МаңҒыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ


Үш тілді дамыту бойынша негізгі проблемалар



жүктеу 3.43 Mb.
бет8/21
Дата07.03.2018
өлшемі3.43 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21


Үш тілді дамыту бойынша негізгі проблемалар:

қоғам өмірінің барлық салаларында (ұлттық компанияларда, акционерлік қоғамдарда, жеке меншік құрылымдарда) мемлекеттік тіл қолданылуының жеткіліксіз дәрежесі;

тілдерді оқыту инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы;

өңірлік тілдерді оқыту орталығы жекешелендіруге жатады.


2.1.2.8. Ішкі саясат

ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл

Маңғыстау облысында 299 үкіметті емес ұйым тіркелген, оның 88-і белсенді жұмыс істейді. Түрлі бағыттағы үкіметтік емес сектордың жұмысына белсенді азаматтық позицияны ұстанатын 1 мыңнан аса адам тартылған.

Азаматтық қоғам институттары өкілдерінің қатысуымен 70-тен аса іс-шара ұйымдастырылды. Мұндац шаралармен халықты қамту 200 мыңнан астам адамды құрады. Іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу үшін 20-дан аса БАҚ тартылып, оларда 600-ден астам материалдар шықты.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға тартылған ҮЕҰ саны 3 жылда 3 есе (2012 жылғы 28-ден 2014 жылы 85-ке дейін), ал осы жобаларды іске асыру үшін бөлінген сома 4 есе (2012 жылғы 50,1 млн. теңгеден 2014 жылы 210,9 млн. теңгеге дейін) өсті.

ҮЕҰ субъектілері 2012-2014 жылдарда түрлі бағыттарда 170 жобаны іске асырды. Ең көп қамту 2014 жылы азаматтардың денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау саласында болды.

Негізгі бағыттарды айқындау және ұсынымдар дайындау үшін облыс әкімдігінің жанында коснультациялық-кеңес беру органы – ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес жұмыс істейді.



Саяси партиялармен өзара іс-қимыл

Облыста 7 саяси партияның филиалдары бар: «Нұр Отан» партиясы, «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы, «Ауыл» партиясы, «Бірлік» партиясы, «Азат» партиясы және Жалпыұлттық әлеуметтік-демократиялық партия.

01.10.2015 жылғы жағдай бойынша қалалар мен аудандарда саяси партиялардың 10 филиалы жұмыс істейді. Оның ішінде, партия филиалдарының саны: «Нұр Отан» партиясы - 7, ҚКХП – 2 және «Ауыл» партиясы – 1.

Саяси саладағы мейлінше маңызды жұмыс Саяси партиялардың облыстық филиалдарының қоғамдық кеңесінің қызметі болып табылады.



Этносаралық және конфессияаралық қатынастар

Маңғыстау олысында ішкі саяси тұрақтылықты нығайту ісінде, ұлтаралық қатынастарды үндестіру мәселелерін шешуде және бірқатар әлеуметтік мәселелерде Маңғыстау облысының Қазақстан халықтары Ассамблеясы үлкен рөл ойнайды. Ассамблея 20 этно-мәдени бірлестіктің қызметін үйлестіріп, бағыт береді. Маңғыстау облысының ҚХА мүшелерінің жалпы саны 93 адамды құрайды. Сондай-ақ, ҚХА мүшелері облыс әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңес беру органдарының көпшілігінде жұмыс істейді. ҚР Президентінің тапсырмасын іске асыру мақсатында, ұлттық-мәдени орталықтардың қызметін үйлестіру және өңірдің түрлі этностарын біріктіру жөніндегі «Достық үйі» мемлекеттік кәсіпорны құрылуда.



Ақпараттық саясат

Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындайтын баспа және электронды БАҚ-ның саны 2012 жылғы 27 бірліктен 2014 жылы 31 бірлікке дейін өсті. 01.10.2015 жылғы жағдай бойынша облыста 33 БАҚ есепке қойылған. 9 мемлекеттік БАҚ-ын біріктіретін «Маңғыстау Медиа» ЖШС жұмыс істейді.

«Қазақстан-Ақтау» облыстық телеарнасы тәулігіне 14 сағат хабар таратады және облыстың барлық елді мекендерін қамтиды. 2013 жылғы қазаннан бастап «Қазақстан-Жаңаөзен» телеарнасы цифрлық және аналогты форматта хабар таратады.

Өңірлік БАҚ-ын мемлекеттік ақпаратпен қамту мақсатында 2012-2014 жылдарда бюджеттен 853,7 млн. теңге бөлінді.

Өңіраралық ынтымақтастық аясында Қазақстанның барлық өңірлерінен жетекші БАҚ-ның басшылары мен блогерлер қатысқан «Өңірлік медиаынтымақтастық: Трансформация. Шоғырландыру. Дамыту» республикалық медиаконгресі өткізілді. Медиаконгресске 150-ден аса адам қатысты.

Гендерлік саясат

Өңірдегі әйелдердің рөлі аса елеулі екенін атап өту қажет. Маңғыстау облысында түрлі салаларда 12 000-нан жоғары басшы әйелдер жұмыс істейді.




Өңірде 12 гендерлік ҮЕҰ белсенді жұмыс істейді. Әйелдер бастамаларын жылжыту жөніндегі 2016 жылға дейінгі жоспар әзірленді.
Ішкі саясат бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

облыс ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруын қаржыландыру көлемінің өсуі қамтамасыз етілген;

облыстың аудандары мен қалаларында үкіметтік емес ұйымдарға арналған өңірлік ресурстық орталықтар белсенді жұмыс істейді;

ауылдық жерде белсенді жұмыс істейтін ҮЕҰ-дың саны артты;

мемлекеттік органдардың жетекші облыстық, қалалық және аудандық БАҚ-мен өзара іс-қимылының кешенді жүйесі ынтымақтастық негізінде жолға қойылды


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

аудандық деңгейде үкіметтік емес сектор дамуының төмен деңгейі;

ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу кезінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану деңгейі біршама төмен;

әлеуметтік маңызды жобалардың орындалу сапасын бағалауға арналған бірыңғай өлшемдердің жоқтығы;

журналист кадрлардың құқықтық сауаттылығының төмендігі


МҮМКІНДІКТЕР:

мемлекет пен ҮЕҰ-дың әлеуметтік әріптестігін одан әрі тереңдету;

Маңғыстау облысының Қазақстан халқы ассамблеясының сессиялары қызметінің тиімділігін көтеру, Достық үйін құру;

әлеуметтік ширығысудың әлеуетті ошақтарын уақытылы айқындап, оларды жою бойынша тиісті алдын алу шараларын қабылдау



ҚАТЕРЛЕР:

облыс халқында әлеуметтік оптимизмнің төмендеуі;

мемлекеттік емес БАҚ-да өңірдің қоғамдық-саяси өмірін тұрақсыздандыруға бағытталған материалдардың шығуы



Ішкі саясат саласындағы негізгі проблемалар:

аудандық әкімдіктердің ҮЕҰ-мен және БАҚ-мен өзара іс-қимылының төмен деңгейі;

ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу кезінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану деңгейі біршама төмен;

әлеуметтік маңызды жобаларды тиімді іске асырудың мониторингі мен олардың бағалаудың нақты пайымы мен тетігінің жоқтығы;

білікті журналист кадрлардың жетіспеушілігі;

азаматтық қоғамды және халықтың жауапкершілігін қамтамасыз ету мақсатында ҮЕҰ мен БАҚ-ның жеткіліксіз өзара іс-қимылы.


2.1.3. бағыт. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

2.1.3.1. Қоғамдық қауіпсіздік

Ішкі істер органдары қызметінің негізгі көрсеткіші облыстағы қылмыстық ахуал жөніндегі статистика болып табылады.


1-кесте. Басқа облыстармен және ҚР-мен салыстырғанда өңірдің тіркелген қылмыстар көрсеткішінің динамикасы




Қылмыстардың жалпы саны

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Маңғыстау облысы

17 082

4 368

6 380

6 334

Атырау облысы

21 473

6 192

7 637

7 644

Қызылорда облысы

31 011

9 784

11 300

9 927

Қазақстан Республикасы

955 949

276 008

347 614

332 327

2012-2014 жылдардағы кезеңде тіркелген қылмыстардың жалпы санының 45,0%-ға (ҚР бойынша 20,3%-ға) немесе 1966 фактіге өскені байқалады.

Қылмыстардың өсуі халық санының күрт өсуімен, сондай-ақ қылмыстарды тіркеудің ашықтығы бойынша жұмыстың тиімділігін арттырумен түсіндіріледі, яғни дәрежесіне (ауырлығына) қарамастан анықталған барлық қылмыстар тіркеледі.

2-кесте. Өңірдегі қылмыстар көрсеткішінің динамикасы



Маңғыстау облысының АІІБММ кесінінде 10 мың халыққа шаққандағы қылмыстар деңгейі

АІІБММ

2012 год

2013 год

2014 год

МО ІІД

76,9%

108,6%

104,3%

Ақтау қаласы

140,7%

172,2%

157,1%

Жаңаөзен қаласы

73,7%

134,4%

139,2%

Бейнеу ауданы

24,8%

28,5%

34,6%

Қарақия ауданы

53,2%

84,3%

50,7%

Мұнайлы ауданы

27,0%

46,1%

54,7%

Маңғыстау ауданы

38,3%

64,5%

62,7%

Түпқараған ауданы

49,1%

92,3%

86,2%

Облыс ІІД-нің бөлімшелері 2014 жылда облыс аумағында «Құқықтық тәртіп», «Қару», «Мигрант» сияқты және тағы да басқа 60-тан астам жедел-алдын алу іс-шараларын өткізді, тұтастай алғанда бұл өңірдегі қылмыстық ахуалға оң әсер етті.

Облыс ІІД бойынша 2012-2014 жылдардағы қылмыстардың ашылу динамикасы 3-кестеде көрсетілген.
3-кесте. 2012-2014 жылдардағы қылмыстардың ашылуы





Қылмыстардың жалпы саны

Оның ішінде, қылмыстар:

Ауыр

Аса ауыр

2012

2013

2014

2012

2013

2014

2012

2013

2014

Маңғыстау облысы

718

742

497

680

635

448

83

62

49

Қазақстан Республикасы

30387

33199

27614

27576

30805

25639

2811

2394

1975

2014 жылы ашылған қылмыстар санының үштен бірге төмендегені тіркелді (33,1%), бұл – ішкі істер органының сандық құрамы өзгермесе де қылмыстардың жалпы санының артуына байланысты болды.


4-кесте. Өңірдегі қылмыстық ахуалдың көрсеткіштері




Адам өлтіру

Ауыр дене жарақаттары

Бұзақылықтар

Тонаулар

Өзгенің мүлкін ұрлау



2012

2013

2014

2012

2013

2014

2012

2013

2014

2012

2013

2014

2012

2013

2014

ММО

37

36

24

55

57

44

48

55

41

246

213

101

94

83

53

РҚР

1287

1142

935

2459

2816

2608

1811

2247

1671

11156

11136

7663

4471

4934

4164

Елді мекендердің қоғамдық орындары мен көшелеріндегі жедел жағдайды тұрақтандырудың ұйымдастырушылық-практикалық шаралар кешені іске асырылуда. Қоғамдық тәртіпті қорғайтын және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлердің саны артты, патрульдік тексерудің бұрыннан бар бағыттары толықтай қайта қаралды, автопатрулдердің саны көбейді.

Облыс аумағында 293, оның ішінде 212 жаяу патрульдеу бағыты (Ақтау қаласында – 26, Жаңаөзен қаласында – 45), 54 автомобильмен (Ақтау қаласында – 15, Жаңаөзен қаласында – 25), 11 атпен патрульдеу бағыты, 6 стационарлық полиция бекеті, сондай-ақ 3 «Шеп» бекеті (Ақтау қаласында – 2, Жаңаөзен қаласында – 1) әзірленді.

Қоғамдық құрамалардың қатысуымен 2014 жылда 360 (2012 жылы – 485, 2013 жылы – 310) әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, олардың көмегімен 35 (2012 жылы – 25, 2013 жылы – 19) қылмыс ашылды.

Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ішкі істер органдарының жарақталу деңгейі айтарлықтай жақсартылып, негізгі бағыттар бойынша тиесілілік нормаларына жеткізілді.

01.10.2015 жылға Ақтау қаласында 114 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Жаңаөзен қаласы бойынша 38, оның ішінде 32 жылжымалы және 6 стационарлық бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр.

Бейнебақылау камераларының көмегімен 24773-тен аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді. 174 қылмыс ашылды.

Жол қауіпсіздігі

ЖКО саны, сондай-ақ оларда қаза болғандардың саны 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда іс жүзінде өзгерген жоқ. Сонымен бірге ЖКО-да жараланғандардың 30,3%-ға өсті.



1-сурет. 2012-2014 жылдардағы автомобиль жолдарындағы жағдай

Бүгінгі күнге мейлінше авариялық қауіпті учаске «Жетібай-Жаңаөзен» республикалық маңызы бар автожолы болып табылады. Ондағы өту бөлігінің ені 6 метрді құрайды, бұл салдары ауыр ЖКО-ның жасалуына әкеледі. Көрсетілген автожол учаскесінде жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі 6 билборд орнатылды, сондай-ақ патрульдік құрамында 4 экипажы бар полиция жасағының тәулік бойы патрульдеуі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қала шегінен тыс жолдардың барлық авариялық қауіпті учаскелерінде қозғалыс жылдамдығының режимі 60 км/сағатқа дейін шектелді.


5-кесте. Облыс АІІБММ кесінінде 10 мың бірліккке шаққанда жол-көлік оқиғаларының деңгейі




2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

ІІД

25,3

30,3

23,5

Ақтау қаласы

12,3

17,5

8,4

Жаңаөзен қаласы

38,1

34,4

27,8

Бейнеу ауданы

32,8

42,0

28,2

Қарақия ауданы

61,6

81,4

54,2

Мұнайлы ауданы

64,8

78,1

85,5

Маңғыстау ауданы

29,3

37,0

50,3

Түпқараған ауданы

39,4

46,6

36,2

Облыста 2012-2014 жылдардағы кезеңде ЖКО санының 1,8 пайыздық орынға өсуі тіркелді. ЖКА есебінен ЖКО деңгейінің өсуі Маңғыстау ауданында байқалады. Сонымен бірге, тұтастай алғанда облыс бойынша өңірлер кесінінде ЖКО деңгейінің: Ақтау қаласында – 3,9 пайыздық орынға, Жаңаөзен қаласында – 10,3 пайыздық орынға, Бейнеу ауданында – 4,6 пайыздық орынға, Қарақия ауданында – 7,4 пайыздық орынға төмендегені байқалады.


6-кесте. Өңір ЖҚҚ-ның жолы кесілген және анықталған бұзушылықтарының динамикасы




2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Өсу қарқыны, %

Бұзушылықтардың жалпы саны

78250

76 379

111 696

46,2%

Оның ішінде, мына бұзушылықтар:













алкогольден мас күй күйінде

1972

1 971

1 869

5,1%

қарсы қозғалыс жолағына шығу

551

689

617

10,4%

белгіленген қозғалыс жылдамдығын асыру

8360

8 427

10 040

19,1%

6-кестеден 2014 жылдағы ЖҚҚ бұзушылықтардың жалпы саны көрсеткішінің 2012 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге жуық артқаны көрінеді.


Каталог: media -> uploads
uploads -> Утверждено
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> МаңҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
uploads -> Аймақтық экспорт
uploads -> Информация по осуществлению мониторинга
uploads -> Бағдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 015 жыл мазмұны өңірлік макроэкономика 9


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет