Бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқан соң қазақстандықтардың көбінде электронды құжатында туған күні өзгеріп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: wikipedia.org

eGov.kz сайтында және қолданбасында, сонымен қатар белгілі банктердің бірінде "Цифрлық құжаттар" бөлімінде қазақстандықтардың туған күн датасы бір күнге артқа шегерілген.

Бұл өзгеріс Астана, Алматы, Шымкентте және еліміздің тағы 12 облысында сағат тілі бір сағатқа артқа жылжыған күннің ертеңінде байқалды.

Кейбіреулерде жеке куәлікте, басқаларында жүргізуші куәлігінде немесе төлқұжатында туған күні өзгергені белгілі болды.
eGov.kz-тің мәлімдеуінше, мәселе "Құжаттарды жаңарту" батырмасы арқылы шешіледі. Жаңарту батырмасын бірнеше рет басу қажет. Бұған қоса қолданбаңызды жаңарту ұсынылады.

Скриншот eGov mobile

Сонымен қатар "Kaspi.kz" қолданбасы Цифрлық құжаттар" бөлімінде бүгін 12:30-ға дейін сервис қайта істейтіні туралы ақпарат берген.

Еске салайық, 2024 жылы 1 наурыз күні сағат 00:00-де сағат тілі қайта 23:00-ге ауысты. Бұған дейін мобильді абоненттер мен банктер уақыттың ауысуына байланысты сервисте ақау туындауы мүмкін екенін айтқан еді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.