Мазмұндама Ең үлкен байлық Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен



жүктеу 44.5 Kb.
Дата26.11.2018
өлшемі44.5 Kb.
түріМазмұндама



Қазақ тілі пәнінен(орыс мектебі үшін)

мектепішілік олимпиада тапсырмалар үлгілері

8 сынып

I тур

Мазмұндама
Ең үлкен байлық
Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен.

- Шіркін-ай, егер менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім, - деп зарлауын қоймапты.

Бір күні жігіттің лашығының алдынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған жігіттің қасына келеді.

- Саған не болды сонша жыланып? Сен нағыз бай адам емессің бе? - дейді.

- Мен баймын ба? – деп жігіт таң қалады. – Ол қандай байлық?

- Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға сатып берер едің? - деп сұрайды қарт.

- Оның не?! - деп шошып кетеді жігіт, – көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын.

- Ал енді екі қолың мен аяғыңның біреуін алтынға айырбастар ма едің?

- Жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, - дейді жігіт.

- Міне, көрдің бе, сен өте бай адамсың. Адамның ең үлкен байлығы – күш-қуаты мен денсаулығы, дейді қарт. – Оны ақшаға сатып ала алмайсың.

Қарт осыны айтады да, жөніне кетеді.

9 сынып

1 тур

Тест сұрақтары
1. «сұлу» деген мағынаны білдіретін фразеологизмді табыңыз.

a) көзді ашып жұмғанша

ә) көзі көрген

б) айй десе аузы, күн десе көзі

ә) ит өлген жерде

2. Мақалды аяяқтаңыз : Өнер алды...

a) ойлап сөйле

ә) өз тіліңді құрметте

б) қызыл тіл

ә) келер басыңа

3. тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз.

a) көзді ашып, жұмғанша

ә) көзіңді аш

б) көзіңді аш

ә) тез бар

4. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

... көріп келдім.

a) өзіңе


ә) өзінде

б) өзін


ә) өзінің

5. «внутри», «снаружи» сөздерінің қазақша баламасын табыңыз.

a) үсті,алды

ә) сырты,асты

б) жаңа,түбі

ә) ішінде, сыртында

6. Септік жалғаулы сөзді табыңыз

a) гүлдер

ә) жейде

б) перде

ә) сізде

7. Омонимі бар сөйлемді табыңыз

a) Сыныпта оқушылар түгел емес

ә) Атың кім?

б) Алма, біреудің затын алма

ә) Оның шетелге барғысы келді.

8. Тәуелдік жалғауының 1-жағында тұрған сөзді тап

a) Орманның іші

ә) Тілім барда, халқым бар

б) ниетің дұрыс болғай

ә) Сіздердің оқытушыларың

9. Көп нүктенің орнына қандай сөз жазу керек? Менің үйге барғым ...

a) келеміз

ә) келеді

б) келемін

ә) келесіңдер

10. Мына сөйлемнің дұрыс аудармасын табыңыз.

Олжас хотел учиться

a) Олжас оқуға барды.

ә) Олжастың оқығысы келді

б) Олжас оқуды армандады.

ә) Олжас оқығысы келеді

10 сыныптың 2-ші тапсырмасы бойынша

арнаулы тақырыптары


  1. “Өзін-өзі мақтаған өліммен тең”

  2. “Мінез байлығы – жан сұлулығы”

  3. “Баладан мін табылса, ата-анаға сын тағылар”

  4. “Найза жарасы бітсе де, сөз жарасы бітпес”

  5. “Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті”

  6. “Кең болсаң, кем болмайсың”

  7. “Темірді қызған кезде соқ”

  8. “Көрмес түйені де көрмес”

  9. “Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле”

  10. “Ақыл – адам көркі, ақылдың сабыр – серігі”

  11. “Татулық – табылмас бақыт”

  12. “Малы жоқ кісі кедей емес, ары жоқ кісі кедей”

  13. “Жігіт өз үйіне сыйлы болмай, елге қадірлі болмайды”

  14. “Ақыл азбайды, білім тозбайды”

  15. “Адам туа білмейді, жүре біледі”



11 сынып

II тур


  1. Мәтінді оқып, мазмұнын өз сөзіңізбен айтып беріңіз. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге қандай ат қоюға болады?

Ертеде бір қадірлі, шешен қария дүниеден өтерінде қасына ұлын шақырып алып:

- Балам, мен ұзамай жарық дүниемен қош айтысамын. Әкем қазына қалдырмады деп қамықпа. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле, - депті.

Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп ел кезеді, бірақ таба алмайды. Бір күні бала ел ішіндегі дана қарияға келіп, әкесінің айтқанын айтады. Сонда қария: «Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы – тіл. Ол шешен адам еді ғой. Бәріміз де сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік. Адамға тілден артық қазына жоқ», - деп аталы сөздің шешуін айтыпты.



Міне, осындай қазынаны қастерлеу әркімнің қасиетті парызы болар. Тіл құрыса, халық та болмайды. Сондықтан әлемдегі жүздеген ұлттардың арасында қазақ елінің еңсесі биік, мәртебесі жоғары болсын десек, алдымен қазақ тілін қастерлеп, өркендете білуіміз керек.
2. Үлестірмелі қағаздағы таңдап алған мақалдың мағынасын түсіндіріңіз (тапсырма ауызша орындалады).
3. 1-тапсырмадағы мәтінде асты сызылған сөйлемдерге жазбаша түрде синтаксистік талдау жасаңыз (тапсырма жазбаша орындалады).
4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні мәнерлеп жатқа айтыңыз(тапсырма ауызша орындалады).

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет