Мазмұны кіріспе автокөлікті сақтандырудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу


Сақтандыру компаниясының сипаттамасы және басқару жүйелері



жүктеу 0.74 Mb.
бет2/8
Дата19.09.2017
өлшемі0.74 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Сақтандыру компаниясының сипаттамасы және басқару жүйелері

“Тұран Әлем” банкінің ”Сақтандыру компаниясы” нарықта 6 жылдан бері жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде компания үлкен жетістіктерге жеткен. Компанияның жұмыс істеу ережесі, ол клиентке керекті сақтандырудан сапалы қорғау және максималды шапшаңдылықты қамтамасыз ету болып табылады және де клиенттің барлық қажеттілктерін толық қанағаттандыру.

Компанияның имиджіне және қызмет ету стандартының құрылуына компанияның акционерлері үлкен ықпал жасайды. Бұл акционер Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі – АҚ “Тұран Әлем” банкісі /24/.

Компанияның жарғылық капиталы 1 364,0 млн. теңгені құрайды және 100% ақша құралдарымен қамтамасыз етілген. Компанияның үлкен көлемдегі сақтандыру сыйлықтары жеткілікті резервтерді жинауға мүмкіндік береді. Компания капиталының тұрақты ұлғаю көлемі, профессионалдық менеджмент және инвестициялық саясат компанияға Қазақстан Республикасында ірі институционалды инвестор болуға мүмкіндік береді.

Компания өзінің белсенділігін дара қызмет ету сферасында дамытады, бөлшек секторындағы сақтандыру продуктілерін жаңартуға және құруға үлкен назар аударады, сақтандыру бизнесінде жаңа технологияларды қолданылады және керекті қызметтердің тізімін тұрақты кеңейтеді.

Қазіргі уақытта біз сақтандырудың барлық түрлерін ұсынамыз. Клиенттердің ыңғайлылығына қарай сақтандырудың 40-тан жоғары программалар жасалған. Көлік жүйесін сақтандыруға отандық және шетелдік көліктер мен джиптар (внедорожники) қабылданады.


Сурет 1

“Тұран Әлем” банкінің “Сақтандыру компаниясының” ұйымдық құрылымы



Басқару

төрағасы


Маркетинг бөлімшесі

Жауапкершілікті және мүлікті сақтандыру департаменті

Жеке сақтандыру департаменті

Қаржылық департаменті

Тәуекелдерді бағалау бөлімі

Арыздарды реттеу бөлімі


Көлік жүйесін сақтандыру департаменті




Тәуекелдерді бағалау бөлімі



Тәуекелдерді бағалау бөлімі

Арыздарды реттеу бөлімі

IT департаменті



Арыздарды реттеу бөлімі



Заң департаменті





Клиенттерге қызмет көрсету бөлімі



Клиенттерге қызмет көрсету бөлімі

Клиенттерге қызмет көрсету бөлімі

Администра-тивтік және HRдепарта-менті



“Тұран Әлем” банкінің ”Сақтандыру компаниясы” өздерінің клиенттеріне кең және әр түрлі спектр бойынша сақтандыру өнімдерін ұсынады, барлық мүмкін болатын тәуекелдердің сферасын күнделікті өмірде іс жүзінде қамтиды /24/.

Құрамы жағынан компания портфелі 4 топқа бөлінеді:



Сақтандыру топтары

Сыйақы 2004

Мың тг.

Үлес

Көлік жүйесін сақтандыру

353 002

25%

Жауапкершілікті және мүлікті сақтандыру

506 480

36%

Жеке сақтандыру

369 813

26%

Қаржылық тәуекелдерді сақтандыру

172 363

12%

Барлығы:

1 401 658

100%


Көлік жүйесін сақтандыру төмендегідей бөліктерден тұрады:

- көлікті өз еркімен сақтандыру;

- БАНК – КӨЛІК сақтандыруы;

- көлік иесінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыруы;

- көлік иесінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруы;

- тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық – құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру.


Мүлікті ерікті сақтандыру төмендегідей бөліктерден тұрады:

- кәсіпорын мүліктерін сақтандыру;

- мұнай операцияларын сақтандыру;

- құрылысты сақтандыру;

- ұшақтар мен қайықтарды сақтандыру;

- жүктерді сақтандыру және т.б.


Ерікті сақтандыру төмендегідей бөліктерден тұрады:

- медициналық ерікті сақтандыру;

- аурулардан сақтандыру;

- шетелге кететін және ҚР келетін азаматтарды сақтандыру;

- жұмысшының денсаулығына және өміріне зақым келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
Қаржылық тәуекелдерді сақтандыру төмендегідей бөліктерден тұрады:

- келісім – шарт бойынша азаматтық – құқықтық жаупкершілікті сақтандыру;

- кәсіпкердің тәуекелділігін сақтандыру.
КӨЛІК ЖҮЙЕЛЕРІН ерікті түрде сақтандыру ережелері:

Осы ережелердің шарттары негізінде «БТА Сақтандыру Компаниясы» АҚ жеке тұлғалармен – көлік құралдарының иелерімен автомобиль көлігін ерікті түрде сақтандыру шарттарын жасасады.



Осы ережелерде келесі ұғымдар мен терминдер қолданады:

  1. көлік құралының иесі – көлік құралын жекеменшік құқығында немесе кез-келген өзгедей заңды негізде иеленетін жеке тұлға.

  2. пайда алушы – сақтандыру шартына сәйкес сақтық өтемді алушы болып табылатын тұлға.

  3. сақтандырылған адам – өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылып отырған көлік құралын жүргізуге рұқсат етілген тұлға;

  4. сақтандырылған көлік құралы – өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылып отырған көлік құралы (жеңіл автомобиль).

  5. сақтандыру объектісі – сақтанушының (пайда алушының) сақтандырылған көлік құралын иелену және пайдаланумен байланысты мүліктік мүдделері. Сақтанушының (пайда алушының) құқыққа қайшы мүдделері сақтандыруға жатпайды.

  6. сақтанушы – сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан жеке тұлға.

  7. сақтаудырушы – сақтандыруды жүзеге асыратын «БТА» Сақтандыру Компаниясы» АҚ, яғни сақтандыру жағдайы болған кезде жасалған сақтандыру шартына қатысты тұлғаға (пайда алушыға) шартпен анықталған сома (сақтандыру сомасының) мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруы тиіс тұлға

  8. сақтандыру жағдайы – басталған бойда сақтандыру шартында ескерілген тәртіп бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға.

  9. сақтандыру сыйлықақысы (сақтандыру жарналары) – сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру шартында анықталған мөлшерде сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемесін қабылдағаны үшін сақтанушы сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы.

  10. сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы болған жағдайдағы сақтандырушының жауаптылығының шекті мөлшерін білдіретін ақша сомасы.

  11. сақтандыру төлемі – сақтандыру жағдайы болған жағдайдағы сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасының шектерінде төлеуі тиіс ақша сомасы;

  12. шартсыз франшиза – әр сақтандыру жағдайында сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау барысында шығын сомасынан шартсыз түрде шегеруге жататын ақша сомасы, таңдалған сақтандыру Бағдарламасы бойынша немесе мөлшері сақтандыру шартында/полисінде көрсетілген сақтандыру сомасының пайызы түрінде анықталады.

Көлік құралдарын ерікті сақтандыру ережелерінің бөліміне келесі ұғымдар мен терминдер қолданады:

  1. жол-көліктік оқиға – жол үстімен көлік құралының жүру барысында және оның қатысуымен болған, барысында адамдар қаза тапқан немесе жараланған, көлік құралдары, құрылғылар, жүктер зақымдалған немесе өзгедей материалды зиян келтірілген оқиға;

  2. жол – ыңғайластырған немесе икемделген және көлік құралдарының жүруі үшін қолданылатын жур үсті сызықты бөлігі немесе қолдан жасалған құрылым беті. Жол құрамына бір немесе бірнеше жүру бөліктері және болған жағдайда трамвай жолдары, тротуарлар, жол жиектері мен бөлу сызықтары кіреді;

  3. техникалық қызмет бекеті (ТҚБ) – көлік құралдарын сондай мақсатта жабдықталған орындарда жөндеу (қалпына келтіру) қызметтерін жүзеге асыратын заңды тұлға (жеке кәсіпкер);

  4. авторизацияланған қызмет орталығы - өндіруші фирманың өзі шығарған көлік құралдарының моделдеріне техникалық қызмет көрсетуге өкілеттендірген (авторизацияланған) техникалық қызмет бекеті;

  5. толық жойылу – қалпына келтіру шығындары оның нақты құнынан 70% асқан, сақтандыру объектісін күйі.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет