Махамбет Өтемісов атындағы



жүктеу 0.55 Mb.
бет1/4
Дата29.04.2018
өлшемі0.55 Mb.
  1   2   3   4

Махамбет Өтемісов атындағы

Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін» Институт директоры

М.М.Нагимова

аты-жөні


____________________

қолы


«__»__________ 2010ж.
Өнер институты

«Вокал және аспаптық орындау» кафедрасы мамандығы бойынша

кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған



«Мамандыққа кіріспе»

(пәннің атауы)

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


Курс – І
Семестр – І

Кредит саны – 1

Практикалық сабақ – 15 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 15 сағат

Емтихан – І-семестрде – 0,3 сағат

Барлығы – 30.55 сағат


Орал 2010 ж.
Пәннің оқу әдістемелік кешені __ Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының типтік бағдарламасы. Алматы, 2006 ж.

__________________________________________________________________

типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

(типтік бағдарлама атауы, қаласы, жылы)


Құрастырушы: оқытушы Шакенова А.Н.

(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)

___“ _қыркүйек___ 2010 ж. №_1_ хаттама

Кафедра меңгерушісі: Бабенко О.А. _____________

(аты-жөні) (қолы )


_____________ институтінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.

“ __“ _қыркүйек__ 2010 ж. № 1 хаттама


_________________институттың оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы



Өтегенов И.Ө. ________________________

(аты-жөні) (қолы )



1. Пәннің оқу әдістемелік-кешені __Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының __Алматы 2003ж.__

типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.
1.КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS)


    1. Оқытушы туралы мәлімет

Оқытушы: Шакенова А.Н.

«Вокал және аспаптық өнер» кафедрасы

Достық көшесі, 137

Жұмыс телефоны: 51-27-39


1.2 Пән туралы мәлімет

Орындаушылық өнер тарихы

Семестр 15 аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.

Әр кредит - бір байланыс сағаттан (практика) және оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (СОӨЖ) тұрады.



Кредиттің аптаға бөліну кестесі:

Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

50 минут

Орындаушылық өнер тарихы

V 13.10- 14.00

Өту орны: № 4 оқу ғимараты, № 413 аудитория



Оқу жоспарынан көшірме: (мысалы 4 кредитке)

Курс

Семестр

Кредит саны

Дәріс

СОӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

1

1

1

15

15

30

емтихан




    1. Кіріспе

Пән бойынша мағлұмат: Дәстүрлі өнерді көз қарашығындай сақтап, әр аймақ күйшілік мектеп дәстүрінде негіз алып жан – жақты дамыту, орындаушылық және ұстаздық шеберліктерінің қарқынды дамуымен, музыка мамандары қызыметінің ұлағаттылығы мен жіті бағыты арқылы атқарылатын абыройлы іс. Ансамбль пәні студенттердің өз бетімен ойлау қабілетінің, орындаушының бірін- бірі есту, нотаны бірден оқу үлгілерін, әдістерін жете білуге үйретеді. Музыкалық ойлау қабілетінің қалыптасуы есте сақтау, зейін, музыкалық дағдысын жетілдіру, шығармашылық ойлау, өз бетімен жұмыс дағдысын, шығармашылық құлшыныс нәрін құю. Оқушыны өз орындаған шығармасына сын көзбен қарауды үйретіп, жалпы өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Күй – халқымыздың мұңын – мұңдап, жоғын жоқтап, арман, мақсат, мүдде жырлаған. Елдің басына түскен ауырпашылықтар, қуанышы, күйініш-сүйініші домбырадан күй болып үн қатқан. Күй - халқымыздың жан серігі. Тамырын терең тартқан далалық өнер заман ағымына байланысты қалалық мәдениетке ұласты.

Алғашқы сүйенетін тұғырымыз академик А.Жұбановтың саралауына жүгінетін болсақ, домбырашылық дәстүр: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Абыл, Адай, Байсерке, болып жеті мектепке жіптелген. Кейінгі зерттеулердің нәтижелері бойынша бұған Сыр бойы, Қаратау, Алтай-Тарбағатай күйшілік мектептері қосылды. Күй үйрету жүйесі осы аталған мектептердің күйлерін меңгеру арқылы жүргізіледі.

Жоғарғы оқу орындарының басты алға қойған мақсаты – білімді де білікті, тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы үшін қызмет ететін мамандар даярлау болып табылады. Осы мақсатта М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Мәдениет және Өнер» институты «Вокал және аспаптық орындау» кафедрасының 1 курс студенттеріне «Орындаушылық өнер тарихы» пәні өткізіледі. Кәсіби сахна шебері мамандарын, яғни, орындаушыларды даярлау кафедраның басты міндеті мен мақсаты.

Пәннің негізгі бағдарламалық жұмысын кафедра атқарады. Емтихан, бақылау уақыттары белгіленіп, жетекші оқытушы тағайындалады. Сабақ мамандықтан беретін оқытушының жетекшілігімен өтеді.

Пәннің әрбір тақырыбы басында тарихын қамтитын және оның орындаушылық мүмкіншілігін баяндайтын теориялық материалдарды ұсыну тиімді болады. Сабақ кезінде студенттерге аспапта орындап көрсетіп, орындаушылық тәжірибесін шыңдауға практика есебінде көмектескен жөн. Жеке орындаудағы музыкалық шығармадан үзінділер, үнтаспалар, аудио-бейнетаспалар тыңдату өте пайдалы. Бұл оқытудың негізгі формасы болып табылады.

Орындаушлық өнер тарихы - «мамандық дәрістері» бойынша жүргізілетін басқа пәндермен бірге студенттерге профессионалды дағда беріледі, шығармашылық жұмысқа сана-иліммен қарауды, тәрбиелік, қазақ музыка өнеріндегі халық аспаптарының маңызын сезіндіруге тырысады.

Ансамбль сыныбы өзге пәндермен қатар, қобызшылардың кәсіби білімін деңгейін әрі шығармашылық орындаушылық белсенділігін арттыруға ықпал ететін маңызды пән. Ансамбльдік орындаушылықты дамыту, орындаушылардан үлкен күш жігер мен кәсіби шеберлікті талап етеді. Ансамбльде ойнай білу студенттен жеке сыныпта мамандықты игеру процесіндей үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Ансамбль сыныбынан дәріс алушылар болашақта жеке орындаушы болумен қатар, танымал оркестрлерде, ансамбльдерде қызмет істей алады.



Пәннің мақсаты:

«Орындаушылық өнер тарихы» пәндер циклінің ішіндегі ең маңызды пәндердің бірі болып табылады. Басты мақсаттарының бірі - кәсіби орындаушылық деңгейі жетілген ансамбль орындаушыларын дайындау. Сабақтың жүргізілуі жеке орындаушылықпен және концертмейстерлік әдістемемен, халық аспаптар оркестрінде ойнай білу жүйесімен ұштастырылған жан-жақты білімді, ой-түсінігі көркем, композиторлық шығармашылықтың әртүрлі сильдері мен бағыттарын бағдарлай біле алатындай қабілетті артист – ансамбль орындаушысын дайындау болып табылады.



Бір жүйеге түсірілген ансамбль сыныбы пәнінің алға қойған мақсаттары мынадай:

  • ансамбль орындаушысы ретінде концерттік тәжірибе жинақтау;

  • ансамбльге арналып жазылған оқу-әдістемелік әдебиеттерді шолу, білу және репертуарын нотаға түсірілген тың шығармалармен байыту;

  • орындаушылық шеберлікті дамыту, әрі ансамбль мүшелеріннің саз аспаптарын шебер еркін меңгеруін қадағалау;

  • орындалуға берілген шығармалардың көркемдік құрылымын талдай білу, формасын терең түсініп стильдік ерекшелігін қабылдай білу;

  • әртүрлі жанрдағы домбырашылар ансамблі, фольклорлық-ансамбльдік, оркестрлік саз туындыларды нақыштай білу.

Студенттермен ансамбль сыныбын өткізгенде шығармашылық мақсаттардан басқа да қасиеттердің дамуына көңіл бөлінеді:

  • әріптестерін тыңдай білу;

  • ортақ үндестікті сезіну;

  • сәйкес синхронды орындаушылықтың принциптерін түсіну;

  • шығарма жылдамдығын, динамикасын білу;

  • артикуляцияны, орындау қағыстарын, фразировканы, аппликатураны бірге қабылдау.

Пәннің міндеті:

Оның негізгі міндеті халық күйлері мен әндерін, классикалық музыканы көпшілік қауымға жеткізу, сонымен қатар көрермен-тыңдарманның өнерге деген талғамының жоғары және талабының биік болуына бірден-бір себепші бола білу.

Пәннің оқу процесіндегі маңызды ролі оқытушыға, яғни, ұстазға байланысты болып келеді. Өйткені, оқытушының өзіндік стилі, эстетикалық-дүниетанымдық ұстанымы мен талғамы, оқыту әдістері мен заңдылықтары және басқа салалардан хабары жоғары, аспапты үйретуде кездесетін студенттің сұрағына толық жауап бере алатындай білімді де сауатты болуы шарт. Сондай-ақ, оның міндетіне студенттердің орындаушылық ізденісін, шығармашылық талғамын қалыптастыра отырып, тәжірибе жинақтауға бағыт-бағдар беру; ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан дәстүрді, қазіргі заманғы өнер үрдісімен сабақтастыра отырып мамандықтың түрлі салалары: оқытушы, ансамбль және оркестр мүшесі, музыкалық шеберлігі мен деңгейі биік жеке орындаушы қобызшылар дайындау; ол үшін студенттің музыкалық қабілетін, орындаушылық деңгейін, өз бетімен жұмыс істеуге баулу жатады.



Пәнді оқыту барысындағы оқытушының негізгі міндеттері:

  • Мамандық дәрістері бойынша жүргізілетін басқа пәндермен бірге студенттерге кәсіби білім беріп, шығармашылыққа сана сезіммен қарауды, музыка мәдениетіндегі қазақ ұлт аспаптар өнеріне сүйіспеншілік сезімін оятып, дамыту.

  • Музыканттардың көркемдік және техника шеберлігінің өсуіне көмектесу.

  • Студенттерді халық аспаптар оркестрі, әртүрлі ансамбль ұжымдарында жұмыс істеу мақсатында биік дәрежелі тәжірибелік дағды беру.

  • Ансамбль мүшелерін жеке және коллективті жауапкершілігімен қатар шығармашылық тәртіпке тәрбиелеу.

  • Ансамбльде ойнаудың нәтижесінде студенттердің көркемдік талғамын жетілдіріп, орындалытын шығармалардың стилін түсініп, ырғақ сезімін дамыту, ансамбль дауыстарын бәрін есітіп, өз партиясын бүткіл шығарманың үндесу жоспарына сәйкес, ансамбльде ойнаудың қажетті тәсілдерімен студенттерді таныстыру.

  • Студенттардің санасында ансамбль - музыкаға деген эстетикалық көзқарастары бірдей ұжым мүшелері екенін ұғындыра білу.

  • Ансамбль мүшелерінің кәсіби дайындығының дәрежесі әртүрлі екенін ескере келе, шығармамадағы партияларды студенттердің қабілеттеріне сай құрастыру.

  • Ансамбль орындаушыларының профессионалды дәрежеде өсіп жетілуіне орындалатын репертуардың маңызы зор. Оқытушы композиторлардың әр-түрлі стильдерін пайдаланып, қазақ композиторлармен қоса, шет шығармаларында қосу үйрету міндет.

  • Домбырашылар ансамбліне арналған репертуар әдетте қазақ әндері мен күйлерінің өңделіп, ансамбльге лайықталған шығармалардан тұрады.

  • Ансамбль мүшелері солист-орындаушыға қарағанда шығарманың эстетикалық проблемаларының шешілуіне көзқарастары бір болу керек.

  • Ансамбль музыкалық эстетикасы бір жерден шығатын коллектив мүшелері.

  • қазақтың халық аспаптарының шығу тарихымен таныстыру;

  • қазақ халық аспаптары оркестрінің дүниеге келуімен, әр кезеңдегі жетілдіріп отыру тәжірибесімен таныстыру;

  • қазақтың халық аспаптарында орындаудың жеке және ансамбльдік дамуының тарихи кезеңдері;

  • танымал аса көрнекті орындаушы-музыканттардың орындаушылық стилі мен қағидаларын меңгеру;

  • домбыра аспабының репертуар дамуының кезеңдерін үйрену мен меңгеру.

  • Оқу бағдарламасының нәтижесінде ғасырлар бойы қалыптасқан халық дәстүрлерін біліп-сезінетін, ұлттық патриотизм рухында тәрбие алған жоғары ой-сезімді мамандарды дайындау.

  • Жұмыс барысында оқытушы студенттің домбыра аспабына арнайы жазылған шығармалар үлгілерімен таныстырып отырып, әр шығарманы сезініп, көркемдік мазмұнымен таныстыра, студенттің орындаушылық қабілетін жетілдіру. Орындаушылық өнердің әртүрлі бағытта дамып келе жатқан алуан түрлі бағыттарын ескере келе, студенттер санасында өзіндік көзқарас, орындаушылық мәнерді қалыптастырып, өз бетімен жұмыс істеуге баулу.

  • Оқытушы өзінің әр сабағын халық аспаптарындағы орындаушылық тарих, әдістеме, өнер тарихы, көркем әдебиеті пәндерімен ұштастыра келе өз жоспарында студенттің жеке қабілеті мен мүмкіншіліктерін әрдайым ескеріп отыру жөн.

  • Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі өнердің озық үлгілерін ұсынып, студенттердің кәсіби шеберлігін дамыту.

  • Мамандықтың әртүрлі саласы жеке орындаушы, ансамбль мүшесі, оқытушы ретінде көркемдік музыкалық шеберлігі мен біліктілігі биік деңгейдегі домбырашы дайындау.

  • Шығармалардың мазмұнын өз бетімен аша біліп, тыңдаушыға шебер орындаушылық деңгейде жеткізе білу. Ол үшін студенттің кәсіби мүмкіндіктерін жан-жақты ашып, бойындағы музыкалық қабілетін дамыту әдіс-тәсілдерін іздестіру.

  • Дәуір белестерінде дүниеге келіп, дамып қалыптасқан күй өнері жөнінде студенттерге барынша толық мағлұмат беру. Домбырашылық мектептің барлық түрін ескере отырып, күй мәдениетінің қоңқырлылығы жөнінде жанрлық, стильдік, пішіндік (форма) ерекшеліктерімен таныстырып, студенттердің орындаушылық өнерін дамыту.

  • Домбыра өнерінің даму эволюциясын, қазіргі кездегі оның биік үлгіде жазылған шығармалардың орындаушылық мәнеріне тоқталып, композитор туындысының мазмұнын аша алатындай әдістемелік нұсқауларды студенттерге ұсыну.

Пререквизиттер «Ансамбль» пәні «Мамандық», «Оркестрлік класс», «Сахна шеберлігі», «Қазақ музыка тарихы», «Орындаушылық өнер тарихы» және теориялық пәндер циклынан «Сольфеджио», «Музыкалық шығармаларды талдау», сонымен қатар, гуманитарлық «Педагогика» мен «Психология» пәндерімен де тығыз байланысты.

Постреквизиттер «Халық аспаптарда орындау әдістемесі» пәнін өткен студент курс соңында төмендегідей талаптарды білуі шарт:

  • домбыра аспабында ойнаудың алғашқы және негізгі міндеті - аппликатура мен штрихпен жұмыс жасау шеберліктерін білу;

  • шағын және ірі көлемді шығармалармен жұмыс жасай білу;

  • өз бетімен жұмыс жасай ала білу;

  • ансамбль, оркестрде орындаушы ретінде жұмыс жасай білу ерекшеліктерін меңгеру;

  • дыбыс шығарудың тәсілдерін меңгеру;

  • дәстүрлі орындау өнерінің шығу тарихы мен даму кезеңін меңгере білу;

танымал аса көрнекті орындаушы-музыканттардың орындаушылық стилі мен қағидаларын меңгере отырып оны талдай білу, солардың үлгілерімен жұмыс істей білу;

  • домбыра репертуарларының кезеңімен таныс болу.

Оқыту әдістемесі:

Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.



І – жарты жылдық кесте бойынша

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет