Сабақтың мақсаты: Оқушылардың еңбек , еңбекқорлық жайлы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері: Балаларға еңбекқорлық мен еріншек туралы түсінік беру,еңбекке қызығушылықтарын арттыра отырып,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
оқулық, дәптер
(аудио,видео жазбалар)
Интерактивті тақта, тілек ағашы, сахналалық көрініске арналған құрал- жабдықтар.
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.
Оқу құралдарына назар аудару. 5Т ережесін еске түсіру
2.Жағымды күйге ену. «Нұрға бөлену»
3.Үй тапсырмасын тексеру:
Дәптермен жұмыс. 1- тапсырма: Дәптерде берілген кестеге еріншек пен еңбекқорға тән белгілерді бөліп жазу.
|
Сабақ барысын талдау:
|
4. Дәйексөз
«Еңбек- қуаныш, жалқаулық - айрылмас азап»
Абай
Алдымен ер балаларға, екінші қыз балаларға айтқызу.
Барлығы бірге айту.
|
|
5.Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы
«Шегіртке мен құмырсқа» мультфилмін көрсету.
А.И Крыловтың желісі бойынша
- Құмырсқаның бойында қандай қасиеттерді байқадыңдар?
- Шегірткенің жасаған әрекеті дұрыс па?
- Шегіртке еріншектігінің кесірінен қандай күйге түсті?
- Еңбекқорлық адамды қандай жетістіктерге жеткізеді?
Шегіртке мен құмырсқаға ассосация әдісі арқылы сипаттама беру.
Еңбекқор
Адал Құмырсқа шыдамды
Табанды ақылды қанағатшыл
Еріншек
Жалқау шегіртке икемсіз
Талапсыз ақылсыз ойсыз
|
|
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс: Сахналау
Оқушыларды екі топқа бөліп, 1- топқа:
«Еңбексүйгіш пен еріншек», 2- топқа: «Алтын балта» ертегісін сахналауды ұсыну.
«Тілек ағашы» ойыны.
Балалар, сендер көп еңбектендіңдер, енді әрқайсысымыз еңбекқорлыққа тән қасиеттерді стикерлерге жазып ағашқа ілейік.
Сөйтіп, бұл тақырыпты қорытындылайық.
|
|
7.Топпен ән айту.
Е.Өтетілеуов, И.Нүсіпбаев
Достар әні
|
|
8.Үй тапсырмасы:
Келесі «Төзім мен табандылық» тақырыбындағы дәптермен жұмыс 1- тапсырма аңызды оқып, жас Фарабидің бойындағы құнды қасиеттерді тізбектеп жазу.
|
|
9. Соңғы тыныштық сәтi : Жағымды күйге келу
- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!
|
|