Меббм қазақстан-ресей


Оқытудың және үйретудің әдістемесі



жүктеу 0.73 Mb.
бет4/5
Дата29.08.2018
өлшемі0.73 Mb.
1   2   3   4   5

2.8. Оқытудың және үйретудің әдістемесі.

  • Дәрістер: ақпаратты, проблемалық.

  • Тәжірибелік сабақтар

  • Қазақстанның санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік нормативті-құқықтық, заңдық, еңбек гигиенасы құжаттарымен жұмыс; санитарлық-гигиеналық әдістерді қолдана отырып өндірістік ортаның факторларын зерделеу; зиянды және қауіпті өндірістік факторларды гигиеналық бағалау; өнеркәсіптік өндірістің жобасын сараптау; санитарлы-статистикалық әдісті қолдана отырып адам оргазиміне өндірістік орта факторының әсер етуін бағалау; өндірістерде жекелеген кәсіптік топтардың жұмысымен танысу; территориялық СЭС еңбек гигиенасы бөлімінің жұмысы бойынша жұмысқа қатысу; жұмыс орнындағы өндірістік факторды анықтаудың жағдайлық есептерін шешу, жұмыскерлерге зияндылықтардың әсер етуінің алдын-алуды өңдеу және бағалау, желдету қондырғылары жұмысының нәтижелігін бағалау, ауызша сұрау, топпен жұмыс істеу.

  • Оқытушының басқаруымен студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ): өткен сабақтар бойынша әкімшілік және тұрмыстық ғимараттардың, әртүрлі өндірістік өнеркәсіптердің жобаларымен жекелеген сұрақтар бойынша тереңдеп зерделеу; рефераттар дайындау, дискуссиялар;еңбек гигиенасы бөлімінің медициналық құжаттарын, қорытынды хаттамаларын және актілер құрастыру;жеке бастық және топтық тапсырмалар нәтижесінің орындалуын талқылау;оқытушымен кеңесу; аралық бақылау жүргізу.

  • Студенттердің өзіндік жұмысыӨЖ):студенттердің электронды көшірмедегі әдебиеттермен, оқу және қосалқы әдебиеттермен жұмысы; презентация және рефераттар дайындау; курсттық жұмыс;

2.9 Білім алушылардың білімін және дағдыларын бағалау әдістері

Ағымды бақылау: жазбаша тестілеу, жазбаша/ауызша сұрау, жағдайлық есептерді шешу, тәжірибелік дағдаларды бағалау.

Аралық бақылау: коллоквиум.

Қорытынды бақылау: емтихан (жазбаша/ауызша сұхбаттасу, тестілеу және тәжірибелік дағдаларды демонстрациялау).
I = R*0.6 + E*0.4, мұнда

I – қорытынды баға;

R – жіберу рейтингісінің бағасы;

E – қорытынды баға (пән бойынша рейтинг).

Рейтинг 60% I ден,

Емтихан -40% о I ден
R = (t + r)/2, мұнда

t – күнделікті бақылау;

r- аралық бақылау.
Кредиттік жүйе бойынша студенттердің білімін бағалау схемасы

(прицип бойынша 100 балл=100% тексерудің әр этапында)
t1 = ТЖор + ОСӨЖор + СӨЖор /3

R = (t + r)/2

t2 = (ТЖор + ОСӨЖор + СӨЖор)/3

R доп = (R1 + R2)/2

I = R*0.6 + E*0.4
Күнделікті қадағалау:

Тәжірибеліксабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ – максимальді 100 балл


Әріп жйесімен бағалау

Баллдардың сандық эквиваленті

Пайыздық мазмұны %

Дәстүрлі жүйе мен бағалау

А

4,0

95-100

Үздік

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы


В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық



С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлық емес

2.10 Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қазақ тілінде

негізгі:

1. Ирсимбетова Н.А., Абуова Г.Н., ТулеповаЗ.И. Эпидемиология. Оқу- лық." Кітап. - Шымкент, 2012. - 660 с. .

қосымша:

1. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Сергиев В.П., Оспанов К.С. Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы жэне атқарылатын шаралар алгоритмдері. 1 т. - Алматы, 2009.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б. Д., Оспанов К.С. Жұқпалы аурулардың стандартты анықтамалары және іс-шаралар апгоритмдері: Практикалық нұсқаулық, 2-том 2 т. - Алматы, 2011. - v

3. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-эдістемелік құрал Нәбенов Қ.Н. 2006.

4. «Халық денсаулығы жэне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 2009.

5. Қазақстан Республикасьшьщ денсаулық сақтау саласьш дамытудьщ 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекетгік бағдарламасы.

6. Әміреев С.Ә, Темірбеков Ж.Т. Эпидемиология. Т.1. Жалпы эпидемиология. -Алматы: Ғылым, 2000.-551 б.

7. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. Медициналық паразитология -Алматы: «Кітап» баспасы, 2005.- 422 б.



Орыс тілінде

негізгі:

1. Общая эпидемиология с основами доказательной медицины. Руководство к практическим занятиям: учебное пособие /под ред. Пок-ровского В.И., Брико Н.И. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010. - 400 с.

2. Зуева Л.П., Яфаев Р.Х. Эпидемиология: Учебник. - СПб.: ООО «Издательство Фолиант», 2006. — 752 с.

Қосымша:

1. Осипова B.JI. Дезинфекция: учебное пособие. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 136 с.

2. Паразитарные болезни человека (протозоозы и гельминтозы): Под ред. Сергиева В.П., Лобзина Ю.В., Козлова С.С. Руководство для врачей.-45

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ


    1. ЖОО аты: ҚАЗАҚСТАН – РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




    1. Кафедра: Гигиена және эпидемиология




    1. Пән: эпидемиология




    1. Мамандықтар: «Жалпы медицина»




    1. Оқу сағатының көлемі : 54 сағат (2 кредит)




    1. Оқылу курсы және семестрі: 3 курс, 1 семестр




    1. Оқытушылар жайында мәліметтер







Т.А.Әкесінің аты.

Ғылыми дәрежесі

Атқаратын қызметі

Ғылыми кызығушылығы

Оқытатын курсы

1

Исмагұлов А.Т.

м.ғ.д.

профессор

Жұқпалы және жұқпалы емес аурулар саласындағы зерттеулер

эпидемиология




    1. Байланыс мәліметі: кафедраның орналасқан орны - Алматы қаласы, Мақатаев көшесі,34 телефондар: 397-75-20, 397-75-18, электронды мекен-жайы: ncgigieny@mail.ru




    1. Пәндер саясаты:

Студент кафедраның талаптарын орындау керек:

- сабаққа кешікпеу керек;

- сабаққа тек қана ақ халатпен жіберіледі;

- себепсіз сабақ босатпауы керек;

- босатылған сабақтарды оқытушы белгілеген бір уақытта қайталап оқу керек;

- оқу процессіне белсенді араласу керек;

- Тәжірибелік сабақтардың барлық тапсырмалары талаптарға сәйкес орындалуы және көркемделуі керек;

- СӨЖ бойынша тапсырмалар жеткілікті деңгейде атқарылуы және белгіленген мерзімде тапсырылуы керек;

- айып шаралары:

студент, барлық кезеңді тексерулерді тапсырмаған болса, емтиханға жіберілмейді.


2. БАҒДАРЛАМА
ХХ ғасырдың 30 жылдарында эпидемиология медицинаның өзіндік саласы болып құрыла бастады. Эпидемиологиялық процесс жайындағы ұғым Л.В. Громашевскиймен және Д.К. Заболотныймен құрылған теориялық эпидемиологияның ірі жетістігі болып табылады.

Инфекцияның табиғи ошақтығы туралы ұғымды жасаған Е.Н. Павловскийдің, гелминтозды жою теориясын жасаған К.И. Скрябин, паразитарлық жүйенің өздігінен реттелуі теориясын жасаған В.Д. Беляков, эпидемиологиялық процестің әлеуметтік-экологиялық концепциясын жасаған Б.Л. Черкасский жұмыстары әлемге танылды.

Эпидемиологиялық процесстің шығу тегі, жағдайы және қозғағыш күші жайындағы ұғымның құрылымын түйіндеу мен жалпы және жеке эпидемиологияны зерттеу процестері жайындағы көзқарасты студенттерде қалыптастыру. Ол адамның зиянды аурулар эволюциясын дұрыс түсінуге және оны жоюдың ғылыми-негізделген жолдарын іздеуге мүмкіндік береді. Бұл арада эпидемиологиялық процесстің зерттеу қажеттігіне өте мәнді әдістемелік талаптар және әлеуметтік және нақты-тарихи жағдайларды ескере отырып жұқпалы аурулармен күрес шаралары ашылады.

2.2 Пәннің мақсаты: студенттерде эпидемиологияның теориялық негізінің ғылыми түсінігін қалыптастыру, жұқпалы аурулардың алдын алу үшін эпидемиологияның диагностика әдістерін меңгеру, жұқпалы аурулардың алдын алу әдістерін меңгеру.

2.3 Оқыту міндеттері:

- студенттерге жұқпалы аурулардың эпидемиологиясын, эпидемиологияның жалпы заңдары мен категорияларын беру. Эпидемиологиялық үрдіске адамның тіршілік ету табиғи ортасының экологиялық жағдайының әсері;

- тұрғындар арасында жұқпалы (паразитарлы) аурулардың таралу және пайда болу заңдылықтарымен таныстыру, шығу тегі және жағдайы, даму механизмі және жұқпалы (паразитарлы) аурулардың жеке нозологиялық үлгілерінде эпидемиялық үрдістің білінуі;

- Қазақстан Республикасында қолданылатын Әлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымы ұсынған жұқпалы ауруларды жою және алдын алудың заманауи принциптерін беру; тұрғындарды медициналық қамту жүйесінде жалпы тәжірибедегі дәрігер міндеттері;

- теориялық және тәжірибелік эпидемиологияның заманауи отандық және шетелдік концепциясымен таныстыру, тұрғындар арасында эпидемиологиялық ахуал жағдайы; Қазақстан Республикасында эпидемиологиялық ғылым мен тәжірибенің даму мүмкіншілігі;

- эпидемиологиялық диагностика жүйесі, эпидемиологиялық зерттеулер әдістерімен таныстыру.



2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуге міндетті:

- тұрғындардың санитарлы-эпидемиологиялық жайлылығы туралы ҚР Заңын;

- эпидемиологияның жалпы заңдары мен категорияларын;

- кең тараған жұқпалы аурулардың эпидемиологиясын;

- тұрғындар арасында жұқпалы аурулардың таралу және пайда болу заңдылықтары, шығу тегі және жағдайы, даму механизмі және жұқпалы (паразитарлы) аурулардың жеке нозологиялық үлгілерінде эпидемиялық үрдістің білінуін;

- эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары жүйесін;
- Қазақстан Республикасында қолданылатын Әлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымы ұсынған жұқпалы ауруларды жою және алдын алудың заманауи принциптерін.

Студент істей алуы керек:

- эпидемиологиялық жағдайды бағалау негізінде мәселелі – мақсатты эпидемияға шараларды құрау және аурушаңдықты болжай білу, сонымен қатар эпидемиялық ошақтарды жою жоспарларын жасау;

- жұқпалы аурулардың кең тараған нозологиялық үлгілерінде эпидемияға қарсы және қажетті алдын алу шараларын атқару;

- карантинді инфекциялар кезінде кейінге қалтыруға болмайтын эпидемияға қарсы шараларды жүргізу.



Машықтану ебі болуы керек:

- жұқпалы аурулар ошағын эпидемиологиялық қарау;

- жұқпалы ауруларға жедел хабарлау парағын толтыру;

- жұқпалы аурулар эпидемиологиялық картсын толтыру;

- Бала және үлкендердің денсаулық паспортын толтыру.

2.5 Пәннің реквизитке дейінгілігі: медициналық генетикамен молекулярлы биология, микробиология.

2.6 Пәннің реквизиттен кейінгілігі: жұқпалы аурулар, фтизиатрия.


    1. Тақырыптық жоспар: тақырып, әрбір сабақты жүргізу үлгісі және ұзақтығы (дәріс, практикалық, семинарлық, зертханалық, оқытушының жетекшілігімен өздігінен жүргізілетін, өзіндік жұмыс)




      1. Дәрістің тақырыптық жоспары






Дәрістің тақырыптары

Сағаты

1

Эпидемиология ғылым ретінде. Эпидемиология пәні, міндеттері мен зерттеу әдістері.

2

2

Эпидемиялық процесс туралы ұғым.

2

3

Жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жіктелуі.

2

4

Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралардың принциптері.

2

5

Клиникалық эпидемиологияның негізгі қағидалары мен принциптері, клиникалық эпидемиологияның биостатистикамен байланысы.

1




Барлығы:

9


2.7.2 Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары



Тақырыптың аталуы

Сағаты

1

Эпидемиялық процесс туралы ұғым.

2

2

Эпидемиялық процестің құрылымы мен көріну түрлері. Эпидемиялық процеске әсер ететін факторлар.

2


3

Жұқпалы аурулар ошағын эпидемиологиялық зерттеу түсінігі.

2

4

Жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жіктелуі.

2

5

Ішек инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы, олардың таралуы кезіндегі алдын алу шаралары.

2

6

Ауа-тамшылы инфекциялардың эпидемиологиялық сипаттамасы, олардың таралуы кезіндегі алдын алу шаралары.

3


7

Қан инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы, олардың алдын алу шаралары.

3

8

Сыртқы жабындылар инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы және олардың таралуы кезіндегі алдын алу шаралары.

2


9

Дәрігер бөлімшесінде жұқпалы аурулар кезіндегі алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары.

3


10

Дезинфекция, дезинсекция дәне дератизация қағидалары. Стерилизация, стерилизация алды өңдеу қағидалары .

2


11

Әскери эпидемиологияның теориялық және әдістемелік негізі. Соғыс уақытында әскерлер арасында жүргізілетін эпидемияға қарсы шаралардың мазмұны және ұйымдастырылуы.

3


12

Клиникалық эпидемиологияның негізгі қағидалары мен принциптері, клиникалық эпидемиологияның биостатистикамен және дәлелді медицинамен байланысы.

1





Барлығы:

27


Аралық бақылау уақыты – апта кестесі бойынша
2.7.3 Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары (СӨЖ)




СӨЖ тақырыптары

Сағаты

1

Эпидемиялық процестің сырқаттанушылықтың уақыты және аймақ бойынша білінуінің қазіргі кездегі сипаттамасы.

5

2

Эпидемиялық процестің тұрғындардың әр түрлі топтары арасында білінуінің қазіргі кездегі сипаттамасы.

5

3

Тұмау кезіндегі шаралардың стандарттары және алгоритмдері.

4

4

Аса қауіпті инфекциялар кезіндегі шаралардың стандарттары және алгоритмдері.

4




Барлығы:

18



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет