Материалдары



жүктеу 3.35 Mb.
бет19/20
Дата12.09.2017
өлшемі3.35 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Пайдаланылған әдебиттер:

1.Б. Құлмағанбетова. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1982ж.

2.С. Рахметова. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1991ж.

3.Ф. Оразбаева. Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі. А., 2003ж



Нурходжаева М.И.

45 мектеп-гимназиясы, орыс тілі пән мұғалімі


Мектепке оқытуға баланы психологиялық дайындау
Мектепке дейін тәрбиелеу мен оқыту дейін.Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ,олардың дене және психикалық денсаулығын қорғап ,нығайтуды, дамуында ауытқуы, бар балалардың жеке қабілеттерін дамытуды және оған мұқтаж балаларға қажетті түзету жасауды жүзеге асырды. Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындығын қалыптастыру үшін танымдылық процесстерін дамыту.

- Мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу.


Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға, олардың отбасына көмек ретінде зерттеу жұмысын жазуды жөн көрдік. Зерттеу жұмысын бастамас бұрын біз алдымызға мынадый болжам қойдық – балалардың танымдық процестерін дамытуда міндеті болып табылады.
Процестерінің дамуы, қоршаған ортаның баламен қарым-қатынасына  байланысты.Егер зерттеу мақсаты болжам мақсатқа жету жолында мынандай міндеттерді алдымызға қойдық.

- Мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

- Мектеп жасына дейінгі балаларда танымдық процестерінің денгейлерінің диагностикасы.

- Баланы мектепке дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолданудың психологиялық мүнкіндіктерін айқындау.

Мектепке дейінгі балалық шақта (үштеп жеті жасқа дейін) организімнің қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшықтың еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылуы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие  мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формалары игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Баланың мектепке дайындығының кейбір психологиялық аспектілері. Мектептегі оқудың басталуы – бала өміріндегі әлеуметтік психологиялық жағынана да, физиологиялық жағынан да қиын әрі жауапкершілігі мол кезең. Бұл адам өміріндегі және іс-әрекетіндегі жаңа жағдай болып табылады. Сонымен қатар жаңа қарым-қатынастар жаңа міндеттердің тоғысуы болып табылады. Баланың бұл кезде бар өмірі өзгеріске түседі. Мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қоятыны белгілі. Ол оқушының азын-уалақ алған білімі талаптарды орындауға мүмкіншілік бермейді. Осындан келеді де, оқушылардың мүмкіндіктерімен мектептің қойлатын талаптары арасында қарама–қайшылықтар туады. Себебі оқу басталғанан жүктеменің көлемі өседі.

Балабақша ұйымдарында мектепке дайында.Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Мектепке дейінгілердің өз-өзіне қызмет ету дағдыларын меңгеруі - өнегелі, жігерлі, дербестік, және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы.

П.П.Блонский өзінің педалогиялық-бағдарлану концепциясында  баланың үлгермеушілігі, мектептегі сәтсіздіктерін оның жүріс-тұрыстарынан емес, әуелі семья жағдайына, әлуметтік экономикалық мәселелерінен қарау керек деп тұжырымдаған.   


Егер сөйлеу, ойлау, қабылдау процестерінің дамуы қалыпты жағдайда жүрмесе  баланың ой-өрісінің дамуы да кейін қалады. Бала бұл жаста өзін еркін ұстап, өз бетімен әркет жасап үйрене алмайды, олардың дамуында жол көрсететін, өмірге бейімделуіне жағдай жасайтын адам болу керек. Қандай адамзат баласы болмасын баланың әлеуметтік жағдайына бейімдейтін, үйрететін ата-анасы болып табылады.

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту, олардың жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыруда оқу-зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор.Танымдық іс-әрекеттің шығармашылыққа ұмтылу арқылы сипатталады.Өз бетімен білім алуға ұмтылу танымдық ізденімпаздықты қажет етеді .Зерттеу жұмыстары оқу үдірісімен қатар жүре отырып ,оқушының танымдық біліктерінің дамуына негіз болады.Әсіресе ,бұл жұмыстарда әр оқушының жеке мүмкіндіктері мен қасиеттері айқындалады.

Балалардын ойлауын сезімін,еркін зерттеу керек болса,бұл үшін психолог қандай болмасын бір әрекет ұйымдастырады.Мысалы,өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса,сол ойын үстіндегі балалардың психологиялық ерекшеліктері жазылып,кейін оған мұқият талдау жасалынады.Осы зерттеуде оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара қатынасы үнемі өзгеретіндігі,балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы тереңдеп,жалпыланып қана қоймай,ондағы образдардың біртіндеп толық және мағыналы бола түсетіндігі де байқалған.

Мектепте оқытуға баланың психологиялық дайрлығы  - мектепке дейінгі балалық шақ кезеңіндегі психикалық дамудың қорытындыларының бірі. Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр.

Ендігі жерде мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның денсаулығын нығайту, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде мектепке даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді.

Сымханова Ж.А.

45 мектеп-гимназиясы, бастауыш мектеп мұғалімі


Қазақ тілін оқытудағы жаңа технологиялар
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» бағдарламасында жан-жақты дамыған, дүние жүзіне әйгілі және сыйлы мемлекеттің патриоттарын тәрбиелеу – ұстаздар қауымының басты міндеті екендігі баса айтылған. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады демекші, әр сабақтың қызықты өтуі тікелей мұғалімге байланысты. Осы орайда өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілдің қадірін сезіндіріп жүрген тіл мамандарының көтерген жүгі ауыр-ақ, десек те мемлекетіміздің кез келген оқу орнында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде оқытылады. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерінде қазақ тілі пәнінің мақсаты оқушылардың қарым-қатынас біліктілігін, яғни тілдік және танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында көрсетілген. Тіл арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті., мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, болмысы танылады. Осы мақсатқа жетсек қана Қазақстанның саналы азаматын тәрбиелейміз. Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттің бірі оқушыға тиянақты білім беру. Ол үшін мектеп мұғалімдері оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірибесінде қолдануды таңдап алады, үнемі ізденісте болады. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану, оқыту мақсатына жетудің тиімді жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа әдістерін пайдалану арқылы мұғалім оқушының белсенділігін, шығармашылық ізденісін арттырады, пәнге деген қызығушылығын оятады. Тіл үйрену – ол зорлықсыз, иландыру арқылы жүргізілетін жұмыс екендігі белгілі. Алайда, қандай да бір құбылыс болмасын оның қажеттілігі байқалмайынша жүзеге аспайтыны анық. Олай болса, мемелекеттік тіл қазақстандық басқа ұлт өкілдерінің қажеттіліктеріне айналмайынша, олардың тілдің үйренуі кешеуілдеуі ықтимал. Сол себепті мемлекеттік тілді жедел әрі тиімді оқытудың жолдары мен түрлерін тілші мамандар мен ғалымдар әртүрлі әдістемелер арқылы оқытуды ұсынуда. Соңғы жылда білім беруде жаңа технологиялар әдісі бойынша қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне үйрету тиімді екенін өмір өзі дәлелдеп келеді. Технологияның басты принциптерінің бірі – әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, оның барлық танымдық қасиеттерін дамыта отырып білім беру.

- оқытудың тиімділігін арттыру;

- берілген материалдарды терең меңгерту;

- оқушыны ойлату, ойнату, ой салу;

- өзін-өзі оқытуға мүмкіндік беру;

- оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау;

- ұстаз бен оқушы арасында тепе-теңдік болуы;

- оқушының алдына мақсат қойғызып, оны міндетті түрде орындату.

Оқушының пәнге қызығуын арттыру, қоршаған ортаны игеріп, сөйлесу, пікір алысу, сұраққа дұрыс жауап беру, әңгімелесу, т.б. тілді меңгерту жолында қазақ халқының ауыз әдебиетінен мысалдармен байытылған тапсырмаларды өз бетімен игеріп шығармашылық деңгейге жетуі – технологияның тіл үйретудегі басты талаптары.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі болуына байланысты сабақ өткізу әдіс-тәсілдеріне де жаңа технология енгізіліп жатыр. Сол технологиялардың арасында оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамытуда үлкен орын алатыны « Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы. Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасының ерекшеліктерін, психологиясын түсінгеннен бастап, бұл бағдарламаның стратегияларын (әдістерін) өзімнің сабақ беру жүйеме үздіксіз енгізіп келе жатырмын. Оқушы ұтымды әдістерді пайдалануда өзінің білімге деген ынтасын ұшайтады, таным-білім көкжиегін кеңейтеді, еркін ойлауға, өз ойын дәләлдеуге үйренеді. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз дамуына сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді; ойлауға үйретеді.
Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметінің, іс-әрекетінің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз - оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады, ал мұғалім осы әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту- бағдарламасы мұғалім үшін өте тиімді. Өйткені, белгілі бір тақырыпты ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой- толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Қазақ тіліне жоғары буынға арналған оқу дәптері дарынды балалармен жұмыс жүргізу өте қолайлы. Жүсіпбек Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Баланың осындай қабілеттерін дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, оларды толық ашуға мүмкіндік туады. Біздің мектепте де баланың қабілеті мен талантын дамытуға көңіл бөлінеді. Бұл жұмыс бастауыш сыныптан басталып, ары қарай жалғасады. Сондай жұмыстың бірі – қазақ тілінен жоғары буынға арналған жұмыс дәптері. Дәптердің жазылу мақсаты:

1.Оқушының қазақ тіліне деген белсенділігін арттырып, ой-өрісін кеңейтіп бекіту.

2.Орыс тілді оқушыға мектепте, үйде, көшеде, аулада, сыныптастары ортасында, үлкен адамдармен сөйлесуде, бір сөзбен айтқанда, күнделікті өмірде қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға көмектесу.

3. Осы оқу дәптері арқылы оқушыны қазақ тілін жеңіл және қызығушылықпен оқып, үйренуге ынталандыру.

4.Баланың шығармашылық қабілетін дамыту.

5.Шәкірттің көңіліндегі өз күшіне деген сенімділік туғызу, өзіндік пікір қалыптастыру.

6.Оқушыны төменгі ойлау деңгейінен жоғары ойлау деңгейіне көтеру.

7.Дарынды оқушыларды әртүрлі сайыстарға, олимпиадаларға дайындау.

Қазіргі зерттеу жұмыстары қазақ тілі пәнінен оқушылардың дара қасиетін, дүниетанымын, оқушының ойлау және сөйлеу тілін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмаларында қолданудың маңызды екендігін көрсетуде. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың қазақ тілінен алған білімдерін толықтыра, тереңдете отырып, қажетті дағдылар мен біліктілігінің қалыптасуын қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.

Қорыта келгенде, бұл технология бойынша оқытудың нәтижелері:

- қазақ тілі сабағының мазмұны мен сапасы артады;

- оқушылардың дара ерекшеліктеріне сай ойлау, сөйлеу қабілеттері дамиды;

- оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, шеберлігі шыңдалады;

- оқушының жауапкершілігі артады, шығармашылығы қалыптасады;

- оқушы өзін-өзі дамытып, өзін-өзі бағалап, білім деңгейін өрбіте алады;

- оқушы өзі талдау жасайды, қорытынды шығарады, жаңалыққа ұмтылады;

- оқушының ауызша, жазбаша сөйлеу тілдері дамиды, лексикалық қоры баиды;

- қазақ тілін үйренуде қызығушылығы, өз күшіне деген сенімділігі пайда болады;

- бала өз ойын дәлелдей білітін, шағын зерттеулер жүргізе алатын болады.

Жунусбекова Д.А.

Бастауыш мектеп мұғалімі
Әлеуметтік желінің мектеп оқушыларына әсері: кері ықпалы мен тигізер әсері
Кез келген мемлекеттің болашағы жастар. Жастардың өмір сүру әдебін, қызығушылығы мен талпыныстарын, жетістіктері мен кемшіліктерін сараптай отырып мемлекеттің болашағын болжауға болады. Жастардың бүгінгі күні әлеуметтік-экономикалық мәселелері кеңінен талқыланып, шешу механизмдері іске асып жатыр. Дегенмен, біз қарастырған мәселе — жастарға зор пайдасы әрі мол зияны бар — «Әлеуметтік желі мәдениеті».

Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ саяси ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Р.Бердібаев «Экономика» республикалық апталық газетіндегі мақаласында әлеуметтік желі мәселесінің қоғам дамуына тигізетін кері әсерлерін талдап, шешу жолдарын көрсетеді.   Интернет торабын, әлеуметтік желілерді ауыздықтау мүмкін емес. Алайда, қоғамның дұрыс дамуы үшін, жас ұрпақтың адами келбетіне, денсаулығына, ой-өрісіне келетін зиянды азайту мақсатында:

– отандық әлеуметтік желілерді дамытып, оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету;

–  интернеттің ұлттық ресурстарын, әсіресе қазақ тілінде балаларға арналған ресурстарды дамыту;

–  педагогог ғалымдар тарапынан компьютерлік оқыту формаларын зерттеп, әдістемелік нұсқаулар жасау, сонымен бірге балалар, жасөспірімдер, ата-аналар арасында жүйелі түрде компьютерлік ойындармен, әлеуметтік желілермен аса әуестенудің зияндығы туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

– жасөспірімдер арасында ақпараттық мәдениет тақырыбына зерттеулер, арнайы курстар өткізу қажет.

Әлеуметтік желі үйдегі ас тұзы секілді. Күнделікті қолданыста өте қажет, бірақ мөлшерден көп қолданса денсаулыққа зиян. Бір ғана айырмашылығы — ас тұзын қолдану есебі, ережесі, мәдениеті қалыптасқан. Ал әлеуметтік желіні қолдануда бізде есеп те, ереже де, мәдениет те жоқ. Есеп пен ереже болмаған жағдайда мәдениет қайдан болсын. Мүмкіншілігі мол, зияны зор ғаламды торда ұстап отырған ғаламтор әлеуметті ұлттық дамудан айырады. Сондықтан желі қолданушылары үшін әлеуметтік мәдениеттің біркелкі жолын жүйелеп қалыптастыру, оны қоғам санасына сіңдіру жаһандану заманында жастарға жүктелетін маңызды миссия. Себебі әлеуметтік желіні көп қолданушылар да сол жастар.

Әлем бойынша сайттың қолданушылары  50 миллион екен. Бұған дейінгі заманда әлеуметтік желі болған жоқ, сәйкесінше ешқандай әдет, қағида қалыптасқан жоқ. Біздің пайымдауымызша, әлеуметтік желі мәдениеті мәселесін көтеру, шешу жолдарын ұсыну бүгінгі күні өзекті.

Жалпы, «Әлеуметтік желі мәдениеті» деген не? Әлеуметтік желі – ақпарат алмасу, қарым-қатынас жасау және уақыт үнемдеу құралы. Әлеуметтік желі мәдениеті – әлеуметтік желіні қолдану, кез келген әлеуметтік желі қолданушысы қандай әрекетті істеуге болатындығын немесе болмайтындығын айқындайтын, жасағалы отырған жұмыстың шегін белгілейтін жалпы қағидаттарының жиынтығы.

Қазіргі таңда әлеуметтік желінің жастар өмірінің күн тәртібінде алар орны орасан зор. Бұл – қауіп. Қарапайым жас (ол мектеп оқушысы, студент, жас маман) таңертең ұйқысынан тұрған сәттен-ақ әлеуметтік желіге қосылуға мүмкіндік беретін аппаратқа (телефон, планшет, ноутбок және т.б.) қарай беттейді. Содан сабақта, жұмыста, көшеде, үйде де желіде отырады. Түсте, кешке тамақтанғанда, үй тапсырмасын орындағанда, үй шаруасымен айналысқанда жастардың барлығы аталған істермен бірге, әлеуметтік желідегі шаруасынан қол үзбейді. Соңында, негізгі жұмыстары аяқталмайды және назар аударып орындамаған үй тапсырмасын көңіліне толық түймейді. Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Еріншектен – салақтық, салақтықтан – надандық, Бірінен-бірі туады, Жоғалар сөйтіп адамдық» дегендей, еріншектікке таң атқаннан жіпсіз байлайтын осы әлеуметтік желі.

Осы орайда әлеуметтік желі мәдениетін қалыптастыруда ең басты ескеретін 3 мәселені ұсынамыз:


  1. Қолдану уақытын белгілеу. Тәулігіне өтетін 24 сағаттың 8 сағатын – күнкөріс жұмысқа, 8 сағатын – ұйқыға, 8 сағатын – өзімізге пайдалы өзге ісімізге жұмсауымыз қажет. Ал әлеуметтік желіні тұрақты қолданушылар 24 сағаттың 6 сағатын – күнкөріс жұмысқа, 6 сағатын – ұйқыға, 6 сағатын өзіне пайдалы деп санайтын өзге істерге, ал қалған 6 сағатын әлеуметтік желіге арнайды. Бұл – қазіргі заманда үйреншікті жағдай.

  2. Ақпарат қабылдау, тарату, түсіну жолдарын үйрететін арнайы курстар ашу. Өйткені жастар ақпараттың 90 пайызын дерлік әлеуметтік желіден алады. Алынған ақпараттың оң, солын ажырата алмай адасып жүреді. Оны желі арқылы таратады. Сонымен өздері адасып қана қоймай, қоғамды адастырады. Сөйтіп, «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді».

  3. Тіл тазалығын реттеу. Тіл сауаттылығының сақталып қалуы үшін әлеуметтік желі қолданушыларына арналған, қарым-қатынас жасау нормаларын үйрететін интернет-нұсқаулық жасау керек.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні деп түйгеніміз, кез келген жас азамат өзінің күн тәртібіндегі әлеуметтік желінің әкелер пайдасын пайымдап, зиянын зерделеп, онымен жүйелі түрде айналысу керек.

Байтенова Б.К.

Бастауыш мектеп мұғалімі
Орфографиялық жаттығуларды

орындатудағы қарым-қатынас
Грамматикалық материал түсіндірілгеннен кейін, жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Жаттығу жұмысының мақсаты - грамматикадан алған білімді жазу практикасында пайдалана білуге икемделу. Грамматикалық ережені меңгеру оны практикада әске асыра білу процесінде жүзеге асады. Анықтама ережені оқушылардың түсінуі материалды игерудің алғашқы бастамасы ғана. Орфограммалардың жазылуын есте сақтап қалу үшін қайталама қабылдау қажет болады. Орфограммаларады кайталай түсу оқушыларды анализ және синтез операцияларын орындауға дағдыландырады. Жаттығу неғұрлым мол орындалса, оқушылардың материалды меңгеруі де соғүрлым жеңілдейді. Грамматикалық форманы тану оны қабылдаумен бір мезгілде жүзеге асады. Сөйтіп, орфографиялық жаттығулар орындау кезіндегі оқушылардың күрделі аналитика-синтетикалық қызметі, біріншіден, ережені түсінуге, екіншіден, орфографиялық дағдылардың қалыптасуына негіз жасайды.

Жаттығулар орындалу сипатына қарай:

1) көру сезімі арқылы;

2) есту сезімі арқылы орындалатын жаттығулар деп бөлінеді. Көру сезімі аркылы орындалатын жаттығуға көшіріп жазу жұмыстары жатады, есту сезімі арқылы орындалатын жаттығуға негізінде диктанттарды жатқызуға болады.

Көру сезімі мен есту арқылы орындалатын жаттығу ішінде сөзді дұрыс айту және оны дұрыс жазу сияқты кинеәстетикалық әлементтерге қоса, сезімдік қабылдаулар ойлау қызметімен үштасып отырады. Көру сезімі арқылы көьшіріп жазу жұмысында мынаны ескеруге тура келеді: егер әріп немесе сөз жазылмаған тексті көшіріп жазу керек болса, онда өтіліп отырған орфограмма көру сезімі арқылы қабылданбайды, оны оқушы ережені ескере отырып, ойлау арқылы табады, ал сөйлемдердегі басқа сөздерді көру сезімі арқылы көшіріп жазады. Ойлау проқестерін дамыту сипаттарына қарай орфографиялық жаттығуларды былайша топтастыруға болады: 1) аналитикалық немесе граммаматика-орфографиялық талдау түріндегі жаттығу, 2) синтетикалық немесе текст құрау үшін сөйлемді қайта құру я өздігінен құру жаттығулары, 3) грамматикалық ерекшеліктерді топтастыру сипатындағы жаттығу немесе орфограммалардың грамматикалық жіктер мен формаларына қарай, мысалы, жұрнақұтар мен жалғаулар т.б. бөлу, 4) ұқсас немесе қарама-қарсы формалар бойынша жұмыс. Жаттығудың бұл түрлері бір-бірлерімен тығыз байланысты, сондықтан да оларды белгілі-бір сабақта үштастыра отырып, жаттығу орындату тәсілі жан-жақты түрлендіріп отыруға да болады. Алайда, грамматикалық немесе орфографиялық сабақтарының бәрінде бірдей бұл жұмыстарды түгелдей жүргізудің кажеттігі болмайтын жағдайлары бар. Тіпті, кейде өтіліп отырған материал сипатының өзі көрсетілген іс-әрекеттерді бір гана түрмен шектеуді қажет етеді.

Орфографиялық жаттығу грамматикалық және орфографиялық түсінік бойынша, сондай-ақ талдаулар жасау арқылы орындалып отырады. Жаттығу орындатудың бір түрі басқа түрлерімен алма-кезек ауыстырылып отырады. Белгілі бір тақырыпқа байланысты жаттығу кезінде көшіріп жазу және диктант әлементтері, тіпті творчестволық диктант немесе шығарма араласа жүргізіліп отырылуы мүмкін. Мұндай жаттығулар берік орфографиялық дағды қалыптастыруға көмектеседі. Алайда, орындауға үсынылатын жаттығулар дұрыс іріктеліп, оны орындату жолдары дұрыс белгіленуі және жұмыс шебер үйымдастырылуы қажет.

Жаттығуға байланысты қандай жұмыс түрлерін жүргізу оқушылар алған орфографиялық дағды дәрежесімен дәл сол кезде қойылып отырған мақсатқа негізделеді. Егер жаңа өтілген ережеге қорытынды жасалып, ол ережеге байланысты әлде де жаттыға түсу, еске берік сақтау қажет болса, онда грамматикалық және орфографиялық талдау жасай отырып, көшіртіп жазғызу керек. Егер оқушыларға емлелік қиындықтарды тапқызып, орфограммаларды жете таныту мақсат етіп қойылса, онда мына сияқты жұмыстар жүргізуді ұсынуға болады:

Жаттығу жүргізуде мынадай дидактикалық талаптар қойылады: жаттығудың әржақтылығы және қайталай жаттығу. Тақырыпты өту кезіндегі жаттығумен шектеліп қалуға болмайды. Келесі сабақтарда немесе келесі тақырыптарды өту кезінде де қайталана жаттықтырылу керек. Сондай-ақ кластағы оқушылардың белгілі орфограмманы меңгреу дәрежесіне қарай және оқушыларға арнайы тапсырма беру жолымен жаттығу орындату оқу процесіндегі тиімді тәсіл болып табылады.

Орфографияны үйрету - біртұтас қиын процесс. Бұл процестің біртұтастығы оқытылатын баланың психикалық қызметінің бірлігімен, қабылдау бірлігімен, тіл мен ойлаудың бірлігімен, ауызша және жазбаша тіл бірлігімен жүзеге асырылады.

Әртүрлі сөздік материалдарға енгізілген белгілі бір орфограмманы жазу көптеген оқушыларға едәуір қиындық туғызады, сонымен бірге бір ережеге байланысты емленің өзінен де түрлі қиындық ұшырасады. Мұндай қателердің көпшілігі орфограммалардың грамматикалық табиғатын ажырата алмағандықтан жәберіледі. Жаттығуларға симантикалық, грамматикалық формасы т.б. жағынан әртүрлі ерекшеліктердің көбінесе аз қамтылуы себепші болады. Соның салдарынан оқушылар неғүрлым жеңіл жұмыстарды орындауға әдеттенеді де грамматикалық категорияларды неғұрлым қиын жағынан тануға, месте сақтауға, ақылға тоқуға әзірлігі жетпейді. Белгілі грамматикалық категорияларды оқушылардың неліктен нашар меңгеретінс себебін мұғалімнің зерттеп, ол себептерді оқушыларға саналы түрде жеткізіп отыру керек.

Жаттығудың тағы бір түрі оқушылардың жұмысты өздігінен орындауы болып табылады. Жаттығулардың мұндай түріне орфограмма жазылмай берілген тексті көшіріп жазу жатады. Оқушыларға сөздің жеке бөліктері немесе тұтас сөз жазылмаған тексті көшіріп, жазу тапсырылады да, орфографиялық ережелерді басшылыққа ала отырып, жазылмай қалған орфограммаларды немесе сөзді өздігінен ойлап жазу талап етіледі (текстің басқа жағына көңіл қоймауына болады). Мұндай жаттығудың ерекшелігі мынада: тексті жеке әлемент бөлініп көрсетілгендіктен, ереже объектісі сол бөлініп көрсетілғен әлементтен іздестіріледі, бірақ оны дәл табу оққшының міндеті. Бұл жолмен жаттығуда да аралас (үқсас) орфограммалар үсынылып отыруы керек. Олай болмаған жағдайда берілген ережеге байланысты бірінші сөйлемді ойлана отырып, орындағанымен, қалғандарын сол жолмен механикалық түрде толтыра салуы мүмкін. Жеке орфограмма немесе тұтас сөз жазылмай берілген тексті көшіріп жазу жаттығудың басқа түрлеріне қарағанда, оқушыдан жұмысты өздігінен орындауды көбірек талап етеді. Өйткені мұндай жаттығуды орындау кезінде оқушылар орфограмманың жалпы сипатын және оның графикалық формасын анықтап отырады.

Диктант жазу кезінде мұғалімнің орфоәпиялық нормада оқуы мен оқушының орфографиялық нормада жазылу белгілі бір дәрежеде бір-біріне қайшылық туғызады. Мәселен, тоқсанға келген жасым бар (тоқсанға келген), көпті көрген басым бар (көпті көрген) деген сөйлемдегі айтылу және жазылу ережесін түсіну диктант жазу кезіндегі оқушылардың бірден бір міндеті болмақ.

Диктанттың бақылау диктанты деп аталатын түрі де ескерту диктанты сияқты есту сезімі арқылы жазылады. Алайда бұлардың арасында едәуір айырмашылық бар. Егер ескерту диктантында текстке талдау жасалып,

оқушылардың есте берік сақталуына жағдай жасалатын болса, бақылау диктантында ешбір жеңілдік берілмейді. Бақылау диктантында оқушылар өзінің орфографиялық біліміне сүйеніп, жұмысты тек өздігінен орындайтын болады. Алайда бақылау диктанты оқушылардың білімін сынаумен бірге, оларды үйрету мақсатында көздейді. Жіберілген қателер бойынша жаттығу жұмыстары кеңінен жүргізіліп, кімнің қандай ережеге ерекше көңіл бөлуі керектігі көрсетіліп отырады.

Шығармашылық жазу - күрделі процесс. Оған дағдылану үшін көптеп жаттығу керек. Шығармашылық жазуда орфографиялық жағынан сауатты жазу және жүйелі түрде жазбаша баяндай білу талап етіледі. Сол үшін таза орфографиялық жаттығу кезінің өзінде ақ оқушының сөйлемді дұрыс құрап, ойын дұрыс баяндай білуіне назар аударып отыру керек. Бұлай болмаған жағдайда, оқушылардың шығармашылық жазуы (мазмұндама мен шығарма) кезінде орфографиялық қате көптеп жіберілетін болады.

ПРОЕКТ
РЕЗОЛЮЦИЯ


II Международной научно-практической конференции

Каталог: 2017 -> KazNU-MTIJ-2017
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Ақпараттық хат құрметті әріптестер!
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Бағдарламасы бойынша соңғы жылда млрд. 750,9 млн теңге бөлініп, 111 нысанда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді
KazNU-MTIJ-2017 -> Бағдарламасы алматы, Қазақстан, 017 жыл, сәуір программа II международной научно-практической конференции
KazNU-MTIJ-2017 -> Бағдарламасы алматы, Қазақстан, 017 жыл, сәуір программа II международной научно-практической конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет