Алматыда тағы да қуатты жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуінің салдарынан халық әбігерге түсті. Отандық өнер жұлдыздары да табиғаттың тосын оқиғасына реакция білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 Фото: Шоу-бизнес өкілдерінің stories-i

Өнер иелерінің айтуынша, бірі үйіне жете алмай қалса, енді бірі үйінен шыға алмай қалған. 

“Алматылықтар амансыздар ма? Жаңа ғана жер сілкінді. Көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Қатты қорықтық. Бала-шағамен далада жүрміз. Үрей әлі де басылмай тұр”, – жазды Мөлдір Әуелбекова. 

Фото: Шоу-бизнес өкілдерінің stories-i

Актриса, киножұлдыз Әсел Сағатова жер сілкеніп жатқанда контент түсіріп отырған. Дүмпудің видеосын анық байқауға болады. 

“Әлі дірілдеп отырмын. Қауіпсіздік ережелерін сақтап, сабыр етуіміз керек. Ең қауіпсіз жерге барған дұрыс. Біз балконға шықтық”, – деді актриса. 

Одан кейін актрисаның әріптесі Әсел Асқар қорыққанынан қан қысымы көтеріліп, дәрігер шақырған.

“Өте қорқынышты болды. Балаларды мектептен алып келдім. Қан қысымым көтеріліп кетті ме, білмей тұрмын. Бірақ өзімді өте жайсыз сезіндім. Үйдің қасындағы дәріханада жұмыс істейтін медбикені шақырып келдім. Әлі өзіме келе алмай отырмын. Сақ болайық!”, – деп жазды өнер иесі. 

Белгілі блогер, кәсіпкер Айсәуле Бақытбек үйінің қабырғасы жарылғанын айтты. Тіпті барлық бөлмесінде жарықшалар пайда болған көрінеді. 

“Екі фото жүктеп едім, бәрі таңғалып жатыр. Жалғыз ас үйде ғана болған жоқ, барлық бөлменің қабырғасы жарылды. Бірінші жер сілкінісі естеріңізде болар?! Содан сабақ алуымыз керек. Мен екі бала күтушіммен үйде болдым. Екі қызым да кішкентай. Үлкен қызымның күтушісі қатты қобалжыды. Мен оған ұрыстым. Екінші бала күтушісі қыздарымды тездетіп киіндіре бастады. Қандай жағдайда да сабыр етуіміз керек”, – деп жазды Айсәуле.

Фото: Шоу-бизнес өкілдерінің stories-i

Сонымен қатар “Азия” тобының әншісі Ренат Баситов да жер сілкінісі кезінде қайда болғанын айтып берді. 

“Stories түсірейін деп едім. Жер сілкінісі басталып кеткені ше", – деп жазды ол.

Еске салайық, Алматыда 4 наурыз күні сағат 11.22-де жер сілкінісі болды. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Ренат Басит (@rinat_basit)


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.