Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайдың ешқашан той тойлап, әңгіме-дүкен құратын жиын болған емес екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Тоқаев бұл жиынның Атырау облысында тектен тек өтіп жатпағанын жеткізді.

“Алғашқы отырыс Ұлт ұясы Ұлытау жерінде өтсе, былтыр киелі Түркістанда жиналдық. Бүгін тағы бір тарихи өлке – Атырау облысына келіп отырмыз. Үшінші отырыстың Жайық жағасында өтіп жатқаны тегін емес. Әйгілі Сарайшық қаласы осы жерге тиіп тұр. Бұл шаһар Ұлық ұлыстың, кейін Қазақ хандығының маңызды әкімшілік және сауда орталығы болғаны тарихтан белгілі”, – дейді президент.

Ұлы Жібек жолының бойында тұрған қала бір кездері айрықша геостратегиялық рөл атқарғанын атап өткен мемлекет басшысы батыс пен Шығыстың экономикалық, саяси, мәдени қарым-қатынасына ерекше ықпал еткеніне тоқталды.

  • Жаңа форматта тойланатын Наурыз мейрамында қазақстандықтар қанша күн демалады
  • Қазақстанда алқабилер енді судьялардың ықпалынсыз шешім қабылдайды

“Атақты хандарымыз осы жерге ордасын тігіп, ел билеген. Бірқатары Сарайшықта мәңгілік мекенін тапқан. Тарихшылардың пайымдауынша, Қазақ хандығын қуатты мемлекетке айналдырған Қасым хан осында жерленген. Бір сөзбен айтсақ, Сарайшық – төл шежіремізде айрықша орны бар киелі шаһар. Біз елдігіміздің негізін қалап, оны ұрпаққа табыстаған бабалар рухына тағзым етеміз. Алайда, өткенімен ғана өмір сүретін жұрт өркениетті ел бола алмайды. Ұлт сапасын жақсартамыз десек, бір ел болып жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыруымыз қажет”, – деп жалғады президент.

Сөзін жалғай келе Тоқаев “Құрылтай – ешқашан той тойлап, әңгіме-дүкен құратын жиын болған емес, келешекте де ондай болмайды” деді. Ол алдыңғы екі отырыста елімізді дамытуға қатысты маңызды бастамалар көтерілгенін және оның біразы орындалғанына назар аударады.

“Жалпы өзгерістер барлық салада болып жатыр”, – дейді Қазақстан президенті.

Бұған дейін Тоқаевтың басшылығымен Атырауда Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы басталғаны хабарланған.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.