Махаббатқа толы жүрек



жүктеу 25.25 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі25.25 Kb.

Даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған акция атауы:

«Мейірім бізден»

Кіріспе.

Тілек тілеу: (Мектеп-балабақша директоры Мастура Насиқызы келген отбасыларына құттықтау сөзін арнайды)

Психолог:- Құрметті ата-ана және сүйкімді балалар баршаңызды Отбасы мерекесімен құттықтаймыз! Отбасыларыңызда береке-бірлік, татулық пен сүйіспеншілік тілейміз! Мейірімділік - жүректен» - дейді дана халқымыз. Кезінде Абай атамыз да өзінің қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» - деген. Махаббат барлық адамгершілік бастауы десек, адам жүрегі махаббатқа сүйіспеншілікке толы болса ғана: мейрімділік, адалдық сияқты асыл қасиеттер байқалып тұрады. Бар мейрімділік, адалдық сияқты асыл қасиеттер байқалып тұрады. Бар мейрімділік, ізгілік, рақымдылық, имандылық, бауырмалдық, секілді ізгі қасиеттер жұдырықтай жүрегімізден шығатындай. Сондықтан да болар мейірімсіз, қатыгез жандарды «тасжүрек» екен деп жататынымыз.Мейрімділік дегеніміз не?

Мейірімді – ол өзгелердің игілігі үшін қамқор болу. Мейірімді жан қашанда өзге адамға, туған-туысқандарға, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады.

«Қарға сүйеді баласын аппағым деп,

Кірпі сүйер баласын жұмсағым деп» - демекші, ата-анамыздың бізді қандай болсақ та бәрінен артық көріп, әрі баласының жетістікке жеткенін қалайтыны анық. Сондықтан да балаларыңызды қиын тағдырға мойынұсынбай тәрбиелеп, еркелетіп, бірге қуанып, бірге күліп, сүйеніш болып жүргендеріңізге алғысым шексіз.



Слайд:«Сенің және біздің жетістігіміз»(даму мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылығынан алған жетістіктерін көрсетіледі).

«Менің отбасым» фотосуреттерден көрініс (әңгімелеу)

Тренинг:«Менің және отбасымның жүрегі» (ата-анасы мен баласы отбасы

жүрегін суреттейді)



Психолог: Махаббат қайда деме – жүрегіңде,-дегендей бауырмалдық, мейірімділік, махаббат, кішіпейілділік тағы да басқа асыл қасиеттер жинақталған жүрегіміз тек шаңырақтарыңызда нұрын шашсын деген ниетпен акциямызды қорытамыз.

Акция соңында мектеп директоры М.Н.Кабиева отбасыларға мерекелерімен құттықтап, мектеп әкімшілігінің атынан шағын сыйлықтарын табыс етті.

Акция кезіндегі фотосуреттер:










А.Құсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – балабақшасы



Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен

және ата-аналарымен жұмыс

(мейірімділік акциясы)




Өткізген: психолог Г.Қ.Саламатова

әлеуметтік педагог М.Х.Елекенова
Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет