Азаматтық авиация комитеті Boeing компаниясының қазақстандық Boeing MAX ұшағы Федералдық авиация әкімшілігінің тыйым салған ұшақтар тізіміне жатпайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pexels-тен

Федералдық авиация әкімшілігі төтенше жағдайда ұшуға жарамдылық директивасын шығарды. Ұшуға жарамдылық директивасы автоматты түрде барлық B-737 MAX операторларына қолданылады.

"Кез келген санаттағы сертификатталған Boeing B737-9 кемелеріне әуе кабинасының ортасында эвакуациялық люк орнатылуы керек. Қазіргі уақытта ҚР авариялық шығу есіктері бар (авариялық шығу люктері емес) әуе кемелерін пайдаланады", — делінген хабарламада.

Ал Қазақстанда барлығы бес Boeing 737-9 MAX ұшағы тіркелген. Олардың барлығында жарамдылық сертификаттары бар.

"Қазіргі уақытта Қазақстанның авиациялық әкімшілігі еліміздегі осы үлгідегі әуе кемелерінің операторларымен, сондай-ақ Boeing және FAA-мен алдағы шараларды қабылдау қажеттілігін бағалау үшін байланыста", — деді авиация комитеті.

Еске салсақ, бұған дейін Орегоннан Калифорнияға ұшып шыққан Alaska Airlines авиакомпаниясының Boeing 737 MAX ұшағының апаттық шығу есігі жұлынып кеткенін хабарлаған едік.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.