Мазмұндамалар жинағы «Аймақтық компонентке арналған»



Дата21.01.2019
өлшемі9.02 Mb.
#62948
түріМазмұндама


«Қарабалық ауданы әкімдігінің

білім бөлімінің Ново-Троицк орта мектебі» ММ

8-11сыныпқа арналған

Мазмұндамалар жинағы

«Аймақтық компонентке арналған»

Құрастырған: Кинжибаева Р.С

Алғы сөз.
«Қазақ тілінің» жаңа бағдарламасында : «Білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты – ана тілінің қоғамдық – әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік түғызу» деп көрсетілген. Бұл – өмірдің өзі туғызып отырған талап.

Мазмұндама аймақтық компонентке арналып жазылған, оқушылардың ой-өрісін дамытуға, сауаттылығын жетілдіруге әсіресе бар халық тілінің байлығын, көркемдгін танытатын мәтіндер.

Бұл жинақ оқушылардың сауаттылығын арттырып, егеменді еліміздің жан-жақты мәдениетті болашағын тәрбиелеуде азды-көпті көмегі болар деп сенемін.

Надеждин Петр Филипович.

1921 жылдың 9 сәуірінде Ново-Троицк ауылында Надеждин отбасында Петр деген бала дүниеге келді.

1927 жыл. Петр Надеждин Ново-Троицк орта мектебінің 1- ші сынып оқушысы.

1930 жылы Надеждин отбасы Магнитогорск қаласына көшеді.1937 жыл - Петр 7 сыныпты бітіріп Магнитогорск авиация мектебіне түседі. Петрдің өте көп достары және әуестері бар: авиа моделирование, құрастыру, онда ол ұшақ-аэропланды көріп таниды. Оқу ұшақтарында ұшып парашюттен секірген.

1940 жыл - Оренбург қаласынан келген комиссия жақсы оқитын оқушыларды ауеамектепке таңдап алды.Соңын ішінде Петр Надеждин болды.

1941 жыл - "Соғыс" деген сөз құлақтың ұшын түйірді. Отан қорғаушылырдың ішінде біздің жерлес Петр Надеждин болды. 1944 жылдың 26 сәуірде Надеждиннің ұшағы бағытын жоғалтып соққы алды. Жігерлі ұшқыш өзінің жанып бара жатқан ұшағын жау техникасына бағыттап, капитан Гастеллоның ерлігін қайталады. Осы ерлік үшін Петр Надеждинға "Совет Одағының Батыры" атағы берілді. (141 сөз)


Надеждин Петр Филипович.

Ново-Троицк орта мектебінің өлкетанушылары өздерінің жерлесі Петр Филипович Надеждин туралы деректер жинады.

Мектепте оқып, жетінші сыныпты бітіргеннен соң медициналық училищеге түседі және ДООСААФ-пен айналысады.

1937 жылы Орынбор әскери ұшақтар училишесіне оқуға түсуге үздік балаларды сұрыптауға Орынбор қаласынан комиссия келді.

Соғыс басталды. Мыңдаған ұлдар өзінің үйің, өзінің сүйікті елін қорғауға кетті. Олардың арасында Петр Филипович Надеждин болды.

Петр Надеждин ерлік көрсетіп жаулармен шайқасады. Отан оның ерлігін жоғары бағалады. Ол үш орденнін иегері: Қызыл Ту ордені, Ұлы Отан Соғысы ордені және Сталинградты қорғағаны үшін медаль.Соғыс жауыз.

Шайқастардың бірінде өзінің Отаны үшін аянбай күресте Петр Надеждин қаза тапты. Неміс жаулаушыларымен күресте әскери тапсырмаларды үлгілі орындағаны үшін Совет Одағының Батыры атағы бірілді. Ол өз өмірін халқының,отанының бақыты үшін берді. (129 сөз)


Петр Филипович Надеждин

Петр Филипович Надеждин 1921 жылы туды. 1937 жылы Петр жетінші сыныпты бітіріп Магнитогорск фельшер-акушер мектебіне түсті. Ол ұялшақ бала болды, сабақта өзінің досы Миша Насекинмен соңғы партада отырды. Петр жолдастармен қарапайым қарым-қатынаста, сондықтан оны бәрі құрметтейді.Егер де біреу Петр ерлік жасайды деп айтса ешкім де сенбес еді. Оның бойынан ешқандай батырлықты көрмейсін, ол орыстын қарапайым жігіті. Петя анда-санда сабақтарға қатыспай аэроклуб ішіндегі парашют үйірмесіне барды.

1942 жылдың қыркүйегінде, Сталинград аймағында әскері тапсырманы орындаған Надеждиннің тобы жаудың 6 жүк машинасын көзін жойды.

1943 жылы Миустың қасында ер жүрек ұшқыш қарсаластың танк және тірі күшін жоюға қатысты. Петр Филипович осы ұрысты басқарған үшін қолбасшысының алғысын алды. Ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды.

1944 жылдың 26 сәуірде Севастопольді алуда Надеждин бір құрал және қарсыластың әскерінің 2 нүктесін жойды.

Соңғы шайқаста Надеждин ұшағы оққа ұшырап бағытын жоғалтты. Тұтқындыққа түскісі келмеген ержүрек ұшқыш өзінің жанып бара жатқан ұшағын жаудың 1 топ техникасына бағыттап,капитан Гастеллоның ерлігін қайталады. (160 сөз)


Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы

Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы 1954 жылы 26 шілдеде Қостанай облысы, Қарабалық ауданының Бөрлі ауылында туған.


Мерзімді әскери қызметін Кеңес армиясының қатарында Қызыл Ту Сібір әскери округінде өтеген.
1977 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік киноматография институтының (Мәскеу қаласы) экономика факультетін бітірген, 1987 жылы Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында «материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастырушы» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Қазақ КСР Мемлекеттік кино және Мемлекеттік жабдықтау жүйесінде жұмыс істеді, бірқатар кәсіпорындарды басқарған. 1988-1995 жылдары «Цесна» көпсалалы корпорациясын басқарды. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланды. 1996 жылы Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалады.
1997 жылғы желтоқсан мен 2003 жылғы маусым аралығында - Астана қаласының әкімі. 2003 жылғы маусым мен 2004 жылғы желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі. 2004 жылғы желтоқсаннан бастап - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы. 2008 жылғы 23 қаңтар мен 13 қазан аралығында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары - ҚР Президентінің кеңесшісі. 2008 жылғы қараша мен 2009 жылғы маусым кезеңінде Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.
ҚР Футбол Федерациясының Президенті. 2008 жылы Астана қаласындағы «Дөңгелек алаң» архитектуралық кешені үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», II және III дәрежелі «Барыс», III дәрежелі «князь Ярослав Мудрый» (Украина) ордендерімен және медальдарімен марапатталған. «Зажечь звезду-столицу», «Так начиналась Астана. Записки первого акима столицы» кітаптарының авторы. ҚР Қорғаныс министрі (25.06.2009-04.2014). Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы. (200 сөз)
Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы

Астананың тұрғыны, біздің жерлесіміз Жақсыбеков Рыскелді 2007 жылдың 23 қарашасында аудан орталығында мешіттің қабырғасын қалап, бізге тарту етті. Балаларының бірі Әділбек астананың әкімі болды, қазір Қазақстан Республикасының қорғаныс Министірі. 1964 жылы Жақсыбеков Әділбек 3 сыныпты Ново-Троицк орта мектебінде оқыды. 2008 жылы 3 қазанында біздің жерлесіміз Жақсыбеков Әділбек мектептің қонағы болып кетті. Қонақ құр кол келмепті. Біздің мектепке мектеп жиһаздарын сыйлады. Бүгінгі әр сыныпта жаңа парта, орындық, шкаф, мұғалім үстелі бар. Ново-Троицк мұғалімдер ұжымы мен оқушылар қонаққа шексіз алғысын білдіреді. (81 сөз)




Тоқсейтов Марат Төлегенұлы

1947 жылы Қостанай облысы Қарабалық ауданында Ново-Троицк ауылында туды. 1968 жылы Алматы суретші училищесін суретші -декоратор маманы бойынша бітірді.

Өзінің өмірін шығармашылықпен байланыстырған әр сүретшінің, ақынның, жазушының тағдырында бір сәт бар, ол сәт бүкіл өмірінің өзгеруіне себеп болады. Белгілі Қазақстан суретшісі Марат Тоқсейтовтың осындай бір сәт - мектеп мұғалімі, әуесқой-суретші Николай Яковлевич Ивановпен кездесуі болды.

Мектеп мұғалімі бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын оятты. Көрме шығармашылығы 70 жылдардан басынан басталды. Тоқсейтов Марат жүздеген суреттердің авторы.

1997 жылы Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының мүшесіне кіреді. Қазіргі уақытта Астана қаласында Суретшілер Одағының төрағасы. (89 сөз)


Щеголихин Иван Павлович

Иван Павлович Щеголихин 1927 жылы Қостанай облысы, Қарабалық ауданында, Ново-Троицк ауылында туған.

Иван Павлович әскери авиация училищесінде оқыды, медициналық институтты бітірді. Горький атындағы институтта сырттай әдебиет бөлімінде оқыды. 1957-1976 жылдары "Простор" журналында проза бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, құжаттық проза бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқарады.1954 жылы сәуірде "Советский Қазақстан" журналында "Дочь профессора" деген әңгімесі жарияланды.

1960 жылы Қостанайға бірінші тың игеруге келген адамдардың батырлық өмірлерін бейнелеген "Снега метельные"деген атпен алғашқы романы "Октябрь" журналында басылып шықты. Бөлек басылым болып шыққан кітаптары : "В одном институте" (әңгімелері мен повесттері, 1958), "Снега метельные" (роман,1961ж), "Седое поле" ( әңгімелері мен повесттері 1962 ж), "И снова утро" (роман, әңгімелері, повесттері, 1968 ж). 1977 жылы "Снега метельные" романының төртінші басылымы шықты. Бұл роман поляк, балғар тілдіріне аударылып, шет елдеріне басылымға шықты.

И.Щеголихин қазақ жазушыларының С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Х.Есенжанова, З.Акишева, Х.Абдуллиннің бірнеше шығармаларын аударып, басылымға шығарды. (140 сөз)

Қабылова Сания Султанбекқызы

Көпбалалы отбасынан шыққан Сания кішкентайынан әнге құштар еді. Туысқандары мен жақындарынан естіген ән мен жыр қолына домбыра алуына себеп болды. Орыс тілінде Ново-Троицк орта мектебің бітірген, ол орыс тілінін поэзикалық көркемдігіне ғашық болды.1986 жылы Сания Қабылова алғашқы рет аудан айтысына қатысып бірінші орынды жеңіп алады. 1987 жылы облыстық айтыста жеңімпаз болады. Сол айтыста белгілі Науырызымнан келген ақынмен айтысады. Санияның шығармалары лирикалық өлеңдерге сай, тілі өткір.

Бұрында хандар ақындардың өткір тілінен қорыққан.Мынындай мақал бар: "Тіл қылыштан өткір". Сондықтан ақындар өлең де шырқай алды, өткір тілімен де тас жара алды. Қабыловаға туған ауыл, қарапайым адамдардың мәселесі, олардың туған жерге деген қозқарасы жүрекке жақын. Өзінің шығармаларында, өлеңінде Қарабалық жерін шырқайды.

Өзінің шығармаларында халықтың мәселесін көрсетеді.

"Башкортостан, коль не даст нам горючее,

Будем мы тут слезы лить очень жгучие...

Жить довайте дружно все, как одна семья:

Ведь для нас всех одно лишь небо и одна земля"

Осы сөзді ақын Башқортастан энергетика министіріне арнаған.

Ауданға ақын Әсия Беркенова келді. Ауыл тұрғандары бұндай сыйлыққа аудан әкімдігіне үлкен алғыс айтты. Бұнда да Сания Қабылованы айта кету керек. Ол қолына домбыраны алып, барлық көрермендердің тілегін жеткізе білді. Сания Қабылованың дарыны алланың бергені ғана емес, сондай-ақ өзінің қажымас еңбегінің арқасы. Біз бұндай шығармашылық адамдарды құрметтеуіміз керек. (203 сөз)




Мошков Сергей Викторович.(1966-1985)

Сергей еңбекті бірінші орынға қойған, үлгілі отбасында туды. Әкесі Виктор Петрович Мағнай ТО-сында наладчик болып жұмыс істеді, шешесі де Лидия Петровна зейнетке шыққанша Ново-Троицк аулында жұмыс істеді.

Отбасында тәрбиеленген үш баланың Сергей ортаншысы болатын. Ата-аналары балаларын кішкентай кезінен еңбекқорлыққа тәрбиеледі. Олардың әрқайсысының міндеттері болатын: біреуі бақшаны баулыса, екіншісі малды және үй қарады. Әрине олардың оқуға да, ойнауға да уақыттары жететін. Өсе келе олар өмірдегі өз жолын таңдады. Сергей орта мектепті бітіргеннен кейін Вячеслав ағасының жолын қуып, Троицкідегі шойын жол СПТУ-не тепловоз машинисті мамандығына оқуға түсті. Мектептегі және СПТУ-гі оқу барысында Сергей жақсы жағынан ғана көріне білді.

Ұстаздарының мінездемесі бойынша, ол тәртіпті, үлгілі, ойшыл, табанды оқушы болған. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан. Спортпен айналысқан, жақсы шыныққан бала болған.

Сергейді әскер қатарына шақыру уақыты да жақындағанда. Ол әуе-десантында әскери міндетін атқаруды армандаған, сол себебті СПТУ-ға оқуымен қатар, Магнитогорск қаласындағы ДОСААФ-та парашютшылар курсына түседі. Әскерге дейін ол парашютпен бірнеше рет секіру жасаған.

1984 жылдың 9 қарашасында оның арманы орындалды, ол әскері міндетін Литва ССР-гі оқу дивизиясында десант болып отқарды. Оның ДОСААФ-та оқыған кездегі парашютпен секіру дағдысы және үнемі спортпен айналысқаны әскерде үлкен пайдасы тигізді. Сергей тек дене шынықтырған жоқ, сонымен қатар тәртіпке, жігерлікке тәрбиеледі.

Әскерде ол ата-анасына жиі хат жазды. Хаттарында әскері борышы жақсы өтеп жатқанын жазды. Ата-аналарын ол туралы уайымдалауын жазатын. Туғандары жуық арада оның Ауғанстандағы нағыз соғысқа түсетінін сезбеді.

Бір күні Сергей Мошковті жолдастарымен Ауғанстанға жолдада. Ойткені десанттар алғы шептегі әскерлер. Түнде дұшмандардың топтарын жоюға бірнеше рет көтерілді. Дұшмандар қазіргі заман қару жарығымен толық қаруланған болатын.

Осындай ұрыстардың бірінде ол қатты жараланды. 1985 жылы 22 маусымда қанның көп кеткеннен және қатты жарақаттан есін жимай Сергей қайтыс болды.

Ауғанстандағы ерлігі үшін қайтыс болғаннан кейін Сергей Мошковқа Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.

1985 жылы 1 шілдеде Сергей Мошков туған Ново-Троицк ауылында жерленді. Оны ақтық жолға шығарып салуға бүкіл ауыл тұрғыны жиналды.

Туған ауылының бір көшесі Сергей Мошковтің есімімен аталды.
Сергей Мошковтың хаты.

Сәлеметсіздер ме қадіргілі анам, әке, Лариса!

Үлкен әскері сәлеммен сіздерге жазып отырған ұлдарыныө -Сергей.

Күн сәулелі Ауғанстанның Кабул қаласынын бос уақыт тауып, хат жолдап отырмын.

Өзім туралы айтсам - әскері міндетім жақсы өтіп жатыр. Машина алдым.

Батареяға түстім, жігіттер жақсы, тіған бауырларымыздай болып кеттік. Бізде күндіз ыстық, ал түнде суық. Мен күнге күйдім, қазір шоколад сияқты қоңырмын.

Жақында банан, апельсин, мандарин піседі.

Мұнда әйелдер паранджамен жүреді, ал ерлердің шалбарына 7 метр материал кетеді, ал көйлектеріне сәл азырақ.

Міне осымен хатымды аяқтаймын. Бәріне менен сәлем, хат жазып тұрыңдар.

Хош болыңдар.

Ұлдарың және інің Сергей.(112 сөз)
Кешкі Астана газетінен.

Қостанай облысы Ново-Троицк ауылының тұрғындары Лидия Петровна және Виктор Петрович Мошковтар. Астанада ауған соғысы ардагерлеріне арнап ашылған ескерткіш туралы естімеген болатын.

1984 жылы олардың ұлы Сергей әскер қатарына шақырылған болатын. Жігіт әскерге дейін десант болуды армандайтын. Литвадағы оқу бөліміне түсті. Сол жерден ол үйіне Ауғанстанға әскери міндетін атқаруға баратыны туралы шешімін хатқа жазған болатын.

1985 жылы маусымда ата-анасы қайғылы хабар алды. Дұшмандармен болған шайқаста Сергей қатты жарақаттанып, есін жимай, госпитальде қайтыс болған. Әскердің мәйіті туған еліне әкелінді.

Жақында Астанада демалыста болған жерлесі Сергей Мошковтың ата-анасына олардың ұлының есімі астананың дәл ортасында мәңгілік естелік тақтасында жазулы тұрғанын айтты.

Мұны естісімен Лидия Петровна баласына тағзым етуге астанаға келді.

Ескерткіштігі тізімде басқа да қостанайлық жігіттер бар.

Тасболатов –Бөрліден, Москалев Подгородкадан, Петров – Станционныйдан. Оларді бір сәтке де ұмытуға бола ма? (129 сөз)


Сергей Мошковтың көшесі.

Ново-Троицк ауылындағы бұл көше жақсы көшелердің бірі. Онда аурухана, бала-бақша, пошта, мәдениет үйі орналасқан.Бұл көшені ауылдастары интернационалдық міндетін атқаруға кетіп, оралмаған жерлестері Сергей Мошковтің атымен атады. Лидия Петровна бұл көшеден өткенде еріксіз көзіне жас алып, қадамын баяулатады. Виктор Петрович жұмыс бабында автомобильмен өтіп бара жатып, рулін ерексіз қатты қысады.

Ата-анаға баласын жоғалтқаннан жаман қайғы жоқ шығар.

Ново-Троицкауылында Сергейді жерлеген күні Ауғанстанда әскерге болғандар барлығы әскери киімдерін киіп, автоматтан оқ атты. Адамдар толқыны бірнеше километрге созылды. Өмірін Ауғанстанда әскери борышын атқару кезінде қиған батырды жерледі.

Бұл көше Сергей оқыған Ново-Троицк орта мектебі оқушыларының қамқорлығында. Көшені тазалап, жинастыру оқушылардың міндеті болып есептеледі.(106 сөз)


Тасболатов Серік Оразбайұлы.(1963-1984)

Серік еңбекқор,тәрбиелі отбасында туып өсті. Ол отбасындағы балалардың үлкені болатын. Әкесі Оразбай өмір бойы малшы, шешесі Күлбарам сауыншы болып жұмыс істеді. Серіктің өзінен кейін үш інісі және қарындасы болды, Серік үлкені болғандықтан оларды бағып, қарайлайтын .

1 сыныпты ол Бөрлі орта мектебінде бастады. Сынып жетекшісінен мінездемесі бойынша, ол тәртіпті, орташа оқыған оқушы болған. 10 сыныпты бітіргесін туған совхозында жұмыс істеген.

Әскерге дейін автомобиль жүргізуші курсын бітірген. 1981 жылы 2 қазанда Аягөздегі оқу бөліміне әскерні міндетін атқаруға шақырылды. Серікке оқуын бітіргесін сол бөлімшеде хатшы болып қалуын ұсынған болатын, бірақ ол одан бас тартып, жлдастарымен бірге Ауғанстанға жолдама алды. Үйіне ол жиі хат жазып тұратын. Хаттарында жағдайы жақсы, жолдастары тамаша жигіттер екендігін жазатын.

Серік кезекті бір жол сапарынан ауырып оралған, оны дереу Ташкент қаласындағы госпитальге жіберген, онда ол 1983 жылғы 27 желтоқсанда брюшной тифтен қайтыс болды. Серік туған ауылы Бөрліде жерленді. Серік оқыған

Бөрлі орта мектебінде оған арналған бұрыш жабдықталған. (148 сөз)
Москалев Василий Евгеньевич.(1965-1983)


1965 жылы 27 ақпанда Василий Қостанай облысында Қарабалық ауданының Целинный ауылында туды, мектепті де сол ауылда бастады.

1 сыныпты бітіргеннен кейін Василийдің отбасы Подгородка ауылына көшті, сол ауылда ол 8 сыныпты бітірді. 11 жасында әкесінен айрылды. 8 сыныпты бітіргеннен кейін Қарабалықтағы СПТУ-50 автомобиль жүргізушісіне оқыды. Кейін Белоруссиядағы туыстарында тұрды, сол жерден 1983 жылы сәуірде әскер қатарына шақырылды.

Подгородка негізгі мектебі директоры Анна Митрофановна Пищаеваның айтуынша: Василий қарапайым, еңбекқор, бауырмал, әрқашанда көмектесуге дайын тұратын бала болған. Шаруашылықта көп жұмыс істеп,анасына көмектескен. Өте жарқын мінезді, әзілқай жигіт болған. Отбасында одан басқа төрт бала тәрбиеленген.

Василий әскерге шақырылғаннан кейін Усть-Каменогорскідегі оқу бөліміне түсті, кейін Ауғанстанға жолдама алды. Ауғанстанда әскери борышын өтеп жүргенде, Василий бір операцияда жарақаттанды. Ташкенттігі госпитальде емделді. Союзде қалу мүмкіншілігі болғанына қарамастан, ол қайтадан Ауғанстанға жіберулерін сұрады.

1983 жылы 11 қыркүйекте болған соғыста ол 3 метежникті және екі оқ жаудырған нүктені жойып, өзі қатты жарақаттанды.

1983 жылы қайтыс болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.

1983 жылы 25 қыркүйекте Подгородка ауылында жерленді. (163 сөз)




Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет