Мазмұны кіріспе 3-4 Негізгі бөлім



Дата28.04.2019
өлшемі1.64 Mb.
#121677


МАЗМҰНЫ

1. Кіріспе 3-4

2. Негізгі бөлім

2. 1. Асқабақтың шығу тарихы 5-6

2.2. Асқабақтың түрлері 7-8

2. 2. Асқабақтың пайдалы қасиеттері 9

2. 3. Асқабақ шөптесін өсімдік 10-12

2. 4. Асқабақтың емдік қасиеттері 13-15

2.5. Асқабақ дәнінің емдік қасиеттері 16-17

3. Қорытынды. 18-19

4. Пайдаланылған әдебиеттер 20


Көкөністер — бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні - құрамында өте сіңімді заттардың, ішінара көмір сулардың болуына байланысты. Көкөністерде адам ағзасына қажетті витаминдер мен минералды тұздар, сондай-ақ белоктар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майлары мол. Мысалы, картоп —крахмалға, ал қызылша — қантқа бай; қырыққабатта С витамині, ал сәбізде — ағзада А витамині түзілетін — каротин (А провитамині көп); рауғашта органикалық қышқылдар басым; көк бұршақ белоктарға, аскөк — хош иісті заттарға бай. Сондықтан да тамақ құрамына көкөністерді неғұрлым көп енгізіп, оларды пісірмей де, сондай-ақ әр түрлі тағамдарды дайындаған кезде де пайдалану керек.



Болса да табиғаттың бір есебі,
Әлсіздер күштіменен теңеседі.
Мәңгілік мызғымайтын тас қой десең,
Тасты да, жарып шығып гүл өседі.

Ақын ағамыз жырлағандай, адам та табиғаттың бір бөлігі. Адамға қажет дәрі - дәрмек, киім – кешек, тамақ түрі табиғаттан алынады. Қазіргі таңда жер бетінде өсімдіктердің 500 мыңға жуық түрі бар екен. Өсімдік, ол – тіршілік, ол - өмір, ол - жердегі барлық тірі ағзаларға өмір беріп тұрады.

Асқабақ бірнеше мың жылдар бойы өсіріліп келе жатқан өсімдік болып табылады. Америкадан таралған және шамамен 20 шақты сорты бар деп есептелінеді. 100г асқабақта 19 ккал бар.

Құрамында жасанды талшық, ақуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор және А, В1, В2, РР және С дәрумендері болады.

Құрамындағы жасанды талшықтың, судың және жасұнықтың көп мөлшерінің арқасында, асқабақты арықтауға себепші болатын ем - дәмдерді жиі қолданылады. Ағзадағы ас қорыту үдерістерін тездетеді, уыттардан тазартады, зат алмасудың артық өнімдерін жояды және су тепе - теңдігін реттейді.

Минералды тұздарға және дәрумендерге бай. Несеп, жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және дәндері паразиттерді жояды.

Асқабақ (cucurbita) – асқабақ тұқымдастарына жататын бір және көп жылдық шөптесін, қолдан өсірілетін өсімдік, усыз, дәмді жеміс. Ол біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда Мексикада, Перуде белгілі болып, 15 ғасырдың соңында Мысырға әкелінген. Асқабақ Қазақстанның барлық өңірлерінде, әсіресе, оңтүстік аудандарында көбірек өсіріліп, тағамда, мал азығында пайдаланылады.

Бір және көп жылдық өсімдік – асқабақтың қазақ жерінде 13 түрі өсіріліп келеді. Оның 60-80 келілік ірі жемісті мал азығына, мускатты тәтті, хош иісті түрлері тағамда пайдаланылып, дәмді де нәрлі құнарлылығымен қазақтарға да ежелден белгілі болып отыр. Яғни, асқабақтар: асханалық, мал азығындық. Ал, мұның сыртында түрі де, түсі де әртүрлі келетін сәндік асқабақтар да бар. Сондай-ақ, асқабақтың шөлмекке ұқсаған сорттары да кең тараған. Мұндай асқабақтардың қабығы қатты болғандықтан, оңтүстік өңірде ондай асқабақтан сұйық заттар мен сусымалы ұсақ заттар сақтайтын ыдыстарды жасайды.Асқабақты пісіріп те, қуырып та шикілей де ем үшін тартылған етке қосып тұшпара жасап та жеуге болады. Асқабақтың піскен піспегенін сабағына қарап айырады. Асқабақтан диеталық тағамдар да әзірленеді. Пайдалылығы жағынан бұл бақша өнімі Асқабақтың жемісінің құрамында: 15-18 пайыз құрғақ заттар, 8-10 пайыз сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибафлавин бар. Дәніндегі май мөлшері: 20-40 пайыз және асқабақтың құрамында 90,3 пайыз су белок,клетчатка, күл де кездеседі.адам денсаулығына . Асқабақ майында омега-3, омега-6 май қышқылдары на өте бай. өзге жеміс-жидектер мен көкөністерге қарағанда дәрумендерге ерекше бай. Олар: С, В1, В2, В5, Е, РР және ағзадағы зат алмасу процесін жеделдетін Т, қанның ұюына ықпал ететін К дәрумендері және калий, калций, темір.

С дәрумені – 8 мг. Қабығынан тазартылған (кілегей қабығымен бірге) тұқымы ішек құртына қарсы (қоймалжың, қайнатылған түрде) қолданылады, асқабақтың жемісінен (ұрығынан) каротин (А провитамині) алынады. Асқабақ майы. Ол –денсаулыққа пайдалы табиғи өсімдіктегі зат .Асқабақтың майы 90 пайызға жуық қанықпаған майларды 45-60 пайызға дейін линолді қышқылды құрайды. Пайдалылығы жағынан бұл бақша өнімі өзге жеміс-жидектер мен көкөністерге қарағанда дәрумендерге ерекше бай.

Асқабақ – ежелден егілетін өсімдік. Асқабақтың жабайы түрі табиғатта кездеспейді. Ол біздің заманымыздан 3000 жыл бұрын Мексикада мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған. Асқабақтың Қазақстанда 9 түрі таралған. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында өсіріледі. Біздің елде асқабақтың үш түрі: қатты қабықты, ірі жемісті және мускат өсіріледі.

Қатты қабықты асқабақ Орталық Америкалық таулы аудандарынан шыққан. Асқабақтың басқа түрлеріне қарағанда, оны солтүстік аудандар өсіреді. Ол ылғалды топырақты көбірек қажет етеді, қатты қабықты асқабақтың сабағы өткір, қырлы, салалы, жеміс сабағы тікенді - түкті келеді.

Асқабақтардың Алтайская, Мозолеевская, Бирючекутская, Миндальная, Столовая зимняя, Кашкарская, Палавкаду сияқты сорттары бар.

Қазақстанда көбінесе асқабақтың ірі жемісті, қатты қабықты және мускатты түрлері, оның ішінде «Волгалық сұр-92», «Мозолевтік-10», «Қашғарлық-1644» сорттары өсіріліп, өнім алынады.

Ірі жемісті асқабақты мал азығы үшін егеді. Жалпы, қатты қабықты асқабақтық түріне кәді мен табақша асқабақ та (патиссон) жатады. Оларды жас, тұздалған күйінде тамаққа қолданады.

Яғни, асқабақтар: асханалық, мал азығындық. Ал, мұның сыртында түрі де, түсі де әртүрлі келетін сәндік асқабақтар да бар. Сондай-ақ, асқабақтың шөлмекке ұқсаған сорттары да кең тараған. Мұндай асқабақтардың қабығы қатты болғандықтан, оңтүстік өңірде ондай асқабақтан сұйық заттар мен сусымалы ұсақ заттар сақтайтын ыдыстарды жасайды.

Елімізде асқабақтың мраморлық, «миндалдік-35», «Бирюгекуттік-27» тәрізді де түрлері кездеседі. Бұлар асханалық сорттар. Олардың қай-қайсы да адам ағзасы үшін өте пайдалы.

Асқабақты пісіріп те, қуырып та, шикілей де (ем үшін), тартылған етке қосып тұшпара жасап та жеуге болады. Асқабақтың піскен, піспегенін сабағына қарап айырады. Асқабақтан диеталық тағамдар да әзірленеді.

Кейбір түрлерінің тұқымдарынан тағамдық және техникалық май алынады, ал кейбір түрлерінен арнайы ыдыстар (ожау, т.б.) жасалынады.





Асханада: Асқабақты кесуден алдын оның қабығын тазалап жуу керек. Кейін үстіңгі қабатын кесіп, екіге бөліп және ұрығынан тазалау қажет. Қандай тағам дайындауға қарап бөліңіз. Асқабаққа су қоспай пісіреді.

Асқабақты бүтіндігінше пісіру де мүмкін, ол үшін ойып алынған жерін төмен қаратып, көлеміне сай ыдыста газ плитаға қойыңыз. Асқабақты чипсилер үшін жұқа қылып кесілген бөліктерді ұнға аунатып, қыздырылған майға да қызарып қабыршақтанғанша қуырып алынады.

Асқабақты қуырғанда артықша сұйықтық болмай үшін оны кабачки сияқты пісіру мүмкін: асқабақ бөліктерін тұздап, 2 сағатқа алып қоясыз, кейін қағазда құрғатып, қуырып аласыз. Асқабақты шикілей де, пісіріп те пайдаланады.

Асқабақтан дайындалған пюре, самса, сүтке пісірілген асқабақ ботқасы, асқабақ мантысы, шикі асқабақ шырыны, асқабақ құймағы өте дәмді, әрі пайдалы. Қуырған асқабақ ішектің сауығуына көмектеседі., қан аздықтың алдын алуда, жарақат алғанда, күйіп қалғанда, жұқпалы ауруға шалдыққанда өте пайдалы әрі несеп және өт айдағыш қасиетке ие. Асқабақ пюресінде көміртегі мен калория аз болғандықтан, оны қантты диабетке және семіздікке шалдыққандардың күнделікті дәміне қосып береді.



Асқабақ – көп күн талғамайтын, ексе бау - бақшаның бәрінде өсе беретін бір жылдық өсімдік. Сабағы жерге жатып, желі тартып өседі. Жапырағы ірі, гүлі сары, жемісі әр түрлі, кейде ересек адамның құлашы жетпейтіндей үлкен болып өседі.

Асқабақ тұқымдастардың ұзын сағақты, жай жапырақтары болады. Гүлдері жапырақ қолтығында, шашақты гүлшоғыр түрінде немесе жеке өседі. Көпшілігі даражынысты, кейде қосжыныстылары да кездеседі. Асқабақ тұқымдастардың гүлінде жіңішке 5 тостағанша жапырақшалары, 5 тұтасқан күлтесі бар. Аталығы 5 - еу, оның 4 - еуі тұтасып, екі - екіден біріккен. Бір аталығы бос тұрады. Кейде 5 аталық тұтасып, гүл ортасында ғана түзеді. Аталық тозаңдағы имек. Аналық жатыны үш ұялы. Жемесі - қабақ. «Қабақ» деген - өсімдіктердің сырты қатты, шырынды жеміссерігі болатын жидектес жемісі.

Қос жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Кейде бұта не кішігірім ағаш түрінде өседі. Асқабақтың Қазақстанда 9 туысы, оның ішінде қауын, қарбыз, асқабақ, қияр, сәнқабақ (люффа) бар. Асқабақ қолдан егіледі, ал атпақияр, итжүзім, коңыраусары жабайы түрде өседі. Асқабақтың ұзын шырмалғыш сабақтарының ұшында дара не айыр мұртшалары болады. Тұтас не салаланған дара жапырақтары сабаққа кезектесе орналасады. Гүлдері сарғылт, кейде жасыл түсті гүл шоғырын құрайды немесе жапырақ колтығына жекелене орналасады. Асқабақ тұқымдастары — дара жемісті, бір және қос үйлі, айқас тозаңданушы өсімдіктер. Жемісі — жалған жидек немесе қауашақ, олардын салмағы кейде 100 килограмға жетеді. Тұқымдары етті, жалпақ тұкым жарнақтарынан тұрады. Кейбір түрлерінің тұқымдарынан тағамдық және техникалық май алынады, ал кейбір түрлерінен арнайы ыдыстар (ожау, т.б.) жасалынады.  Асқабақ тұқымдастардың гүлінде жіңішке 5 тостағанша жапырақшалары, 5 тұтасқан күлтесі бар. Аталығы 5-еу, оның 4-еуі тұтасып, екі-екіден біріккен. Бір аталығы бос тұрады. Кейде 5 аталық тұтасып, гүл ортасында бағана түзеді. Аталық тозандығы - имек. Аналық жатыны -үш ұялы. Жемісі - қабақ (тыквина). «Қабақ» деген - өсімдіктердің сырты қатты, шырынды жеміссерігі болатын жидектектес жемісі. Асқабақ тұқымдастардың тұқымы өте көп болады. Бір тұқымды түрлері де бар, мысалы, мексикалық қияр – чайот. Асқабақ – ірі жемісті тағамдық, дәрілік, малазықтық және сәндік, біржылдық шөптекті өсімдік. Оның ұзындығы 5 метрге дейін жететін жатаған сабағы болады. Бес қырлы сабағына тікенектер өскен. Жай жапырақтарына қарама-қарсы орналасқан мұртшасы бар. Мұртша түрін өзгерткен өрнек, жатаған сабағы нәзік болғандықтан, жан-жағындағы басқа өсімдікке оралуға тірек үшін қажет. Жапырағы – ірі, тақтасының жиегі 5 салалы тілімденген жай жапырақ. Гүлі дара жынысты, бірүйлі, жапырақ қолтығында жеке-жеке өседі. Аталық гүлдер – ұзын гүлсағақтарда, аналық гүл қысқа гүлсағақтарда болады. 

Тұқымдасқа 1 мыңдай түр (120-туыс) жатады. Жер шарының екі бөлігінде тропикалық және субтропикалық аймақтарында кең таралған өсімдіктер, қоңыржай климатты облыстарға да өтеді. Түрлерінің пайда болған орталығы болып Гималайдың Шығыс бөлігі, Азияның Оңтүстік-Шығысы және Оңтүстік Америка табылады. Түрлерінің басым көпшілігі өрмелеп, сиректеу ұзын сабақтары арқылы жерге төселіп өсетін біржылдық өсімдіктер. Көп жағдайда пальмалардың арасында өседі, сабақтарының сыртында қатты түктері болады. 



Кельттер мерекесі

Хэллоуинның тарихы екі мың жылдан асады, ол кельт мәдениетінен бастау алады. VII ғасырда Папа Бонифаций IV ағылшындар арасында пұтқа табынушылықты тоқтату үшін 1 - қарашаны барлық әулиелер күні деп бекітті. Ал оған бір күн қалғанда, 31 - қазанда Хэллоуин тойланады. Ол күні ағылшындықтар аруақтарға арнап күзгі жемістерді шығарып қоятын болған. Соның ішінде асқабақ та бар. Кейіннен бұл мейрам АҚШ- - қа да келді. Оны ирландықтар алып келген. Олардың аңызы бойынша, Джек деген адам өз жанын сатқаны үші жұмаққа кіргізілмеген. Жерде шам жағып жүреді. Шам ретінде асқабақты қолданған. Осы аңызға байланысты да, Хэллоуин кезінде асқабақ ойылып, ішіне шам жағылады.

Денсаулыққа пайдасы. Асқабақ әсіресе асқазаны ауыратындарға таптырмайтын дәрі. Сонымен бірге жүрегі әлсіздерге, түрлі аурудан жүдеп, шаршағандарға қуат беретін бірден-бір пайдалы ас. Асқабақтың ішіндегі жұмсақ жерін, яғни «етін» күйген денеге таңуға да болады. Мұны дәрігерлер де мақұлдайды. Отқа, ыстық суға күйіп қалғандар үй жағдайында асқабақтың сары етін алып таңса болғаны.

Мың да бір ауруға дауа болатын асқабақтың пайдасын айтып тауысу мүмкін емес. Ол:
– көзі нашар көретіндерге;
– қаназдыққа (анемия);
– семіздікке;
– несеп-жыныс жүйесінің көптеген ауруларына;
– өт айдауға;
– бүйрекке;
– паразиттерді жоюға көмектеседі.

Науқастарға жарасын таңуға кеңес береді. Асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қаназдықтан жапа шегетіндерге көмек бере алады. Құрамындағы жасанды талшықтың арқасында артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем.

Асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп-жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі.

Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және де паразиттерді жояды.

Құрамында жасанды талшық, ақуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор және A, B1, B2, PP және C дәрумендері, ағзадағы зат алмасу процесін жедел¬дететін Т және қанның ұюына ықпал ететін К дәрумендері, калий, кальций және темір бар. Құрамында дәрумендердің көптігінен болар, ол мың бір ауруға ем боларлық көкөніс деп есептеледі.

Ішек құртынан құтылғыңыз келсе...... 200 грамм кепкен, өткен жылғы тазаланған, ұсақталған асқабақтың дәні, 100 грамм какао, аздаған қант, бірнеше тамшы су құйып араластырып, жұқа 20 шелпек жасап, қант себеді. Бірінші күні ештеңе ішіп - жемеу керек. Ертеңіне таңертең 1, 5 - 2 үлкен қасық касторка майын ішіп, шелпек жеңіз, әр минутта біреуден бітіргенше, құрттар тез шығады. 200грамм асқабақ дәнін итбүлдіргеннің шырынымен араластырып, қою ботқа жасайды. Кешке жатарда тұздалған балық жеп, таңертең ботқаның жартысын жейсіз, тағы 1 сағаттан соң қалғанын жеп, 2 сағат жату керек. Сағат таңертең 8 - де 1 үлкен қасық касторка майын ішкен жөн. Сондай - ақ жусанның жапырағы мен асқабақтың дәнін бірдей мөлшерде алып, бөтелкеге арақ құйып, 1 апта жылы жерде не күннің көзіне тастайды. Аш қарынға күніне 2 рет 50 грамнан ішеді, құрттар шығады.

Асқабақтың өсетін жері, гүлдеу мерзімі, тұқымдану кезеңі, сол өсімдіктердің қандай бөліктері дәрілік мақсатта пайдаланылатындығын анықтап шықтым. Зерттеу жұмысын жүргізіп, соңынан талдау жасадым.

Асқабақтың адам өмірі үшін өте маңызды өсімдік екенін зерттеп шықтым. Ол жүрек - тамыр аурулары мен бүйректің әр түрлі аурулары үшін пайдалы. Асқабақтың калориялығы төмен, сондықтан одан жасалған тамақтар семіздіктен зардап шегушілер мен толысуға икем адамдар үшін пайдалы.

Асқабақты асқазан мүшелері ауырған кезде емдік тағам ретінде пайдаланады, өйткені, онда клетчатка мен органикалық қышқылдар аз, ал мұның өзі ішектің шектен тыс ауруына жол бермейді, ішек пен қарынның шырышты қабығын түршіктірмейді.

Жас асқабақтың үгілген жұмсағын денедегі бөртпеге, безеуге, экземаға, қабыну процестеріне, күйік пен үсікке басады.

Ішек құртына қарсы дәру ретінде пайдаланады. Дәндерінің қайнатпасын гельминтоздарды емдегенде қолданады.

Асқабақтың емдік қасиеттері Авиценаның жазбаларында да, Мухаммед Хусейн Шеразидің еңбектерінде де кездеседі.

Бұл жазбаларда тіпті, асқабақ дәнінің майы құлақ пен тамақ ауруына ем ретінде пайдаланылатыны, ыстығы көтерілген адамдарға асқабақ шырынының шипалы әсер ететіндігі айтылады.

Сол ерте заманның өзінде көру қабілеті нашарлағанда, қан аздықтан жапа шеккенде, артық салмақтан арылғысы келгенде адамдар асқабақтың еміне жүгінген. Сонымен қатар, асқабақ асқазан мен ішекті шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады.

Осынау дақыл дәндерінің құрамында жүрек жұмысын қалыпқа келтіре алатын магнидің жеткілікті мөлшері бар. Магний жүрек бұлшықеттерінің жұмысын жақсартып, ырғақтың бұзылуына тосқауыл қояды. Ғылымда дәлелденгендей, холестериннің жоғары деңгейі жүрек қан-тамырлары ауруларын тудырады. Ал, дәнектердің құрамындағы фитостеролдар қандағы холестерин деңгейін төмендетеді.

Асқабақ дәнектерінің құрамындағы триптофан аминқышқылдары ағзамыздағы серотиннің өнуіне жол ашады, бұл ұйқының толықтай жақсаруына септігін тигізеді. Дәнек құрамындағы цинк бас мидың жұмысын қалыпқа келтіріп, есте сақтау қабілетін жақсартып, ағзадағы шаршауды да басатын қасиетке ие. Дәнектердегі жасұнық ішек жұмысын белсенді етіп, босата алады. Дәрігерлер іш қату қиындықтарына тап болатындарға күнделікті тағамға асқабақ дәнектерін қосуға кеңес береді.

Асқабақ дәндері жүктіліктің ең алғашқы айларында маза бермейтін жүрек айнуларына жақсы көмектеседі. Көптеген болашақ аналар асқабақ дәнектерінің арқасында жеріктіктің ең қиын кезеңдерін жеңе алады.

Дәрігерлер асқазан-ішек жолдары қатты бұзылған, ішек жолдары зақымданған, асқазан шырынының қышқылдығы жоғары адамдарға асқабақ дәнектерін қолданбауға кеңес береді.



Қорытындылай келе, әрбір өсімдікті егіп, көп өнім алуға, тағамдық жағына емес, сонымен қатар шипалық, емдік, дәрілік қасиеттетерін пайдалана отырып адамдарға ұсынамын.«Бабын тапсақ, байлық жерде» деп халық бекер айтпаған. Жалпы, халық медицинасына пайдаланып келген шипалы шөптермен емдеу мәселесі бүгінгі таңда өзіндік назар аударуды талап етер мәселе болып саналады.

Қорыта келгенде асқыбақ біздің заманымыздан бұрын 3ғасырда Мексикада, Перуде белгілі болған. 15 ғасырдың ақырында Мысырға әкелінген. Қазакстанда асқабақтың ірі жемісті, қатты кабықты жөне мускатты түрлсрі бар. Ірі жемісті асқабақты мал азығы үшін сгеді. Қатты қабықты асқабақ түріне кәді мен табақша аскабақ (патиссон) жатады. Олар жас және тұздалған күйінде тамаққа пайдаланылады.

Асқабақ – ірі жемісті тағамдық, дәрілік, малазықтық және сәндік, біржылдық шөптекті өсімдік. Оның ұзындығы 5 метрге дейін жететін жатаған сабағы болады. Бес қырлы сабағына тікенектер өскен. Жай жапырақтарына қарама-қарсы орналасқан мұртшасы бар. Мұртша түрін өзгерткен өрнек, жатаған сабағы нәзікболғандықтан, жан-жағындағы басқа өсімдікке оралуға тірек үшін қажет. Жапырағы – ірі, тақтасының жиегі 5 салалы тілімденген жай жапырақ. Гүлі дара жынысты, бірүйлі, жапырақ қолтығында жеке-жеке өседі. Асқабақ жыл санауға дейін 3 000 жыл бұрын Мексикада мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында өсіріледі. Кәдімгі асқабақтың сан алуан іріктемелері «қауақ, бәлішқауақ» бар. Асқабақ тұқымдастар азықтық, дәрілік және техникалық мақсатта өсіріледі.

Мен «Шипагер» асқабақ шырынын жасадым. Шырын жасауға ашық сарғыш түсті жұмсақ мәйегі бар ұсақ сортты асқабақ қолданамын. Асқабақ шырынын жасағанда оның дәнін де қосамын. Асқабақ шырынын дайындап алып оған сәбіздің шырынын араластырамын. Кішкене мөлшерде бал қосамыз. 1 кг тазартылған өнімнен 750 гр шырын шығады. Бұл шырынды үнемі балаларға беріп тұруға болады. Шырын – ағза мен ас қорыту жүйесін тазартады, көздің көру жүйесін жақсартады, ми жұмысын белсенді етеді. Бүйрек жұмысын жақсартады, іш қатқан кезде пайдалы. Баланың бойының өсуіне ықпал етеді.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қ. Қайым.Биология Алматы. Атамұра 2003ж.


2. Әлімқұлова Р. Өсімдік тану. 6-7 сынып, оқулық Алматы «Рауан» 1995.
3. Биологический энциклопедический словарь. - М.: «Советская энциклопедия», 1989.
4. Жизнь растений, в 6 томах. - М.: «Просвещение», 1974-1982.
5. Красная книга Казахской ССР. Часть 2. Растения. - Алма-Ата: «Наука», 1981.
6. Қайымов Қ. Қызықты зоология. - Алматы: «Мектеп», 1974.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Түркістан қаласы әкімдігінің қалалық білім бөлімі

М.Маметова атындағы №6 жалпы орта мектебі
Бағыты: Жаратылыстану

Секция: Биология

Тақырыбы: Дәруменге бай - Асқабақ


Орындаған: 4 «Б» сынып

оқушысы Ермахан Шабдан

Жетекшісі: бастауыш сынып

мұғалімі: Бекботаев Жайна
Түркістан 2017ж

М.Маметова атындағы №6 жалпы орта мектебінің 3 – сынып оқушысы Ермахан Шабданды «Дәруменге бай - Асқабақ» атты ғылыми жобасына

Сын – пікір

Ермахан Шабдан «Дәруменге бай - Асқабақ» тақырыбына жазылған ғылыми зерттеу жобасында асқабақтың тарихы, оның түрлері және емдік қасиеттеріне талдау жасаған. Зерттеуші тақырыпқа байланысты әдебиеттермен танысқан. Жұмыста асқабақтың және асқабақ дәнінің емдік қасиеттері, қолданылу аясына ой жүгіртіп, шолу жасайды. Асқабақтың негізгі тақырыптарын топтап, саралап, өзінше түйін жасап, ойын қорытындылаған.

Көкеністердің дәріменге бай екені жақсы айтылған.

Шахназым зерттеу жұмысының өзектілігін анықтап, асқабақтың қолданылу аясын көрсете білген. Сонымен қатар жобаға байланысты қосымша материал ұсынған. Жобаның мақсаты зерттеу міндеттеріне келеді.

Асқабақтың адам өміріне емдік қасиеттері жайлы өте жақсы тоқталған. Сондықтан да оқушының ғылыми жобасын ғылыми конференцияларға ұсынуға болатын, мақсатына жеткен жұмыс деп бағалап, жоғары баға беруге болады деп есептеймін.

«Биология» кафедрасының



б.ғ.к., доцент А.К.Убайдуллаева


Каталог: 2017
2017 -> Конкурсанттардың тізімі «Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы»
2017 -> Қызылорда қаласы №140 қазақ орта мектебі Нұрманова Мереке Серікбайқызы Мектеп директорының ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
2017 -> Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Ақпараттық хат құрметті әріптестер!
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Материалдары


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет