Материалдары



жүктеу 3.35 Mb.
бет11/20
Дата12.09.2017
өлшемі3.35 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

Әдебиеттер тізімі

  1. http://www.marsel.ru/articles/flexo.html

  2. http://www.alkor-4.ru/printoffice/ofsetnaya_pechat/rol_ofsetnoy_pechati/

  3. http://www.amnt.ru/services/printing/printing-types/

  4. http://www.centerpack.com.ua/stat17

  5. http://pechatnick.com/articles/geopressprint

  6. А. Д. Сафонов, Р. Г.Могинов 2014 г. Проектирование полиграфического производства. Учебник. Гриф МО РФ

  7. Олег Харин. Цифровая печать. Основные технологии и оборудование
    Издательство: Книга по Требованию. ISBN: 978-5-519-17031-4. 2015г.



Сұлтанбаева Э.С.,

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және

қоғамдық медиа кафедрасының аға оқытушы

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Медиаменеджмент технологияларының даму тенденциялары: әлемдік және ұлттық тәжірибе

элементтері негізінде

«БАҚ менеджерлерінің басқару ерекшеліктері қандай? Заманауи медиаменеджменттің табиғаты қандай?» Осы сұрақтар төңірегінде сөз қозғайтын болсақ, қазіргі заманғы экономика және БАҚ, медиаэкономика концепциясы, БАҚ нарығының құрылымы, мерзімді БАҚ-тың экономикалық ерекшеліктері, қазіргі заманғы баспасөз нарығының ұлттық ерекшеліктері, телеиндустрия ұйымдастыру модельдері, телеиндустрияның экономикалық ерекшеліктері, БАҚ экономикасының даму тенденциялары негізге алынады.

Әр елде менеджерге түрліше анықтама береді. Мәселен, американдықтардың түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады. Шетелдік масс-медиа нарығының дамуында билік пен бұқаралық коммуникация институттары арасындағы қарым-қатынастың өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, АҚШ-та коммерциялық негізде жұмыс істейтін радио және телехабар тарату қызметтеріне арнайы міндеттемелер жүктелген. Байланыс жөніндегі федералдық комиссия жарғысына сәйкес бір меншік иесіне қызмет ету аймағында жетіден артық радиостанция мен телеарна иеленуге құқы жоқ.

Ал Еуропадағы БКҚ қызметін билік тарапынан реттеу ХХ ғ. 80-жылдарынан басталады. Ұлыбританияда газет және газет активтерінің 500 мың тиражбен бірігуі Сауда және өнеркәсіп министрлігінің арнайы рұқсатынсыз мүмкін емес.

Ал Францияда жеке тұлға 10 мың данадан артық ұлттық күнделікті газеттің директорлығынан басқа ақпарат құралдарын иемдене алмайды. АҚШ, Ұлыбритания елдері тәжірибесінде бар телевизияға қатысты антимонополиялық нормалар Франция, Германия және Италия елдерінде енгізілмеген. Дегенмен Франция, Италияда импорттық және ұлттық телеөнімдерге квоталар енгізілген. Сондай-ақ Францияда телевизия бюджеті жарнамадан түскен табыстың 25 пайызынан аспауы тиіс [192, 126 б.].

Әлемнің дамыған елдерінде бұқаралық коммуникация құралдарын нарықтық және мемлекеттік реттеу мәселесі әлі де көптеген қарама-қайшылықтар тудырып отырған мәселелер қатарында. Баспасөз еркіндігі идеясы негізінен қоғамда еркін пікір алмасу механизмі ретінде қарастырылады.

Еуропалықтардың түсінігінше –менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адамдар.

«Менеджер –бұл жауынгер, оның үрейленуге және қателесуге қақысы жоқ, өзінің жеке мүддесін фирма мүддесіне бағындыра білуге, өзінің жанұясы – фирманың гүлденуі үшін күресуге әзір болуы тиіс». Жапониядағы менеджерлер мектебінің негізі жапон корпорацияларының болашық басшыларды даярлайтын арнайы оқу орындарының жүздеген тыңдаушылары осы өсиетті күн сайын қайталайды. Сонымен қатар, жапон менеджерлерінің басты ұрандарының бірі – бизнесте ұсақ-түйек жоқ. Олардың машиналарының ақ ақ шілтерімен перделенуі – ұсақ-түйек болып көрінгенімен, мұның өзі жақсы көрік береді. Жапондықтардың үнемі жымиып жүруінде де көп мән бар...

Екіншісі, алдағыны көре білу қабілеті. Жапондық менеджерлердің болашаққа зер салуы –оларға тән қасиет. Қазіргі кезде Батыс менеджерлері бұл ұстанымды өздеріне басшылыққа алған. Жапондықтар былай дейді: «Болашақтағы істі ұйымдастыра білу фирма қызметінің табысты болуының кепілі. Фирма басшысы өз жұмысының алдағы он жылын, жоғары буын басшысы бес жылын, бөлім басшысы үш жылын және бөлімше басшысы кем дегенде бір жылын болжалдай білуі тиіс».

Үшіншісі – өзіне сын көзбен қарау. Басшы өз ісіне сын көзімен қарай білуі тиіс. Жапон менеджментіне тән келесі сипат фирманың корпоративтік рухы, мұның өзі өмірлік жалданатын жұмыскерлердің, олардың еңбекақысының, жасының ұлғаюына қарай қызметінің жоғарылауының, шағын топтар психологиясын сіңірудің тегеурінді күші болып саналады. «Корпоративтік рух» ұғымы ұйымдық мінсіздік пен соның жолын ұстаушылық бірліктің, берілгендіктің көрсеткіші ретінде қабылданады. 

Өзіңді өзің көрсетуге тырыспа. Өзіңнің қарамағыңдағыларды да өзіңе қарсы қойма. Жапон менеджерлері осы талапты өздері ұстануы әрі басқа қызметкерлердің оны орындауын қадағалауы тиіс.

Бүкіл әлемге әйгілі «Сони корпорейшн» фирмасының басшысы Акио Маритоның пікірі ерекше көңіл аударарлық. Ол өзінің «Жапонияда жасалған» деген кітабында нағыз басшыға мынадай талаптар қояды:

Біріншіден, әдеттен тыс басқару проблемаларын шеше білу, нелер бір үйлеспейтін талаптарды үйлестіре білу;

Екіншіден, кең ауқымда ойлана білу. Нағыз менеджер нені болсын күні бұрын ойластыра білуі, дәл бүгін мол пайда бермегенмен болашақ үшін күрделі қаржы бөлуден тайсалмауы тиіс;

Үшіншіден, адамдармен қоян-қолтық жұмыс істей білуі тиіс. Менеджер мынаны есте сақтауы керек: кімнің де болсын шығармашылық қабілеті бар, оның міндеті – «барлық жұмыскерлер өз ақыл-ойын жұмсай білуі үшін» осы қабілеттерді аша білу. /Ахметов/

Cондай-ақ менеджер табиғатына Дракер сипаттама береді. Оның пікірінше, менеджер арнайы екі міндетті атқарады және де бұл міндеттер іскер кәсіпорын жұмыскерлерінің ешқайсысында жоқ.

Оның біріншісі – қолда бар ресурстардан «нағыз тұтас» өндірістік бірлік құру. Бұл жағынан алғанда менеджер оркестр дирижеріне ұқсас. Алайда дирижердің қолында композитор жазған партитура болады да, ол оны тек түсіндіріп берумен шектелетін болса, «менеджер –әрі композитор, әрі дирижерлік міндетті атқарады»./2/.

«Өнірістік бірлікті» құру міндетін шешу үшін менеджерге бүкіл әлсіз буындарды жою, барынша дамытуды қамтамасыз ету, ұйымдық мәселелердің барлық күшті жақтарын, бірінші кезекте адам ресурстарын пайдалану үшін тырысуына тура келеді. Кәсіпорынның күнделікті іс-әрекеті менеджердің көз алдында әрдайым елестеуі, ал қол жеткен нәтижелер барынша үйлестіріліп отыруы тиіс. Дирижер оркестрді қалай тыңдай білсе, менеджер де әрдайым тыңдай білуі тиіс. Нарықтық жағдайлардың жалпы іс-әрекетін қадағалай білуі тиіс.

Менеджердің екінші міндетіне – кез келген шешімді қабылдап, іс-әрекетке кіріскенде бүгінгі талапты ескерумен қоса, кәсіпорынның болашағы туралы ойланып-толғану жатады. Әрбір менеджерге, - деп атап көрсетеді Дракер, өзінің басқару міндетіне жатпайтын көптеген істерді атқаруына тура келеді. Алайда, барлық менеджерлер үшін олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.

Менеджер қызметінің мақсаты – өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, прогресшіл техника мен технологияны енгізу, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру және т.б. көздеген мақсаттарға жету болып табылады.

Ал атақты американ менеджментінің мектебі жақсы басшының 12 ережесін ұсынады:


  1. Басшы қуғындаушы болмауы тиіс. Өйткені қуғындаушы қарамағындағы адамның ізіне түседі, ал нағыз басшы соңынан ертеді. Қуғындаушы өзінің билігіне, ал басшы соңына ертушілердің ықпалы мен көмегіне сүйенеді. Қуғындаушы өзіне бағыныштыларды өсек пен күдік әлемінде өмір сүруге мәжбүр етеді. Ал, басшы қарамағындағыларды қауырт іске, сан алуан мәселелерді шешуге жұмылдырады.

  2. Басшы өз ісіне сенімді болуы әрі осы қасиеттерін қол астындағыларға көрсете білуі тиіс.

  3. Басшы ұйымдастыру және басқару туралы ғылымды жетік білуі тиіс.

  4. Ол қол астындағылардың уақытын бағалай білуі тиіс.

  5. Басшы қатал әрі талап қойғыш болуы керек. Алайда қаталдық пен талап қойғыштың ешқашанда кінәмшілдікке, мейірімсіздікке апармауы тиіс.

  6. Сынды қабылдай білуі әрі өзі де әділ сынай білуі қажет.

  7. Басшы жылы шырайлы әрі әдепті болуы шарт.

  8. Әзіл-оспақты түсіне білуі тиіс. Әдетте әзілдеу жақсы көңіл-күйге байланысты, ал, көңілділік еңбек өнімділігіне оң ықпал етеді.

  9. Айта да, тыңдай да білуі керек.

  10. Үнемдеуге тырысуы қажет, т.б.

Менеджмент ұғымына Э.Петерсон мен Э.Плоумен кеңірек түсінік береді. Бұлар Батыстағы іскерлік әлемге «Бизнес пен менеджментті» ұйымдастыру кітабының авторы ретінде танымал. Олар былай деп жазады: «Кең мағынада, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегеніміз адамдарға тән тенденцияда топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Мұндай топтың мысалына үкіметті, алуан түрлі клубтарды және іскер кәсіпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын оның өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді, айқындалады».

Басқарудың осындай жалпы қағидасы, деп атап көрсетеді авторлар, адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түп-негізгі мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады.



  1. Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылмағанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.

  2. Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.

  3. Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.

  4. Құрама одақтық (ассоциациялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелердегі секілді, мұнда да қызметкерлер тобының іс-әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.

  5. Бизнес-менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.

  6. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес-менеджменттің арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын функциясымен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді.

Э.Петерсон мен Э.Плоумен былай деп атап көрсетеді: менеджменттегі мұндай өзгешеліктердің көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрса да, бұлардың барлығы адамның мінез-құлқы туралы «негізге алынатын түсініктерге» сүйенеді. Осы аталғандар менеджментті жеке адамдар арасындағы технологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ.

Саясатта ең алдымен, бұқаралық ақпараттық-коммуникативтік процестер маңызды саналады. Ақпараттық қарым-қатынастарды ұйымдастыруда, алдымен қоғамдық пікірмен байланыс орнататын арнайы дайындалған саяси агенттер әрекет етеді. Бұл қызметтің қатарында мемлекеттің арнайы ресми институттары (олардың көсемдері мен жетекшілері, сондай-ақ қоғаммен байланыс жөніндегі ақпараттық бөлімдер) жатады. Бірде бір мемлекет, сондай-ақ билікке қатысты өз мақсаттарын әлеуметтік қолдауын арттыруға мүдделі бірде бір саяси субъект, шын мәнінде, қоғамдық пікірге ықпал етудің үгіт-насихаттық әдістерін пайдаланбауы мүмкін емес. Дегенмен ақпараттық нарықта ықпал етудің әдістерінің нақ осы формаларын қолдану қалай ақпараттық сапалық өзгерістерге әкелсе, солай коммуникативтік процестерді өзгертеді. Мәселен, азаматтардың санасы мен мінез-құлқын жүйелі түрде бақылау ақпараттық дезинофрмацияның орнын баса алатындай бұқаралық сананы тұрақты түрде билеп-төстеу мен жалған тәсілдерді пайдалануға, тұрғындарды алдауға әкеледі. Осындай сапалық өзгерістер биліктің бұқарамен байланысында да орын алады.

Үгіт пен насихат адам санасына ықпал етудің еркін бәсекелестік шекарасынан аттап өтіп, оның идеялық жаулап алу әдістерін алмастыра отырып, алдын ала бағдарланған бағалау мен қарым-қатынас, нақты бір мақсат пен құндылықтарды санасыз түрде қабылдау үшін санасын басып тастайтын писхологиялық қысымға ұшыратады.

Адам санасын жаулап алудың осынау тәсілдеріне қарағанда маркетингтік стратегия ақпаратқа деген сұраныс пен ұсынысқа қатысты қалыптасып, субъектіге қатысты ақпарат қажет уақытында қажетті орында оған қолжетімді болуына бағытталады. Осы ақпараттандырудың маркетингтік стратегиялары адам санасын бақылауға емес, оның сеніміне бағышталады, олар қандай да болмасын идея не мінез-құлық түрлерін директивтік бұйырғаннан гөрі өздеріне еліктіруді жөн санайды.

Ақпараттық нарықтағы осындай желі адамның ақпаратқа сұранысын алдын ала анықтау мен оның ақпараттандыру арналарына сеніміне тікелей байланысты. Бұл соңында олардың саяси мінез-құлқын саналы түрде таңдауына бағытталуы тиіс. Аталған әдістер демократиялық дәстүрлері дамыған, жақсы дамыған елдерде пайдаланылуы заңды да. Мәселен, билікке енді келе бастаған оппозициялық күштердің тұрғындардың әлеуметтік мінез-құлқын моральдық ынталандыруы мен анағұрлым ашық саясат жүргізуі дәлел болады.
Пайдалынылған әдебиеттер:

1. Кириллова Н.Б. Медиакультура: от модерна к постмодерну. – М.: Академический Проект, 2005. – С.7.

2. Рашкофф Д. Медиавирус. М.: Ультра. Культура; 2003. – 368 с

3. Куренной В. Медиа: средства в поисках целей // www.strana-oz.ru

4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури «Основы менеджмента», М., «Дело», 2002.

5. Оучи У.Г. «Методы организации производства: японский и американский подходы», М., 1993 г.



Kazhimuratova S.,

Senior Lecturer, Department of Media and Communications

KIMEP University
Experiential Learning: A Case Study of Teaching

Fashion Journalism course at KIMEP University
Abstract

The changes in the field of media and journalism profession have brought changes to the contemporary journalism education, current teaching and learning objectives, and into journalism training as a whole.

Journalism is a practical profession and students must practice and get hands-on experience during their studies in the university. Thus, in order to help students develop marketable skills and be able to smoothly transit into the world of work, the teaching methods and techniques should be selected very precisely and carefully by journalism educators.



Experiential learning is described as the process of learning through first-hand experience. It is aimed at absorbing and storing new knowledge, skills and experience outside academic setting. The concept of experiential learning was further developed by David Kolb in the beginning of 1970s. Initially, it has been introduced by John Dewey, Kurt Lewin, and Jean Piaget. Kolb has based his modern theory of experiential learning on the work of these scholars. According to Kolb, experiential learning is a “framework for examining and strengthening the critical linkages among education, work and personal development” (1984:4).

This paper reports on a successful experiential Special Topics Journalism course that extensively used active learning techniques and brought real industry projects into the classroom as part of the journalism students training. The format and content of the course as well as the process of learning and benefits derived for the students are discussed in the paper.




Әліқожа Б.

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының аға оқытушысы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Адам табиғаты мен психологиялық реңдерінің публицистикалық өрімі
Адамның мінез-құлқы, көңіл-күйі мен түстер арасында тылсым байланыс бар. Бұл бағытта жасалынған эксперименталды жұмыстар мен ізденістер көп-ақ. Бұқаралық ақпарат құралдары да түстердің психологиялық әлеуетін өздерінің өнімдерінде кеңінен қолданады. Бұл оқырманды тартумен қатар таным көкжиегін кеңейтуге де әсер етеді. Түстер мен адамның мінез-құлқының байланысын анықтауда швейцар психологы Макс Люшердің психологиялық тестілеуінің маңызы зор. М. Люшердің түс таңдау әдісі – проекциялық психологиялық зерттеу әдісіне жататын тестілеу. Люшердің пайымынша, түсті қабылдау объективті және әмбебап, ал түсті ұнату субъективті құбылыс, яғни адамның талғамындағы, т.б. ерекшеліктерге байланысты әртүрлі болады. Осы тұста түс таңдаудағы айырмашылықтар түс тестісі көмегімен субъективті жағдайларды өлшеуге мүмкіндік береді [1].

М.Люшер өзінің түстер бойынша тестілеу әдісін қолданып жүргізген 100 мыңдаған зерттеулерінің нәтижесін 1974 жылы жарық көрген «Тұлғаның белгілері» («Сигналы личности») еңбегінде жариялаған болатын. Зерттеуге қатысқан адамдар «Мен кіммін? Басқа адамдар қандай адамдар?» деген сияқты қарапайым сұрақтарға жауап алды.

М. Люшер тестілеуінің қысқа және толық екі нұсқасы бар. Люшердің түрлі-түсті тестілерінің қысқартылған «Сегіз түсті қатары» сынағында 73 түс кестесі көмегімен және 8 түс қатары қолданылады. Люшердің түстерді таңдау тестісі сыналушының белгілі бір әрекетке, көңіл-күйге, функционалдық жағдайға көбірек бейім екенін және тұлғаның барынша тұрақты сипаттарын айқындауға негізделген.

Шетел психологтары Люшер тестілеуін кейде кәсіптік бағдар бойынша іріктеу, өндірістік ұжымдарды жасақтау, этникалық, геронтологиялық зерттеулер, жар таңдауға кеңес беру кезінде қолданады. Таңдалынған түстердің маңызы әртүрлі сыналушылардың көптеген тобын жан-жақты зерттеу барысында айқындалады[2, 68 б.].

Түстердің сипаттамасы (Люшер бойынша) 4 негізгі және 4 қосымша түстерден тұрады (Қосымша 1) Негізгі түстер:


  • көк – орнықтылықты, көңіл толғандықты білдіреді;

  • көк- жасыл – сенімділік, табандылық, кейде бір беткейлік сезімі;

  • қызғылтсары-қызыл – ерік күшін агрессивтілікті, шабуылға бейімділікті, қызбалықты білдіреді;

  • ашық сары - белсенділік, қоғамдық қатынасқа ұмтылыс, экспансиялық, көңілділік. 

Жанжал болмаған кездегі тиімді жағдайда негізгі түстер, негізінен алдыңғы бес позиция болуы тиіс. Қосымша түстер: 5) күлгін; 6) қоңыр; 7) қара 8) нөлдік (0). Бұлар: алаңдаушылық, стресс, қорқыныштан мазасыздану, жабығу секілді жағымсыз сипаттарды білдіреді. Осы түстердің (негізгілердің де) көп маңызды жағдайда олардың ықпалдаса орналасуымен, орындарға бөлінумен айқындалады, ол төменде беріледі. Түстерді негізгі түстерге (1 қара-көк, 2 көк-жасыл, 3 қызғылт сары, 4 ашық сары) және қосымша түстерге, оның ішінде 7 қара, 0 сұр, ахроматикалық, 5 күлгін, 6 аралас қоңырға бөлінеді. Негізгі түстер, Люшер қанағаттанушылық пен талаптануға деген қажеттелік (көк), өзін танытуға, жеке бас тәуелсіздігіне деген қажеттелік (жасыл), «әрекет ету мен табысқа жетуге» деген қажеттілік (қызыл) және «алға ұмтылу мен үміттенуге» деген қажеттілік (сары) деп белгілеген негізгі психологиялық қажеттіліктерді білдіреді. Сондықтан олар автордың пікірінше белгілі бір мөлшерде әрі толық теңдікте алғашқы ұстанымда болуы тиіс. Қосымша түстерге мән берілмейді, олар психологиялық «алғашқы элементтер» болып табылмайды және негізінен алғанда негізгі түстердің әрекет ету сферасын кеңейту үшін, оларды қандай да бір қатар ұстанымына еркін араластыру үшін енгізілген. М.Люшер түрлі позициядағы түстер сәйкестігі белгіленген арнайы кесте құрастырды. Онда тәжірибе жасалушы сезінген шиеленістер көрсетілген (бұл шиеленістердің себептері, мотивтері қаралмаған). Елеулі шиеленістерді көрсететін түстер жиынтығы бар екі алдыңғы, екі соңғы позицияларды қарастырамыз.

Кішкентай балалардың эмоциялық жай-күйін Люшер тесті арқылы бағалауды ҚызМПУ психологтары жүргізген болатын. Тестілеудің мақсаты: түстер арқылы Арал (Қызылорда облысы) мен Ақши ауылы (Алматы облысы) балаларының мазасыздану деңгейін салыстырып бағалау және соның негізінде кейінгі зерттеулерге қажетті топтарды анықтап алу [3, 70 б.].

5-8 жасар балаларға жүргізілген алғашқы тесттің қорытындысы Аралда мазасыздану деңгейі жоғары балалардың үлесі 1,8 есе көп екендігін көрсетті.

Психологиялық аспект сыналушылардың қандай да бір түсті немесе түстер тобын қабылдамауына байланысты жорамалданатын мінез-құлқы мен қасиеттерін сипаттаудан көрінеді. Барлық зерттелінген балалардың 25 %-і бірінші ұстанымға негізгі түстерді қойған. Сыналушылардың 45 %-нен агрессивтілік, қозғыштық, пікір айтуда тәуелсіздік байқалған. Арал қаласында зерттелген балалардың шамамен 60 %-і жұмысқа қабілеттіліктің төмен деңгейінде және стресс жағдайында екендігін көруге болады, ал Ақши ауылының балаларына қарама-қарсы көрініс тән, бұл жерде балалардың тек 30 %-інен ғана жоғары мазасыздану деңгейі мен өзіне сенімсіздік байқалады. Сонымен барлық жастағыларға экологиялық қолайсыз жағдайдың әсері бар екені балалардың эмоциялық сферасынан да көрініс табады.

Люшердің түстік тестілеуінің толық нұсқасы «Клиникалық түстік тестілеу» деп аталынады. Бұл 8 түстік қатардан тұрады:

«сұр түс»

«сегіз түс»

Сәйкес түстері бар 7 форманың кестесі (қара түсті қоспағанда)

«төрт негізгі түс»

«көк түс»

«жасыл түс»

«қызыл түс»

«сары түс»

8 түс кестесі (қайталап таңдау). Тестілеу процедурасы адамның түстерді ұнатуы мен қабылдауының деңгейі бойынша түстерді реттеуден тұрады. Тестілеу табиғи жарықтандыру жағдайында жүзеге асырылады, алайда, түстердің кестесіне тікелей күн сәулесінің түсуіне жол берілмеуі тиіс. Инструкция бойынша адам түстерді таңдағанда қандай да бір сәнмен, дәстүрмен байланысты ассоциация, жалпыға ортақ талғамдарға сүйенбей, барынша түстерге қатысты жеке қарым-қатынасының негізінде түстерді таңдауы тиіс, сонда тестілеу қорытындысы да барынша шынайы шығады.

Люшер бойынша түстердің таңдалынуның мәні былай түсіндіріледі:


  • жасыл түсте күрделі іс-әрекет жағдайында зерттеушінің ерік-жігерінің икемділігі байқалады;

  • қызыл түс мақсатқа жетуге деген ұмтылыс сезімі мен ерік күшін көрсетеді;

  • сары түс жетістікке деген үміт сезімін көрсетеді.

Аталған үш түс алғашқы қатарда бірге тұрған жағдайда іс-әрекеттің жоғарғы өнімділігімен жұмысқа қабілеттілікті көрсетеді. Егер екінші қатарда және бөлек тұрса, нәтиже жағымсыз болады [4,166 б.].

Осылайша, түстерді таңдау бейсаналы сипатқа негізделгендіктен, тестілеу адамның кім, қандай болғысы келетіндігін емес, шындығына кім екендігін көрсетеді. Люшердің түс бойынша диагностикасының нәтижелері адамға индивидуальді бағалау беріп, психологиялық торығулар мен физиологиялық сиптомдармен күресуге кәсіби ұсыныстар, кеңестер береді. Сонымен қатар, аталмыш тест психотерапия үшін де қосымша мәліметтер береді. [5, 128 б.]

Адамның мінез-құлқы мен түстердің арасындағы байланыстың психологиялық астары терең. Психологиялық пайымдаулар мен зерттеулердің тәжірбиелік мәні зор. Әсіресе, баспасөз беттері мен ғаламтор сайттарында жиі жарияланатын, қызығушылықпен оқылатын тақырыптарға: адамның киімінің түсі мен оның мінезінің байланысы, түстердің адамға әсері т.б. жатады. Мәселен, «Түстер психологиясы. Киім түсі адамға қалай әсер етеді?» [6]деген материалында, түрлі-түсті киімдердің адамның өзіне, басқа адамдарға қандай әсері бар екендігі, адамның қандай түс таңдағанына байланысты ол адам туралы қандай мәліметтер алуға болатындығы туралы жазылып, осыған сәйкес мынадай кеңестер беріледі: Психологтардың айтуынша күлгін түс адамға жақсы әсер етеді. Сонымен қатар, өміріңіздегі қиын-қыстау кезеңдерде, басыңыз жиі ауырғанда, ұйқысыздық орын алғанда сабырлы болуға көмектеседі. Ал шығармашылық адамдарға қиял әлеміне шомып, фантазиялар мен бейнелердің дүниеге келуіне ықпал етеді. Ал алқызыл түс биязылық пен жылылықтың түсі ретінде позитивті ойлау мен жақсылыққа ұмтылуға шақырады. Кейбір кезде адамды тіпті шаттық сезімге бөлейді екен. Қоңыр түс адамға қиыншылықты жеңуге көмектеседі. Мінездегі тұрақтылық, еркіндік пен сабырлықтың көрінісі болған түсті қарым-қатынас жосығы мен тұрақтылығын ойлайтын адам көбіне таңдайды екен. Егер қоғамның назарын қаратқысы келгендер немесе пікір ол жайлы болғанын қалағандар бейсаналы түрде қызыл түсті таңдайды-мыс. Сонымен қатар, бұл түс адамның белсенділігін, өмірге құштарлығын арттырады, көшбасшылыққа ұмтылдырады. Жасыл түс – өз-өзін сыйлау, табандылық, тұрақтылық пен табиғилық түсі. Жасыл түсті киімдерге құмар адамдар әділетті, өзін өзі басқара алатындар болып келеді екен. Егер адам өзінің эстетикалық тәрбиесін көрсеткісі келсе, көк түсті таңдайды екен. Бұл түс кездесуге барғанда өте ыңғайлы, беріктік пен игіліктің, тұрақтылыққа ұмтылыстың белгісі. Бұл түс бір уақыт өмірдің мәнін іздеуге, өз ойларыңды ретке келтіруге итермелейді екен. Ашық көк түс физикалық және ділдік тұрғыда босаңсуға әсер етеді, қауіпсіздік әсерін арттырады. Сонымен қатар, бұл түс - жаңашылдық түсі болып табылады. Қызғылт сары түс - күйзеліске төтеп беретін бірден бір түс, көңіл-күйді көтеріп, зейін қоюды арттырады. Бұл маңызды бас қосулар мен әңгімелесу кезінде пайдалы. Тез шешім қабылдауға септігін тигізеді. Сары түс – ой әрекетіне жақсы әсер етеді, шамалы әлдендіріп, интеллектуалды жұмыста көмектеседі, жаңа идеялар мен адамдардың көзқарасын оң қабылдауға жәрдемдеседі және оптимизм түсі. Сұр түс – іскерлік пен бейтараптылық түсі. Сұр түсті киім киген ресми кездесулерде өте орынды. Себебі, бұл түс психологтардың зерттеуінше, адамның психологиялық болмысын тұрақтандырады, іскерлік үйлесімге шақырады. 

Қара түс – бәрін өзінде жасыратын түс, қызығушылықты арттырады, өзіне баурап, көзді демалдырады және элеганттылық сезімін арттырады.

Ақ түс – шешім қабылданғанын, аяқталғанын, біткенін білдіретін түс және еркіндікті сезінуге ықпал етеді. Кедергісіз өмірді сезіну, теңдік орнағандай сезім береді. Бұл түс барлық түстердегі игі қасиеттерді теңдей дәрежеде сезінуге көмектеседі. Егер сіз ақ түске құмар болсаңыз, сіз мейірімді, жағымды, жаңалыққа құмар білімпаз адамсыз. Кері әсері: Ақ түс адамда шарасыздық сезімін тудыруы мүмкін, қажетсіздік пен тығырыққа тірелу де бар». Сонымен қатар, адамның киімінің ғана емес, оның көзінің, шашының түсіне қарап та оның табиғатына, мінез-құлқына баға беру практикалық психологияда кеңінен дамыған. Адам мінез-құлқымен түстердің байланысы. Көңіл-күйді сипаттайтын түстер. Түстердің тылсымына үңілсеңіз әрбір түстің өзінің беретін энергиясы мен адамға әсері, мәні бар. Психолог мамандардың зерттеуінше әр адамның түр-түсті қабылдауы оның мінезіне, жасына, көңіл-күйіне және т.б. ерекшеліктеріне байланысты. Мәселен, түстердің біреулері адамға «жылы» көрінсе, енді біреулері «суық» болып түйіледі. Осыған орай түстер теориясында оларды «жылы», «суық» деп бөледі.

Сурет -3. Жылы және суық түстер

Түстер арқылы адамның мінез-құлқын және т.б. Люшер тесті арқылы анықталатындығын біз жоғарыда келтірдік. Енді әрбір түстің адамның мінез-құлқымен байланысына тоқталсақ. Мысалы ақ түс – қайырымдылық пен пәктіктің түсі. Ақ түс таңдайтындар, әдетте, жинақы, адал ниетті адамдар болып табылады. Көп жағдайда олар талап қоя біледі. Ақ түс адам санасында «аңқаулық, пәктік, албырттық» шағынан хабар беріп, ассоциациялық көріністер тудырады екен. Мәселен, ағылшындардың қолданысындағы «white day» (сөзбе-сөз: ақ күн) бақытты күн, ағылш: «whiter than white» (сөзбе-сөз: ақтан да аппақ) «күнәсіз пәк» яғни қазақ тіліндегі «судан тұнық, сүттен ақ» деген фраза баламалас келеді. Ал, көршілес орыс халықтарында ақ түсінің ассоциациялануы мүлдем бөлек. Мысалы, «белый – скорби и печали» (мұң-қайғы) немесе «собственной неполноценности или о болезни» (денсаулығының нашарлауы немесе аурудың белгісі) [7].

Ал қара түс бір жағынан қараңғылық, қара күш, кінә, қарама-қайшылықпен байланыстырылса, бір жағынан берілгендік, табандылық, қажырлық, қайсарлық, өжеттік, тұрақтылық, шыдамдылықпен, қырағылықпен, білгірлікпен, сенімділікпен ассоциацияланады. Көпшілік елдерде қара түс жағымсыз конотацияда ассоциацияланады. Мысалы, қазақ тілінде «қара ниет», ағылш: «black heart» (сөзбе-сөз: қара жүрек), «қара жүрек, қара ниет», қытай: «hei xin chang» (сөзбе-сөз: қара жүрек), «қараниет». Жас ерекшелікке қарай қара түсінің адам санасы ұғымындағы көрінісінің дәлелі ретінде, егде кісілер қара түсін жиі таңдап жатады екен. Демек, қара түсі байсалдылықтан хабар береді. Кейде қара түсі адам сұлбасын арық көрсететіндіктен жастардың көпшілігі қоғамдық орындарға осы түсті жөн көреді. Психологтардың пайымдауынша: «Қара түс – абсолютті шекара, өмірдің тоқтайтындығының белгісі. Ол ғайып болу, өлім ойын көрсетеді. Қара түс – соңы, енді ештеңе болмайтындықтың нышаны. Десе де, қара түсті таңдаған адам тағдыр ағысына қарсы тұра алады. Қара – түрлі жағымсыз көңіл-күй, мазасыздық, ашушаңдық тудырады. Қара түс – жұмбақ, құпия түс. Қара түс – тәуелсіздіктің белгісі. Бұл түсті араласатын ортасында өзінің лайықты орны бар адамдар ұнатады. Қара түсті көбіне жұмбақ, құпия болуға тырысатындар жақсы көреді. Олар өзінің ойын көп жерде айтпайды, жасыруға тырысып бағады.

Көк түсінің ассоциациялануынан туындаған психологиялық пайымдауларға көз жіберсек, көк түсті ұнататындар өкпелегіш, сары уайымға салынғыш болып келетін көрінеді. Әсіресе, көк түсті молшылықтың нышаны болғандықтан семіз келген адамдар ұнатады екен. Көк түсті таңдағандар - тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады. Көк түсі -  арманыңыздың орындалуына әсер етеді. Бұл түс – шындықтың, біреуге деген адалдығыңның белгісі ретіндегі түс. Психологиялық тұрғыда сары түсті таңдаған кез-келген адам қиындықты тезірек жеңуге құлшынып, тезірек босап шығудың амалын іздеп тұрады. Өзгерісті жиі қалап тұрады, сары түске құмар адамға тұрақсыздық тән. Сары түс - адамның ойлау, тез қабылдау қабілетін жақсартады. Өз өзіне сенімсіз, ұялшақ адамдарға оң әсерін тигізеді. Адамға күлкі, қуаныш әкеледі. Әдетте, бұл түс қуаты мол, көп сөйлейтін, әртістік өнерге, шығармашылыққа жақын адамдарға тән. Сары түсті еркіндікті қалайтындар және арманы биік, қиялға берілгіштер ұнатады. Олар күтпеген оқиғаларды жақсы көреді. Үнемі ізденісте жүреді. Мұндай мінезді адамдардың маңайында көбінесе әзілге жақын адамдар жүреді.Тың идеяларды талқылап, ой таразысына салғанды жаны қалайтын адамдар өзгені тыңдап, өз пікірін де ұмыт қалдырмайды. Бірақ кейде жауапкершіліктен қашады. Бұл өзін еркін сезінгісі келетін адамдардың жиі таңдайтын түсі. Бірнеше тілдік материалдарын салыстыратын болсақ, А.Залевскаяның талдауы бойынша төмендегілерді атап көрсетеміз: сары түс – неміс халқында жек көрушілік, қызғаныш, жалғандық, салқындық; америкалықтарда – қорқақтық, қауіп төнетіндей жағдай, француздарда – сатқындық; орыс ұлты үшін – күзгі жапырақ деген ассоциацияларды тудырады [8].

Қызыл түсті сөзшең адамдар таңдайды, және еркектердің көпшілігіне ұнайды. Екінші жағынан қызыл түс күш пен қызбалықтың белгісі. Қызыл түсті ұнататындар – албырт, белсенді, тез шешім шығаратындар бір орында отырғанды қаламайды, өмірден бәрін үйреніп, алға ұмтылғыштар қызылға құмар. Оларды бірқалыптылық тез жалықтырады. Айналасындағылардың қателігіне көз жұмып қарамайды. Шынайылықты жақсы көреді. Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Психологияда, бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адамдар деп ұғынылады. Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны. Жасыл – адамға сенімділік береді. Бұл түсті көбіне біреудің қуаныш, ренішіне ортақтаса білетін,  достары көп адамдар таңдайды екен.Жасыл түсін ұнататын адамдар тұрақты, сенімді болып келеді.   Жасыл түсті үйлесімділікті қалайтындар ұнатады. Бұл түс үмітті білдіреді. Жасылды жақсы көретіндер тыныштықты жаны қалайды. Дегенмен көпшілікпен араласқанға құмар. Шыдамды, тым байсалды. Ұжымның арасында өзін көрсеткенді қаламайды. Өйткені өзгелер жомарттығын пайдаланып кетеді деп қорқады. Жасыл көпшілік ұғымында қарым-қатынасты білдіреді. Жасылдың түрлі реңдері түрліше әсер береді екен: қою жасыл – суықтық, байлық, еркекшоралық, кертартпалықты сипаттаса, көк жасыл – жағымсыздықты, кері тартпалықты, зәйтүн жасылы – татулықты, бейбітшілікті, сарғыш жасыл – тұтынушылардың басқа жасылдардан артық көретін реңі. Қоңыр түсінің адам санасында ассоциациялануына байланысты, психолог мамандар мынадай пікірлерді ұсынады: «Қоңыр түсті ұнататындар өмірден мол тәжірибе алған жандар. Оның өз тәртібі бар, ойы кемелденген адам. Бұл түсті қалайтындар байсалды мінезімен тартымды келеді. Қоңыр түсті көбінесе шыдамды, байсалды жандар ұнатады. Ешкімге тәуелсіз, өзінің ойынан қайтпайтын адамдар қалайды. Кейде олармен араласқанда ойын анық түсіну мүмкін емес. Көбінде еркектердің сүйікті реңкі. Кейде кейбір тондардың ескірген, оңған түрі секілді де әсер береді»[9].

Адамдар түр-түстерді ашығырақ, қараңғырақ, суығырақ, жылырақ немесе күңгірттеу, болмаса ашықтау деп бөледі. Қазақ тіліндегі өңі жылы деген тіркестердің де төркіні осы түске барып саяды. Мәселен, таза қызыл түс әдетте күш-қайратты бейнелейді, көтеріңкі, салтанатты сезім туғызады. Ал ол алқызыл түске ауысып, күлгінге жақындаған сайын сезімге солғын, бәсең әсер етеді, салқындай түседі. Сары түсті Гете «ашық түстердің ішіндегі ең мықтысы» деген екен. Сары түс адамның бойын сергітеді, көңілдендіреді, ол көк түске қосылып жасыл реңге ауысқанда шалғын шөпті, жасыл орманды, салқын саяны, табиғаттың жанға жайлы тыныштығын елестетеді. Ақ түс ежелден кіршіксіз тазалықтың белгісі болып саналған, сонымен қатар халқымыз оны адалдық пен берекенің белгісі деп есептейді.

Адамға көк немесе жасыл түске боялған бөлменің температурасы қызғылт түске боялған бөлмеден 3-4 градусқа суықтай болып көрінеді екен. Сонымен қатар, түстердің ашықтығы (жарықтығы) мен қараңғылығы (күңгірттігі) да адамға әртүрлі әсер етеді. Бұл заңдылық, тіпті табиғатта да ескерілген сияқты. Мәселен, қараңғы, күңгірт, қою реңкті заттар (тау-тас, орман-тоғай, топырақ, қазбалы байлық, т.с.с.) жерде болса, жеңіл де жарық заттардың бәрі (күн, ауа, бұлт т.б.) аспанда, яғни жоғарыда. Бұл заңдылық үйдің ішкі бояу-нақыштары мен интерьерінен де байқалады. Бөлменің төбесі ақ, қабырғалары жарық реңкті түстерге боялса, сыртқы іргетасы, едені, әдетте, қоңыр, күңгірттеу, түстерге боялады. Демек, адамның тұратын үйі, жұмыс істейтін кеңсесі, демалатын орындары, т.б. орындардағы түстердің таңдалынуы мен қолданылуында біріншіден, табиғат заңдылықтарымен тікелей байланысты болса, екіншіден, осы біріншіден туындайтын, түстердің табиғи болмысына байланысты адамның психологиялық жай-күйіне әсер ететіндігіне орай үйлесімділік бар [10].

Ғалымдар мынадай қызық тәжірибе жасаған. Бірнеше адам дастархан басына отырған кезде, ерекше жарық сүзгіші бар шам жағылған. Соның салдарынан дастархандағы неше түрлі астың түр-түсі өзгеріп сала берген. Піскен ет сұп-сұр, жасыл салат күлгін, сүт күлгін қызыл түске енген. Жұмыртқаның сарысы қызыл-қоңыр болып кеткен. Сөйтіп қонақтардың тамаққа тәбеттері ашпай, кейбіреулерінің жүрегі айныған. Бұдан, түйетініміз адамдар заттарды олардың түсімен оның мәнімен қоса қабат қабылдап үйренген. Әдеттегі заттың басқа реңк алуы оның мазмұнына сәйкес келемейтіндіктен қабылдау түйсіктерінде түсінбеушіліктер пайда болады. Немесе, әдеттегі көк аспан бұлтты күні сұрғылт болса адамның бойын бейсаналы түрде үрей билей бастайды. Бұл, біріншіден, сұрдың суық түс екендігімен сипатталса, екіншіден ауа-райының өзгеруімен бірге келетін жауын, жел т.б. орын алуы мүмкіндігін білдіреді. Ал сол көк аспанда күн шығып өзінің шуағын шашып айналаны жарықтандырса, адамның көңіл-күйі де көтеріліп, көңілдене бастайды.

Түр-түстің адамға әсерін тағы түрлі жағдайлардан байқауымызға болады. Қорыта айтқанда, жалпы табиғаттағы үйлесімділік заңы адамның ішкі табиғаты мен оны қоршаған ортасында мүмкіндігінше сақталынуы тиіс. Себебі, адамның қалыпты өмір сүруінде оның ішкі жан дүниесінің сыртқы әлеммен үйлесімділігі маңызды рөл атқарады. Ал бұл жерде түр-түстің орны ерекше. Осылайша, әрбір адам өзінің өмір сүру салтында – киім киінуінде, үйдің интерьерін жасауда, көлік немесе т.б. заттар алғанда және тағы басқа жағдайларда бей саналы түрде бір немесе көп болса, екі-үш түске басымдық береді. Оның кездейсоқ құбылыс емес екендігін біз жоғарыда айтып өттік. Сонымен, адамның түс таңдауының астарында жасы, талғамы, мінез-құлқы сияқты психологиялық факторлар жатыр. Әрі адамның түстерді қолдануының мәні оның ұстанатын наным-сенімі, әдеп-ғұрпы сияқты діни-мәдени факторлармен сабақтасып жатқандығын айтып өткіміз келеді. Мұны бөлек мақаланың еншісіне қалдырайық.


Каталог: 2017 -> KazNU-MTIJ-2017
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Ақпараттық хат құрметті әріптестер!
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Бағдарламасы бойынша соңғы жылда млрд. 750,9 млн теңге бөлініп, 111 нысанда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді
KazNU-MTIJ-2017 -> Бағдарламасы алматы, Қазақстан, 017 жыл, сәуір программа II международной научно-практической конференции
KazNU-MTIJ-2017 -> Бағдарламасы алматы, Қазақстан, 017 жыл, сәуір программа II международной научно-практической конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет