МаңҒыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ


Халықты әлеуметтік қорғау бойынша негізгі проблемалар



жүктеу 3.43 Mb.
бет6/21
Дата07.03.2018
өлшемі3.43 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21



Халықты әлеуметтік қорғау бойынша негізгі проблемалар:

жергілікті ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту қиындықтарына, өткізу рыногтарының шалғайлығына байланысты ең төменгі күнкөріс деңгейінің жоғарылығы;

мұнай-газ саласындағы жалақы мен ауыл шаруашылығындағы, бюджеттік саладағы жалақы арасындағы айтарлықтай айырмашылық;

облысқа ТМД-нің таяу елдерінен оралмандардың және елдің басқа өңірлерінен мигранттардың көп балалы аз қамтылған отбасыларының көптеп келуі.


Еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттану

Облыс экономикасының жетекші салаларының ұйымдарында еңбекті қорғауды басқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының негізінде әзірленген және қабылданған Еңбек жағдайларын жақсарту және санитариялық-сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарларына сәйкес жүзеге асырылуда.

2012-2014 жылдардағы кезеңде өңірде еңбек қақтығыстарының алдын алу және жалақы бойынша берешекті төмендету, өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.

Тексерулер санының 2014 жылдағы динамикасы 1-кестеде келтірілген. Төмендеу, ҚР Президенті жариялаған ШОК субъектілерін тексеруге арналған мораториймен байланысты болды.

1- кесте. Тексерулер санының динамикасы


Көрсеткіштер

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Жүргізілген тексерулер саны

563

443

210

Есепті кезеңде субъектілерді тексерулер бақылауымен қамтудың %-ы

7,5 %

5,9 %

2,8 %

Есепті кезеңдегі тексерулердің өткен жылдың тиісті кезеңіне арақатынасы, %-бен




- 21,4 %

- 52,6 %

Анықталған бұзушылықтар

2249

1247

758

Берілген ұйғарымдар

599

379

181

Салынған әкімшілік айыппұлдар саны

386

298

201

Салынған әкімшілік айыппұлдар сомасы

20 133 622

12 957 986

9 530 392

Қарастырылған шағымдар мен арыздар саны

1728

406

607

Ұжымдық шарттар саны

1401

1429

1453

Жазатайым оқиғалардың саны мен олардың салдары түрлі бағыттағы динамикаға ие (2-кесте).


2-кесте. 2012-2014 жылдардағы кезеңдегі облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарындағы өндірістік жарақаттану динамикасы

Көрсеткіштер

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Жазатайым оқиғалар саны

96

55

70

1000 жұмысшыға шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті (Жк)

0,4

0,23

0,29

Зардап шеккендер саны

104

74

98

Қаза тапқандар саны

15

13

20

1000 жұмысшыға шаққанда өліммен аяқталған жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті (Жжк)

0,06

0,005

0,06

Салалар кесінінде жазатайым оқиғалардың көпшілігі мұнай-газ өнеркәсібінің (игеру және өндіру) кәсіпорындарында орын алады. Мәселен, осы саланың кәсіпорындарында 2014 жылы 24 адам зардап шекті, бұл – зардап шеккендердің жалпы санында 24,4% құрайды (2012 жылы – тиісінше 44 қызметкер немесе 42,3%).

Жазатайым оқиғалардың себептерін талдау, ең көп таралған себептің өндірісті қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру болып табылатынын көрсетеді. Осы себеп бойынша 2014 жылы 22 жазатайым оқиға немесе жалпы санның 31,4%-ы орын алды (2012 жылы – 33 оқиға немесе 34,3%).

Осы саладағы негізгі проблема мемлекеттік еңбек инспекторларының аз саны болып табылады. Облыс аумағындағы мемлекеттік еңбек инспекторларының саны 2014 жылы 11 бірлікті, ал бақылаудағы объектілер саны 7039 ұйым мен кәсіпорынды құрады.

Осымен қатар, облыс бойынша тексерулерге жатпайтын, еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, өндірістің жарақаттанудың алдын алуға, сондай-ақ сақтандыру шараларын қолдану арқылы туындау кезінде жеке және еңбек дауларын шешуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілуде.

Еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттану SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

жұмыс берушілердің еңбек заңнмасын сақтауын бақылаудың жүзеге асырылуы;

өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған бірқатар алдын алу, әлеуметтік салдарын жеңілдету шараларын өткізу арқылы дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылуы;

тексерулер аясында бару кезінде еңбек заңнамасының негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды өткізу;

тексеруші органдар қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін көтеру, себепсіз тексерулерді болғызбау


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

төмен құқықтық мәдениет;

жұмысшылардың түсініспеушілігі;

еңбек ұжымының, заңнама аясында қызметкерлердің мүдделерін білікті білдіруге қабілетті сауатты және принципшіл өкілдігінің жоқтығы



МҮМКІНДІКТЕР:

еңбек ұжымдарында қолданыстағы заңнаманы түсіндіру жұмысының мәселелері бойынша кәсіподақтардың жұмысын жандандыру;

еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтық мәдениетін көтеру, еңбек ұжымының заңды өкілдігін ұйымдастыру;

азаматтардың әлеуметтік құқықтарын іске асыру жөніндегі тетіктерді іске асыру



ҚАТЕРЛЕР:

мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізіп жатқан жұмыс көлемінің тұрақты өсу беталысы;

мемлекеттік еңбек инспекторларының штат санын арттыру қажеттілігі




Бұл салада мына проблемалар анықталды:

кадр мамандардың жетіспеушілігі кәсіпорындарды тексерулермен толық қамтуды төмендетеді, сондай-ақ үлкен жүктеме мен жұмыс көлемі тексерулер сапасына теріс әсер етеді;

тексерулер санының төмендеуіне және жұмыс берушілердің еңбек қаіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қаматамасыз етуге арналған шығыстарды қысқартуына негізделген өндірістік жарақаттанудың өсуі.
2.1.2.4. Мәдениет

Мәдениет саласы өңір халқын топтастыруда маңызды рөл ойнайды. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 118 мәдениет мекемесі, оның ішінде 2 театр, 39 клуб, 66 кітапхана, 6 мұражай, 1 филармония, 1 кинотеатр, 1 қорық, 1 тарихи-мәдени кешен, 1 облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұрды.

2012 жылдан бастап 2014 жылды қоса алғандағы кезеңде мәдениет мекемелерінің саны 4 бірлікке артты. Жаңаөзен қаласының шегінде орналасқан Қызылсай және Теңге ауылдарында 300 орындық 2 мәдениет үйі, Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында мемориалдық мұражай және Бейнеу ауданының Тәжен ауылында кітапхана ашылды. Түпқараған ауданының Таушық ауылында, Маңғыстау ауданының Шебір ауылында, Қарақия ауданының Аққұдық ауылында бұрыннан бар клубтық мекемелердің орнына 3 жаңа ғимарат салынды.

Алайда, ауылдық елді мекендерді мәддениет ұйымдарымен толық қамтымау проблемасы бар. Мәселен, аудандардағы кітапханалар саны 10 000 адамға шаққанда 4,2-ден (Маңғыстау ауданы) 0,3 бірлікке дейін (Мұнайлы ауданы), клуб үлгісіндегі мәдениет мекемелері 10 000 адамға шаққанда (3,2-ден (Маңғыстау ауданы) 0,1 бірлікке дейін (Ақтау қаласы) құбылады.

Өңірде – Ақтау қаласында, Маңғыстау, Бейнеу, Түпқараған аудандарында 6 мұражай14 жұмыс істейді (Маңғыстау ауданында 2015 жылы мұражайдың ашылуына байланысты, 2012 жылмен салыстырғанда өсу байқалады). Мұражайға келушілердің саны 2014 жылы 54,0 мың адамды құрады (2012 жылмен салыстырғанда 6,5 мың адамға өсті). Сонымен бірге, халық саны тиісінше 34086 және 128657 адам болатын Қарақия және Мұнайлы аудандарының аудан орталықтарында мұражайлар жоқ.

2012-2014 жылдардағы кезеңде өңірде 2 жаңа ауылдық клуб пайдалануға берілді. Бұл ретте, облыстың халқы 1000 адам болатын және одан асатын 9 елді мекенінде (Мұнайлы ауданының Атамекен, Басқұдық, Дәулет, Маңғыстау, Батыр ауылдары, Ақтау қаласының Өмірзақ ауылы, Қарақия ауданының Құланды ауылы, Түпқараған ауданының Сайын, Баутин ауылдары, Жаңаөзен қаласының Рахат ауылы) клубтар жоқ.

Өңірде 2012-2014 жылдарда бір кітапхана ашылды. Бұл ретте, облыстың халқы 1000 адам болатын және одан асатын 4 елді мекенінде (Мұнайлы ауданының Атамекен, Басқұдық, Дәулет, Батыр ауылдары) кітапханалар жоқ. 1000 адамға шаққанда келушілердің орташа саны 2014 жылы 146 адамды құрады, бұл – 2013 жылға қарағанда 4%-ға аз. Төмендеу – облыстық кітапханаға күрделі жөндеу жүргізумен байланысты.

Облыстық филармонияның ұжымдары 2014 жылы 228 концерт ұйымдастырып, оларға 46700 көрермен келді (2012 жылға қарағанда 13,8%-ға артық). Облыста 2 театр, Жантөрин атындағы музыкалық-драма театры мен Ақтау қаласындағы облыстық қуыршақтар театры жұмыс істейді. Театрлардың қызметтері бойынша деректер 2-суретте көрсетілген.



2-сурет. Театрлар қызметінің көрсеткіштері


Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік тізімде 449 тарих және мәдениет ескерткіші, оның ішінде республикалық маңызы бар 21 ескерткіш бар.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 939 «Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы туралы» Жарлығымен бекітілген «Каспий қақпасы» кластеріне сәйкес, тарихи-мәдени объектілерді археологиялық зерттеу және реставрациялау жұмыстары жүргізілуде. Кластерге мына мына тарихи-мәдени объектілер: Бекет-Ата, Шопан-Ата және Қараман-Ата жерасты мешіттері, Маңғышлақ түбегіндегі қорымдар, Шерқала тауы және тағы басқалар кіреді.

Қазіргі кезде Маңғыстау және Түпқараған аудандарында орта ғасырлық төрт қоныстың орындары белгілі, олар: Жібек жолында орналасқан Қызылқала, Кетікқала, Қорғантас және Қарақабақ кенттері. Оның ішінде, «Мәдени мұра» бағдарламасының, Ұлттық тарихты зерттеу мен зерделеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының аясында Қызылқала мен Кетікқалада археологиялық зерттеулер жүргізілді. Қызылқала араб географы және саяхатшысы әл-Истахри сипаттаған «Маңқышлағтың алынбас қамалы» болып табылады.

Мәдениет саласындағы талантты қайраткерлерді ынталандыру тетігі енгізілді. Біліктілігі жоғары мамандарды тарту және орнықтыру үшін 2014 жылы 7 пәтер сатып алынды.

Ақтау қаласында жаңа музыкалық-драма театрын және облыстық әмбебап кітапхана салу мәселелері пысықталуда.

Мәдениет бойынша SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

мәдениет саласындағы қызметтерге қажеттіліктің өсуі;

облыстың тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дамыту халықтың мәдени даму деңгейін көтеру


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

ауылдық елді мекендердің мәдениет ұйымдарымен толық қамтылмауы;

мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық базасының жеткілісіз жарақталуы;

мәдениет объектілеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу қажеттілігі;

мамандандырылған кадрлардың, әсіресе ауылдық жерде жетіспеушілігі


МҮМКІНДІКТЕР:

тарихи-мәдени аумақтарды дамытуды есепке ала отырып, тұрғындарға қызмет көрсетудің қазіргі заманғы нысандарын енгізу;

мәдениет объектілерінің желісін дамыту (жаңаларын салу, жұмыс істеп тұрғандарын жөндеу) жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатын тарту, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін қолдану


ҚАТЕРЛЕР

тарихи-мәдени мұра объектiлерiне табиғи-климаттық жағдайдың терiс әсер етуi;

білікті кадрлардың мәдениет саласынан кетуі



Мәдениет саласындағы негізгі проблемалар:

мәдениет объектілерінің жартысынан көбі (66 кітапхананың 48-і, 39 клубтың 7-еуі) бейімделген ғимараттарда орналасқан;

материалдық-техникалық базаның төмен деңгейі (музыка аспаптарының, жарық және дыбыс жабдығының, сахна киімдерінің жетіспеушілігі);

мәдениет мекемелері үшін, әсіресе ауылдық жерде кадрлардың (реставраторлар, каталогизаторлар және бағдарламашылар сияқты тар шеңберлі мамандардың тапшылығы);

мәдениет объектілерін ақпараттандырудың төменгі дәрежесі (жылжымалы мәдениет мекемелерінің тапшылығы, 56 аудандық және ауылдық кітапханада Интернет желісіне қолжетімділіктің жоқтығы).
2.1.2.5. Дене шынықтыру және спорт

Облыстағы дене шынықтырумен және спортпен айналысатындар саны 2014 жылы 128,6 мың адамды немесе облыс халқының жалпы санының 21,4%-ын құрады (2013 жылы – 114,7 мың адам немесе 19,6%, 2012 жылы – 107,2 мың адам немесе 18,9%).

Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындардың мейлінше көп үлесі Ақтау қаласына келеді – 57,5 мың адам немесе 31,1%. Мейлінше аз үлес Мүнайлы ауданына келеді – 11,6 мың адам немесе айналысатындардың 9,6%-ы. Облыстың қалған аудандарында айналысатындардың саны 18,5%-дан (Түпқараған ауданы – 18,4%, Жаңаөзен қаласы – 18,3%, Қарақия ауданы – 18,3%) 25,9%-ға дейін құрайды (Бейнеу ауданы – 25,9%, Маңғыстау ауданы – 22,4%).

Облыста 11 мыңнан астам балалар мен оқушылар айналысатын балалар мен жасөспірімдердің 16 спорт мектебі жұмыс істейді. 7 жастан 18 жасқа дейінгі айналысатын балалар мен оқушылардың мейлінше көп үлесі Маңғыстау ауданына келеді – 1,2 мың адам немесе 17,6%. Мейлінше аз үлес Мұнайлы ауданына келеді – 0,9 мың адам немесе айналысатындардың 4,8%-ы. Ақтау қаласында – 4,1 мың адам немесе 13%, Жаңаөзен қаласында – 9,2 мың бала немесе 13%, Бейнеу ауданында – 1,1 мың адам немесе 8,2%, Қарақия ауданында – 0,9 мың бала немесе 13,6%, Түпқараған ауданында – 4 мың адам немесе 7%.


2-кесте. Балалар мен жасөпірімдер спорт мектептерінің дамуы



Өлшем бірлігі

2012

2013

2014

БЖСМ ұйымдарының саны

бірлік

15

15

15

БЖСМ-де айналысатандардың саны

адам

8 989

10024

10590

Облыста спорт объектілерінің саны жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2015 жылғы 1 қаңтарға спорт объектілерінің жалпы саны 534 бірлікті құрады (2014 жылғы 1 қаңтарға – 518 бірлік), оның ішінде:




  • спорт кешендері – 15:

Ақтау қаласы – 9;

Жаңаөзен қаласы – 3;

Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы – 1;

Маңғыстау ауданының Шетпе ауылы – 1;

Қарақия ауданының Құрық ауылы – 1.


  • стадиондар – 5:




Ақтау қаласы – 2;

Жаңаөзен қаласы – 1;

Бейнеу ауданының Бейнеу ауылы – 1;

Маңғыстау ауданының Шетпе ауылы – 1.



  • жүзу бассейндері – 10:

Ақтау қаласы – 5;

Жаңаөзен қаласы – 3;

Маңғыстау ауданының Шетпе ауылы – 1;

Қарақия ауданының Құрық ауылы – 1



  • спорт залдары - 187

Ақтау қаласы – 65;

Жаңаөзен қаласы – 30;

аудандар бойынша – 92.


Бұл ретте, салада облыстағы дене шынықтыру мен спортты дамытуды тежейтін проблемалар бар. Мәселен, облыс орталығында және ауылдық жерде спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселесі өткір күйінде тұр.

Облыс орталығында 200 мыңнан астам адам тұрады, оларға 65 спорт залы залы келеді. Олардың 52-сі білім беру мекемелерінде орналасқан. Ауылдық жердегі 97 спорт залының 75-і білім беру мекемелерінде орналасқан және оқу сабақтарын жүргізуге арналған.

Облыста жұмыс істеп тұрған 15 спорт кешенінің үшеуі ғана ауылдық жерде орналасқан. Бес ауданның ауылдық жерлерінде бір ғана жүзу бассейні бар.

Бұдан басқа, 61 ауылдық елді мекенде спорт бойынша 34 әдіскер ғана жұмыс істейді. 20 ауылда тұрғындар саны 700-ден аз адамды құрайтынын және спорт бойынша әдіскерге қажеттілік жоқ екенін есепке алғанда, әдіскерлер саны норманың 85%-ын құрайды.


Дене шынықтыру және спорт бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

дене шынықтырумен және спортпен айналысушыларды қамтудың артуы;

жұмыс істеп тұрған спорт объектілерінде спорт топтары мен секциялардың саны артуда;

Олимпиада ойындарының, Азия ойындарының, Азия мен Әлем чемпионаттарының чемпион спортшылары мен жүлдегерлері дайындалды



ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

спорт инфрақұрылымының, әсіресе ауылдық жерде нашар дамуы;

спорт залдары мен спорт кешендері, жүзу бассейндері және спорт кешендері санының жеткіліксіздігі, осының салдарынан бұқаралық және балалар спортын дамыту үшін жағдай жасау кемшіндеу;

жаттықтырушылардың төмен жалақысы



МҮМКІНДІКТЕР:

бұқаралық спортты дамыту, спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру- сауықтыру, спорттық іс-шаралар нысандарын жетілдіру және дамыту бойынша жұмысты жандандыру;

сабақтан тыс уақытта балаларды бос қоймаудың негізгі буыны ретінде балалардың, оның ішінде дене шынықтыру бойынша аулалық клубтарының желісін дамыту;

балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің желісін кеңейту



ҚАТЕРЛЕР:

спорт секторындағы бюджет ұйымдары қызметкерлері еңбекақысының төмендігінен кадрлардың кетуі орын алуда және осы бағытта жұмыс жүргізуде мамандардың мүддесі төмен;

спорт құрылыстарының жеткілікті саны жоқ, өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың саны аз болғандықтан, балалардың, оқушылардың және жастардың арасында қылмыстардың өсу фактілері артуы мүмкін


Каталог: media -> uploads
uploads -> Утверждено
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> МаңҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
uploads -> Аймақтық экспорт
uploads -> Информация по осуществлению мониторинга
uploads -> Бағдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 015 жыл мазмұны өңірлік макроэкономика 9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет