Механика жјне технология процесстерін їлгілеу



жүктеу 44.71 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі44.71 Kb.

Механика жӘне технология процесстерін үлгілеу

МЕХАНИКА И МОДЕЛИРОВАНИЕ ПРОЦЕССОВ



ТЕХНОЛОГИИ, 2008, №2, с.259-261


УДК 622.236.39


Е.С.Жылқыбаев , А.Б. Биджанова А.А.Кабдушев
БЕРІК МАТЕРИАЛДАРДЫҢ МЕН КОНСТРУКЦИЯЛАРДЫҢ БЕТТЕРІН ТЕРМОАГРЕГАТПЕН ӨҢДЕУДІҢ ТИІМДІ

ШАРТТАРЫ
Өндірістік кәсіпорындардағы жабдықтарға жөндеуді, қайта монтаждауды жүргізуде , жер сілкісінің зардаптарын жою кезінде бетондық және темір бетондық конструкцияларды бұзу бойынша және сол сияқты металлургия агрегаттарын бөлшектеу бойынша операцияларды орындау кезінде ауқымды жұмыстар пайда болады.

Бетонды, шлакты және темірбетонды бұзу үшін бұрғылау, бөлшектеу т.б. принциптер бойынша жұмыс істейтін әр түрлі механизмдер қолданылады. Бірақ бұл машиналар негізінен механикалық әсерлі болып келеді және олардың өнімділігі төмен болғандықтан қазіргі кездегі талаптарды қанағаттандырмайды. Одан басқа, олар конструкциясына байланысты күрделі, үлкен болып келеді.

Осындай кемшіліктерді жою үшін ТБ-33-К-У [1] модельдегі оқағынды термоагрегат түрі жасалды. Бұл тәсіл жоғары температура мен газ ағынының жоғарғы жылдамдығына ие, жанарғы шырағын қолдануға негізделген.

Жанарғы шырағының берік материалдар бойынша көлденең және бойлық жылдамдықтары теориялық түрде анықталады. Жанарғының қозғалу жылдамдығы бұйымның физикалық-механикалық қасиетіне, шырақтың жылулық-физикалық параметрлеріне және материалдардың өлшемдеріне байланысты болып келеді. ТБ -33-К-У термоагрегаты диаметрі 46 тен -50мм арасындағы шпурдың өтуін қамтамасыз етті. Қолдан жасалған минералдық ортаның бұзылу жылдамдығы сол ортаның қалыңдығы ұлғайған сайын төмендейтіні анықталды. Бұзылу процесінің жылдамдығын жоғарлату үшін камера ішіндегі қысымды жоғарлату қажет. Қысым жоғарлыған сайын жану камерасындағы температура, газ ағынының жылдамдығы мен меншікті салмағы жоғарлайды.

Тау жыныстарының бірнеше түріне бұзушы меншікті жылу ағымының тиімді мәндері жасалған жұмыстарда [2, 3] анықталған. Бірақ шлакбетонды материалдар үшін материал қалыңдығына байланысты жанарғы жылдамдығын анықтау бойынша мәлімметтер жоқ. Сондықтан бұл жұмыстың мақсаты болып шлакбетонды материалдардың бетін өңдеу жағдайларын жасау болып келеді.

Тәжірибиелер жанарғының камера ішіндегі қысымы 0,5 тен 3 МПа және отынның шығыны 100кг\ сағ дейінгі болғанда, бұрғылау уақыты мен бұрғыланған тесік көлемін бақылау арқылы жүзеге асырылады.

Бұрғылау кезінде диаметрі 0,04 тен 0,1 м ге дейінгі болатын шпурлар қолданылды.

Эксперименттер зауыт жағдайындағы стендтік қодырғыда жасалды.

Тәжірибиені жүргізу кезінде шектік бөліктен тыс жатқан жанарғының әр түрлі бұрыштардағы жұмыс тиімділігін бағалауға зерттеулер жүргізілді.

Технологиялық процестің шартына байланысты берік тау жыныстарынан бойлық бағытта өту 5 мм ге дейін немесе одан да көп болып келетін қалыңдықты құрайды. Жанарғының көлденең қозғалу жылдамдығы тау жынысына қатысты былай анықталады [1].

(1)

Жанарғының тербеліс амплитудасына қарай тау жынысының көлденең қозғалысының жылдамдығын былай анықтауға болады. [1]



(2)

мұндағы d1,d2 шпур диаметрі; z –тау жынысының қалыңдығы; α- артық тотықтырғыш; V1-термобурдың бастапқы жылдамдығы;

Төменде көрсетілген 1 суретте бұйым бойымен факел бір рет өткенде материал қалыңдығына көлденең және бойының жылдамдықтардың тәуелділігі көрсетілген. Агрегат жанарғысының көлденең және бойлық жылдамдықтары материал қалыңдығы өскен сайын азая түседі.

Қозғалыстың тиімді жылдамдығы 1 суреттегі штрихталған облыстарда жатады.




Сурет 1. Жанарғының бойлық және көлденең жылдамдықтарының шлакбетонды материал қалыңдығына тәуелділігі

Бұзылатын массаның көлемін өлшеу бірмезгілде камера ішіндегі қысымды, отын компоненттерінің шығын магистральдарындағы қысымды, салқындатушы су температурасын және жанарғының салқындатушы су температурасын немесе жанарғының тарту күшін бақылап отырып жүзеге асырылады.

Эксперимент мәліметтері негізінде салыстырмалы отын шығыны мен артық тотықтырғыш коэффициентінің жану камерасының ұзындық сипаттамасына тәуелділігі анықталған [2].

(3)

мұндағы: L - қосылыс камерасының ұзындығы сопланың ең кіші қимасы; -жану камерасының көлемі

Ортадан тепкіш форсунканы бағалау шашырату критерииі бойынша жүргізілді. Нақты жану камераларының жұмыс сапасы импульстік коэффициентпен бағаланды [1].

(4)

мұндағы βт және βә жану камерасындағы кешенді көрсеткіштер болып саналатын есептік және эксперименттік мәні; k-импульстік коэффициент

Теориялық қысым импульсі келесі формула бойынша анықталады. [2]

(5)

мұндағы Рz - жану камерасының ішіндегі қысым ;т -отын шығыны

Берік шлакбетондық материалдарды бұзу процесстерін зерттеу кезінде отын шығынымен камера ішіндегіқысымджарды вариациялау арқылы сопланың шектік қималарының диаметрі анықталды.

Термоагрегатты сынау әр түрлі камера ішіндегі газ қысымдарында жүргізілді. Камера ішіндегі қысым - (7-9) атм және артық тотық коэффициенті 0,7-0,8 тең болғанда факел температурасы 25000С ге дейін, ал ағым жылдамдығы 2000м\с қа дейін жетеді. Бұл жағдай термоагрегаттың шлактан және темірбетоннан жасалған монолиттерді бұрғылау және тесу кезінде дұрыс қолдануға мүмкіндік береді.

Оқағынды термоагрегат құрылыс индустриясында кеңінен қолданылып, өнімділікті 5-6 есе жоғарлатып, құнын механикалық әдіспен салыстырғанда 3-4 есе төмендете алады.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Калинов В.А., Джилкибаев Е.С. Разработка инструментов для раз­рушения искусственных минеральных сред. «Технические науки», -Алма-Ата, 1975, выпуск №16, с. 103-105.

  2. Бричкин А.В. и др. Основы механизма теоретических разрушений горных пород. Труды всесоюзной конференции, «Новые физические методы разрушения минеральных сред», «Недра». - Л., 1970г.

  3. Бричкин А.В. и др. Оптимальные условия термического разрушения горных пород. Труды всесоюзной конференции «Недра».- Л., 1970 г.




Таразский государственный университет им. М.Х.Дулати,

г.Тараз,



Поступило в редакцию

11.11.2008г.


_________________________






Каталог: rus -> all.doc -> Magazine -> 2008-2
2008-2 -> Механика жјне технология процесстерін їлгілеу
Magazine -> Механика жјне технология процесстерін їлгілеу
Magazine -> Ќабатты денедегі екі ґлшемді толќынныѕ таралуыныѕ сандыќ зерттелуі
Magazine -> Механика жјне технология процесстерін їлгілеу
Magazine -> Механика және технология процесстерін үлгілеу
Magazine -> Механика жјне технология процесстерін їлгілеу
Magazine -> Механика жјне технология процесстерін їлгілеу
Magazine -> Механика жјне технология процесстерін їлгілеу
2008-2 -> Механика жјне технология процесстерін їлгілеу


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет