Мектеп оқушыларын зерттеу жұмысына дайындау әдістемесі



жүктеу 298.25 Kb.
Дата08.05.2019
өлшемі298.25 Kb.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-38.67/03-2014




ПОӘК

«Мектеп оқушыларын зерттеу жұмысына дайындау әдістемесі»

пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

№ 2 басылым

25.06.2014 ж.




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Мектеп оқушыларын зерттеу жұмысына дайындау әдістемесі»


«5В011000 – Физика» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2014

Мазмұны


1

Глоссарий

3

2

Дәрістер

5

3

Практикалық сабақтар

52

4

Студенттердің өздік жұмыстары

53


1 ГЛОССАРИЙ

Ғылыми зерттеу -

Зерттеу – жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі.

Проблема – грек сөзі «қиындық», «кедергі» деген мағынаны білдіреді.

Жобалау – ол бір практикалық міндеттің шешімі.

Ақпараттық жоба – кез-келген объект не құбылыс туралы ақпарат.

Жоба әдісі – оқушылардың зерттеу іс-әрекетінің элементтерінен тұратын технология

Өзектілігі – бұл білімді қоғамдық жағынан көтеруді жүргізудің бір құралы.

Шығармашылық жоба нақты құрылымы жоқ, соңғы нәтиженің түрі мен жанрының талабын негізделген жоба

Болжау және қорытынды – бұл әлі айқындалмаған, логикалық дәлелденбеген және тәжірибеден өтпеген білім

Іс-әрекет бағдарламасы – оқушылардың өздері жүргізген іс-шараларын сипаттау, алдағы уақытта жүргізілетін іс-шараларды жоспарлау

2 Дәрістер

1МИКРОМОДУЛЬ «ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ»


Тақырып: Кіріспе. Мектеп оқушыларының зерттеу жұмысын ұйымдастыру

Мақсаты: Студенттерге зерттеу жұмысы деген не, зерттеу жұмысын қалай ұйымдастыруға болатыны жөнінде мағұлымат беру.
Негізгі сұрақтар: Оқушылар іскерлігінің мотивациясы. Оқушыларды курстың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.

Мемлекетіміз елімізді ғылыми көркейтер деген үмітпен жас (дарындарға) ғалымдарға үлкен назар аударуда. Оларға түрлі конкурстар, білім сайыстарын ұйымдастыруда. Мектептегі оқушылардың ғылыми қоғамдарының негізгі міндетті сыныптан тыс және үйірмелік жұмыс жүйесін оқу-тәрбие процестерімен байланыстырып, ғылыми деңгейге көтеру. Оқушылардың өз бетінше ізденіп білім игеруі, мұнда мұғалім оқытпайды, ізденіс-іс-әрекетіне бағыттайды. Оқушылар шығармашылық қабілетіне, ғылыми ойлау дәрежесіне, зерттеу жұмысына икемділігі, шешендік шеберлігіне қарай іріктеп алады.

Оқушылардың жобаны зерттеу іс-әрекеті – білім көтерудің бір құралы.

Өзектілігі – бұл білімді қоғамдық жағынан көтеруді жүргізудің бір құралы.

Жоба әдісі – оқушылардың зерттеу іс-әрекетінің элементтерінен тұратын технология, мұнда:

-мұғалім оқытпайды, ізденіс іс-әрекетіне бағыттайды;

- білімді пайдалану және жаңа білімді игеру құралы;

-таным қызметі белсенділігінің оқыту құралы.



Жоба әдісінің мақсаттары:

  • шығармашылық ойлауын дамыту;

  • тәжірибе жинақтау үшін жағдай жасау;

  • жеке қасиеттерін қалыптастыру;

  • бірлесіп жұмыс жасау;

  • таңдау мен нәтижеге деген жауапкершілік;

  • талдай білу қабілеті;

  • тұлғаны бағыттау.

Жоба – техникалық термин, нысанды жаңарту.

Жоба жүргізудің алгоритмі (көрсеткіші):

Дайындық кезеңі.



  1. Жоспар жасағанда тақырыпты, бөлімді немесе бірнеше тақырыпты таңдап алу.

  2. Жеке немесе топтық тақырып анықталады.

  3. Нақты мақсат қою, болжаған нәтижені атау.

  4. Әдістемелік ұсыныстар.

  5. Мұғалімнің жобаның сапасына деген талабы қойылады.

  6. Нәтиже бағасының әдістері мен түрлері анықталады (рейтинг, баллдық, алдын-ала келісіліп, кесте құрастырылады).

  7. Жобаның көрсеткішін құру.

Мектеп жағдайында нысанның нақты тақырыбы болады немесе пәннен; интерактивтік (байланыс) (тарихи-әдебиет); факультатив тақырыбы.

Әр кезде оқушы мен мұғалімнің (орны) рөлі әртүрлі.



  1. Дайындық кезеңі.

  2. Жоспарлау (талдау, міндеттерін қою, хабарларды тексеру, идеяларды жинақтау, жоспарлар).

  3. Шешім қабылдау (альтернативаларды талқылау, қажет нұсқауды таңдау).

Жаңа ақпараттарды қабылдау. Қиындығы:

  • әр жолдың мақсаты мен міндеті белгілі;

  • шешу жолдарын іздеу;

  • қажеттісін таңдау.

  1. Жобаны орындаудағы алдағы жұмыстар: проблемалық семинарлар, консультациялар.

  2. Нәтижені тексеру және бағалау.

Бағалау нәтижесі бойыншаөзіне жазба қалдырады, оқушының жеке тұлғасын ескеруге тиіс.

Жобаның орындалу нәтижесін, мақсатқа жетуін талдау.



  1. Қорғау. Нәтижесі қорғау түрі, жұмыстың безендірілуі бағаланады.

Жеке қатысуы мен жобаның үлгеріміне қатысты бағаланады.

Жоба жұмысының бірізділігі

Жұмыс кезеңдері

Жұмыс кезеңдерінің мазмұны

Оқушылардың іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Дайындық

Тақырыбы мен мақсатын анықтау

Мұғаліммен кеңеседі және қосымша ақпарат алады, мақсат қояды

Жобаның мәнімен таныстырады, оқушыларға дәлелдеу. Мақсатын құруға көмектеседі.

Жоспарлау

а) ақпаратты іздестіру жолдарын анықтау

ә) ақпаратты талдау және жинақтау тәсілдерін анықтау

б) нәтижені көтеру тәсілдерін анықтау (есеп беру үлгісі)

г) топ мүшелерінің міндеттерін бөліп беру



Ісіне жоспар құрады

Өз ұсынысын айтады, идеялар ұсынады.

Зерттеу

Мәлімет жинау, кездескен міндеттерді шешу. Негізгі құралдар: интервью, бақылау, тәжіирбе, сауалнама

Кездескен міндеттерді шешу арқылы зерттеу жұмысын орындау

Бақылайды, кеңес береді, жұмысты сырттан басқарды.




Нәтижесі және қорытындысы

Мәліметтерді талдау (ақпарат)

Ақпаратты талдау

Бақылайды және кеңес береді

Жұмысты қорғау немесе есеп беру

Нәтижені көрсету түрлері: ауызша есеп беру, көрнекілікпен ауызша есеп беру, жазбаша есеп

Есеп береді, талқылайды

Көрермен ретінде тыңдайды, сұрақтар қояды.

Нәтижені және үрдісті бағалау




Өзін-өзі бағалау мен ұжымдық талқылау жолымен бағлауға қатысады.

Оқушылардың еңбегін, шығармашылық ойлауын, есеп берудің сапасын, ақпараттарды дұрыс пайдалану сапасын, жалғастыру сұранысын бағалайды.


Зерттеу жұмыстарын қорғау нұсқаулары.

І.Жұмысқа қойылатын талаптар:

1.Жұмыстың сыртқы бетін безендіру.

2.Жұмыс ауқымы 15-20 мин аспауы тиіс.

3.Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

4.Көрнекіліктері.

5.Зерттеу элементтерінің болуы.

6.Жұмыстың 1 данасын өткізу.

ІІ.Қорғауға қойылатын талаптар:

1.Шешендік шеберлігі.

2.Өзінің жұмысын жақсы білуі (тақырыбы бойынша комиссия сұрақтрына жауап бере алу).

3.Ғылыми ойлау дәрежесі.

4.Зерттеу жұмыстарына икемділігі.

5.Шығармашылық қасиеті.


Бақылау сұрақтары:

1.Ғылыми зертеу деген не?

2.Жоба әдісінің мақсаттары қандай?

3. Жоба жүргізудің алгоритмін атаңыз.

4. Зерттеу жұмысының негізгі кезеңдерін атаңыз.

Тақырып: Физика бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының ерекшеліктері. Іргелі және қолданбалы зерттеулер.

Мақсаты: Студенттерді ғылыми зерттеу жұмысының ерекшеліктерімен таныстыру. Іргелі және қолданбалы ұғымдары жайында мағұлыматтар беру.

Негізгі сұрақтар: Ғылыми зерттеу жұмыстары, олардың ерекшеліктері.

Қазіргі кезде қоғамдық-әлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістердің болуына байланысты білім жүйесінде де, оның мазмұны мен оқыту әдістемесінде де біршама жаңарулар болып жатыр. Инновациялық процестер практик мұғалімдер арасында кең өріс алуда. Соның бірі – оқушыларды зерттеу әдістеріне баулу. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады. Баланың өзін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар жайлы барлығын білгісі келетіні белгілі.

Ол әр нәрсенің жұмыс істеу принципін, неден жасалғанын қолмен ұстап көреді. Оған барлығы қызық. Ендеше, зерттеушілік, ізденушілік бал табиғатына тән құбылыс. Бұл белсенділік оның жеке басының дамуына ықпал етеді. Ал есейе келе ол өзінің қызығушылығын бір бағытқа бұрады, яғни өзін қызықтыратын бір нәрсені зерттейді.

«Зерттеу дегеніміз – жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі» -деп түсіндіріледі Үлкен энциклопедияда.

Зерттеу - әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдна отырып, белгілі бір объект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген объектілермен танысу. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру мен өзгерту бағытында болуы мүмкін. Оқушының өзгертушілік танымдық әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы асырылады. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни, мұнда оқытуды бала өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады. Балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарлылығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талбын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашады.

Бұл пікірді Абайдың жетінші қара сөзіндегі: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі – «ішсем, жесем, ұйықтасам». Екіншісі: «көрсем, білсем» деп», ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге үйтеді», «бұл неге бүйтеді» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді» - деген ой тұжырымы растайды.

Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен бйланыстырудың маңызы зор.

Педагогтар зерттеу іс-әрекетін тұлғаның дамуы мен өзін-өзі амытуында маңызды зор деп көрсетеді. Шынында да ізденушілік белсенділігі төмендеген сайын адам қолынан келмейтін сияқты үрей тудыратын жағдайға тап болуы мүмкін. Сонымен қатар ізденушілік талабы басылып қалған баланың мінез-құлқы өзгеріп, айналасындағы жағымсыз қылықтарға бой алдыруы мүмкін. Сөйьіп, білімге деген ынтасы басылып, нәтижесіне өзінің қабілетін, мүмкіндігін әлдеқайда төмендетіп алуы ғажап емес.

Адамдық қасиет күндегі көріп жүрген нәрсеге таңданудан басталады.



Зерттеуді бастамас бұрын, бір проблеманы тауып, оны шешу жолдарын іздестіру керек. Осыдн зерттеу тақырыбы шығады.

Проблеманы іздеу деген не?

«Проблема» - деген грек сөзі, аудармасы «қиындық», «кедергі». Ғалымдардың айтуынша проблеманы шешуден, оны табу қиын. Зерттеудің ең басты қабылеті – белгілі нәрсенің белгісіз жағын табу. Басқаларға жеңіл және түсінікті сияқты нәрсенің қиындығын және қарама-қайшылығын көре білу. Проблеманы көре білудің ең жеңіл тәсілі – бір затқа жан-жақты көзқараспен қарау.

Томас Эдисонның айтуы бойынша: адамның миы көзбен көрген нәрсенің мыңнан бірін ғана есте сақтап қалады екен. Мұндай қорытындыны ол өз тәжірибесінен алған.

Оның 27 лаборанты 6 ай бойы күнде бір жолмен лампы цехы арқылы заводқа келіп жүрген. Ал осы жолда шие ағашы өсіп тұрған. 6 айдан кейін Эдисон лаборанттарынан жолда қандай ағаш өсіп тұр деп сұраса, олардың бірде біреуі қандай ағаш өсіп тұрғанын айта алмаған.

Сондықтан да тақырыпты таңдағанда «мені не қызықтырады?» деген сұраққа жауап беру керек.

Зерттеу – жаңа білім жинақтау, бір нәрсені жан-жақты танып білу, ол адамның танымдық іс-әрекетінің бір түрі.

Жобалау – латын сөзі, «алға жылжу» - деген мағынаны білдіреді:


  • ол бір ғимаратты салудың сызбасы, құжаты болуы мүмкін;

  • бір құжаттың алдын-ала дайындалған мәтіні болуы мүмкін.

Екеуінің айырмашылығына тоқталатын болсақ:

Зерттеу – ол белгісізді іздеу, жаңа білім ашу.

Жобалау – ол бір практикалық міндеттің шешімі. Зерттеуші көбіне өз зерттегенінің нәтижесі не үшін керек және практика жүзінде не үшін қолданылатынын біле бермейді. Мысалы, Фарадей элеткромагниттік индукция заңын ашқанда, «оның жаңалығы не үшін пайдалы және қайда қолданылады?»-деген сұраққа жауап бере алмаған. Тек ХХ ғасырдың ортасында оның жаңалығы радиоэлектроника және электротехникада пайдаланылған.

Ал, жобалауда адам тек қана жаңалық іздейді, ол бір проблеманы шешеді. Мысалы, американдық ғалым Зворыкин өзінің «иконоскоп» деп аталатын құралын ойша болжаған, ол оның қандай болуы керек екнін білгенімен, оның неден тұратынын білмеген, яғни оның құрамын жасау үшін зерттеу қажет болған. 1923 жылы ол өз ойын жүзеге асырып, лабораториясында дайын болған жобаны электрлік жарық түтікшесі арқылы көрсетіп, «теледидар» - деп ат қойып, оны таратуға патент алған. Ол кездегі ғалымдардың ойынша бұл жоба сол кездегі техниканың мүмкіндігіне қарағанда үлкен жаңалық және жеңіс саналған.



Зерттеу мен жобаның айырмашылығына тоқталсақ: зерттеудің мақсаты нақты бола алмайды, ол зерттеу барысында өзгеріп отырады. Ал жобаның мақсаты нақты болады, өйткені жобаның соңғы нәтижесі қндай болатыны белгілі.

Адамынң айналысын танып, білуде жануарлардан айырмашылығы ортаға бейімделуінде емес, оған шығармашылықпен қарауында Шығармашылық-зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы. Шығармашылық зертеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: біріншісі – жаңа өнімге қол жетікзуінде, екіншісі – ізденіс процесінің мәнділігінде. Адама шығармашылық нәтижесіне қанағаттанып қоймай, зерттеу ізденішіліген де ләззәт алады.

Бала балабақшаға, одан мектепке барады. Онда ол әртүрлі бағдарламамен стандарт бойынша жоспарланған бағытта оқып, үйренуге мәжбүр болады. Сондықтан да, өзін қызықтыратын бағытта зерттеу жүргізуге оның уақыты да, күші де жетпейді.

7-8 сыныптарда әртүрлі пәндік олимпиадалар, конференциялар басталады. Осы кезде мұғалімдер оқушыларды зерттеу жұмысына баули бастайды. Ал бұл кезде оқушылардың зерттеу қабілеттерін дамыту емес, ояту қажет екенін біле бермейді. Оқушының биік танымдық қабілеті, тұрмыс-*тіршілік сырын ұғуға талпынысы ерте жаста туындайды. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу бастауыш сыныпта басталуы тиіс. Өйткені бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқуға, танысуға деген құштарлығы өте жоғары. Бастауыш мектепте оқушының зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын шығармашылық жұмыстарды жоспарлау арқылы сақтап қалуға болады. Мектептерде жұмыстың бұл түрі психологиялық ойындар мен тренингтер арқылы жүзеге асырылады.

Баланы ізденушілікке булу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі күннің басты міндеті болып саналады. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекеттер көрсету үшін зерттеу жұмыстарына дайынау керек.

Атақты ғалымдардың бірі, «жер бетінде адамнан қызық еш нәрсе жоқ»-деген екен. Ол рас. Адам өмірін, оның іс-әрекетін, адами қасиеттерін зерттеу, жобаны жүзеге асыру үшін қаншама жаңа тақырып. Мысалы: «Адам бойында мейіріділікті қалай сақтап қалу керек?»-деген тақырыпты алатын болсақ. Ең бірінші ойын түрінде зерттейтін объект анықталды. Ол – адам (топ, сынып) – ал зерттеу пәні – мейірімділік. Тұлғаның қасиеті, жүріс-тұрысы қоғамдық қатынастармен, жалпы адамзаттық құндылықтармен бірге қарастырылады. Сонымен қатар, әрбір адам өзінің ортасына деген көзқарасы мен әрекетіне қарай бір-бірінен өзгешеленеді. Адамның өмір сүру тәртібі қоғамдық қатынастармен тәрбиеге байланысты жинақталды. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор. Адам бойындағы қасиеттер туралы зерттеуді әрі қарай осылай жалғастыра беруге болады.

Мектеп оқушыларының шығармашылық жоба жазу мүмкіндігі неге төмен? Әлде олардың толғанысы мен идеялары жоқ па? Жоқ олар не ойлағанын, не үйренгенін жаза алады. Тек мұғалім жаза алатынын және жақсы идеялардың барлығы да жазу кезінде болатынын түсіндіріп, оқушының жазуға деген қызығушылығын арттырса, онда бала зерттеу жұмысын жазуға талпынады.

Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу қабілетін қлыптастырады. Оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарын жетуге, өз жолдарын дәл табуға көмектеседі.



Жобалау әдісінің негізінде оқушылардың танымдық қызығушылығын артыру, өздігінен білім алу, жобаның тақырыбын дұрыс түсініп, аша білу, сын тұрғысанан ойлау көп дайындықты талап етеді. Бұл әдіс оқушылардың өздігінен жұмыс істей білуіне – жеке, оппен, жұппен берілген белгілі бір уақыт арлығында жүргізілетін іс-әрекетке негізделген. Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зертеу талабын қалыптастыру керек. Яғни оқушыны ақпаратты ала білуге, оны басқалаға хабарлай білуге талпынуы тиіс. Ең алдымен оқушыны өздігінен шешім қабылдауға, ақпаратар алуға, оны басқаларға жеткізе білуге үйрету керек. Зерттеу жобасының бірнеше түрі бар:

  • зерттеу жобасы;

  • шығармашылық жоба;

  • қиалға негіделген ойын жобасы;

  • ақпараттық жоба;

  • практикаға бағыталған жоба.

Осы түрлерді жеке-жеке қарастырайық:

Зерттеу жобасындағы ең маңызды мәселе – проблеманы көре білу. Бұл жобаның нақты құрылымы бар. Ол тақырыптың көкейкестілігі, зерттеу пәні және зерттеу объектісі, мақсаты, болжамы және соған байланысты зерттеу міндеттері, зерттеу тәсілдері, нәтижені талдау, қорытынды және ұсыныстар. Зерттеу жобасы жобалардың ең көп тараған түрі.

Шығармашылық жобаның нақты құрылымы жоқ, өйткені ол соңғы нәтиженің түрі мен жанрының талабын негізделе отырып дамиды. Ол қабырға газеті түрінде, мерекелік сценарий түрінде, бейне фильм түрінде де бола береді.

Қиялға негізделген ойын жобасы көп дайындықты талап етеді. Қорытынды қабылдау ойын әрекеті арқылы жүзеге асады. Қатысушылар өздеріне нақты рөлдерді таңдайды. Мұндай жобаның нәтижесі іс-әрекеттің соңында айқындалады.

Ақпараттық жоба – кез-келген объект не құбылыс туралы ақпарат жинауға негізделеді. Жобаға қатысушы иналған ақпаратты талдап, қорытындылай білуі керек.

Практикаға бағытталған жоба қатысушылардың соңғы нәтижесінің нақтылығымен ерекшеленеді. Нәтиже жобаға қатысушылардың әлеуметтік қызығушылығына бағытталуы тиіс. Бұл жобаның құрылымы нақты болады. Ол сценарий түрінде жасалады да, жобаға қатысушылар нәтижеге жету үшін өз міндетін нақты орындайды және жобаны кезеңдерге бөліп қараған дұрыс.

Жобаны нәтижелі жасау критерийлері:

  • соңғы нәтижеге жету;

  • жобаны ары қарай жалғастыра алтын команда құру;

  • жобаның нәтижесі ұжымның басқа мүшелері де пайдалана алуы;

  • жобаның нәтижесі жайлы ақпаратты жан-жақты тарату;

  • жобаны зерттеу;

  • адам өміріне, табиғатқа, экономикаға байланысты түрлі бағытта жүргізілуі;

  • өз іс-әрекетіне қанағаттану.

Жұмысты жүргізбес бұрын әр жетекші жобның логикалық сызбасын жасап алғаны дұрыс:

  • міндеттері: құру, (ойлап табу) жүргізу, қамтамасыз ету, жұмыслдыру (қатыстыру) дайындау, орындау;

  • іс-әрекеттің әдіс-тәсілдері;

  • нәтиже.

Жоба жеке оқушымен не топпен орындалады. Топпен жасалған жоба нәтижелі болады. Жобаны жасаған кезде төмендегі талаптарды орындаған дұрыс:

  • рөлдерді дұрыс бөлу;

  • мақсаттың нақтылығы;

  • топ мүшелерінің алдына қойған міндеттерінің келісушілігі;

  • біркелкі жүйелі құндылықтар қалыптастыру;

  • даулы ситуациялардың шешімін дұрыс табу;

  • бір-бірін қолдау және сенімділікпен қарау;

  • жұмыстың тиімді әдісін жетілдіру;

  • мұғалім тарапынан дұрыс бағыт беру;

  • орындалған жұмыстың жеке дамуына көңіл бөлу;

  • бір-бірімен қарым-қатынас жасй білу қабілеттерін қлыптастыру.

Жобаның есебі төмедегі бөлімдерден тұрады:

  • кіріспе бөлімі;

  • жүргізілген зерттеу жұмыстарының есебі;

  • болжау және қорытынды;

  • іс-әрекет бағдарламасы;

  • пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе бөлімде – зерттеу жұмысының нақты мақсаты айқындалып, зерттеудің қандй мәселені шешуге бағытталғаны және зерттеу жүргізілген орны, мерзімі, зерттеуге қатысушылардың құрамы көрсетіледі.

Жүргізілген зерттеу жұмыстарының есебі – зерттеу объектісінің сипаттамасы, жұмыс әдісі, нәтижесі. Зерттеудің нәтижесі жүйелі, тақырыптың мақсатына сай: кесте, сызба, диагностика және тезис түрінде болуы мүмкін.

Болжау және қорытынды – бұл әлі айқындалмаған, логикалық дәлелденбеген және тәжірибеден өтпеген білім. Егер болжам теорияға айналмаса, жлғанға айналады. Болжамдғы басты талап нақты материалдармен келісілуі тиіс.

Іс-әрекет бағдарламасы – оқушылардың өздері жүргізген іс-шараларын сипаттау, алдағы уақытта жүргізілетін іс-шараларды жоспарлау.

Пайдалнылған әдебиеттер тізімі – қолданылған барлық әдебиеттер тізіледі.

Бақылау сұрақтары:

1. Болжау және қорытынды деген не?

2. Іс-әрекет бағдарламасын қалй түсінесіңдер?

3. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының есебі қалай беріледі?

4. Жобаның есебі қандай бөлімдерден тұрады?

5. Жоба жасау критерийлерін атаңыз.

6. Шығармашылық жоба деген не?

7.Қиялға негізделген ойын жобасы деген не?

8.Ақпараттық жоба деген не?

9.Практикаға бағытталған жоба дегеніміз не?

10. Зерттеу дегеніміз не?

11.Проблеманы іздеу деген не?

12.Жобалау деген не?

13.Зерттеу мен жобаның айырмашылығын көрсетіңіз.



Тақырып: Зерттеу тақырыбының өзектілігі ұғымы. Зерттеу тақырыбын таңдау.

Неігзгі сұрақтар: Зерттеу жұмысының өзектілігі, зерттеу жұмысында шешімі табылатын міндеттер.

Тақырып: Зерттеудің ғылыми аппараты.

Негізгі сұрақтар: Зерттеу тақырыбының өзектілігі ұғымы. Зерттеу тақырыбын таңдау.

Зерттеу нысаны (объектісі), зерттеу пәні, мақсаты, зерттеудің міндеттері. Зерттеу болжамы.

Тақырып: Ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау негізі.

Негізгі сұрақтары: Зерттеу жұмысын орындауда қолданылатын әдебиеттерге сілтеме жасау ережесі, каталогтармен жұмыс жасау.

Тақырып: Зерттеудің негізгі бағыттарын өңдеу.

Мақсаты: Студенттерді зерттеу жұмысының нәтижелерін безендіру бойынша әдістемелік нұсқаулықпен таныстыру.

Негізгі сұрақтар: Зерттеу тақырыбы бойынша қарастырылатын негізгі бағыттарды анықтау, зерттеу жұмысының нәтижелерін безендіру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.

Қазіргі уақытта оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда оқытудың зерттеушілік әдісінің алатын орны ерекше. Оқушылармен жүргізілетін оқу зерттеуі қажетті ақпаратты еркін іздеу мүмкіндігін жүзеге асырады; күнделікті бақылаулар мен өлшеулер оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеу іскерлігін қалыптастырады; оларды күнделікті әрі сапалы орындауға оқушылардың жауапкершілігін арттырады; физика сабақтарында алған білімдерін практикада қолдана алу мүмкіндігін береді. Бірақ көбіне оқушылар зерттеу жұмыстарының нәтижелерін безегдіруде (рәсімдеуде) қиындықтарға кез болады. Сондытан зерттеу жұмысын бастамастан бұрын оқушыларға зерттеу нәтижелерін қалай безендіруге болатынын түсіндіру керек. Солардың кейбіріне тоқталайық.

Кез-келген ғылыми жұмыстың құрылымы кіріспеден, бөлімдер мен параграфтардф қамтитын негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қоланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Көрсетілген бөлімдердің мазмұны мен негізгі міндетіне тоқталайық.

Кіріспеде оқырманды берілетін мәселенің мәнімен немесе оның тарихымен, берілетін осы немесе басқа мәселенің қазіргі күйімен, зерттеудің мақсаты орындалуы үшін қиындықтарды жеңу жолдары көрсетіледі. Сондықтан дәл осы кіріспеде төмендегі мәселелер көрсетілуі керек.


  1. Таңдалған тақырыптың көкейкестілігі негізделеді;

  2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері тұжырымдалады;

  3. Қандай ғылыми көздер, әдебиеттер қолданылғаны көрсетіледі;

  4. Зерттеуде қолданылған әдістер, жұмыстың құрылымы жазылады.

Кіріспемен танысқан оқырман әрі қарай қандай әңгіме болатынын, мәселенің мәні неде екенін (міндеттері, эксперимент және т.с.с), жұмыстың авторы алдына қандай мақсат қойғанын анық түсінуі керек.

Кірсіпенің көлемі бір беттен кем болмауы керек. Өз ойыңды қысқа әрі мәнімен жеткізе білу – бұл ғылыми қызметкердің маңызды қасиеттерінің бірі. «Кіріспе» бөліміне ешбір иллюстрацияны енгізудің керегі жоқ.

Жұмыстың негізгі мазмұны «кіріспеден» кейінгі бөлімде беріледі. Ол жекелеген бөлімдерден және параграфтардан тұрады. Оның негізін жұмыс басында өзіңіз құрған жоспар құрайды. Негізгі бөлімдегі материал зерттеу жұмысының сипаттамасын көрсетеді. Жұмыстың негізгі мазмұнының тексті 10 беттен аспауы керек. Жұмыс мазмұнында қысқартылған сөздер, сөздерді қысқартып жазуға болмайды.

Негізгі бөлімді жазу процесінде төмендегі ережелер (қағидалар) сақталуы керек:



  1. Мәтін мазмұны анық (түсінікті), жүйелі және жағымды болуы керек.

  2. Қолжазба мазмұны (мәтіні) абзацтарға бөлінуі керек, мұндай бөлу критериі – жазылғандардың мазмұны болып табылады. Әрбір абзац өз бетінше ойды қамтиды.

  3. Баяндау бағалы сипатта болуы керек.

  4. Қолжазбада қолданған ғылыми көздерге, әдебиеттерге жасалған нұсқалар (ссылка) болуы керек.

Қорытынды – зерттеу жұмысының бөлінбейтін құрамды бөлігі. Бұл бөлімде жұмыстың негізгі нәтижелері бекіту түрінде қысқаша тұжырымдалады. Жасалған қорытындылар қысқа және анық (түсінікті) болуы керек. Қорытындының бекіту мазмұнында автордың қорғауға ұсынатын және оны қолдайтын ойы беріледі. Басқа сөзбен айтқанда, жұмыс авторының дәлелдеуге дайын қорытынды ойы.

Текстке (мәтінге) қойылатын талаптар. Барлық текст А4 форматты ақ қағазды стандартты беттерде орындалады. Текст анық, ашық шрифтермен, бір жарым интервал арқылы басылады. Формулалар қара сиямен (тушпен) немесе баспа қондырғының көмегімен жүзеге асырылады. Барлық машинамен басылған, қолжазба, қолмен жазылған және сызба жұмыстар жақсы, түсінікті оқылуы керек.

Зерттеу жұмысындағы нәтижелерді көркем безендіру зерттеудің (эксперименттің), қаралатын мәселенің мәнін анықтауға, түсінуге, қабылдауға әсер етеді. Сандық мәліметтерді жұмысқа кірістіру (орналастыру) негізінен төмендегідей тәсілдермен жүргізіледі:

1.Ақпараттарды кесте түрінде беру;

2. Ақпараттарды графикалық бейнелердің көмегімен көрсеу (графиктер, диаграммалар, және т.с.с.).

3. Тексті фотосурет, суреттер, чертеждар, схемалар, карталар және т.б. түрінде иллюстрациялармен мүймелдеу (беру).

Кесте – бұл ең басты нәрсені ажырату, бөлу тәсілі; салыстырмалы, тақырыптық, хронологиялық графтар түрінде материалды графикалық бейнелеу. Кесте білімдерді көрсету үшін кеңінен қолданылады. Кестені енгізу, сандық мәліметтерді келтіру ұсынылғанда, мәліметтер тізбесі бар болған жағдайда жүргізіледі. Кестені толтыру графалар бойынша қатаң тәртіппен жүзеге асады. Бұл жағдайда түсті, шрифті өзгерту мүлдем орындалмайды, себебі кестеде келтірілген мәліметтер бір мезетте көзбен талданады.

График - әртүрлі тектегі сандық тәуелділіктерді бейнелеу үшін қолданылады.

Графиктерді қолдану және тұрғызу практикасы үш бағытпен байланысты: зерттелетін құбылыстың немесе процестің өту сипатын және мәнін крнекі көрсету; зерттелетін құбылыстың талдауын жасау; зерттеу нәтижелерін жариялау. График зерттеу жұмысының нәтижелерін «қысылған» түрде көрнекі көрсетуге мүмкіндік береді. Графиктерді безендіру кезінде, көкемдік көзқарас тұрғысынан, ең маңыздыларына төмендегі кезеңдер жатады:



  1. графиктердің берілуі (текст ішінде немесе аудиторияда оларды орналастыру) және олардың масштабтарын кішірейту немесе үлкейту;

  2. көрнекілігі және оқылуы, түсті (түрлі түсті) берілуі;

  3. графикті бетке орналастыру (тігінен немесе көлденеңінен).

Графикті құру алгоритмі:

  1. Графикке оның мазмұнын дәл бейнелейтін ат беріңіз.

  2. Графиктерді сызу барысында таңдалған масшабты қолданыңыз, экспозицияның ойына сәйкес түстік кеңейтілуді пайдаланыңыз.

  3. Зерттеуді орындау барысында графиктерді алдымен эскиздер түрінде жасау ұсынылады, содан кейін ғана көркемдік нұсқада орындаңыз.

  4. Графиктің өлшемдері визуальды қабылдаудың адекваттылығы мен жылдамдығы талаптарын қанағаттандыруы керек.

Диаграмма – сызық кесінділер немесе геометриялық фигуралар (жазық және көлемді) түрінде әртүрлі шамалардың арасындағы қатынасты көрнекі көрсететін бейне. Диаграммаларды, гистограммаларды безендіру нәтижелерді көрсету тәсілімен байланысты екенін ескеру керек. Диаграмманың қызметі бір-бірімен сызықты байланысты емес шамаларды салыстыруға негізделген.

Диаграмма құру алгоритмі:

Диаграммаға атау беріңіз. Диаграмманы дәл, көркем етіп салыңыз. MS Excel бағдарламасының мүмкіндігін пайдалныңыз. Анықтылығы үшін көлемдік бейнені қолданыңыз. Түстерді қолдану немесе түстердің үйлесуі зерттеудің басты идеясын (ойын) ашуы қажет. Диаграмманың көркемдік бейнеленуі жұмыс нәтижесін ғылыми тұрғыдан түсінуге мүмкіндік береді.

Схема – жекелеген бөліктердің байланысын анықтай отырып, оның өзара әрекетін ашатын қандай-да бір жүйенің жалпы бейнесін графиктік бейнелеуден тұрады. Схемалар негізгі ойды шартты элементтердің көмегімен бейнелеуде қолайлы.

Чертеж – деталдардан, және де басқа да мәліметтерден, өлшемдер, масштаб, техникалық талаптардан тұратын графикалық құжат. Чертеж зат жайындағы түсінікті бейнелейтін, ол жайында мағұлымат беретін, оның формасын және кеңістіктегі оның орнын анықтауға мүмкіндік беретін проекциялық бейнелеу болып табылады. Чертеж зерттеудің идеясын ашуға мүмкіндік беретін болса, онда оны оқу қажет процесс болып табылады. Чертеждар зерттеу жұмысына жеке де, қосымша ретіде де берілуі мүмкін. Зерттеулерде чертеждарды қолдануда олар негізделуі керек.



Чертеждарды орындау алгоритмі:

1.Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін талдаңыз. Чертеждар қажет пе, жоқ па анықтаңыз.

2.Заттың формасын, өлшемін, бөлігін түсіну үшін чертеждарды қолданыңыз. Жаңа графикалық ақпараттарды алу үшін чертеждарды пайдаланыңыз.

3.Чертеждарды орындау үшін А4 форматты қағазды қолданыңыз.



4.Макеттерді құруда қабырға газеттерін безендіруде чертеждарды қолданыңыз.

Тақырып: Ғылыми танымның теориялық әдістері.

Мақсаты: Ғылыми таным ұғымын қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар: Ғылыми танымның әдістері ретінде талдаудың, салыстырудың, индукцияның мәнін қарастыру

Тақырып: Моделдеу ғылыми танымның әдісі ретінде.

Мақсаты: Ғылыми таным әдісі моделдеу ұғымын қалыптастыру

Негізгі сұрақтар: Моделдеу, моделдеудің негізгі ұғымдары мен принциптері. Моделдер типі.

Тақырып: Физикалық құбылыстардың теориялық моделдерін құру кезіндегі математикалық әдістердің ролі.

Мақсаты: Физикалық құбылыстардың теориялық моделдерін құру кезіндегі математикалық әдістердің ролін көрсету

Негізгі сұрақтар: Физикалық құбылыстардың моделі, математикалық әдістер

Тақырып: Ғылыми танымның эмпирикалық әдістері.

Мақсаты: Студенттерді ғылыми танымның эмпирикалық әдістерімен таныстыру

Негізгі сұрақтар: Бақылау және оның ғылыми танымның әдісі ретіндегі мәні.

Тақырып: Ғылыми танымның әдісі ретінде эксперименттің мәні.

Мақсаты: Студенттерге ғылыми танымның әдісі ретінде эксперименттің мәнін көрсету

Негізгі сұрақтар: Экспериментті жүргізу үшін материалдар мен қондырғыларды таңдау.

Тақырып: Эксперименттік мәліметтерді өңдеу және интерпретациялау.

Мақсаты: Студенттерге эксперимент нәтижелерінің қолданылу шекарасын анықтауды үйрету.

Негізгі сұрақтар: Эксперименттік мәліметтерді өңдеу және интерпретациялау. Эксперимент нәтижелерінің қолданылу шекарасын анықтау.

Тақырып: Өлшеу нәтижелерін өңдеу және қателіктерді бағалау.

Мақсаты: Өлшеу нәтижелерін өңдеу және қателіктерді бағалау әдістерін үйрету.

Негізгі сұрақтар: Өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістері. Дәлдік және ақиқаттылық, нақтылық ұғымдары.

Тақырып: Зерттеу жұмыстарындағы қателіктерді есептеу. Негізгі қорытындыларды тұжырымдау.

Мақсаты: Зерттеу жұмыстарындағы қателіктерді есептеу тәсілдерін көрсету.

Негізгі сұрақтар: Зерттеу жұмыстарындағы қателіктерді есептеу тәсілдері. Негізгі қорытындыларды тұжырымдау.

Тақырып: Зерттеу жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар. Зерттеу тақырыбы бойынша баяндамалар мен тезистерді рәсімдеу.

Мақсаты: Зерттеу жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптарды көрсету.

Негізгі сұрақтар: Зерттеу жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар. Зерттеу тақырыбы бойынша баяндамалар мен тезистерді рәсімдеу.
3. Практикалық сабақтар

Тақырып: Оқушылар іскерлігінің мотивациясы (2с.)

Мақсаты: Оқушылар іскерлігінің мотивациясы жайында мағұлымат беру. Оқушылардың өздік жұмыстарына қойылатын талаптармен таныстыру.

Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар

        1. Дереклеева Н.И. Научно-исследовательская работа в школе. – М.: Вербум- М., 2001.

        2. Заботин В. А. и Комиссаро­в В. Н. Развитие мышления учащихся при изучении физики //Физика в школе. – 2003. – №6. – С. 24-29.

        3. Кабардин О.Ф., Орлов В.А. Сборник экспериментальных заданий и практических работ по физике.– М.: АСТ Астрель Транзиткнига, 2005.

        4. Кларин М.В. Инновации в мировой педагогике: обучение на основе исследования, игр, дискуссии (Анализ зарубежного опыта). – Рига: НПЦ “Эксперимент”, 1995.

        5. Вилькеев Д.В. Методы научного познания в школьном обучении. – Казань: Татарское книжное изд-во, 1975.

Тақырып: Мектеп оқушыларының зерттеу іскерлігінің деңгейін талдау және диагностикалау (3с.)

Мақсаты: Студенттерді ектеп оқушыларының зерттеу іскерлігінің деңгейін талдау және диагностикалау әдіс-тәсілдерімен таныстыру.

Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар

  1. Дереклеева Н.И. Научно-исследовательская работа в школе. – М.: Вербум- М., 2001.

  2. Заботин В. А. и Комиссаро­в В. Н. Развитие мышления учащихся при изучении физики //Физика в школе. – 2003. – №6. – С. 24-29.

  3. Кабардин О.Ф., Орлов В.А. Сборник экспериментальных заданий и практических работ по физике.– М.: АСТ Астрель Транзиткнига, 2005.

  4. Каменецкий С.Е., Солодухин Н.А. Модели и аналогии в курсе физики средней школы. – М.: Просвещение, 1982.

  5. Кембровский Г.С. Приближенные вычисления, методы обработки результатов измерений и оценки погрешностей в физике. – М.: Оракул, 1997

  6. Кларин М.В. Инновации в мировой педагогике: обучение на основе исследования, игр, дискуссии (Анализ зарубежного опыта). – Рига: НПЦ “Эксперимент”, 1995.

Тақырып: Зерттеудің нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы. (2 с.)

Мақсаты: Студенттерді зерттеудің нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, болжамымен таныстыру.

Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар

  1. Вольштейн С.Л., Позойский С.В., Усанов В.В. Методы физической науки в школе. – Мн.: Народная асвета, 1988.

  2. Дереклеева Н.И. Научно-исследовательская работа в школе. – М.: Вербум- М., 2001.

  3. Заботин В. А. и Комиссаро­в В. Н. Развитие мышления учащихся при изучении физики //Физика в школе. – 2003. – №6. – С. 24-29.

Тақырып: Зерттеу тақырыбы бойынша бар ақпараттарды талдау және сындық баға беру (2 с.)

Мақсаты: Зерттеу тақырыбы бойынша бар ақпараттарды талдау және сындық баға беру әдісімен таныстыру.

Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар

  1. Кембровский Г.С. Приближенные вычисления, методы обработки результатов измерений и оценки погрешностей в физике. – М.: Оракул, 1997

  2. Осипенко Л.Е., Лавриненко А.В. Организация исследовательской работы школьников: Методические рекомендации.– Мн.: МОИПК и ПКР и СО, 2002.

  3. Осипенко Л.Е., Пролиско Т.С. Формирование представлений школьников об эксперименте как методе научного познания // Фiзiка: праблемы выкладання. – 2006. – №2. – С. 40- 45.

Тақырып: Жұмыс болжамын тұжырымдау (3 с.)

Мақсаты: Жұмыс болжамын тұжырымдау әдісімен таныстуры.

Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар

  1. Счастная Т.Н. Рекомендации по написанию научно- исследовательской работы //Исследовательская работа школьников – 2003. – №4.– С. 34-45.

  2. Хуторской А.В. Развитие одаренности школьников: Методика продуктивного обучения: Пособие для учителей. – М.: Гум. изд. центр «ВЛАДОС», 2000. – 320 с.

  3. Чечель И.Д. Управление исследовательской деятельностью педагога и учащихся в современной школе. – М.: Сентябрь, 1998.

Тақырып: Зерттеу бағдарламасын және жоспарын құру (3 с.)

Мақсаты: Студенттерді зерттеу бағдарламасын және жоспарын құру тәсілімен таныстыру.

Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар

  1. Счастная Т.Н. Рекомендации по написанию научно- исследовательской работы //Исследовательская работа школьников – 2003. – №4.– С. 34-45.

  2. Чечель И.Д. Управление исследовательской деятельностью педагога и учащихся в современной школе. – М.: Сентябрь, 1998.

4 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ

Тақырып: Библиографиялық сілтемені рәсімдеу ережесі. Физика бойынша тезистердің, мақалалардың, баяндамалардың құрылысы (2 с.)

  1. Мақсаты: Студенттерді библиографиялық сілтемені рәсімдеу ережесімен таныстыру.

Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар

    1. Гриханов Ю.А. Что нужно знать каждому о библиотеке. – М.: Книга, 1977.

Тақырып: Каталогтармен жұмыс. Аннотация және библиографиялық сипаттама. Ақпаратты іздеудегі Internet мүмкіндігі (2 с.)

Мақсаты: Студенттерді каталогтармен жұмыс. Аннотация және библиографиялық сипаттама. Ақпаратты іздеудегі Internet мүмкіндігін қолдануды көрсету.

Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар

  1. Гриханов Ю.А. Что нужно знать каждому о библиотеке. – М.: Книга, 1977.

Тақырып: Зерттеу тақырыбы бойынша ақпараттарды іздеу және өңдеу (кітапханада жұмыс) (4 с.)

Мақсаты: Студенттерге зерттеу тақырыбы бойынша ақпараттарды іздеу және өңдеу (кітапханада жұмыс) әдістерін көрсету.

Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар

  1. Гриханов Ю.А. Что нужно знать каждому о библиотеке. – М.: Книга, 1977.

Тақырып: «Талдау және салыстыру тәсілдерін үйрену» (2 с.)

Мақсаты: Студенттерді «Талдау және салыстыру тәсілдерін үйрену» әдіс-тәсілдерімен таныстыру.

Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар

  1. Савенков А.И. Обучение детей умению оценивать идеи, формулировать суждения и умозаключения //Одаренный ребенок. – 2003.– №4. – С. 72-77.

Тақырып: Моделдеудің принциптері және негізгі ұғымдары. Моделдер типі (1 с.)

    1. Мақсаты: Студенттерді моделдеудің принциптері және негізгі ұғымдары мен таныстыру.

Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар

  1. Каменецкий С.Е., Солодухин Н.А. Модели и аналогии в курсе физики средней школы. – М.: Просвещение, 1982.

  2. Кембровский Г.С. Приближенные вычисления, методы обработки результатов измерений и оценки погрешностей в физике. – М.: Оракул, 1997

  3. Кларин М.В. Инновации в мировой педагогике: обучение на основе исследования, игр, дискуссии (Анализ зарубежного опыта). – Рига: НПЦ “Эксперимент”, 1995.

Тақырып: Физика сабақтарында оқушылардың компьютерлік бағдарламалармен өздік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі (2 с.)

Мақсаты: Студенттерге физика сабақтарында оқушылардың компьютерлік бағдарламалармен өздік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесін үйрету.

Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар

  1. Каменецкий С.Е., Солодухин Н.А. Модели и аналогии в курсе физики средней школы. – М.: Просвещение, 1982.

  2. Кембровский Г.С. Приближенные вычисления, методы обработки результатов измерений и оценки погрешностей в физике. – М.: Оракул, 1997

  3. Кларин М.В. Инновации в мировой педагогике: обучение на основе исследования, игр, дискуссии (Анализ зарубежного опыта). – Рига: НПЦ “Эксперимент”, 1995.

Тақырып: Компьютерлік моделдеу және оның негізгі кезеңдері. Компьютерлік эксперимент (2 с.)

  1. Мақсаты: Студенттерді компьютерлік моделдеу және оның негізгі кезеңдерімен таныстыру.

Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар

    1. Каменецкий С.Е., Солодухин Н.А. Модели и аналогии в курсе физики средней школы. – М.: Просвещение, 1982.

    2. Кембровский Г.С. Приближенные вычисления, методы обработки результатов измерений и оценки погрешностей в физике. – М.: Оракул, 1997

    3. Кларин М.В. Инновации в мировой педагогике: обучение на основе исследования, игр, дискуссии (Анализ зарубежного опыта). – Рига: НПЦ “Эксперимент”, 1995.


5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

5.1. Зерттеу жоспарын рәсімдеу, өлшеу нәтижелерін тіркеу тәсілдері.

5.2. Эксперименттің орындалуы, нәтижелерді алдын-ала өңдеу.

5.3. Зерттеу жоспарын рәсімдеу, өлшеу нәтижелерін тіркеу тәсілдері.

5.4. Жұмысты қорғауға ұсыну

5.5. Зерттеу тақырыбы бойынша баяндамалар мен тезистерді рәсімдеу.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет