Магистранттарєа арналєан Нысан



жүктеу 330.54 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі330.54 Kb.
түріБағдарламасы

Пән бағдарламасының титулдық парағы (Syllabus)




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Философия және мәдениеттану кафедрасы

5B020300 Тарих мамандығының студенттеріне арналған

IDKKN 4303 «Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы»

пәні бойынша



ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар, 2013 ж.



Пән бағдарламасының бекіту парағы (Syllabus)




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19





БЕКІТЕМІН

Факультет деканы

__________Ақышев А.А.
20__ ж. «___»________

Құрастырушы: т.ғ.к., доцент Жапекова Г.К.__________


Философия және мәдениеттану кафедрасы


5B020300 Тарих мамандығының күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған IDKKN 4303 «Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы» пәні бойынша

Пән бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


20__ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі______________ Ахметова Г.Ғ. 20__ ж. «____» ________
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған _________ 20__ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы ____________Сулейменова Ш.К. 20___ж. «_____»___________

- студенттардың дербестік және сыни жағынан ойлау. 1. Оқу пәні туралы жалпы ақпарат


Пәннің атауы: IDKKN 4303 «Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы»

Таңдау компоненті бойынша пән



Кредиттер саны мен меңгерудің мерзімі

Барлығы – 2 кредит

Курс: 4

Семестр: 7



Аудиторлық сабақтардың барлығы – 30 сағат

Дәрістер - 15 сағат

Тәжірибелік /семинарлық сабақтар - 15 сағат

СӨЖ – 60 сағат

Оның ішінде СОӨЖ – 15 сағат

Жалпы жүктеме - 90 сағат



Бақылау түрі

Емтихан – 7 семестр


«Қазақ халқының р рухани мәдениетінің тарихы» таңдау бойынша компонет пәні болып табылады, «Тарих» студенттарының білімін кеңейтуге бағытталған.
Пререквизиттер:

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: Ежелгі және Ортағасырдағы Қазақстан тарихы, этнография және этнология,



Постреквизиттері:

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: тарихи демография, дінтану, қазақ әдебиетінің тарихы.



2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Жапекова Гүлфайрус Қабдұлқызы – философия және мәдениеттану кафедрасының тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.

Кафедра №529 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 1153
3 Пәннің мақсаты және міндеттері
«Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы» пәні: атты жаңа жалпы курсты дайындау және енгізу, жалпы тарихи контекстте үлттық мәдениет мәселелерін терең зерттеу, пәнаралық интеграция, гуманизация бағытындағы тарихты оқытудың университетті" жүйесін жетілдірудің объективті пісіп жетілген қажеттіліктерінен туындады

Пәнді оқытудың мақсаты: "Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы" курсының мақсат студенттерге қазақ халқының рухани мәдениетінің қүндылыкты-мәнді мазмүны мен тарихилығын, бай мүралардың мағынасын, өркениеттік теор түрғысынан халықтардың мәдени дамуындағы заңдылықтар мен бағыттар, мәдени жетілу мен трансформацияның маңызын ашып көрсету.

Пəнді оқытудың міндеттері:

- сақ-үйсін және ежелгі түркі дөуіріндегі тайпалардың өнері ме мифологиясының, ежелгі кезеңдегі рухани мөдениеттің, номадизмнің мөде аспектілерінің негізгі мазмүнын анықтау;

мүсылмандық фактордың рөлі мен маңыздылығын, исламдануды идеялық-қүлықтық және социомәдени аспектілерін айқындау;

қазақ фольклорының, жырау, ақын, билер, музыканттар шығармаларының, жазба әдебиет ескерткіштерінің мағынасын, халықтьщ діни өмірінің, ағартудың, дәстүрдің, менталитеттің, адамгершілік және эстетикалық идеалдардың мазмүнын ашу;

отарлау дәуірінің мәдениетін сипаттау; отарлау саясаты мен еуропалық білім беру жүйесінің ықпалындағы дүниетаным трансформациясымен байланысты рухани-мәдени процестер үрдісі мен қарама-қайшылықтарын, жалпы мүсылмандық жәдидизмнің ажырамас бөлігі ретіндегі қазақ ағартушылығының мәнін, батыс-шығыс өркениеттік диалог пен синтез проблемаларын анықтау.
4. Курсты оқыту процесінде білім, қабілеттіліктерге, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар

Пәнді оқыту барысында студент білуі тиіс:

- қазақ халқының материалдық мәдениетінің негізгі элементтерін

- қазақ халқының материалдық мәдениетін зерттеудің деректерін білу

- материалдық мәдениеттің негізгі шаруашылық типі және оның спецификасын

қабілеттіліктер қалыптасуы қажет:

- халық ауыз творчествосында, музыкалық, әдеби, философиялық шығармаларда көрініс тапқан халықтың рухани мұрасын білу, қазақ мәдениетінің мәдени эволюция заңдарын, өзгешелігі мен мәнін түсіну;'

- тарихи-мәдени өткенді сараптай білу, тарихилық принципті қолдану;

- тарихты зерттеудің өркениеттік (мәдениеттанулық) тәсілінің формаларын;

- тәсілдерден басты айырмашылықтарын ажырата алу;

-баяндама жасауға және ауызша материалды дұрыс жеткізу;

семинарларға дайындық барысында қолда бар ғылыми әдебиеттердің деректерін сыни тұрғыдан қараи алу, деректер ретінде фольклор, көркем әдеби шығармаларды пайдалану және өңдеу.

тәжірибелік дағдыларға ие болуы тиіс:

- білімді басқару болсын, педагогикалық салада болсын және оқыту кезінде теоретикалық білімді тәжірибелік тұрғыда қолдану;

- шығармашылық қабілеттіліктердің ашылуы;





  1. Пәнді игерудің тақырыптық жоспары





Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша аудиторлық сағаттардың саны

МӨЖ

Дәріс.

Тәж.

Лаб.

Жалпы

Оның ішінде МОӨЖ

1.

Кіріспе.

1

1

-

5

1

2.

Ежелгі мәдениеті.

2

2

-

5

2

3.

Ортағасырлардағы түркілердің рухани мәдениетінің гүлденуі.

2

2

-

5

2

4.

Алтын Орданың мәдени қайта өрлеу кезеңіндегі Дешті-Қыпшақ, Түркістан және Жетісу түркілері. Ортағасырлардағы қазақ дәстүрлерінің мазмұны (тарихи-мәдениеттанулық сараптама).


2

2

-

5

2

5.

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы дін мен ағарту ерекшеліктері. Ауыз әдебиеті және билер мен жыраулардың рухани мұрасы.



2

2

-

10

2

6.

Отарлық кезеңдегі халықтың көркемдік-эстетикалық дамуы

2

2

-

10

2

7.

Қазақ ағартушылығының мазмұны.


2

2

-

10

2

8.

ХІХ-ХХ ғғ. тоғысындағы қазақ интеллектуалды элитасыны мұрасы. ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының рухани қайта өрлеуі.


2

2

-

10

2

Барлығы:

15

15

-

60

15


6. Дәріс сабақтарының мазмұны

Тақырып 1. Кіріспе

«Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы» курсы ежелгі дәуірден бастап ХХ ғ. басына дейінгі кезеңді қамтиды. Ұлттық мәдениет – бұл күрделі, көп құрамды құрылым, өзара байланысты және иерархиялық бағынышты құрылымдық элементтерден тұратын жүйе. Рухани мәдениет мазмұнына діни- философиялық идеялар мен көзқарастар, идеалдар мен ілімдер, космогониялық білімдер, культтер, дәстүрлер, ритуалдар, өнер жазу, көркем әдебиет және т.б сияқты компоненттер жатқызылады.



Әдебиеттер тізімі:

1Бес ғасыр жырлайды.1 том. А.2010.

2 История Казахстана в арабских источниках. Т.І. Алматы.,2010.

3 Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. I том. Алматы., 2010.
Тақырып 2. Ежелгі мәдениеті

Сақ-үйсін дәуірінің мәдениеті. Қазақстан территориясындағы этно - және мәденигенездің екі кайнар көзі көпғасырлы ежелгі ирандық және ежелгі (орта азиялық) түркілік арақатынас туралы түсінік. Архаикалық мәдениет ерекшеліктері: синкретизм, ұжымдық қисынға дейінгі ойлау сипаты және т.б. «Авеста» ежелгі Қазақстан тайпалары туралы. Сақ-үйсін дәуірінің мифологиясы, діні мен өнері. Ежелгі ирандық «нанымдардың, зороастризмнің, буддизмнің таралуы. Тілдер. «Аң стилің өнері. «Есік қорғаны» және ежелгі сақтар өнерінің әлемдік маңызы. Қола және ерте темір дөуірлеріндегі петроглифтер.

Дәуірдің этнолингвистикалық сипаттамасы. Түркі тілдері. Руналық жазу. ҮІІІ ғ. Орхон жазбалары рухани мәдениеттің көрнекті ескерткіші ретінде. Ежелгі түркілік генеалогиялық аңыздар. Көшпелілік, оның этномәдени және архаикалық-психологиялық аспектілері. Көшпелілер мен отырықшы өркениеттер арақтынасының мәдени-тарихи алғышарттары және мәдени трансформация мәселесі. Қытайлық-конфуциалық өркениетпен қарым-қатынас. Орталық Азияның рухани мәдениетіндегі түркі-ирандық (соғдылық) синтездің көрінісі. Зороастризмнің, буддизмнің, христиандықтың, манихейліктің таралуы. Діни-миссионерлік бағыттағы (буддистік, манихейлік және т.б. жазбалар) ежелгі ұйғыр жазбаларының ескерткіштері. Қазақ халқының дүниетанымындағы, әдет-ғұрпындағы тәңіршіліктің көріністері.
Әдебиеттер тізімі:

1 Аль-Фараби. Избранные трактаты. Пер. с араб. Алматы, 2013



2 Баласагуни Юсуф. Благодатное знание. Л. 2010

3 Қожа Ахмет Йассауи. Диуани Хикмет(Ақыл кітабы). А., 2010

4 Махмүд Қашғари. Түркі тілдерінің сөздігі. 1,2-т., А.,2010

5 Дулати. Тарихи Рашиди. Алматы.2010

6 Абай(Ибраіим) Қүнанбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, 210



7 Бартольд В.В. Сочинения в 9-ти томах. Т.6. Работы по истории ислама и Арабского Халифата. М.,2013.

8 Валиханов Ч.Ч. Избранные сочинения в 5-ти томах. Алма-Ата,

9 Ақсауыт.Батырлар жыры.1 том. А.2010
Тақырып 3. Орта ғасырлардағы түркілердің рухани мәдениетінің гүлденуі.

Ислам ықпалымен рухани жаңғыру жэне оның мәдени-еркениеттік мазмұны.

Этикалық дінге (исламға) бет бұру зандылығы. Табиғи (тарихқа дейінгі) және этикалық діндер үғымы. Ұлттық-тайпалық политеистік культтен әлемдік монотеистік діни жүйелерге дейінгі діни сана сатылары. «Діннің, шариғат -«нәпсінің (табиғатты) жеңу және табиғат жаратушысы - Аллаға бағыну. Өркениеттік алға жылжу, "нағыз адамның " (К.Ясперс) дүниеге келуі. Өркениетгік сатының белгілері. Субөркениеттік модификациялар (субмәдениеттер), синтез және синкретизм туралы ұғымдар.

Тәңіршілдік пен ислам арасындағы ежелгі түркі тайпалары. Мұсылмандық құндылықтар жүйесі. Исламныц таралуының кезеидері мен маңызы, сипаты мен ерекшеліктері. Мұсылман өркениетінің жетістіктеріне Қазақстан түркілерін тартуда Араб Халифатының, Саманидтер мемлекетінің рөлі. Х-ХІІ ғасырлар - түркілердің жаппай исламдануының кезі. Сопылық бауырластықтардың қызметі. Рухани ұстаздар ("өулие", "баб"). Арыстан Баб, Ысқақ Баб, Әбдүжәлил Баб(Хорасан Ата). Исламның ұлы уағыздаушысы, ақын - сопы Қожа Ахмет Яссауи тұлғасы. Түркілердің ислам әлеміне интеграциялануының қорытындылары.

Түркілер Халифаттың білім мен ғылым жүйесінде. Қарахандық мәдени ренессанс. Түркі-ислам тарихындағы ұлы ғалымдар, ойшылдар мен ақындар. Түркі-ислам синтезінің жүзеге асуында "Шығыстың Аристотелі" - Әбу Насыр әл-Фарабидің түлғасы. Дүниетанымы: теоцентризм, универсализм. Қазіргі замандағы фарабитану жетістіктері. Махмұд Қашғаридың "Диуани лүғат ат түркі" - түркі мәдениетінің энциклопедиясы ретінде. Түркілердің тілі, рухани өмірі, діні, фольклоры туралы мәліметтер. Сырдария мен Жетісу қалаларынан шыққан мүсылмандық Шығыстың ғалымдары. Жазу, әдебиет. Араб тілінің таралуы және оның сакральды мәртебесі. Медреселер мен мектептер. Қүран мен Хадистер: олардың түркі өлеміне тигізген рухани әсері. Фарси тілінің түркілердің мәдени өміріне ықпалы. Жаңатүркілік әліпбидің (араб графикасында) пайда болуы. Ұлттық және жалпымұсылмандық мәдени компоненттердің өзіндік ерекшеліктерін сақтау, орнықтыру және үндестіру проблемалары.

Әдебиет және суфизм. Қарахандық әдеби дәстүр. Жүсіп Баласағүни. "Қүдатғу Білік" шығармасының көркемдік-эстетикалық және идеялық-философиялық негіздері. Ахмед Иугінеки және оның "Хибат ул хақайық" туындысы. Түркі-мұсылмандар дінінің сипаттамасы. Мистицизм мен теологияның гүлденуі. Суфизмнің түркілік мектебі жөне оның тарихи миссиясы. Суфизмнің дамуына және Орталық Азия халықтарын діни ағартуда


Әдебиеттер тізімі:

1 Аль-Фараби. Избранные трактаты. Пер. с араб. Алматы, 2013



2 Баласагуни Юсуф. Благодатное знание. Л. 2010

3 Қожа Ахмет Йассауи. Диуани Хикмет(Ақыл кітабы). А., 2010

4 Махмүд Қашғари. Түркі тілдерінің сөздігі. 1,2-т., А.,2010

5 Дулати. Тарихи Рашиди. Алматы.2010

6 Абай(Ибраіим) Қүнанбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, 210



7 Бартольд В.В. Сочинения в 9-ти томах. Т.6. Работы по истории ислама и Арабского Халифата. М.,2013.

8 Валиханов Ч.Ч. Избранные сочинения в 5-ти томах. Алма-Ата,

9 Ақсауыт.Батырлар жыры.1 том. А.2010

Тақырып 4. Алтын Орданың мәдени қайта өрлеу кезеңіндегі Дешті-Қыпшақ, Түркістан және Жетісу түркілері. Ортағасырлардағы қазақ дәстүрлерінің мазмұны (тарихи-мәдениеттанулық сараптама).

Монғол жаулаушылығынң мәдени салдарыларының қайшылықтары Шыңғыс хан империясындағы діндер күресі. Ислам рөлінің біртіндеп өсуі Алтын Ордадағы рухани және этномәдени жағдай. Дешті Қыпшақтағы мәдени қайта өрлеу процесстері. Қыпшақтық исламның монғол ақсүйектеріне әсері. Берке ханның мұсылмандық ағартуды, суфизмді жақтауы, мемлекеттік және қоғамдық өміргі шариғат ережелерін енгізуі. Өзбек Мұхаммед хан тұсындағы Қазақстан даласындағы исламның толықтай және түпкілікті жеңісі. Қалалалар мен мұсылмандық архитектураның дамуы- мәдени қайта өрлеудің маңызды көрсеткіштері.

Алтын Орда - жоғары дамыған полимәдениетті еуразиялық мемлекет Шыығс авторлары постмонғолдық кезеңдегі Қазақстан тұрғындарының рухани өмірі, діні және мәдениеті туралы.

Көшпелі қазақ өміріндегі мәні зор құндылықтар. Рухани байлықтардың «басымдылығы (руханият). Ақсүйектік жөне батырлық дәстүрлер. Көшпелілердің халық философиясы. Қазақ мөдениетінің жан-жақтылығы және интеллектуалдылығы.

Ұлттық эстетикалық сана. ұлттық әдеби шығарма, музыкалық-әндік мәдениет, халықтық қолданбалы өнер эстетикасы. Сөйлеу өнері ("Өнер алды –қызыл тіл). Шешендік өнер дәстүрі. Қазақ тілінің қалыптасу кезеңдері, ерекшеліктері, көркемдік-бейнелілігі, афористілігі(өткірлігі). Поэзияның көпқызметтілігі және оның музыкамен байланысы. Дәстүрлі музыканың рөлі мен ерекшеліктері, қазақтардың "музыкадағы" философиясы.

Қазақ санасының тарихшылдығы. Ұлттық ғұламалар мен батырларды пір тұту, ата-бабасын жеті ұрпақтан білу ("жеті ата") және туыстық байланысты -ажырату. Генеалогиялық дәстүр, аңыздар мен шежірелер.

Халықтық білімдер, салт-дәстүр және әдет-ғұрыптар. Қазақтардьщ дәстүрлі түрғын үйі - киіз үй - дүние мен социум рәмізі (модель) ретінде. Дағдылы қүқық. Этикет. Тиым салулар (табу). Үйлену кезіндегі салт-жоралғылардың мәні. Ханды сайлау салты. Халықтық мейрамдар, ойындар.

Әдебиеттер тізімі:

1 Аль-Фараби. Избранные трактаты. Пер. с араб. Алматы, 2013



2 Баласагуни Юсуф. Благодатное знание. Л. 2010

3 Қожа Ахмет Йассауи. Диуани Хикмет(Ақыл кітабы). А., 2010

4 Махмүд Қашғари. Түркі тілдерінің сөздігі. 1,2-т., А.,2010

5 Дулати. Тарихи Рашиди. Алматы.2010

6 Абай(Ибраіим) Қүнанбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, 210



7 Бартольд В.В. Сочинения в 9-ти томах. Т.6. Работы по истории ислама и Арабского Халифата. М.,2013.

8 Валиханов Ч.Ч. Избранные сочинения в 5-ти томах. Алма-Ата,

9 Ақсауыт.Батырлар жыры.1 том. А.2010

Тақырып 5. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы дін мен ағарту ерекшеліктері. Ауыз әдебиеті және билер мен жыраулардың рухани мұрасы.
Ислам-қазақ дәстүріндегі орталық, жүйеқұраушы элемент. Мәдениет жүйесіңдегі исламның экзистенционалдық, гносеологиялық, идеал туғызушы, өркениетті, ретке келтіруші, бақылаушы, біріктіруші, қорғаушы қызметтері. Қазақ исламының мінездемесі. Суннизм, ханафиттік мазхаб, суфизмнің әсері. Алтын Орда дәуірінің діни жетістіктерімен сабақтастық.

Исламдағы "бес парыз" және оны қазақтардың орындауы. "Бата" беру. Бөбекке азан шақырып ат қою. Мұсылмандық жеке есімдердің таралуы. Сүндетке отырғызу рәсімі. Неке қию. Полигамия және оның мазмұны. Мұсылмандық жерлеу рәсімі. Мұсылмандық сәулет өнері (мешіт, мазарлар). Мұсылмандық кітаби мәдениеттің әсері. Ұлттық-мұсылмандық діни дәстүр.

Қазақтардың халық ауыз шығармашылығы. Фольклор жанрлары. Ертегілер мен аңыздар. Мақал-мәтелдер. Салт-дәстүр жырлары - беташар, жар-жар, сыңсу, өсиет, қоштасу, естірту, жоқтау, бесік жыры т.б. Батырлар жыры. Казақ эпостарының тарихшылдығы. Лироэпостық жырлар. Діни және шығыстық сюжеттегі дастандар мен поэмалар (киссалар). Араб-парсы классикалық әдебиетінің бай мұраларын қазақтардың меңгеруі. Қазақтардың этно-мәдениетіндегі ақын жыраулардың рөлі. Көшпелілердің шешендік өнері.

Дәстүрлі мәдениет пен діннің дағдарысы.

Ислам өркениет

інің құлдырауы және көшпеліліктің дағдарысы - тоқырау мен европалықтардан жеңілудің алғышарты ретінде. Дәстүрлі білім беру мен діннің дамуындағы қайшылықтар. Идеялық және рухани бастамалардың әлсіреуіне байланысты қазақ дәстүрінің жүйе ретінде ыдырауы. XIX ғ. білім беру және теологиялық оқыту жағдайы. Діни білімнің жағымды жақтары. Дәстүрлі білімнің жағымсыз жақтары. Дін басылары, ақсүйектердің (қожа мен төрелер) моральдық кері кетуі, олардың жаңа дәуірдің "шақыруларына" жауап бере алмауы.


Әдебиеттер тізімі:

1 Аль-Фараби. Избранные трактаты. Пер. с араб. Алматы, 2013



2 Баласагуни Юсуф. Благодатное знание. Л. 2010

3 Қожа Ахмет Йассауи. Диуани Хикмет(Ақыл кітабы). А., 2010

4 Махмүд Қашғари. Түркі тілдерінің сөздігі. 1,2-т., А.,2010

5 Дулати. Тарихи Рашиди. Алматы.2010

6 Абай(Ибраіим) Қүнанбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, 210



7 Бартольд В.В. Сочинения в 9-ти томах. Т.6. Работы по истории ислама и Арабского Халифата. М.,2013.

8 Валиханов Ч.Ч. Избранные сочинения в 5-ти томах. Алма-Ата,

9 Ақсауыт.Батырлар жыры.1 том. А.2010
Тақырып 6. Отарлық кезеңдегі халықтың көркемдік-эстетикалық дамуы.

Әдеби-ақындық мұра. Дәстүрлі бағыттағы ақындар мен ойшылдар ("зар заман", "кітаби" ақындар, айтыскерлер және т.б.) Философиялық, әлеуметтік-тұрмыстық, тарихи және діни тақырыптарға ақындардың ауызша суырып салушылығы(импровизация), ұлттық эпостарды орындау.

Діни және тарихи-патриоттық тақырыптардағы поэмалар және жырлар

Қисса-дастандар мен шығыс хикаяларын орындаушылар мен таратушылар. Орынбор, Уфа, Троицк, Астрахань, Орал, Қазан, Санк-Петербург типографияларында қазақ қисса-дастандарының басылып шығуы. Тарихи жырлар. Музыкалық-әндік мәдениеттің гүлденуі.

Дәстүрлі музыканың дамуы. Өнердің дамуындағы жа.іа бағыттар. Абайдың, Ахмет Байтүрсыновтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Шәкәрім Қүдайбердіұлының музыкалық мұрасы.

Қазақ ағартушылығының рухани және әлеуметтік бастаулары және оның жалпымұсылмандық жәдидизммен байланыстылығы.

Шығыс ағартушылығының(жәдидизм) мәні. Қазақстандағы мұсылмандық-түркілік жәдидизмнің ұлттық түрі. Ұлы Абай және "Алаш" интеллектуалды қозғалысы. Түркия, Египет, Қырым, Еділ-Орал аймақтарындағы рухани орталықтардың рөлі. Исмаил Гаспралы жөне оның ой-пікірлерінің Қазақстанға әсері. Жаңаәдістік (жәдидтік) мектептер - оқу саласындағы реформаның мәні мен маңызы. Жәдидизм кезендері - мәдени-ағартушылық (1905 жылдан дейін) және саяси (1905 жылдан кейін). Жәдидизмнің қайшылықтары. Шығыс ойшылдарының өз жобаларын діни негіздеуге жөне синтез идеясын жасауға тырысуы. Түркі халықтарының жаңа интеллектуалды элитасы - мұсылмандық реформаторлықтың көрнекті өкілдері.

Өнер мәдениеттің моделі ретінде. Көркемдік тілдердің ғылым тілдерімен ұқсастықтары және айырмашылықтары. Өнер тіліндегі нақтылық критерийсі. Өнердегі тілдің мәні.



Әдебиеттер тізімі:

1 Аль-Фараби. Избранные трактаты. Пер. с араб. Алматы, 2013



2 Баласагуни Юсуф. Благодатное знание. Л. 2010

3 Қожа Ахмет Йассауи. Диуани Хикмет(Ақыл кітабы). А., 2010

4 Махмүд Қашғари. Түркі тілдерінің сөздігі. 1,2-т., А.,2010

5 Дулати. Тарихи Рашиди. Алматы.2010

6 Абай(Ибраіим) Қүнанбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, 210



7 Бартольд В.В. Сочинения в 9-ти томах. Т.6. Работы по истории ислама и Арабского Халифата. М.,2013.

8 Валиханов Ч.Ч. Избранные сочинения в 5-ти томах. Алма-Ата,

9 Ақсауыт.Батырлар жыры.1 том. А.2010

Тақырып 7. Қазақ ағартушылығының мазмұны.

Демократиялық бағыттағы алғашқы оқымыстылар, реформатор-ағартушылар. Ш.Уәлиханов - жаңа қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі ғалым-шығыстанушы. Ы.Алтынсариннің көзқарастары. Ағартушылық қызметі- Мұса Шорманов шығыстық-батыстық синтездің философиясын ұстанған қазақтың алғашқы қайраткерлерінің бірі. Оның үлы Садуақас Шорманов. Жәңгір хан ~ билеуші реформатор. 1841 ж. Бөкей ордасында алғашқы мұсылмандық-еуропалық мектептің ашылуы. Өзге де прогрессивті бастамалары, Жөңгірдің және оның ұрпақтарының мәдениетке қосқан үлесі. Дәуір және Абайдың идеялық-адамгершіліктік ізденістері. Абай және қазақ халқының рухани мұрасы. Қазіргі кезеңдегі Абайтану мәселелері. Абай Құнанбайұлының дүниетанымының қайнар көзі. Данышпан Құнанбай қажының әкелік рөлі. Жаңа, оқымысты қазақ идеалы (ежелгі ұлттық-сопылық "жауанмард" концепциясын шығармашылық қайта ойлау негізінде дамыту). Абай өлеңдері. "Ғақлия" ("Қара сездері").

Абайдың жаңашылдығы. Абай мектебі - оның ұрпақтары, туысқандары, достары және шәкірттері. Поэзиядағы - шығыс тақырыбы, орыс әдебиетінің аудармалары.

Әдебиеттер тізімі:

1 1 Бенингсен А. Ламарсье-Келкежей. Пресса и национальные движения среди мусульман России до 1920 г. Алма-Ата, 2010

2 Бердібай Р. Эпос - ел қазынасы. Алматы,2011.

3 Бүлүтай М. Ата-баба діні. Түркілер неге мүсылман болды? Алматы, 2011.

4 Бүхар жырау Қалқаманүлы. Шығармалары. Алматы, 2011.

5Қазақ әдебиетінің тарихы. 3-том. Алматы, 2000.

6 Нүртазина Н.Д.Қазақ мәдениеті және ислам. Алматы, 210..

7Нысанбаев А. Сарсенбаева 3. О традиционной этике казахов.Алматы.2010.

8 Нурланова К.Ш. Эстетика художественной культуры казахского народа. Алматы,2010

9 Ақсауыт.Батырлар жыры.1 том. А.2010

Тақырып 8. ХІХ-ХХ ғғ. тоғысындағы қазақ интеллектуалды элитасыны мұрасы. ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының рухани қайта өрлеуі.

идеалдары. XX ғ. басындағы Қазақстандағы ағартушылықтың таралу жолдары. «Алаш» бағдарламасындағы мәдени-ағартушылық мәселе. XX ғ. басьндағы жәдидизмнің саясаттануы. Империядағы «мұсылмандық қозғалы және оған қазақтардың қатысуы.

Тәуелсіз Қазақстанның рухани жандануының қазіргі замандық процесстерінде ХІХғ. аяғы - XX ғғ.басындағы қазақ және шығыс ойшылдары мен зиялыларының өркениеттік сұхбат туралы, исламның ұлттық-түркілік ерекшеліктері мен дінді терең талдау жөніндегі идеяларының маңыздылығы. Жаңа қазақ элитасы өкілдерінің көркемдік және ғылыми мұрасы.

Рухани жанданудың, тілдің, мәдениеттің, дін мен ұлттық тұтастық мәселлелерінің баспасөз беттеріндегі орны. Мұсылмандық баспасөз дәуірі. Ағартушылық, жаңаәдістік мектептер, ұлттық сана-сезіи мәселелерінің арқылы халықтың прогрессивті ұлттық сана-сезімнің мәселелерінің көтерілуі, әйел жағдайы, татар, орыс мәдениеті және т.б жөнінде. Газет арқылы халықтың прогрессивті ұлттық сана-сезімінің қалыптасуы.


Әдебиеттер тізімі:

1 Бенингсен А. Ламарсье-Келкежей. Пресса и национальные движения среди мусульман России до 1920 г. Алма-Ата, 2010

2 Бердібай Р. Эпос - ел қазынасы. Алматы,2011.

3 Бүлүтай М. Ата-баба діні. Түркілер неге мүсылман болды? Алматы, 2011.

4 Бүхар жырау Қалқаманүлы. Шығармалары. Алматы, 2011.

5Қазақ әдебиетінің тарихы. 3-том. Алматы, 2000.

6 Нүртазина Н.Д.Қазақ мәдениеті және ислам. Алматы, 210..

7Нысанбаев А. Сарсенбаева 3. О традиционной этике казахов.Алматы.2010.

8 Нурланова К.Ш. Эстетика художественной культуры казахского народа. Алматы,2010

7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны, олардың сағат санындағы көлемі

Тақырып 1. Кіріспе


  1. Қазақ халқының р рухани мәдениетінің тарихы объекті

  2. Курстың, мақсаты

  3. Қазақ халқының р рухани мәдениетінің тарихы ғылыми және оқу пәні ретінде

Тапсырмалар:

1. Рухани мәдениет сөзінің этимологиясын қарастыру және қалыптасу тарихын сипаттау

2. Аль-Фараби. еңбектерін талдау.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Рухани мәдениет мазмұнына түсінігінің этимологиясын қарастыру арқылы оның қалыптасу тарихын талдау.



Әдебиеттер: 1,2
Тақырып 2. Ежелгі мәдениеті


  1. Сақ-үйсін дәуірінің мәдениеті.

  2. Ежелгі түркі мәдениеті

Тапсырмалар:

1. Сақ-үйсін дәуірінің мәдениеті жүйелерді қарастыру, салыстыру.

2. Тарихқа сүйеніп, адамдардың ақпаратты қалай жинақтады және сақтады деген сұрақтарға жауап беру.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Жалпы тарихи тұрғыдан Ежелгі түркі мәдениеті қарастыру. Оның пайда болуы тарихын, тарихта адамдардың ақпараттық сақтау мен жинақтаудың әдістерін сипаттау.



Әдебиеттер: 1,2
Тақырып 3. Орта ғасырлардағы түркілердің рухани мәдениетінің гүлденуі.


  1. Ислам ықпалымен рухани жаңғыру жэне оның мәдени-еркениеттік мазмұны.

  2. Тәңіршілдік пен ислам арасындағы ежелгі түркі тайпалары.

Тапсырмалар:

1. Ислам таралуының кезендері мен маңызы, сипаты мен ерекшеліктері. қарастыру.

2. Қожа Ахмет Яссауи еңбектерін талдау.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Ұлттық-тайпалық политеистік культтен әлемдік монотеистік діни жүйелерге дейінгі діни сана сатылары Оның пайда болуы тарихын, тарихта адамдардың ақпараттық сақтау мен жинақтаудың әдістерін сипаттау.



Әдебиеттер: 2,4
Тақырып 4. Алтын Орданың мәдени қайта өрлеу кезеңіндегі Дешті-Қыпшақ, Түркістан және Жетісу түркілері. Ортағасырлардағы қазақ дәстүрлерінің мазмұны (тарихи-мәдениеттанулық сараптама).

1 Алтын Орданың мәдени қайта өрлеу кезеңіндегі Дешті-Қыпшақ, Түркістан және Жетісу түркілері.

2. Ортағасырлардағы қазақ дәстүрлерінің мазмұны (тарихи-мәдениеттанулық сараптама

Тапсырмалар:

1. Қазақстан тұрғындарының рухани өмірі, діні және мәдениеті туралы негізгі ұстанымдарын сипаттап, оларды салыстыру.

2. Дәстүрлі музыканың рөлі мен ерекшеліктері, қазақтардың "музыкадағы" философиясы.

салыстыру.



Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Халықтық білімдер, салт-дәстүр және әдет-ғұрыптар. Қазақтардьщ дәстүрлі түрғын үйі - киіз үй - дүние мен социум рәмізі (модель) ретінде. Дағдылы қүқық. Этикет. Тиым салулар (табу). Үйлену кезіндегі салт-жоралғылардың мәні. Ханды сайлау салты. Халықтық мейрамдар, ойындар көрсету.



Әдебиеттер: 2,4
Тақырып 5. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы дін мен ағарту ерекшеліктері. Ауыз әдебиеті және билер мен жыраулардың рухани мұрасы.

1.Қазақ көшпелі қоғамындағы рухани идеалдардың үлгісіндегі салт- дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар.

2.Шариғат бойынша әйел, ер адамдар қоғамдағы орыны.

3.Шариғат мұсылмандық парыз бен міндет негіздері.


Тапсырмалар:

1.Қазақ билері.

2.ХІХ ғасырдағы әдебиеттегі дәстүрлердің қалыптасуына мұсылмандық ағартушылықтың қосқан үлесі.

3. Қазақстандағы мұсылмандық мектептер /мектеп, медреселер/.

4. . Қазақ шешендік өнері.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Көрнекті суырып-салма ақындар мен музыканттардың шығармашылығындағы дәстүрлер мен жаңашылдықтар.еңбектерін қарастыру және ол арқылы осы бағытқа сипаттама беру.



Әдебиеттер: 8,9
Тақырып 6. Отарлық кезеңдегі халықтың көркемдік-эстетикалық дамуы

1. ХІХ ғ. қазақ қоғамындағы рухани дағдарыс Абай өлеңдері мен прозаларында.

2.Шәкәрімнің рухани-теософиялық көзқарастары.

3. ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөз беттеріндегі мәдени қайта өркендеу мәселлері.

4. ХҮІІІ-ХХ ғғ. басындағы қазақтардың дәстүрлі білім алуы.

Тапсырмалар:


  1. Зар-заман мектебінің өкілдері.

  2. Әдебиет.Ән-күй өнері., өнердің тілдік құралдарын сипаттау және кескіндеме, поэзия, проза сияқты түсініктеріне анықтама беру.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Көркем шығармашылықтың тілдік құралдарын қарастыру арқылы, өнердің анықтау.



Әдебиеттер: 10,11,12

Тақырып 7. Қазақ ағартушылығының мазмұны

  1. Ш. Уәлиханов қазақ халқының рухани мәдениетін зерттеуші.

  2. Абай Құнанбаев- ақын, ойшыл және ағартушы.

  3. Ы.Алтынсариннің қазақ даласындағы білімнің дамуына қосқан үлесі. .

  4. Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы.

  5. Біржан сал Қожағұлының шығармаларынң тақырыбы.

  6. .Қазақстанда қиссалар мен дастандардың таралуы.

Тапсырмалар:

1. Ұлы Абай және "Алаш" интеллектуалды қозғалысы Қазіргі кезеңдегі Абайтану мәселелері. түсініктеріне анықтама беру.



2. Қазақ халық композиторлары.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Көркем шығармашылықтың тілдік құралдарын қарастыру арқылы, өнердің анықтау.



Әдебиеттер: 14,15,17

Тақырып 8. ХІХ-ХХ ғғ. тоғысындағы қазақ интеллектуалды элитасыны мұрасы. ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының рухани қайта өрлеуі

  1. ХХ ғ. басындағы орыс-қазақ мектептері.

  2. Қазақстандағы мерзімді баспасөз.

  3. ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының рухани қайта өрлеуі.

Тапсырмалар:

  1. Қазақстандағы жаңа әдістік мектептер.

  2. Патша өкіметінңі оқыту жүйесіндегі орыстандыру саясаты.

  3. Қазақ зиялыларының қазақ тілді оқулықтарды дайындаудағы өзіндік үлесі

  4. Қазақ зиялыларынң қазақ баспасөзін ұйымдастырудағы қызметіттері.

  5. «Қазақ» мерзімдік басылымы.

  6. Қазақ халқының салт-дәстүр мәдениеті туралы мәлімет берген қазақ мерзімді басылымдары.

  7. 1 Рухани жанданудың, тілдің, мәдениеттің, дін мен ұлттық тұтастық мәселлелерінің баспасөз беттеріндегі орны.

  8. 2 Мұсылмандық баспасөз дәуірі.

  9. 3 Ағартушылық, жаңаәдістік мектептер, ұлттық сана-сезіи мәселелерінің арқылы халықтың прогрессивті ұлттық сана-сезімнің мәселелерінің көтерілуі, әйел жағдайы, татар, орыс мәдениеті және т.б жөнінде.

  10. Газет арқылы халықтың прогрессивті ұлттық сана-сезімінің қалыптасуы.


Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Мәдениеттің мәндер әлемі ретіндегі орнын анықтау және оның нақты мақсатын көрсету.



Әдебиеттер: 2,3

Өзіндік оқуға арналған тақырыптар

Тақырып 1. Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы пәні

1. Қазақ халқының р рухани мәдениетінің тарихы түсінігінің анықтамасын, қалыптасу тарихы жөнінде реферат жазып келу

2. Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы жөнінде жазылған монографияларды еңбектерді оқып шығып, талдау.

Тақырып 2. қазақ халқының рухани қайта өрлеуі

Рухани жанданудың, тілдің, мәдениеттің, дін мен ұлттық тұтастық мәселлелерінің баспасөз беттеріндегі орны. арқылы талдау.

Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы – реферат жазу

10. СОӨЖ кеңеснамаларының кестесі

(СОӨЖ СӨЖ-дың 25%-ын құрайды)




Оқу түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сұрақтары бойынша кеңес беру




11.20

12.00














2.

Тәжірибе тақырыптары бойынша кеңес беру







12.35

13.25











3.

МӨЖ тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес беру



















4.

Рефератты орындау бойынша кеңес беру

16.00

17.00

















5.

Тест тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес беру










14.20

15.00







Барлық сұрақтар бойынша кеңеснамалар ағымдағы семестрдің СОӨЖ кестесіне сәйкес іске асырылады



11. Студенттардың білімін тексеру кестесі

Дәріс пен тәжірибелік сабақтарға қатысу 0-100 балл бағаланады


Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі



Жұмыс түрлері

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Орындалу мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Баяндама

Мәдениет артефакттер әлемі және адамзат іс-әрекеті әлемі және оның өнімдері ретінде болуы

Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері

4 жұма




5-ші жүма

2

Эссе

Ата-баба діні. Түркілер неге мүсылман болды?

Бүлүтай М. Ата-баба діні. Нүртазина Н.Д.Қазақ мәдениеті және ислам.

6 жұма




8-ші жұма

3

Межелік бақылау

Модуль 1,2







коллоквиум

8-шы жұма

4

Эссе

Қазақ халқының мәдениетінде тарихи қалыптасқан этикет ережелері, киіну рәсімі, адамдар арасындағы қарым-қатынас нормалары және т.б. мәдени кодтар ретінде




10 жұма




11-ші жұма

5

Баяндама

Байтүрсынов А.

Байтүрсынов А. Шығармалары

12 жұма




12-ші жұма

6

Межелік бақылау

Модуль 3,4







коллоквиум

15-ші жұма

12. Студенттардың білімін тексеру критерийлері


Пәннің игерілуі жыл өткен мәліметті құрайтын аралас түрде (тест+ауызша) өтетін емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберу шарты ретінде бағдарламада қарастырылған барлық тапсырмалардың орындалуы міндетті шарт ретінде қарастырылады.

Әрбір тапсырма 0-100 балл негізінде бағаланады.

Жіберу рейтингісі ағымдағы сабақтардағы барлық тапсырмалардың орындалуының (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, СӨЖ бойынша тапсырмалар, тәжірибе бойынша тапсырмалар және т.с.с., өтпелі бақылау) орташа арифметикалық жиынынан анықталады.

Қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс оқу бағдарламасының (барлық зертханалық жұмыстардың, СӨЖ бойынша жұмыс пен тапсырмалардың орындалуы мен тапсырылуы) барлық талаптарын орындаған және жіберу рейтингісін алған (50 баллдан кем емес) студенттар жіберіледі.

Әрбір пән бойынша студентардың білім жетістіктерінің деңгейі (оның ішіндеМЕ қорытынды бақылау түрі бар пәндер бойынша да) қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Ол МБ мен ҚБ (емтихан, дифференциалды есеп немесе курстық жұмыс/жоба) бағаларынан олардың таразылық үлестерін (МБТҮ мен ҚБТҮ) ескере отырып есептелінеді.

Қ = МБ*0,6 + ҚБ*0,4

Таразылық үлестер жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және де МБ үшін 0,6-дан артық емес, ал ҚБ үшін 0,3-тен кем емес болуы тиіс.

КЖ/КЖ комиссия алдында қорғалады. Баға көрсетілген білімге сәйкес және жетекшінің түйіндемесін есепке ала отырып қойылады.

Пән бойынша қорытынды баға тек егер де жіберілу рейтингісі бойынша және де сонымен бірге қорытынды бақылауы бойынша жағымды бағаларға ие болған кезде ғана есептелінеді. Қорытынды бақылауға себепсіз жағдайлармен келмеу «қанағаттанарлықсыз» бағасына сәйкес келеді. Емтихан мен аралық аттестацияның қорытындысы студенттарға сол күні немесе егер де жазбаша емтихан күннің екінші жартысында өткізілген жағдайда екінші күні хабарландырылады.

Студенттың межелік бақылау (рейтингі) мен қорытынды емтихандағы білімінің қорытынды бағасының дұрыс есептелуі мақсатында олар пайыздық мөлшерде 0-ден 100%-ға дейінгі аралықта бағаланады.

Межелік бақылаудың бағасы ағымдағы бағалар мен межелік бақылаудың бағасынан есептелінеді.
Студенттардың білімін бағалау.


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллдардың сандық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйедегі баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Хорошо

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


13. Оқытушының талаптары, саясаты мен тәртібі

Әрбір студент сабақтың барлық түріне қатысуға міндетті, топтың тақырыпты таллқылауында белсенділік танытып, өз курстарыныңыздық қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Сабақта өзін-өзі устаудың алгиақтығына шара қолданылыды, типті аудиториядан қуылғанға шейін. Мен сіздерден мына талаптардың орындалуын талап етемін: сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілсін, аудиторияға сырт киімен кірмеу, университеттің ішкі ережесін бұзбау.

Сабақтың жібергендерге мен мынадай айыптық санкция белгілеймін; белгісіз себептермен дәріс, тәжірибе сабақтарына қатысқапағандардан 3 балл алынып тасталынады.

Үй тапсырмасын орындағандарға ең жоғарғы сандық 11 балл қойылады, сөннымен қатар тәжірибелік сабақты болмағанға (белгісіз себептермен) – 0 балл, үй тапсырмасы орындалмай қолғандықтан – минус 1 балл. Осы жіберілген сабақтарды магистрант қайыра орындап шыққан жағдайда ең жоғарғы 10 баллдың орнына 5 балл қатылады, алайда тәжірибе сабағында белгілі себептермен қатыса алмай қалған жағдайда 11 балл қоямын. Магистранттардың өздін жұмысы орындалса 1 балл, орындалған жағдайда 0 баллмен өлшенеді.

Әрбір сабаққа дайындық міндетті, берілген тапсырма толығымен оқылуға тиіс. Сіздің дайндығыңыз тәжірибе сабағы барысында сұрақ беру мен тест тапсырмаларын арқылы пәннің әрбір аяқталған тарауы барысында тексеріледі.

Дәрістік және тәжирибелік сабақ барысында белсенділік танытқан магистрант марапатына 3 балл қосылады. Белсенділікке жауап берген магистранттың айтарына қосымша тың материалдар ұсыну.

Егер сіз бақылау шаралары уақытында белгілі себептермен қатыса алмасаңыз, сізге келесі сабақтың барысында қайта өтуіңізге мүмкіндік беріледі, басқаша жағдайда сіз «0» баллға не баласыз.

Семестр барысы 2 мәрелік бақылаудан тұраып тест түрінде өтеді. Тест бақылауы пәннің өтілген тараулары материадарынан беріледі.


14. Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1 Аль-Фараби. Избранные трактаты. Пер. с араб. Алматы, 2013



2 Баласагуни Юсуф. Благодатное знание. Л. 2010

3 Қожа Ахмет Йассауи. Диуани Хикмет(Ақыл кітабы). А., 2010

4 Махмүд Қашғари. Түркі тілдерінің сөздігі. 1,2-т., А.,2010

5 Дулати. Тарихи Рашиди. Алматы.2010

6 Абай(Ибраіим) Қүнанбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, 210



7 Бартольд В.В. Сочинения в 9-ти томах. Т.6. Работы по истории ислама и Арабского Халифата. М.,2013.

8 Валиханов Ч.Ч. Избранные сочинения в 5-ти томах. Алма-Ата,

9 Ақсауыт.Батырлар жыры.1 том. А.2010

10 Бес ғасыр жырлайды.1 том. А.2010.

11 История Казахстана в арабских источниках. Т.І. Алматы.,2010.

12 Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. I том. Алматы., 2010.

Қосымша:

13 Адамбаев Б. Казахское народное ораторское искусство. Алматы, 2010.

14 Акишев А.К. Искусство и мифология саков. Алма-Ата, 2010.

15 Абуов А.П. Мировоззрение Ходжа Ахмета Ясави.Алматы,2010.

16 Акатаев С. Мировоззренческий синкретизм казахов. Алматы,2010..

17 Аязбекова С.Ш. Картина мира этноса: Коркуд Ата и философия музыки казахов. Алматы, 2010

18 Әуезов М.О.Әдебиет тарихы. А., 2010

19 Байтүрсынов А. Шығармалары. Алматы, 2010.

20 Батырлық дастандар.А. 2010.

21 Базарбаев М. Казахская поэзия: художественные искания. Алматы, 2008

22 Бенингсен А. Ламарсье-Келкежей. Пресса и национальные движения среди мусульман России до 1920 г. Алма-Ата, 2010

23 Бердібай Р. Эпос - ел қазынасы. Алматы,2011.

24 Бүлүтай М. Ата-баба діні. Түркілер неге мүсылман болды? Алматы, 2011.

25 Бүхар жырау Қалқаманүлы. Шығармалары. Алматы, 2011.

26 Қазақ әдебиетінің тарихы. 3-том. Алматы, 2000.

27 Нүртазина Н.Д.Қазақ мәдениеті және ислам. Алматы, 210..



28 Нысанбаев А. Сарсенбаева 3. О традиционной этике казахов.Алматы.2010.

29 Нурланова К.Ш. Эстетика художественной культуры казахского народа. Алматы,2010
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет