Жүздеген қазақстандық бірнеше тәулік қатарынан Астанадан Дубайға ұша алмай отыр. Айтуларынша, 2 күн бұрын таңғы 5-те ұшуы керек болған рейс белгісіз мерзімге шегерілген. Әуежай жолаушылардың сұрағы мен шағымы әуе компаниясына айтылуы керек екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AstanaTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: кадрдан скриншот

Flydubai әуе тасымалдаушысы техникалық себептерге байланысты рейстің ұшатын уақытын ауыстыруға тура келгенін айтты. 2 жасқа дейінгі балалары бар ондаған адам ғана басқа бортқа отырғызылған. Қазір басқа жолаушылар қонақүйге орналастырылды. Адамдардың жолдамалары мен Дубай қонақүйлерінде бронь орындары күйіп кеткен. 

“Таблода отырғызу аяқталды деп көрсетіліп тұрды, одан бетер ашуландық, неге шын мәнінде ештеңе жоқ? Flydubai сайтына кіріп көрдік. Ол жақта да отырғызу аяқталды деп тұр. Қазір де Flydubai компаниясы жолаушылар демалыста деп ресми мәлімдеді. Біз 5 күнге бармақ болғанбыз. Оның 3 күні күйіп кетті. Оның ақысын кім өтейді – ол да белгісіз. Себебі біз туроператорға хабарласып жатырмыз, ол кінә бізден емес, әуе компаниясынан болып отыр дейді. Ал әуе компаниясы “Онда бас кеңсеге жазыңыздар, соларға жүгініңіздер, біз не істей аламыз?” деп отыр”, – дейді Астана қаласының тұрғыны Әйгерім Өтегенова. 

Flydubai компаниясы өтемақы төлеу туралы жақ ашпады. Тек барлық жолаушыға тұратын орын ұсынғанын және жақын арадағы рейске билетін ауыстыра алатынын айтты. 

“Халықаралық Нұрсұлтан Назарбаев әуежайынан (NQZ) халықаралық Дубай (DXB) әуежайына баруы керек Flydubai FZ 1304 рейсі техникалық себептерге байланысты ұшпай қалды. Жолаушыларға тұратын орын ұсынылды және олар билетін жақын арадағы рейске ауыстыра алады. Жолаушыларымыздың сапар кестесіне тигізген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз”, – деді әуе компаниясының баспасөз қызметі. 

Оқиғаға "Туристік қамқор" қоры пікір білдірді. Сарапшылардың сөзінше, әуе компаниясы заң бойынша жолаушыларға келтірген шығынды өтеуі тиіс. Ол үшін демалушылар әуе тасымалдаушыны сотқа беруі қажет. 

Бұұған дейін Астанада ер адам “әйелі ұшып кетпеуі үшін” әуе рейсіндегі терроризм актісі туралы хабарлағанын жазған едік. Терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген шетел азаматына 2,5 млн теңге айыппұл салынды. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.