МаңҒыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ


Қоғамдық қауіпсіздік бойынша SWOT-талдау



жүктеу 3.43 Mb.
бет9/21
Дата07.03.2018
өлшемі3.43 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

Қоғамдық қауіпсіздік бойынша SWOT-талдау

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ

ішкі істер органдары бөлімшелерінің, оның ішінде әкімшілік полицияның материалдық-техникалық жарақталуының жақсаруына байланысты, жол қауіпсіздігінің құқық бұзушылықтарын анықтаудың өсуі;

Ақтау қаласы мен Жаңаөзен қаласында ЖБО жұмысының аясында қоғамдық орындарда, оның ішінде көшелерде жасалатын қылмыстарды болдырмау, сондай-ақ қылмыстарды iзiн суытпай ашу және көшелер мен қоғамдық орындарда бейнебақылау жүйелерін енгізу;

азаматтарды қоғамдық тәртіпті қорғауға тарту есебінен ұсақ қылмыстардың санын азайту




ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ

тұрмыстық қылмыстардың алдын алу бойынша тиімсіз шаралар (адам өлтіру мен денсаулыққа ауыр зардап келтірудің үштен бір бөлігі тұрмыстық жағдайда, мас кезде жасалады);

жүру бөлігінің енін кеңейтуді, олардың барьерлік қоршаулармен, жол белгілерімен жабдықтауды жақсартуды қажет ететін республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың нашар жағдайы;

жүргізушілерді даярлау жүйесін айтарлықтай жақсартуды қажет ететін көлік құралдары жүргізушілерінің көліктік тәртібінің төмендігі



МҮМКІНДІКТЕР

«мектептегі» полиция инспекторларының институтын одан әрі дамыту;

халыққа және азаматтық қоғам институттарына нақты сүйене отырып, құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді жалпы мемлекеттік жүйесін құру;

облыстың автожолдарында авариялардың санын қысқарту үшін, көліктік инфрақұрылымды дамыту, облыстың автомобиль жолдарын реконструкциялау, салу және жөндеу.



ҚАТЕРЛЕР

әлемдік қаржы дағдарысына байланысты экономикадағы қиыншылықтар, халықтың бір бөлігінің, әсіресе жастардың жұмыспен қамтылмауы, тонау, ұрлық және басқа пайдакүнемдік-зорлық қылмыстар санының өсуіне әсер етуі мүмкін:

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтудың толыққанды жүйесінің болмауы салдарынан рецидивтер мүмкіндігі;

облыспен шектесіп жатқан мемлекеттердегі тұрақсыз әлеуметтік-саяси жағдай көші-қон ағынының және оған ілеспе қылмыстардың өсуіне ықпал етеді




Қоғамдық қауіпсіздік бойынша негізгі проблемалар:

ішкі істер органдарының жеткілікті материалдық-техникалық жарақталмауы;

кәмелетке толмағандар арасында қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстың жеткіліксіздігі;

муниципииалдық полицияның жоқтығы немесе әкімшілік полицияның жергілікті атқарушы органдарға есеп бермеуі;

жол қозғалысына қатысушылардың, бәрінен бұрын жүргізушілердің көліктік тәртібінің төмендігі.
2.1.3.2. Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардан сақтандыру

Маңғыстау облысының ерекшелігі түрлі техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына бейімдігі болып табылады. Оларға жойқын жер сілкіністері, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «ҚазАзот» ЖШС, «ҚазГӨЗ» ЖШС, газ-ауа қоспаларының жарылысы, Каспий теңізінің солтүстік жағалауында Қаламқас, Қаражанбас мұнай кен орындарының маңындағы аумақтарды су басу, қатты дауылды желдер, эпидемиялар және эпизоотиялық ошақтар және басқалар жатады.


1-кесте. 2012-2014 жылдардағы Маңғыстау облысының төтенше жағдайларының динамикасы

жыл

Төтенше жағдайлар саны

Зардап шекті,

адам

Оның ішінде қайтыс болғаны, адам

Орташа республикалық көрсеткіш

Маңғыстау облысы

Орташа республикалық көрсеткіш

Маңғыстау облысы

Орташа республикалық көрсеткіш

Маңғыстау облысы

2012 жыл

1 616

28

2 261

122

1 162

36

2013 жыл

1 550

34

2 372

85

1 299

32

2014 жыл

1 561

24

2 285

46

1 160

16



1-сурет. Төтенше жағдайлар динамикасы


Өрттердің 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 15,5%-ға азайғаны байқалады. Өрттердің көпшілігі Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында болады. Өрттердің негізгі себебі – электр жабдығын монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларының бұзылуы. Өрттердің көпшілігі тұрғын үй секторында және көлік құралдарында тіркелді. Бейнеу ауданының Боранқұл, Мұнайлы ауданының Батыр және Түпқараған ауданының Ақшұқыр АЕМ-де мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жоқ екенін атап өткен жөн.

2-сурет. Судағы оқиғалар саны
Жазғы суға түсу маусымында жазатайым оқиғалардың санын төмендету үшін, үйымдастыру және практикалық іс-шаралар кешені өткізілді. 2014 жылы 1112, 2012 жылы 1002 рейд пен патруль, облыстық су қоймаларында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша 8000-нан астам оқушы қамтылған 11 лекция, 13 интерактивтік дәріс ұйымдастырылып, өткізілді. Жергілікті теледидарлама бойынша «Судағы қауіпсіздік қағидасы» тақырыбында бейнеролик күніне 5 рет көрсетілді.

Төтенше жағдайлардан сақтандыру аясында мына алдын алу шараларының кешені өткізілді:

Шетпе ауылының маңында ықтимал төтенше жағдайлардан сақтандыру үшін жалпы ұзындығы 8 км 4 топырақ үйіндісі салынды. Қаламқас және Қаражанбас кен орындарында Каспийдің қума толқындарынан қорғайтын екі қорғаныс бөгеті бар (ұзындығы – 46,6 км).

трассалық екі медицналық-құтқару пунктінің құрылысы аяқталды: «Доссор-Ақтау» трассасында, Бейнеу ауылына жақын жерде және «Ақтау-Жаңаөзен» және «Мұнайшы-Шетпе» жолдарының айрығында, Мұнайшы ауылына жақын жерде;

Жаңаөзен қаласында жұмылдыру резервін кезең-кезеңімен жаңарту басталып, бұрын жоспарланған 300 дана жеке қорғану құралдарының 252 данасы сатып алынды.

Халықты оқыту мақсатында қазіргі заманғы оқу форматтары мен техникалық құралдар қолданылуда, мысалға: «Көктем-2014», «Қыс-2014», «Қорғау-2014», «Қатер-2014» республикалық оқу-жаттығулары өткізілді.

Қолданыстағы нормативтік құқықтық және әдістемелік құжаттарға сәйкес, халықты инженерлік, радиациялық, химиялық және медициналық қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.

Алдын ала қабылданған шаралар нәтижесінде облыста 2012 жылмен салыстырғанда төтенше жағдайлар санының – 14,3%-ға, зардап шеккендер санының – 62,3%-ға, қаза болғандар санының – 55,5%-ға азайғаны байқалады.


Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардан сақтандыру SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ

2012 жылмен салыстырғанда төтенше жағдайлар санының – 14,3%-ға, зардап шеккендер санының – 62,3%-ға, қаза болғандар санының – 55,5%-ға азаюы;

облыста апаттардан сақтандырудың және оларды жоюдың тиімді жүйесінің бар болуы;

ТЖ органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жүргізіліп жатқа жұмыс




ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ

облыстың ауылдық елді мекендерінде өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жоқтығы;

құтқару қызметтерінің жабдықпен және техникамен әлсіз жарақталуы


МҮМКІНДІКТЕР

Азаматтық қорғаудың кіші жүйесін жетілдіру;

облыс халқы мен аумағын төтенше жағдайлардан қорғау бойынша алдын алу шараларын қабылдау


ҚАТЕРЛЕР

аумақтың техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына бейімдігі;

жер сілкіну қатері;

Каспий теңізінің қайраңындағы табиғи көмірсутегілерді игеру салдарынан төтенше жағдайдың туындауы




Саладағы негізгі проблемалар:

азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру және орындау жөніндегі басқару органдары мен күштерінің әлсіз материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі;

қорғау құрылыстарының негізгі қоры 1990 жылға дейін жинақталып, 25-30 жылдан аса пайдаланылып келеді. Негізгі құралдардың, жабдықтың және тетіктердің тұрақты тозуы орын алуда, гидрооқшаулау бұзылуда. бұл – агрессивті сипаттағы жер асты суларының басуына әкеледі.
2.1.4. бағыт. Ифрақұрылым

2.1.4.1. Байланыс және коммуникациялар

Телекоммуникациялар және байланыс

Байланыс қызметінің үлесі 2012-2014 жылдарда 8089 млн. теңгеден 9691,2 млн. теңгеге дейін өсті. Байланыс қызметтерінің НКИ 2014 жылы 123,5% құрады (2012 жылы – 107,6%, 2013 жылы – 94,9%).

Жергілікті телефон байланысының деңгейін цифрландыру 100%-ға жетті. Халық саны 1000 адам және одан артық болатын облыстың барлық елді мекендері 100% мобильді байланыс қызметімен қамтамасыз етілген.

Маңғыстау, Бейнеу, Қарақия және Түпқараған аудандарының шалғайдағы ауылдық елді мекендері интернетпен нашар қамтамасыз етілген.

Бүгінге күнге облыста 4G желісінің 134 LTE базалық станциясы салынып, пайдалануға берілді. Алдағы жылдары ауылдық елді мекендерге кіргізу арқылы 4G желісін салу жалғасады.

Маңғыстау облысы бойынша пошта байланысының 40 бөлімшесі мен 20 пункті жұмыс істеп, қызметтер көрсетеді.


Байланыс және коммуникациялар SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

облыстың ауылдық елді мекендерінде телекоммуникациялық желілердің дамуы;

Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін талшықты-оптикалық желі жүргізу жөніндегі жобалардың іске асырылуы.


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

талшықты-оптикалық желі жүргізу үшін облыстың кейбір елді мекендерінің шалғайлығы;

жобалардың қымбаттығына байланысты тұрғындар саны 1000 адамға едйінгі шағын елді мекендерді интернет-қызметтермен қамтамасыз етудің мүмкінсіздігі


МҮМКІНДІКТЕР:

телекоммуникациялық желілерді одан әрі дамыту;

телекоммуникациялық операторлардың қызмет көрсету сапасын көтеру.


ҚАТЕРЛЕР:

ақпараттық жүйелерді, пошта байланысын дамыту жөніндегі іс-шаралардың жеткізе қаржыландырылмауы




Байланыс және коммуникациялар саласындағы негізгі проблемалар:

облыстың шалғайдағы және адам саны аз ауылдық елді мекендерінде кең ауқымды қолжеткізудің жоқтығы;

ауылдық елді мекендердегі пошта бөлімшелерінің әлсіз материалдық-техникалық базасы.
Халықтың цифрлық сауаттылығы

Халықты, оның ішінде 6-дан 15 жасқа дейінгі балаларды цифрлық сауаттылық дағдыларына оқыту, тиісті білім беру деңгейлерінде жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жалпы білім беретін мекемелерде жүргізілуде.

Сауаттылықты арттыру курстары жергілікті бюджет есебінен ұйымдастырылуда.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде, халықтың компьютерлік (цифрлық) сауаттылығы 2012 жылғы 50% -дан 2014 жылы 63,4%-ға дейін артты (2013 жылы – 53%).



Цифрлық сауаттылық бойынша SWOT-талдау:

КҮШТІ ЖАҚТАРЫ:

ақпараттық қоғамды дамыту;

азаматтардың дағдыларын арттыруға және одан әрі жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтамасыз етілуіне жағдайлар жасау


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

оқытушылардың кәсіби даярлығының төмен деңгейі;

халықтың оқуға деген белсенділігінің төмендігі.


МҮМКІНДІКТЕР:

облыстың мектептеріне компьютерлік техниканы сатып алу үшін бюджеттен тыс (жер қойнауын пайдаланушы-компанияларлың) қаражат тарту ;

жалпы білім беретін мекемелерде электрондық оқыту жүйесін белсенді түрде енгізу


ҚАТЕРЛЕР:

компьютерлік курстарды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың бюджеттен жете қаржыландырылмауы.




Саладағы негізгі проблемалар:

халықтың едәуір бөлігін цифрлық сауаттылыққа оқыту курстарын ұйымдастыруға арналған бюджет қаражатының шектеулілігі.


2.1.4.2. Құрылыс

Облыс ЖӨӨ-нің құрылымында құрылыс 6,6% алады. Құрылыс саласының жалпы республикалық көлемінде облыс 5,9% алады. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар көлемі бойынша облыс ҚР-да 4-орын алады – 33,1 млрд. теңге.

Маңғыстау облысында 2012-2014 жылдарда 1677,2 мың шаршы метр пайдалануға берілді, бұл – жалпы республикалық көлемнің 7,8%-ын құрайды. Аумақтық кесінде пайдалануға беріліп жатқан тұрғын үйдің мейлінше көп көлемі Ақтау қаласы (353,428 мың шаршы метр немесе 25,8%) мен Жаңаөзен қаласына (228,025 мың шаршы метр немесе 16,7%), Сондай-ақ Мұнайлы ауданын (329,578 мың шаршы метр немесе 24,0%) келеді.

Қалған аудандар бойынша осы жылдарда: Маңғыстау ауданында – 110,9 мың шаршы метр (8,1%), Түпқараған ауданында – 91,7 мың шаршы метр (6,7%), Қарақия ауданында – 102,9 мың шаршы метр (7,5%) және Бейнеу ауданында – 154,6 мың шаршы метр (11,3%) мөлшерінде тұрғын үй пайдалануға берілді.

Қазіргі кезде Маңғыстау облысында, оның ішінде Ақтау, Жаңаөзен қалалары және Мұнайлы, Маңғыстау, Қарақия, Түпқараған, Бейнеу аудандарының ауылдық елді мекендері жаңартылған қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз етілген.

Облыста тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салудың орташа нақты құны 90 мың теңгені, оның ішінде Ақтау қаласында – 115 мың теңгені, Жаңаөзен қаласында – 90 мың теңгені құрайды.

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру аясында Маңғыстау облысында 2012-2014 жылдарда 142 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Нәтижесінде өңірде 2 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 2015 жылдың 10 айында 7,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (128 отбасы).

Аумақтық кесінде тұрғын үйге арналған мейлінше көп кезек қалалар мен аудандар кесінінде Ақтау (7231 адам) және Жаңаөзен (2830 адам) қалаларында, сондай-ақ Мұнайлы ауданында (1936 адам) байқалады. Кезекте тұрғандардың саны Қарақия ауданында – 862 адамды, Бейнеу ауданында – 586 адамды, Түпқараған ауданында – 453 адамды және Маңғыстау ауданында – 186 адамды құрайды.

Халықтың жылдам өсуіне және өңірге көші-қон ағынының жоғары болуына байланысты, тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың саны артты.

Тұрғын үй салудан басқа, 2012-2014 жылдарда әлеуметтік инфрақұрылымның құрылысы жүргізілді. Мәселен, Ақтау қаласында 2 аурухана, 1 дәрігерлік амбулатория (бұдан әрі – ДА); Жаңаөзен қаласында – 3 аурухана, 2 ДА; Мұнайлы ауданында – 1 емхана, 5 ДА; Бейнеу ауданында – 2 аурухана, 2ДА; Маңғыстау ауданында – 1 аурухана, 7 ДА; Қарақия ауданында – 2 емхана, 2 ДА; Түпқараған ауданында – 1 аурухана салынды.


Құрылыс бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

10 мыңнан аса отбасының тұрғын үйге қажеттілігінің қанағаттануы;

толықтай жаңартылған Бас жоспарлар мен Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарлары;

дамыған құрылыс индустриясы



ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

Ақтау қаласындағы жер учаскелерінің тапшылығы;

инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген учаскелердің жоқтығы;

әлеуметтік тұрғын үйге қажеттіліктің тұрақты өсімі.



МҮМКІНДІКТЕР:

өңірде Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының іске асырылуы, бұл – тұрғын үймен қамтамасыз етілуді көтеруге мүмкіндік береді;

даму институттары: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның және «ҚИК» АҚ-ның құралдарын пайдалану


ҚАТЕРЛЕР:

құрылыс материалдарына арналған бағалардың көтерілуі, бұл тұрғын үйдің құнына әсер етеді;

өңірдегі халық санының тез өсуіне және жоғары көші-қон ағынының нәтижесінде тұрғын үйге деген қажеттілікті жабуға қабілетсіздік;

бюджеттік қаржыландырудың қысқаруы, және осының салдарынаноблыс тұрғындарын қолжетімді тұрғын үймен толық қамтамасыз етпеу.




Саладағы негізгі проблемалар:

Ақтау қаласындағы жер учаскелерінің тапшылығы;

инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген учаскелердің жоқтығы

әлеуметтік тұрғын үйге қажеттіліктің тұрақты өсімі.


2.1.4.3. Жолдар мен көлік

Облыстың көліктік-коммуникациялық жүйесі қазіргі заманғы барлық көлік түрлерінен және байланыс жүйелерінен тұрады. Облыс «Солтүстік-Оңтүстік» және «ТРАСЕКА» халықаралық көлік дәліздерінің маңызды торабы болып табылады. Облыстың көлік жүйесінің бірегейлігі Ақтау халықаралық теңіз сауда портының жұмыс істеуіне негізделеді. Облыстың көлік инфрақұрылымын дамытудың маңыздылығы оның Қазақстанның басқа өңірлерінен, әсіресе саяси және іскерлік орталықтардан айтарлықтай шалғайлығымен түсіндіріледі.



Автомобиль жолдары

Маңғыстау облысының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының желісі 2 586,2 км-ді, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 1 033 км-ді, жергілікті желі – 1553 км-ді, облыстық маңызы бар жолдар – 932 км-ді, аудандық маңызы бар жолдар – 621 км-ді құрайды.

Облыстағы республикалық жолдардың жалпы ұзындығының 41,3%-на асфальт төселмеген (Қазақстан бойынша қиыршықтасты және асфальтталмаған жолдардың орташа үлесі – 37,6%).

Жергілікті маңызы бар жолдар жол жамылғысының түрлері бойынша мыналарға бөлінеді: 1010,1 км немесе 65% – асфальт-бетон жамылғысы; 395,1 км немесе 25% – қиыршықтас-шағылтас; 148 км немесе 10% – жамылғысыз.

Облыстың автомобиль жолдарының жиілігі 13,3 км/ 1000 км2 құрайды, бұл көрші Ақтөбе (17,2), Атырау (18,6) және Батыс Қазақстан (30,3) облыстарындағыдан, сондай-ақ орташа республикалық көрсеткіштен төмен (1000 шаршы километрге 35,4).

Жүргізілген жөндеу мен жаңғырту нәтижесінде қанағаттанарлықсыз жай-күйдегі автожолдардың үлесі 2012 жылмен салыстырғанда 40,5%-дан 2014 жылы 22,9%-ға дейін қысқарды.


1-кесте. Аудандық маңызы бар автожолдардың техникалық жай-күйі


Ауданның (қаланың) атауы

Аудандық маңызы бар автожолдардың ұзындығы

оның ішінде:

жақсы жай-күйдегі

қанағаттанарлық жай-күйдегі

қанағаттанарлықсыз жай-күйдегі

Маңғыстау

298,6 км

104,6 км /6,0%

86 км /8,8%

105 км /35,2%

Қарақия

82 км

34 км/41,5%

37 км /45,1%

11 км /13,4%

Түпқараған

72 км

34 км /41,2%

0 км /0%

38 км /52,8%

Бейнеу

85 км

21,0 км /26,3%

52,1 км /65,1%

11,89 км /13,9%

Мұнайлы

51,1 км

16,1 км /31,2%

9,3 км /18,0

26,2 км /50,8%

Жаңаөзен қаласы

32 км

28 км /87,5%

4 км /12,5

0 км /0%

Каталог: media -> uploads
uploads -> Утверждено
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> МаңҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
uploads -> Аймақтық экспорт
uploads -> Информация по осуществлению мониторинга
uploads -> Бағдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 015 жыл мазмұны өңірлік макроэкономика 9


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет