

3666,5

43

1041,5

212

9569,5

3

Маңғыстау ауданы

399

10567,0

348

9005,8

461

17960,5

4

Түпқараған ауданы

88

2168,2

80

2857,4

117

5484,6

5

Ақтау қаласы

886

21430,0

584

18732,0

657

24702,0

6

Жаңаөзен қаласы

963

76318,9

441

10031,2

520

14529,5

7

Мұнайлы ауданы

95

1159,7

134

2743,1

122

2019,0




Барлығы

3006

132004,8

2251

69476,0

2188

78862,5

























Тұтастай алғанда, 2012-2014 жылдарда аз қамтылған отбасылар санының төмендеп келе жатқаны байқалады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 2012 жылғы 7890 адамнан 2014 жылы 4239 адамға дейін немесе 1,9 есеге азайды. 2014 жылы МАӘК алушылар санының 2013 жылмен (3407 адам) салыстырғанда артуы Қарақия ауданы мен Жаңаөзен қаласындағы жұмыс орындарының қысқаруымен байланысты болды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері 2012 жылғы 1916,8 теңгеден 2014 жылы 2341,6 теңгеге дейін ұлғайды.

Сондай-ақ, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтар саны 2012 жылғы 4789 адамнан 2014 жылы 4566 адамға дейін немесе 10,9%-ға төмендегені байқалады. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының орташа айлық мөлшері 2012 жылғы 830,0 теңгеден 2014 жылы 931 теңгеге дейін ұлғайды.

Облыс бойынша 628 орындық 4 медициналық-әлеуметтік мекеме 40 орындық, 40 орындық Тұрғылықты жері белгісіз адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы, 1388-ден астам қартайған жалғызілікті азаматтарға, мүгедектерге және мүгедектердің балаларына үйде қызмет көрсететін әлеуметтік көмек бөлімі жұмыс істейді. Мүгедектер протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифло құралдарымен, техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдармен және арнайы қозғалту құралдарымен қамтамасыз етіліп, санаториялық-курорттық сауықтырумен қамтылуда.


Халықты әлеуметтік қорғау бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

аз қамтылған азаматтар санының немесе МАӘК алушылар санының 1,9 есе төмендеуі және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар санының 1,1 есе төмендеуі;

халықты, оның ішінде нысаналы топтарды, сондай-ақ мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктердің кеңеюі;

мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдардың орналасқан жерлерінде жаяу жүргіншілер өткелдерінің дыбыстық құрылғылармен жабдықталуы;

жаңалықтар телебағдарламалар трансляциясының сурдоаудармамен сүйемелдеудің қпамтамасыз етілуі;

«Инватакси» қызметтерін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орналастырылуы;

мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормасының ұлғаюы.


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

табысы кедейлік шегінен және ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен адамдар санының облысқа көрші өңірлерден келушілердің есебінен толығуы;

өнімсіз жұмыспен қамтудың сақталуы;

кейбір салалардағы еңбекақының төмен деңгейі (орташа облыстық көрсеткіштен төмен);

ең төменгі күнкөріс деңгейінің және тиісінше кедейлік шегінің жыл сайынғы өсуі.


МҮМКІНДІКТЕР:

халықтың нақты табысының өсуі;

ҮЕҰ қызметін жандандыру;

жұмыспен қамтудың белсенді нысандарын қолдану.



ҚАТЕРЛЕР:

аз қамтылған отбасылардың жеткіліксіз белсенділігі және масылдыққа бейімделуі



Каталог: media -> uploads
uploads -> Утверждено
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> МаңҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
uploads -> Аймақтық экспорт
uploads -> Информация по осуществлению мониторинга
uploads -> Бағдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 015 жыл мазмұны өңірлік макроэкономика 9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет