Материалдары



жүктеу 3.35 Mb.
бет13/20
Дата12.09.2017
өлшемі3.35 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

2011 жылы Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының қолдауымен қазақ халқының өмірлік тәжірибесі мен салт дәстүрін, әдет ғұрыпын насихаттайтын «Бесіктен бақиға дейін» атты Гүлбаран Етекбаеваның кітабы «Либриус» баспасынан жарық көрген екен. Автор айтқандай кітаптың бүгінгі жас ұрпаққа берер тағылымдық, танымдық мәні зор [5].

Автор бұл кітаптың алғысөзінде Абай Құнанбаевтың, Ахмет Байтұрсынов, Александр Левидің айтқандарынан мысал келтіре отырып, жас ұрпақты тәрбиелеуге ұмтылады. Кітап өте ұғыныңқы тілмен, аналық мейіріммен жазылған. Алайда өңірлік салт дәстүрлерімізді терең зерттеп, хатқа басып кеткен Ахмет Жүнісұлының «Пәниден бақиға дейін», А. Нүсіпоқасұлының «Ағаш бесіктен жер бесікке» кітабының негізінде жазып, кейбір мәтіндерін толықтай көшіріп басқан.

«Жұлдыз» журналы 2001 жылғы №1-6 сандарында этнографиялық баян болып табылатын Ахмет Жүнісұлының «Пәниден бақиға дейін» мақаласын «Дәстүр» айдарында үзбей беріп отырған. Қаймағы бұзылмаған баба тіліміздің мәйегін еміп, сахара тұрмысының қайнаған ортасында өскен, көргені-түйгені мол, көкірегі қордалы қаламгердің «Пәниден бақиға дейін» атты үлкен танымдық еңбегі сол кездерде редакцияның да олжасы болғанын редактордың алғысөзінен байқаймыз. Кейін келе «Жұлдызда» жарық көрген материалдар толықтырылып Қапиза Әлжанованың құрастыруымен үш мың дана тиражбен «Пәниден бақиға дейін» атты кітап болып қайта бастырылды. Тәрбиенің түп тамыры халықтық педагогика дейтін болсақ, бұл кітап сол асылдың бір сынығы еді. Орталық кітапхананың қорында қазақ халқының әдет ғұрпы, салт-санасы, ою-өрнектері, ұлттық киім-кешектері туралы жазған ғалым-этнографтар А.Сейдімбеков, С. Қасиманов, С. Кенжеахметовтердің кітаптары жеткілікті. Ал, А.Нүсіпоқасұлының «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін» дейтін 5 томдық кітабы Гүлбаран Етекбаева апамыздың «Бесіктен бақиға дейін» кітабына азық болғандай. Олай дейтініміз, «Бесіктен бақиға дейін» кітабы «Ағаш бесіктен жер бесікке дейіннің» көшірмесі іспеттес.

Г.Етекбаева «Бесіктен бақиға дейін» кітабын даярлау барысында Авторлық құқық туралы заңның ескермегенін және пайдаланылған әдебиеттер мен дереккөздерге сілтемелерді ұсынбағанын аңғарамыз. Мәселен, А.Нүсіпоқасұлының бес томдық «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін» кітабының 1-томынның 7 бетінде «Қалжа беру» дәстүрі туралы түпнұсқа былайша басталады: «Қалжа - босанған анаға арнаулы мал сойып беретінет пен сорпа. Әйелдерді ерекше құрметтеп, қадірлейтін халқымыз аналар жүкті болғаннан бастап ерекше күтімдеп, оған «қалжа» деп күні ілгері еркек қой әзірлеп қояды. Жаңа босанған анаға «қалжа» берудің үлкен маңызы бар. Яғни, қалжаға сойған малдың бауыздау қанын сәл ағызып, қалған қанын таза ыдысқа құйып алып, оны шарбы маймен араластырып қуырып, жаңа босанған анаға, дәрі ретінде береді. Піскен мойынды бөлмей мұжып, «баланың мойны тез бекісін» деп биік бір жерге ілдіріп қояды. Асықты жілікті де мұжып, сорпаға қандырады. Міне бұл «қалжа жеу» деп аталады.Қалжа жеген әйелдер белін тез бекітіп, қол-аяғын бауырына тез алады. Түрлі ауру-сырқауларға қарсылық қуаты артады. Омырау сүті молайып, нәресте тез ширайды. Омырау сүтіне қанған бала есейгенде мықты болады. Сондықтан үлкен кісілер әлжуаз жігіттерды көргенде: «Әй, сен туғанда шешең қалжа жемеп пе еді?» - деп кейістік білдіреді». Айтпағымыз түсінікті болу үшін өзгертілген сөздердің тізімін курсивті әрі қою қара түспен белгілеп, Түпнүсқа деген атаумен беріп отырамыз.

Г. Етекбаева "Бесіктен бақиға дейін" кітабының 94 бетінде жоғарыда келтірілген қалжа туралыны былайша өзгеріске ұшыратып береді:Қалжа-босанған әйелге арнаулы мал сойылып берілетін тамақ. «Ең көрікті, ең сыйлы адам, жүкті ана» дейді халқымыз. Аналар екі қабат болғаннан бастап ерекше күтіп, оған қалжаға күні бұрын еркек қой немесе басқа семіз мал күнілгері даярлап қояды. Жас босанған әйелдің әл-қуатын жиып, белі тез бекіп кету үшін арнаулы мал сойылып берілетін тамақты «қалжа беру» деп атайды. Жаңа босанған аналарға қалжа берудің өзіндік мәні және үлкен ғылыми негізі бар. Онда қалжаға сойылған малды бауыздағанда қанын сәл ағызған соң бауыздауынан таза ыдысқа құйып алынған қанды шарбы майға араластырып қуырып дәрі ретінде жаңа босанған аналарға береді. Жаңа піскен мойнын іскер әйелдердің біріне немесе кіндік шешесіне бөлмей мұжытып, баланың мойны бекиді деп биік жерге ілдіріп қояды. Ал босанған анаға асықтыт жіліктің етін жегізіп, сорпа ішкізеді. Қалжа жеген әйелдер белін тез бекітіп, қол-аяғын бауырына тез алады. Түрлі сырқатқа қарсы қуаты артады. Емшек сүті молайып нәресте тез ширайды. Емшек сүтіне қанған бала есейгенде қуатты, сүйегі мықты болатыны жұртшылыққа аян».

Түпнұсқадағы дәстүрдің бірі «Баланың қырқына дейінгі күтімі» деп аталады. Оқып көрелік: «Бала дүниеге келген күннен бастап қырқынан шыққанша түнде шам өшірілмейді. Мұның да өзіндік ғылыми мәні бар. Бала қырқынан шыққанша шам жағып қою – баланың шошу, тұншығу және ана мен баланың әртүрлі қауіп–қатерден сақтануы үшін қажет.Әдетте, бала қырқынан шыққанша баланы бір күні тұзды, бір күні сабынды, кейде маралшөп салынған суға алмай–кезек шомылдырып отырады. Баланы тұзды сумен шомылдырса, баланың денесі шымыр болып, ауру–сырқауға қарсы иммунитетті қалыптасады. Сабынды су – баланың денесіне жабысқан түрлі микробтарды, бөгде иіс–қоңыстарды жойып, терідегі саңылаударды ашуңа көмектеседі. Ал, маралшөп қосылған баланың денесіндегі түрлі зияндарды бактерияларды жойып, бала тез ширайды» деп аяқталады [Ағаш бесіктен жер бесікке дейін. А.: 10-11 бет]. Ал, «Бесіктен бақиға дейін» кітабында Г.Етекбаева тақырыптың өзіне бір сөз қосып «Баланың қырқына шығарғанға дейінгі күтімі» деп өзгертеді (118 бет). Жалпы мәтіндегі бірен саран сөздер өзгергенмен түпнасқадағы мағына еш өзгермейді. Яғни, мәтінді оқып шығып, өз сөзімен қайта жазып шыққан. Ендеше, мәтіндерді салыстырып көрелік: «Нәресте дүниеге келген күннен бастап қырқынан шыққанша қырық күн түнде шам сөндірілмейді. Нәрестенің шошып, тұншығып қалуынан ерекше сақтанады. Бала қырқынан шыққанша бір күн тұзды суға, бір күн сабынды суға, бір күн марал шөп салынған суға кезек шомылдырып отырады. Нәрестенің бүкіл денесіне қойдың құйрық майын жағып, сылап өс-өс деп қол-аяғын керіп созып шынықтырып отырады. Қазақ ұғымында тұзды сумен шомылған баланың денесі шымыр болып өседі де, ауру-сырқауға қуаты күшті және де бір жері жарақаттанса тез жазылады. Сабынды сумен шомылдырылса, баланың денесіне жабысқан микробтар мен бөгде иістер жоғалып, тері түтікшілердің көзі ашылып, бала ақаусыз, дені сау болып есейеді. Ал, марал шөппен шомылдырса, баланың денесіндегі түрлі ауыру қоздырғыш бактериялар жойылып, сәби тез ширап қағлез, зерек болады» делінген. Енді осы екі мәтіндегі ерекше қарайтылған сөздердің берілуі мен мағынасының жақындығына қарасаңыз сөзсіз көшірілген деген ойды туғызады.


Каталог: 2017 -> KazNU-MTIJ-2017
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Ақпараттық хат құрметті әріптестер!
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Бағдарламасы бойынша соңғы жылда млрд. 750,9 млн теңге бөлініп, 111 нысанда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді
KazNU-MTIJ-2017 -> Бағдарламасы алматы, Қазақстан, 017 жыл, сәуір программа II международной научно-практической конференции
KazNU-MTIJ-2017 -> Бағдарламасы алматы, Қазақстан, 017 жыл, сәуір программа II международной научно-практической конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет