Алматыдағы барлық мектептер мен балабақшаларда тұрғындарды қабылдау пункттері ашылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz (№170 эвакуациялық жиналу пункті. №155 жалпы білім беретін мектеп)

"Құрметті Алматы қаласының тұрғындары! Қазіргі таңда сейсмикалық жағдай тұрақты. Тыныштықты сақтауды сұраймыз”, – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

Төтенше жағдайлар департаменті тек қана сенімді дереккөздерден ақпарат алуды сұрады. 

Фото: Stan.kz(№170 эвакуациялық жиналу пункті. №155 жалпы білім беретін мектеп)

"Тағы да Алматы қаласы ТЖД ресми дереккөздерінің Almaty_Tjd (әлеуметтік желілер)мәліметтеріне сүйенуді сұраймыз. Қазіргі уақытта әкім Ерболат Досаев басшылығымен Штаб ашылды. Қаланың барлық мектептерінде және балабақшаларда халықты қабылдау пункттері ашылды”, – деді Алматы қалалық ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев.

Алматы қаласында байланысты 8 727 278 20 83 және 8 727 278 20 84 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді.

Фото: Stan.kz(№170 эвакуациялық жиналу пункті. №155 жалпы білім беретін мектеп)


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.