АҚШ республикалық сенаторы Линдси Грэм президент Джо Байденді Иранның мұнай өңдеу зауыттарына соққы беруге шақырып, 2024 жылы АҚШ-тың Иранмен соғысын болжаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Foxnews сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Америкалық саясаткер Джо Байден әкімшілігінің жыл сайын ​​соғыстарға жол беріп қоятынын айыптады.

"Бізде 2024 жылы Иранмен соғыс болады. Мен Иранға басып кіруді сұрамаймын. Бірақ президент Байденге айтарым – мәселенің түбіне үңіліңіз. Егер Иранның мұнай инфрақұрылымына шабуыл жасап, олардың қалтасына ауыртпалық түсірмесеңіз және қорқытпасаңыз, олар біздің сарбаздарға шабуыл жасауй береді", – деп қосты сенатор.

АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби Таяу Шығыстағы америкалық әскерилерге жасалған шабуылдардан кейін орынды жауап қайтаратынын айтты.

Шетелдік БАҚ АҚШ Иранға қарсы соққы беру нұсқаларын дайындап жатқанын жазды.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.