Материалдары


I.     Ұйымдастыру бөлімі



жүктеу 3.35 Mb.
бет18/20
Дата12.09.2017
өлшемі3.35 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

I.     Ұйымдастыру бөлімі.  Сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау.

 Сынып оқушылары  топқа бөлініп, бір оқушы топ басшысы болып тағайындалады.  ( топ мүшелері 4 адамнан аспауы тиіс)



ІІ.  Қайталау сұрақтары:(Мұғалім сұрақтар қояды, сынып оқушылары жауап береді)

  • Натурал көрсеткішті дәрежеге анықтама беріңдер.

  • Натурал көрсеткішті дәреже қандай элементтерден тұрады ?

  • “1383” өрнегі қалай оқылады?

  • Дәреже негізі мен көрсеткіштерін атаңдар.

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

А) Үйге берілген есептердің кейбірулерін тақтаға шығару.

Б) Ауызша есептер:   1)1,52; 2)32 + 2 ; 3) (–5)2 ;  4)(- 10) ;  

5)(– 4)2 + 4 ; 6)4∙5       

В) Өрнектің мәнін  0 санымен  салыстырыңдар:а) (-2)³; б) (-7)² ;

в) -1²               г) -8²

 IV. Жаңа сабақ.  Дәптерге сабақтың тақырыбы жазылады. (Оқулықпен жұмыс. Әр топқа бірдей тапсырма беріледі. Оқулықтың 8-10 бетіндегі натурал көрсеткішті дәреженің 1-5 қасиетттерін оқиды, мысалдардың шығарылуын қарайды, түсінеді. ) Әр топқа тапсырмалар беріледі, топ тұжырым жасап, топ басшысы  қорғайды.

Топтарға берілетін тапсырмалар:  Топ мүшелері қасиеттерді тұжырымдап, ережеге үш мысалдан дәптерге жазады. (  оқушының жауабы ауызша сұралады).




Санның 1 дәрежесі туралы қасиетті тұжырымда.  Санның 0 дәрежесі неге тең?

Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу ережесін тұжырымда

Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту ережесін тұжырымда

Дәрежені дәрежеге шығару ережесін тұжырымда

Көбейтіндіні дәрежеге шығару ережесін тұжырымда

Бөліндіні дәрежеге шығару ережесін тұжырымда

 

1а1 = а.

Кез келген санны 1 дәрежесі, сол санның өзіне тең.

а0 = 1

 Кез келген санның 0 дәрежесі 1-ге тең.

2. аnm =a n+m

Ереже: негіздері бірдей дәрежелерді бөлген кезде, дәреже негізі жазылып, дәреже көрсеткіштері азайтылады.



3. аn•аm =a n+m

Ереже: негіздері бірдей дәрежелерді көбейткен кезде, дәреже негізі жазылып,дәреже көрсеткіштері қосылады.



4. (an)m=anm

5. (ab)n=anbn

6.( a/b)n =an / bn
 

 

 V. Сабақты бекіту. Тақтаға есептер шығарылады.  №  5,8, (ауызша)№4 (тақтаға шығарылады) №6,(5,6) 10,12,15 (оқушылар өздері орындайды.)



VІ. Перфокартамен жұмыс. Әр оқушыға 10 тапсырмасы бар,жеке карточка беріледі.Топ басшысы тексереді.

  1. а7* а2 * а3

  2. в1* в2* в

  3. х10 : х7

  4. у30 : у12 : у6

  5. 22 * 2 * 22

  6. 47 : 43

  7. а26 : а12 : а3

  8. 512 : 57 : 53

  9. * n * n * n * n

  10. в12 : в : в : в5

VІІҮйге тапсырма. №6(1, 2 ,3, 4), №9, №11, №24. 

VІІI. Сабақты қорытындылау. Бағалау (топ басшыларының көмегімен).
Бухарбаева Л.А.,

Еңбекші қазақ ауданы, Байтерек орта мектебі, Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ тілін оқытудағы жаңа технологияларды пайдаланудың ерекшеліктері
Бүгінгі ұрпақ бейнесінен біздің мемлекетіміздің болашағы көкейіп, өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылғандығы көрінеді. Білім беру саласында әлеуметтік, педагогикалық, ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру, оны өмірге пайдалану. Жаңа педагогикалық технлогияны игеру мемлекеттік білім стандарты деңгеінде оқыту үрдісін міндеттейді. Жаңа технологияның мақсаты – оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс- әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогиялық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.

Негізінде ақпаратық техногияларды пайдалана отырып, нәтиже көрестуге болады:

- қазақ тілінің оқу материалын терең түсіну;

- қазақ тілінің оқу мотивациясының артуы;

- алған білімнің неғұрлым ұзақ уақыт есте саталуы;

- білім беруге жұмсалатын шығынның азаюы;

Заман талабына сай күнделікті сабақ барысында бейне және аудио- құрылғыларды, теледидарды, компьютерді, электронды оқулықты, интерактивті тақтаны қолдану оқушылардың тілді үйренуге деген белсенділігін арттырып, ең бастысы олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

Сабақ барысында кеңінен қолданылып жүген технологиялардың бірі- модульді оқыту. Модульді оқыту технологиясы негізінен үш бөлімнен тұрады (кіріспе, сөйлесу бөлімі, қорытынды).

Жеке тақырыпты модульдік оқыту жағдайында сабақтың ақпараттық структуралық компонеттерінің мазмұны төмендегіше анықталады.

1.Сабақ мазмұнын оқу элементтеріне бөліп оған мақсат қоя білу.

2. Оқу мазмұнын оқу элементтері бойынша деңгейлеп беру.

3.Оқушының сыныптан тыс қызметін ұйымдастыру.

4.Сабақтың логикалық құрылымын белгілеу.

5.Түзету- ескертпе жасау.

Жалпы оқу процесін бүтіндей модульдік оқытуға бейімдеу ісі оқу пәнінің бүтіндей курсын тақырыптың немесе тарау, бөлім бойынша модульдеуге, сабақтың ақпараттық- структуралық компонеттерін жасауға тікелей байланысты. Сабақта электронды кітаптарды пайдаланудың да маңызы зор. Себебі, ол оқушының танымдық көзқарасын қалыптастыруға, ізденіс ұлғайтуға, шығармашылық қабілетін арттыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға көмектеседі. Оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдану аса маңызды.

Осы технологияларды пайдаланудың тиімді тұстары:

-оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;

- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

- оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

-мұғалімнің уақытын үнемдейді;

- қосымша мәліметтерді береді.

Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқыту өте күрделі мәселелердің бірі. Мен өз сабақтарымда мынадай талаптар қоямын. Жаңа технологияны қолдана отырып, сапалы және терең білім беру оқушының ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін арттыру.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» қазақстан халқына жолдауындағы бесінші тараудағы алтыншы міндетте – осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі болып табылады. Қазақ тілін нәтижелі үйрету үшін оның оқыту әдістемесін жетілдіре түсіну – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін маңызды мәселесі. Міне, заманымыздың тілек-талабы білім мазмұнын жаңартумен бірге, оны өмір мұқтажына орай дамытып, оқытудың жаңаша әдіс –тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктерін арттыруды күн тәртібіне қойып отыр. Осындай мәні мен маңызы зор өзекті мәселелердің бірі – оқушы тілін дамыту процесі. Себебі оқушылардың берілген білімді (оқу тапсырмалары, үйретілген ережелер) саналы түрде ұғынып, ойының дәлдәгі, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз бетінше білім алуға дайындығы, басқа ғылым негіздерін меңгеру нәтижелері ана тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз деген. Сонымен қатар осы жолдаудағы жиырма алтыншы бағытта – Қазақстан халықтарының рухани дамуы және үштұғырлы тіл саясаты айтылған. Осы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауындағы айтылған мәселелерге баса назар аудару қазіргі мұғалімдердің міндеті болып табылады. Жаңа заманда жаңаша оқыту, оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беру ол ұстаздардың борышы. Әсіресе оқушылардың жазбаша тілін дамытуын жүзеге асыруға көп көңіл бөліп, әр мұғалім өз сабағына күнделікті дайындалып, ізденіп, өз ісіне жауапкершілікпен қарауы жөн.

Жеке тұлғаның қалыптасу деңгейінің саласына қойылатын қоғамдық-әлеуметтік сапалардың үнемі өсіп отыруына сәйкес педагогикалық құралдарды да тұрақты жаңарту қажет болады. Бүгіндері ондай жаңартулар педагогикалық ғылым мен мектеп тәжірибелерінің үздіксіз сабақтастықта дамуынан көрінеді. Онда педагогикалық технологиялар көмегімен күнделікті оқытудағы педагогикалық төтендерді оқу-тәрбие үрдісін алдын ала жобалау жолына ауыстыру, оларды ізбе-із сыныпта қолдану көзделеді. Мұғалім үшін жазылатын дәстүрлі сабақ жоспарларынан өзгеше жұмыс ретінде педагогикалық технологияда оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие үрдісінің жобасы жасалады. Ол мақсат-нәтижелерінің нақтылығымен, білім мазмұнының сұрыпталуымен, оны меңгерудің әдіс-құралдарының және оқу түрлерінің біртұтастығымен анықталады. Мақсат қою мен тұтастықты сақтау басты қағидалары ретінде танылады. Қазақ тілін оқыту әдістемесінде тіл ұстарту мәселесі нақтылы да жүйелі жүргізілмей, тіл ұстарту мәселесінің өзі де әлі де нақтыланбай, оны жүзеге асырудың бағыттары, жолдары анық белгіленбей, белгілі бір жүйеде қолданылмай жүргендіктен, оқушылардың шығармашылық жазу жұмыстарының т.б. сапасы төмен дәрежеде екндігі соңғы уақытта баспасөз беттерінде жарияланып жүрген мақалаларда айтылып та жүр. Бұл фактілер, біріншіден, оқушылардың тілін дамытуға байланысты олқылықтардың орын алуымен айқындалса, екіншіден, тіл дамыту әдістемесіндегі нақтылықты қажет етумен айғақ болады. «Тіл дамыту» мен «Тіл ұстарту» ұғымдарын нақтылап айқындау қажеттігі әдіскер-ғалым Б.Жахинаның айтқандарынан көрінеді. «...Әрі қазақ тілі әдістемесі бойынша дұрыс қалыптаспай келе жатқан, мектеп мұғалімдерінің арасында қиындық келтіріп), әр түрлі ой-жорамал туғызып жүрген «Тіл дамыту» әдістемесіне жүйелілік енгізу үшін «Тіл ұстарту», «Тіл дамыту» деген екі атаумен аталып жүрген екі терминнің өзін, екеуінің де алдына қойып отырған мақсат-мүддесі оқушы тілін дамыту, ойын жазбаша әрі ауызша түде сауатты, көрікті жеткізе білуге үйрету болғандықтан бір ғана атаумен атаса да дұрыс болатын сияқты».

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Ақмурзина А.А.,

Бастауыш сынып мұғалімі
Мектеп оқушыларына сабақ өту тәсілі
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.

Оқыту тәсілдерінің түрлері:


• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.

Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру. Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.

Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі. Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді. Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар. М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген. И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді. Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық белсенділігі әртүрлі. Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен болады. Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін бола бермейді. Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.

М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін і іріктеген.

Оқыту әдістері:

а) ақпарат беру әдісі,

ә) түсіндіру әдісі,

б) ынталандыру әдісі,

в) тәжірибелік әдіс.

Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.) қолдануды талап етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен ережелерді хабарлайды, заттарды көрсетеді, фактілердің мәнін түсіндіреді, оларға сұрақтар қояды. Егер оны тәсілдердің арасында түсіндіру тәсілдері, дәлірек айтсақ фактілерді талдау, салыстыру, хабарлау, т.б басым болса, онда оқыту әдісін түсіндірмелі деп атауға болады. Егер негізгі тәсіл - ақпараттарды, фактілерді ұсынумен шектелсе, (мысалы: мұғалім оқушыларға ережелерді жаттауды ұсынады, бірақ ереженің мәнін түсіндірмей, оны жаттау тәсілін айтады), онда оқыту әдісі ақпараттық- хабарлау, немесе оны жай ғана хабарлама әдісі деп атайды. Осыған сәйкес бірінші жағдайда оқушылар заттарды бақылап, фактілерді есінде сақтайды, мұғалімнің түсіндіргенін тындайды және ой елегінен өткізеді, ақпараттық сұрақтарға жауап іздейді. Бұл жерде оқу әдісі репродуктивтік, дәлірек айтсақ жаңа ережені оқушылар дайын күйінде меңгереді (оқушылар фактілерді талдап, ережелер шығармайды). Егер оқыту әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі тәсілі жаттау, оқушылардың үлгі бойынша жұмыс істеуі. Мұндай оқу әдісін шартты түрде орындаушылық деп атаймыз.

Сондықтан оқушының кітаппен жұмысы оқу әрекетінің тәсілі болып табылады. Егерде оқушы мәтінді талдаса, түсінгенін өз сөзімен айтса, онда кітаппен жұмыс оқу әдісі болып табылады. Егер монологтық баяндау әдісі қолданылса, онда мұғалім әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын, ережелерін, фактілерін хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс-әрекеттің үлгілерін көрсетеді және оқушыларға тапсырмалар береді. Эвристикалық әдісті қолданғанда мәселелік деңгей (оқушылардың белсенділігі) едәуір көтеріледі, эвристикалық әңгімелерге танымдық (логикалық) есептер және проблемалық тапсырмалар қосылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен "жаңалық" ашады, бірақ негізінен оқушылар өз бетімен жұмыс істейді. Зерттеу әдісін қолданғанда мұғалім оқушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т.б) береді. Оқушылар оларды өз бетімен орындайды, бірақ бұдан мұғалімнің басшылығы керек емес деген сөз тумайды.

Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім деңгейіне мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне байланысты.

Әңгіме – оқу материалын ауызша баяндау. А. Байтұрсынов "Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне үқсас" дейді. Сөз өнерінің айшықты болуы сөздің дұрыстығына, тілдің анықтығына, дәлдігіне, көркемділігіне, тіл тазалығына байланысты екенін дәлелдеп, алмастыру, кейіптеу, бейнелеу (ұқсату), әсірелеу тәсілдерінің мәнін ашады. Міржақып Дулатов Оқытудың баяндау, әңгіме, түсіндіру әдістеріне ерекше мән беріп, тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа байланысты тақырыптарды әсерлі баяндаудың тәсілдерін көрсетіп берді. Ол "баланы толық жауап беруге әдеттендіру керек", - дейді. Сөйтіп, оқытушы көркемдеп оқытудың жаңаша жолдарын ұсынып, мұғалімдерден соны іс-әрекеттерді талап етеді. "Балалар дұрыс оқи алмай, қиналған жерде мұғалім өзі оқып, көрсету лайық", - дейді.


Муратова Д.

Бастауыш сынып мұғалімі
Орфографияны оқытудың дидактикалық мәселелері
Чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский «дидактика» терминін кең ұғымда қолданып, өзінің әлемге тараған шығармасын «Ұлы дидактика» деп атады. «Ұлы дидактикада» тек оқыту мәселесін ғана емес, сонымен бірге ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік, дене, эстетикалық сияқты тәрбие түрлерін де әңгімеледі. Сөйтіп, өз еңбегінде педагогикалық жүйені әрі терең, әрі ғылыми тұрғыдан негіздеуді мақсат етті.

Бүгінгі таңда дидактика – педагогика ғылымының білім беру және оқыту теорияларын белгілейтін бір саласы және маңызды саласы. Дидактика:

1) оқытудағы таным процесін анализдеу,

2) дидактикалық принциптер,

3) білім берудің мазмұны,

4) оқыту жұмыстарын ұйымдастыру формалары (сабақ туралы ғылым),

5) оқыту әдістері,

6) оқушы білімін бағалау және есепке алу мәселелерін зерттейді. Дидактикада мектепке оқылатын барлық пәндерге тән оқыту процестерінің жалпы заңдылықтары қарастырылады.

Мектепте оқылатын әрбір жеке пәндердің (тіл, тарих, математика, биология т.б.) сипаттарына қарай, ол пәндердің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып, жеке пәндерді оқыту методикасы жасалады. Дидактиканың зерттеу объектісіне кіретін мәселелермен жеке пән методикасы да шұғылданады. Сондықтан жеке пән методикасы деудің орнына «жеке дидактика» немесе «арнаулы дидактика» термині қолданыла береді.

Россияда ең алғашқы методикалық туынды Ф.И. Буслаевтың 1844 жылы жарыққа шыққан «Отандық тілді оқыту туралы» деген еңбегінен басталады. Федор Иванович Буслаев ХIХ ғасырдағы көрнекті орыс филологтарының бірінен саналады. Ф.И. Буслаев салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін қалады.

Оның осы жоғарыда аталған методикалық жұмысы және онан кейінгі уақыттарда жазған орыс грамматикасы оқулықтары отандық тілді оқытуды жолға қою жөніндегі елеулі еңбек болды. Жазған зерттеулерінде сол кезде үстем болып келген догматизмге қарсы тұрып, орыс тілін оқыту принциптері мен әдістерін жаңаша белгіледі. «Отандық тілді оқыту туралы» методикалық еңбекте оқытудың принциптері орыс филология ғылымының теориялық мәселелерімен ұштастырылады. Бұл – Буслаев методикасының ең бір құндылық жағы еді.

Буслаев өзінің методикалық көмекші құралында баланы тәрбиелеу және оған білім беруде ана тілінің алатын орны мен ролін белгіледі. Оның пікірінше, отандық тіл адамға білім беруде ерекше орын алуы тиіс, өйткені оқушының барлық рухани жан дүниесінің өсуі ана тілін қалай және қандай көлемде білуімен тікелей байланысты. Сондықтан да отандық тіл мектепте оқылатын барлық пәндер ішінде басты орын алуға тиіс деп есептеледі.

Буслаев орыс тілі грамматикасындағы кемшіліктерді де орынды көрсетті: «Осы уақытқа дейін бізде отандық тіл латынша және грекше үлгіде жасалған грамматикалар бойынша оқытылып келеді; демек, оларда, біріншіден, лингвистикалық элементтер жеткіліксіз, екінші жағынан, көп нәрсе артық, әсіресе септеу, жіктеу, меңгеру, байланысу жайлы ұсақ ережелер көп берілген» [1].

Ана тілін оқытудағы догматизм мен схоластиканы жою үшін Буслаев тілді көрнекті жазушылардың шығармаларына негіздеп оқытуды жөн көрді.

Буслаевтың орыс тілін оқыту жөніндегі методикалық жүйесінде грамматика жетекші орын алады. Бірақ оны бұрынғысынша септеулер мен жіктеулердің жалаң схемасы түрінде емес, оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамытуға көмектесетіндей етіп оқытуды көздейді. Бұл үшін грамматиканы салыстырмалы-тарихи жолмен жүйелі оқыту қажет деген қорытындыға келеді.

Буслаев сөз таптары мен сөйлем мүшелерін оқушылар адамдардың қатынас жасаудағы негізгі бірлігі ретіндегі сөйлеммен таныстырылғаннан кейін оқыту тиімді деп есептейді: «Жеке бөліктер бүтінсіз түсініксіз болатындығы сияқты, бүтінді де жеке бөліксіз түсіну мүмкін емес, сөз таптары түсінікті болу үшін, сөздер белгілі болу керек, ал сөйлеудің ең қысқа және ең қарапайым түрі – сөйлем. Балалар сөз арқылы сөйлеседі, оған сөзден гөрі сөйлемді түсіну оңай, ал сөйлеу әдетте белгіліден басталып, кейде белгісіздерді де араластырып отырады. Ана тілі әркімнің қажеті болғандықтан, оны үйрету оқушының рухани қабілеттілігін арттыру болып табылады. Міне, сондықтан да отандық тіл пәнін оқыту үшін педагогикалық әдістер қажет екендігін аңғартамыз». Өзінің барлық методикалық пікірлерін мектептегі оқу жұмысы практикасында жүзеге асыру үшін, ол – жалпы дидактикалық принциптерді де, сондай-ақ, оқушылардың жас ерекшелік мүмкіндіктерін де ескере отырып, отандық тілді оқыту әдістерін мұқият белгіледі.

Орфаграфияны оқыту жөніндегі Буслаев пікірі еске тұтарлық пайдалы методикалық кеңес: «...Емлені грамматикалық жолмен оқыту қалай сөйлесең, қалай естісең солай жаз деген қағидамен шектелмейді, қайта, грамматика бойынша, сөздердің өзгеруі мен түрленуін және сөйлемдердің байланысу заңдылықтарын ескере отырып жазуды талап етеді...емлені үйретуде өзінше жаңалық енгізуге болмайды, тіпті емлені жетілдіруде айтарлықтай көмектесерлік жаңалық болғанның өзінде де жалпы пайдаланудағы ізбен жүру керек».

Буслаевтың орфаграфиялық дағдыны игеруде бір ізділікті сақтау жөніндегі талабы да құптарлық: «Оқушылар көрсеткенді әбден берік меңгергенше, жаңаны бастамау керек». Сондай-ақ, оқу сабақтарын оқушылар материалды басынан аяғына дейін саналы игеретіндей етіп ұйымдастыруды ұсынады да, мазмұны және орындау сипатына қарай бірте-бірте күрделеніп отыратын әр жақты жаттығулар пайдалануға кеңес береді.

Оқушылардың жазбаша тілін дамыту туралы пікірінің де елеулі маңызы бар. Ол – мұғалімдер алдында элементарлық практицизммен шұғылданбай, балаға әдеби тіл негіздерін үйретуді басты мақсат етіп қояды. Оқушыларға іс қағаздарын үйретуге де қарсы болған жоқ.

Академик Буслаевтың методикалық көмекші құралы методиканың дамуында аса зор роль атқарады. Оның теория мен практиканың байланысы, баланың жас ерекшелігін ескеру, ана тілі сабақтарында көркем шығармалар текстерін пайдалану т.б. жөніндегі пікірлері бүгінгі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Алайда, грамматиканы тек көркем шығарма текстеріне негіздей оқыту және ана тілін салысьырмалы-тарихи жолмен оқыту жөніндегі пікірлері біздің заманымызға лайық келмейді.

Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына жедел хат танытуға және қысқа уақыт мерзім ішінде орыс тілін білгізуге ерекше көңіл бөліп, оның тиімді жолын іздестірді және оны тапты да. Алғаш ашылған мектептегі өзінің мұғалімдік жұмысы және оқыту әдістері туралы ол былай деп жазды:

«Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірістім. Бұл балалар да менің айызымды қандырып, не бары үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды... Мен әуелі оларға зат есімге ғана жататын зат аттарын үйретемін; содан кейін заттың сынын көрсететін сын есімді үйретемін, осылардан кейін зат есімді олардың сынымен қосып, ақ адам деген сияқты сөйлемдерді құрып үйретемін. Одан әрі етістік, жіктеу, септеу, орысша сөздерді, жынысқа бөлуді және есеп үйретемін. Осыдан кейін келіп самоучительден сөйлем аударып үйретемін» [2].

Ыбырай Алтынсарин оқытуға ұсынылатын материалдары іріктеуде өте ұқыпты болды: баланың жас және ұлттық ерекшелігін, психологиясын, ақыл-ой өрісін, талғамын және олардың игеру қабілетін үнемі ескеріп отыруды қадағалады.

«Бірінші кітабымды Паульсон кітабының құрастырылу тәртібімен жазып шыққалы отырмын. Әрине, мұны қазақ балаларына лайықтап жазамын. Мысалдарды (басни) енгізгім келмейді, өйткені қатаң тұрмыста өскен қазақтарға бұдан гөрі мәндірек әңгімелер керек болады. Мысалдарды қазақ балалары оқығысы келмейтінін, оқыса оған күлетінін, ал олардың ата-аналары балаларымызға сауысқан мен қарға сөйлейді деген сияқты нәрсені үйретеді деп, тіпті ренжитінін тәжірибемнен білемін. Қазақ балаларына, меніңше, мағыналы анекдоттар, жұмбақтар, ойына ой қосатын әңгімелер немесе оларды қызықтыратын, мысалы, жібек құртының, көбелектердің өзгерулері сияқты, құндыздың өзіне үй салып алатыны сияқты әңгімелер тәуірірек болады. Өлең жағын мен, мүмкін болғанша, қазақ өлеңдерінің арасынан іріктеп аламын» [3].

Ыбырай Алтынсарин берілген сабақты «балалар түсініп алғанға дейін, орынсыз ілгері озып кетуге болмайды» деп есептеді. Кітап оқуға оқушыларды ынталандырып, оқығандарын берік ұғып қалу үшін, мынадай тәсілдер ұсынады: «...оқушылармен бірге қайта-қайта оқып, ауызша әңгімелер өткізіп отыруды, әңгімені орыс тілінде, әрине, түсіндіре отырып, айқын өткізуді өте пайдалы деп білетінімді айта кету борышым деп білемін; бұл әңгімелердің аяғында оқушылардан оқығандарын қайталап сұрап отыру қажет. Мұндай әңгімелерді оқушылардың қызығып тыңдайтынын және жеңіл ұғып алатынын мен өз тәжірибемде көргенмін.


Каталог: 2017 -> KazNU-MTIJ-2017
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Ақпараттық хат құрметті әріптестер!
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Бағдарламасы бойынша соңғы жылда млрд. 750,9 млн теңге бөлініп, 111 нысанда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді
KazNU-MTIJ-2017 -> Бағдарламасы алматы, Қазақстан, 017 жыл, сәуір программа II международной научно-практической конференции
KazNU-MTIJ-2017 -> Бағдарламасы алматы, Қазақстан, 017 жыл, сәуір программа II международной научно-практической конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет