Мектеп директоры



Дата16.04.2018
өлшемі41.47 Kb.
#24945
түріСабақ

«Бекітемін»

______________

Мектеп директоры


  1. Сабақтың тақырыбы: Әскери қызметшылер және олардың өзара қарым қатынастар, бастықтар жіне бағыныштылар, аға және кіші офицерлер, олардың құқықтары мен міндеттері, әскери әдептілік ережесі және әскери қызметшілердің тәртібі,бұйрық, оны беру және орындау тәртібі.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бастық пен бағыныштылар туралы, әскери қызметшілердің мінез – құлық нормалары туралы жалпы мағлұмат беру.

  3. Уақыты: 45 минут.

  4. Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.

  5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, ҚР ҚК Ішкі қызмет жарғысы.

  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • «Әскери тәртіп» деген ұғымды қалай түсінесіңдер және ол әскери қызметшіге қандай міндеттер жүктейді?

  • Әскери тәртіптің ерекшелігі неде?

  • Әскери тәртіптің құқықтық негіздері туралы айтыңдар?

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы - әскери қызметшілердің жалпы міндеттері туралы. Әскери атақтар және айырым белгілер. Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез-құлқы.



Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез – құлқы.

Әскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениеттің, қарапайымдылықтың, ұстамдылықтың үлгісі болуға, өзінің қадір – қасиетін құрметтеуге тиіс. Олар өз мінез – құлқына қарап, тек өздері туралы ғана емес, тұтас алғанда Қарулы Күштердің ар – абыройы туралы пікір түйілетінін есте ұстауға тиіс.

Әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым – қатынастар өзара сыйластық негізінде құрылады. Қызмет мәселелері бойынша олар бір – біріне «сіз» деп тіл қатуға тиіс.

Бастықтар мен аға шенділер қызмет бойынша бағыныштылар мен кіші шенділерге атағы мен тегі бойынша тіл қатқанда «Қатардағы Омаров», «Сержант Исмайлов», ал тек атағы бойынша тіл қатқанда қасына «мырза» деген сөзді қосып айтады («Қатардағы сарбаз мырза», «Сержант мырза»).

Әскери оқу орындарының әскери атақтары жоқ курсанттарына тіл қатқанда «Курсант Сауыров» немесе «Курсант мырза» деп атау керек.

Бағыныштылар мен кіші шенділер бастықтар мен аға шенділерге тіл қатқанда олардың әскери атағының соңына «мырза» деген сөзді қосып атайды. «Аға лейтенант мырза».

Әскери қызметшілер саптан тыс бір –біріне тек әскери атағы бойынша ғана емес, аты мен әкесінің аты бойынша да тіл қатыса алады, ал бір – бірімен қоштасқан кезде «Қош болыңыз» деген сөздің орнына «Құзырыңызға құлдық» деп айтуға жол беріледі.

Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар.

Аға және кіші шенділер.

Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша әскери қызметшілер бір – біріне бастық немесе бағынышты болуы мүмкін.



Бастық дегеніміз – атқаратын штаттық лауазымы бойынша қызметтік міндеттеріне сәйкес бағыныштыларға басшылықты жүргізетін әскери қызметші. Бастықтың бағыныштыға бұйрық
беруге құқығы бар және олардың орындалуын жүзеге асыруға міндетті. Бағыныштының адамдық қадір – қасиетін қорлайтын іс - әрекеті үшін бастық жауапкершілікте болады.

Командир қызметі жөнінен өзіне бағынышты әскери қызметшілер үшін бастық болып табылады.

Қызметі жөнінен уақытша болса да әскери қызметшілер бағынатын бастықтар тікелей бастықтар болып табылады.

Бағынышты бастықтың бұйрықтарын сөзсіз орындауға міндетті.

Қызметі жөнінен бағыныштылық тәртібіне байланыссыз мынадай әскери қызметшілер әскери атағы бойынша бастықтар болып табылады:



  • армия генералдары, адмиралдар – аға және кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

  • генералдар, адмиралдар полковниктер мен 1-дәрежелі капитандар - кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

  • подполковниктер, 2-дәрежелі капитандар, майорлар, 3-дәрежелі капитандар - старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

  • кіші офицерлер - старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

  • старшиналар мен сержанттар – олармен бір әскери бөлімдегі жауынгерлер мен матростар үшін;

Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша басқа әскери қызметшілерге қатысты олардың бастықтары немесе бағыныштылары болып табылмайтын әскери қызметшілер аға шенділер немесе кіші шенділер болып табылады.

Аға шенділік әскери қызметшілердің әскери атақтарымен айқындалады. Әскери атағы бойынша аға шенділердің кіші шенділерден әскери тәртіпті, қоғамдық реттілікті, мінез – құлық қағидаларын, әскери киім нысанын киіп жүруді және әскери сәлемдесу рәсімін орындауды бұзғаны үшін олардан осы жолсыздықтарды жоюға талап етуі тиіс, ал кіші шенділер осы талаптарды сөзсіз орындауға міндетті.



Бір – біріне бағынышсыз әскери қызметшілер міндеттерін бірлесе орындаған ретте, олардың қызметтік өзара қарым – қатынасын командир (бастық) айқындамаған болса, олардың лауазымы бойынша жоғары тұрғаны, ал лауазымдары бірдей болған ретте әскери атағы бойынша аға шендісі бастық болып табылады.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • әскери қызметшілердің жалпы міндеттері қандай?

  • ҚР ҚК әскери қызметшілері үшін белгіленген әскери атақтарды атап беріңдер.

  • әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез – құлқы туралы әңгімелеңдер.

  • бастықтар мен бағыныстыларға, аға шенділер мен кіші шенділерге кімдер жатады?

Алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ________
Каталог: uploads -> doc -> 113b
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
113b -> Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұрханова Жанат
113b -> Сақта жолдың тәртібін!!! Мақсаты: Білімділік
113b -> Мазмұны Кіріспе Қазақтың салт – дәстүріндегі натурал сандар құпиясы Негізгі бөлім
113b -> Конспект № Северная Америка XVII xviii веках Опорный конспект № Северная Америка XVII xviii веках Понятийный аппарат


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет