Мақсаты: студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру. Міндеттері



бет1/8
Дата20.10.2022
өлшемі0.96 Mb.
#177209
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Біртұтас үрдіс



«Педагогика» пәні бойынша студенттердің өздік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаудың мақсаты:

  • студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.

Міндеттері:

  • дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету және теорияны практикамен байланыстыру;

  • библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;

  • алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу;

  • зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;

  • өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;

Студенттердің өздігіңізден орындайтын өздік жұмысы оның курс бойынша меңгерген білімі мен рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңа айтарлықтай ықпал жасайды. Сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын студент өзі орындауға тиіс.
Өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, таблица құру, реферат, коллоквиум, сөзжұмбақ, пікірталас, конспект бойынша талдау, аннотация жазу және т.б. Оларды орындау үшін оқу әдістемелік кешеннің мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген.
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер:

  1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.

  2. Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында даялануға дағдылану.

  3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

  4. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

  5. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

  6. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.

Өздік жұмыс түрлері: ауызша; жазбаша; практикалық; теориялық; шығармашылық. Өздік жұмысты орындау барысында ерік қалыптасады, жұмысқа қабілет, зейін, оқу еңбегі, тәртібі тәрбиеленеді.
Өздік жұмыс формалары: реферат жазу; конспектілеу; аннотация жазу; тезис орындау; ғылыми баяндамалар жазу және т.б.
Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет