Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру бойынша жылдық перспективалық жоспар бірінші кіші топ



Дата07.03.2018
өлшемі326.8 Kb.
#20133
түріБағдарламасы

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР

Бірінші кіші топ

Қыркүйек

1. апта Менің балабақшам

Коммуникация

Сөйлеуді дамыту (0,5)

Көркем әдебиет (0,5)


Таным

Сенсорика (0,5с)

Жаратылыстану (1с)

Құрастыру (0,5)



Шығармашылық

Сурет салу (1с)

Музыка (1,5с)

Мүсіндеу (0,25)

Жапсыру (0,25)


Әлеумет

Өтпелі тақырып:«Менің балабақшам»

Мақсаты: балалардың бойында балабақшаға, достарына сүйіспеншілік сезімді қалыптастыру.

Міндеттері: балалардың балабақшаға, достарына сүйіспеншілік сезімді қалыптастыруға тәрбиелеу; бірлескен әрекетке қызығушылықты дамыту.


Сөйлеуді дамыту

«Менің тобым»

Топ бөлмелерінің атауларымен таныстыру, топтағы заттардың атауларын атауды, сөзді тыңдауды үйрету. Зат есімдердің жекеше түрлерін қолдануға үйрету.




Сенсорика

«Қорапшаларға орналастыр»

Заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын жетілдіру: қарпығышты, аулағышты, шөмішті, балғаны қолдануды жетілдіру.


Жаратылыстану

«Балабақша ауласы»

Балабақшаның ауласындағы өсімдіктерді, ағаштарды, гүлдерді бақылау



Сурет салу

«Балабақшаға баратын жол»

Қағазбен, қарындашпен сурет салу техникасын, түзу сызықтар арқылы балабақшаға баратын жолды салуды үйрету.




Балаларды жақын әлеуметтік орта ретінде балабақшамен (бөлмелермен топтың жабдықтарымен,ойыншықтарымен және т.б.) таныстыру. Балалармен тәрбиешімен жағымды қарым-қатынасқа үйрету.




2. апта Менің достарым

Көркем әдебиет

«Екі дос» (өлең) Қадыр Мырза Әли»

Бір-бірімен дос болуға баулу, достар туралы әңгіме оқып беру және оның мазмұнын түсінуге үйрету.



Құрастыру

«Мұнара»

Құрылыс үлгілеріне қарап оның бөліктерін атап көрсетуге үйрету.


Жаратылыстану

«Ағаш және оның түрлері»

Балабақшаның жер теліміндегі ағаштарды ажыратып, атай білуге үйрету (1-2 түрін).



Сурет салу

«Достарға арналған орындықтар»

Сурет салу процесіне қызығушылықты ояту, көлденең сызықтарды сызу арқылы достарға арналған орындықтар салуға үйрету.



Аппликация

«Қағаз оның қасиеттері»

Балаларды қағаз және оның қасиеттерімен, желіммен, фланелеграфпен таныстыру.









3. апта Менің сүйікті ойыншықтарым


Сөйлеуді дамыту

«Ат, ботақан, мысық менің сүйікті ойыншығым»

Ойыншықпен таныстыру, дауыстап айтылған сөзді тыңдауды және айтуды үйрету. Зат есімдердің жекеше түрлерін қолдануға үйрету.



Сенсорика

«Біртекті заттарды топтастыру»

Ауызша нұсқау мен үлгіге қарай отырып тапсырмаларды орындауға үйрету, біртекті заттарды бір сенсорлық белгісі бойынша топтастыруға (көлемі, пішіні немесе түсі) үйрету.


Жаратылыстану

«Шөптер»

Балабақшаның жер теліміндегі шөптерді ажыратып, атай білуге үйрету (1-2 түрін).



Сурет салу

«Сүйікті ойыншығым.Балық»

Толқынды сызықтар мен түзу, көлденең сызықтарды қайталау арқылы ойыншықты салуға үйрету.





Ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, оларға ұқйпты қарауға үйрету.




4. апта Жиһаздар


Көркем әдебиет

«Жиһаздар»

Жиһаздар туралы түсінік беру. Сөздерді қатты-баяу, дауыспен айтуға жаттықтыру. Тақырыпқа сәйкес тақпақты интонациясын сақтап айтуға үйрету.



Құрастыру

«Менің жиһаздарым» Жиһаздар құрлысының жетіспейтін бөліктерін таба білуге үйрету.

Жаратылыстану

«Ағаш»

Ағаштың құрлысымен таныстыру (діңі, бұтақтары, жапырақтары) одан жиһаз жасайтынын көрсету.



Сурет салу «Үстел»

Дөңгелек сызық арқылы үстелдің суретін салуға үйрету


Мүсіндеу

«Достарыма арналған бәліш»

Ермексазбен оның қасиеттерімен таныстыру достарға арналған бәлішті мүсіндеу




Айналасындағы заттарды, жиһаздарды орнымен қолдана білуге үйрету (жеке шкаф, керует).

Өтпелі тақырып:«Менің отбасым»

Мақсаты: отбасы, ана, әке, әже, ата, аға, әпкенің рөлі; отбасы мүшелерінің еңбек міндеттері; отбасындағы оң өзара қарым-қатынас, өзара көмек, отбасының барлық мүшелеріне сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: отбасы мүшелеріне сүйіспеншілік пен сыйластыққа тәрбиелеу. Отбасы туралы алған білімдерін кеңейтуге ықпал ететін ойын жағдайын ұйымдастыру. Туыстық байланыс туралы түсініктерін дамыту.


Қазан

1.апта Менің отбасым, ата-аналар еңбегі


Сөйлеуді дамыту

«Ұшкан үя» (әңгіме) Б.Момышұлы

Отбасы мүшелері әке, ана туралы әңгімелесу. Тақырыпқа сәйкес әңгіме оқып беріп, қарапайым сурақтарға жауап беруге баулу.



Сенсорика

«Қуыршақ Әйгерімге арналған моншақ»

Негізгі 4 түсті заттарды топтастыруды жетілдіру, «көз-қол» сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімдігін дамыту


Жаратылыстану

«Гүлдер»

Ауладағы гүлдердің түстерін атау. Табиғат бұрышындағы гүлдерге бақылау жасау.



Сурет салу

«Шағылысқан күн сәулесі»

Алақандарын бояуға батырып, қағазға басып суретін салу.





Отбасы мүшелерін ажырата білуге, оларды жақсы көруге, көмек беруге үйрету

2.апта Біздің көше


Көркем әдебиет

«Біздің көше»

Өзінің көшесі туралы әңгімелесу. Тақырыпқа сәйкес суретте кейіпкерлердің іс-әрекетіне балалардың назарын аудару.



Құрастыру

«Үй»

Кірпіштерді көлденеңінен орналастыру арқылы көшені құрастыруға үйрету.


Жаратылыстану

«Тастар»


Тастар, олардың қасиеттері туралы түсінік беру. Көшені салғанда тастарды қолданатындығын көрсету.

Сурет салу

«Көшедегі ақ жолақтар»

Түзу сызықты салуды жетілдіру, көшенің суретін салу.



Аппликация

«Доп»

Фланелеграфка доптарды орналастыруға үйрету.




Өзінің көшесі туралы түсініктерін кеңейту. Көшеде достарымен, адамдармен жағымды қарым-қатынас жасаудың қарапайым дағдыларын меңгерту

3. апта Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік


Сөйлеуді дамыту

«Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік»

Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік туралы қарапайым ережелермен таныстыру, сөздерді дыбысқа еліктеп айтуға үйрету. Зат есімдерді етістікпен байланыстыруға үйрету



Сенсорика

«Заттарды көлемі бойынша біркелкі топтастыру»

Көлемі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруға үйрету.


Жаратылыстану

«Үй жануарлары.Ит»

Иттің дене бөліктерімен (тұмсығы, құйрығы, аяқтары) таныстыру, одан қорғануды үйрету.


Сурет салу

«Иттің ізі»

Саусақтарды бояуға батырып бастыру әдісімен иттің іздерін салу.



Үйдегі және көшеде баланың өзін ұстаудың қарапайым ережелерімен таныстыру

4. апта Алтын күз

Көркем әдебиет

«Алтын дән» өлең К.Ахметова

Күз мезгілімен ондағы табиғат көрінісі туралы әңгімелесу. Оқылған өлеңді ынта қойып тыңдауға үйрету. Өлеңнің оқылу интонациясын қабылдау және солай айтып беруге баулу.



Құрастыру

«Трамвай»

Кірпіштерді бірінің үстіне бірін қою арқылы трамвайды құрастыруға үйрету.


Жаратылыстану

«Күзгі табиғат»

Күздегі табиғат құбылыстары туралы әңгімелесу және оларды бақылау.



Сурет салу

«Жапырақтар түсуде»

Ағаштардың дайын суретінің үстінен саусақпен салу әдісімен сары жапырақтарды орналастыру.


Мүсіндеу

«Көше»

Көшенің мүсінін жасау. Үлкен кесектен кішкентай бөліктер бөліп алып алақан арасында айналдырып үстінен саусақтарымен басуға үйрету.



Күз, күздегі маусымдық өзгерістер, адамдардың киімдері, еңбегі, мерекелер туралы қарапайым түсініктер

беру


Өтпелі тақырып:« Дені саудың- жаны сау»

Мақсаты: баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға; тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы байытуға, шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін пайдалана отырып, қимыл белсенділігіне қажеттілікті жетілдіру.

Міндеттері: балаларарды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.


Қараша

1. апта Өзім туралы


Сөйлеуді дамыту

«Тазалық-таза баланың досы»

Өзінің дене мүшесі (қол, аяқ, бас) туралы әңгімелесу, сын есімдерді қолдануға үйрету.



Сенсорика

«Кірпілер»

Түстері бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды салыстыру мен топтастыруға үйрету.


Жаратылыстану

«Дене мүшелері»

Дене мүшелерін таныстыру, ауладағы ересектердің еңбегіне бақылау жасау




Сурет салу

«Түрлі- түсті моншақтар»

дөңгелек пішінді салуды жетілдіру, моншақтарды салу.



Баланың өзінің дене мүшелері, оны күту, мәдени-гигиеналық дағдылардың қарапайым дағдыларын үйрету

2 апта Дұрыс тамақтану. Дәрумендер


Көркем әдебиет

«Әдепті баламыз»(тақпақ) (хрестоматия, Алматы кітап)

Дұрыс тамақтану және оның адам ағзасы үшін пайдасы туралы әңгімелесу. Тақырыпқа сәйкес тақпақ жаттату.



Құрастыру

«Үстел»

Текшелерді кірпіштермен үйлестіру арқылы ас үстелін құрастыруға үйрету.


Жаратылыстану

«Жеміс-жидектер мен көкөністер»

Жеміс-жидектер мен көкөністерді үнемі қолдану арқылы дұрыс тамақтануды, қызанақ, қияр, алманы дәмінен ажырата білуге үйрету.



Сурет салу

«Шие ағашы»

Дайын шие ағашына оның жемістерін салу. Дөңгелек пішінді салуды жетілдіру



Аппликация

«Үй»

Қағаз бетіне геометриялық пішіндерден үйді орналастыруға үйрету




Дұрыс тамақтанудың жолдарын, тамақты мерзімімен, қажетті мөлшерде ішудің адам ағзасы үшін пайдасы туралы үйрету




3 апта. Өзіңе және өзгелерге көмектес


Сөйлеуді дамыту

«Шалқан» (ертегі)

Өзіне және достарына көмек көрсетуді, дыбыстарды жоғарғы дауыспен айтуды үйрету. Есімдіктерді етістікпен байланыстыруға үйрету.



Сенсорика

«Түрлі көлемдегі пішіндерді салыстыру,топтастыру»

Түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі түсі бойынша салыстыру және топтастыруға үйрету.
Жаратылыстану

«Жануарлар мен құстар»

Жануарлар мен құстарға қиянат жасамауға баулу, оларға көмек көрсетуді үйрету.



Сурет салу

«Қоныз»

Дайын жапырақ суретінің астына қоңыздың суретін салу. Оның денесін қара нүктелермен безендіру.




Адам денінің сау болуы үшін қозғалу мен шынықтырудың пайдасы туралы қарапайым дағдыларды қалыптастыру




  1. апта Біз күштіміз, ептіміз

Көркем әдебиет

«Аю мен тышқан»(латын ертегісі)

Тақырыпқа сәйкес әңгіме оқып беріп, ондағы кейіпкерлердің өзара әрекетіне балалардың назарын аудару.

Балаларға жаңылтпаш жаттату.


Құрастыру

«Орындық»

Ірі құрылыс материалдарынан орындықты құрастыруға үйрету.



Жаратылыстану

«Мен қандаймын?»

Балалармен денсаулықты нығайтуда дене жаттығулары мен қимылды ойындар ұйымдастыру.



Сурет салу

«Толқын»

Түзу және толқынды сызықтарды жылдам салуға үйрету.


Мүсіндеу

«Алма»

Сазбалшықпен және оның қасиеттерімен таныстыру. Алманың пішінін мүсіндеу.




Йтуға,

Өтпелі тақырып:«Менің Қазақстаным»

Мақсаты: балаларда "Мәңгілік Ел" жалпы ұлттық идеясына негізделген рухани-адамгершілік жалпы адамзаттық құндылықтарды, патриотизм мен толеранттылықты қалыптастыру.

Міндеттері:өз елін, жеріне деген сүйіспеншілікті, сыйластыққа тәрбиелеу.

Желтоқсан

1. апта Тарихқа саяхат


Сөйлеуді дамыту

«Отан» тақпақ М.Хакімжанова

Балаларға Отан туралы түсінік беру, оқылған шығармада кейіпкерлердің пайда болуына назарын аудару.




Сенсорика «Пішіндерді көлемі бойынша салыстыру,және топтастыру»

Түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді әртүрлі көлемі бойынша салыстыру және топтастыруға үйрету.


Жаратылыстану

«Менің елім Қазақстан»

Балаларға кең байтақ Қазақстанның жері, тауы, өзені, көлдері туралы қарапайым түсінік беріп оның сұлулығын қабылдауға үйрету.



Сурет салу «Қазақстан картасының сұлбасы»

Түзу және толқынды сызықтардың көмегімен Қазақстан картасының сұлбасын салуға үйрету




Туған елді, оның тарихын қастерлеуге баулу. Балалардың адамгершілік, патриоттық сезімдерін ояту





2. апта Туған өлкем


Көркем әдебиет

«Туған елім мақтанышым» сурет бойынша

Туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, тақырыпқа сәйкес әңгіме оқып беру. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беруге үйрету.




Құрастыру

«Төбекші»

Өзінің тұратын жеріндегі биік ғимараттың құрылысын құрастыру оны Қазақстан туымен безендіруге және құрылыс материалдарының орналасуын (кірпіш жатыр, тұр) атауға үйрету.


Жаратылыстану

«Туған өлкенің табиғаты»

Туған өлкенің табиғатының ерекшеліктерімен таныстыру




Сурет салу

«Киіз үй»

Дайын киіз үйдің бейнесін штрихтармен, сызықтармен безендіру


Аппликация

«Бәйтерек»

Қағаз бетіне геометриялық пішіндерден бәйтеректі орналастыруға үйрету




Балалардың бойында туған өлкеге деген сүйіпеншілікті ояту. Туған өлкенің табиғатын қорғауға үйрету




3. апта Астана – Отанымыздың жүрегі


Сөйлеуді дамыту

«Бас қала Астана»

Еліміздің бас қаласы Астана, Бәйтерек туралы түсінік беру, сөздерді жоғары дауыспен екпінді сақтап, дұрыс айтуды үйрету. Зат есімдердің жекеше түрлерін қолдануға үйрету.



Сенсорика

«Түрлі көлемдегі геом.пішіндерді қасиеттері бойынша салыстыру, топтастыру»

Түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру және топтастыруға үйрету.


Жаратылыстану

«Астана табиғаты»

Еліміздің бас қаласы Астананың табиғаты әсемдігі, ауа-райының ерекшеліктері туралы әңгімелесу




Сурет салу

«Бәйтерек»

Түзу, домалақ пішіндерді салуды жетілдіру, бәйтеректің суретін салу




Еліміздің бас қаласы Астанаға қызығушылыққа баулу




  1. апта Тәуелсіз Қазақстан (ҚР Тұңғыш Президенті, мемлекеттік рәміздер)

Көркем әдебиет

«Менің президентім», «Рәміз» (тақпақ)Н.Қалқа

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті, мемлекеттік рәміздер туралы әңгімелесу.



Құрастыру

«Бәйтерек»

Кірпіштерді түрліше үйлестіріп орналастыру арқылы Бәйтеректің құрылысын жасауға үйрету


Жаратылыстану

«Қазақстаннның табиғаты мен маусымдық өзгерістері»

Қазақстаннның табиғаты мен ондағы маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін кеңейту



Сурет салу

«Ту»

Толқынды және түзу сызықтарды салуды жетілдіру, тудың суретін салу.


Мүсіндеу

«Құрт»

Ермексаздан үлкен бөлігін бөліп алып домалақтап жұдырық арасында қысу арқылы құртты жасауды үйрету.



Тәуелсіз Қазақстан Президент, мемлекеттік рәміздер туралы түсінік беру

Өтпелі тақырып:«Табиғат әлемі»

Мақсаты: тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстары, маусымдық өзгерістер, өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту.

Міндеттері:жануарлар, жәндіктер мен өсімдіктердің барлық түрлерін сақтаудың қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыруға; табиғатпен тікелей байланысты тәжірибені игеруге; қоршаған ортаға ұқыпты қарауды және тіршілік ету ортасының маңызын түсіну.


Қаңтар

1. апта Айналамыздағы өсімдіктер


Сөйлеуді дамыту

«Өсімдіктер әлемі»

Өсімдіктер олардың адамға пайдасы туралы әңгімелесу. Зат есімдердің көпше түрлерін қолдану. Зат есімдерді етістікпен байланыстыруға үйрету.



Сенсорика

«Гүлдер»

Ересектердің нұсқауымен түсі, өлшемі бойынша заттарды табуды жетілдіру.


Жаратылыстану

«Өсімдіктер, олардың атаулары және құрлысы»

Айналадағы өсімдіктер, олардың атауларымен және құрлысымен таныстыру (сабағы, жапырағы, тамыры) оларға бақылау жасау



Сурет салу

«Әдемі гүл»

Дайын гүлдің сүретін қылқаламмен бояу




Қоршаған ортадағы өсімдіктердің атауларымен таныстыру. Өсімдіктерге қамқорлық жасауға тәрбиелеу.




2. апта Жануарлар әлемі


Көркем әдебиет

«Түлкі мен қоян» ертегі(хрестоматия А.2016)

Жануарлармен және олардың атауларымен таныстыру. Әңгіме оқып беру және ондағы кейіпкерлердің әрекеттерін қадағалауға үйрету



Құрастыру

«Үйшік»

Құрылыс материалдарынан жануарларға үйшікті түрлі нұсқада жасауға үйрету


Жаратылыстану

«Жабайы андар.Аю»

Жануарлармен және олардың атауларымен таныстыру. Оларға ұқыпты қарауға үйрету



Сурет салу

«Күшікке үй»

Күшікке арнап үйшік салу


Аппликация

«Аланқайдағы балапандар»

Балабапанның дайын бөліктерін қағазға жапсыру. Оның тұмсығы мен аяқтарын қарындашпен салу.




Жануарлармен олардың атауларымен, дене бөліктерімен таныстыру. Оларға қамқорлыққа баулу




3. апта Құстар – біздің досымыз


Сөйлеуді дамыту

«Үй құстарына жем береміз»

Құстармен және олардың атауларымен таныстыру. Не істейді? сұрағына жауап беруге үйрету.



Сенсорика

«Үкі»

Үшбұрыштар мен төртбұрыштарды көлемі мен түсі бойынша топтастыруды жетілдіру


Жаратылыстану

«Құстар»

Құстармен және олардың атауларымен, құрлысымен (тұмсығы, аяқтары, құйрығы) таныстыру. Аулаға ұшып келетін құстарға бақылау жасау (торғай, көгершін, қарға).



Сурет салу

«Жұмыртқа»

Бояумен жұмыртқаның суретін салу





Құстар олардың атауларымен, дене бөліктерімен таныстыру. Құстарға қамқорлық жасауға үйрету




4. апта Ғажайып қыс

Көркем әдебиет

«Қыс»А.Асылбеков

Қыс көрінісі, адамдардың киімдері туралы әңгімелесу. Нені ұстады?, Нені әкеледі? сауалдарына жауап беруге үйрету.



Құрастыру

«Сырғанақ»

Құрылыстың қасиетін ескере отырып материалды таңдап сырғанақтың құрылысын жасау


Жаратылыстану

«Армысын, қар ұшқыны»

Қыстағы табиғаттың ерекшеліктерін бақылау. Қарды қолмен ұстап еріген кезде суға айналатынын бақылау



Сурет салу

«Қолғап»

Қолғаптың суретін салу. Домалақ пішінді түзу сызықты бөліктерді бір-бірімен байланыстыруды үйрету.


Мүсіндеу

«Үйшік»

Күшікке арнап үйшік жасау. Кішкентай бөліктерді алақан арасында домалақтап үстінен саусақпен басып дайын болған бөліктерді бір-бірімен біріктіруге үйрету



Қыстағы табиғатпен, адамдардың киімдерімен таныстыру.

Өтпелі тақырып:«Бізді қоршаған әлем»

Мақсаты: қоршаған ортамен өзара әрекет етуге қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген баланың тұлғасын дамыту.

Міндеттері: адамгершілік нормаларды сезінуге,

төзімділікті және түрлі адамдарға құрмет танытуды қалыптастыру.



Ақпан

  1. апта. Ғажайыптар әлемі (өлі табиғат құбылыстары).




Сөйлеуді дамыту

«Күн, ауа»

Өлі табиғат құбылыстары күн, ауамен таныстыру, зат есімдерді етістікпен байланыстыруға үйрету.




Сенсорика

«Түрлі түсті пирамида»

бірізділікпен азаятын 3 немесе одан да көп бөліктерден қарапайым 2 қасиетін (түсі мен пішіні) кезектестіру принципі бойынша түрлі түсті пирамидалар құрастыруды үйрету


Жаратылыстану

«Күннің табиғатқа әсері»

Күннің табиғатқа әсерін бақылау (қыста күннің суық болуы мен жазда ыстық болуы)



Сурет салу

«Күннің көзі»

Саусақтарды бояуға малып қағазға ізін түсіріп күннің суретін салу.



Өлі табиғат құбылыстары: күн, ауа, құм туралы түсінік беру.




  1. апта. Көліктер

Көркем әдебиет

«Жүк көлігі. Камаз»

Жүк көлігімен таныстыру. Зат есімдер мен сын есімдерді қолданып заттарды сипаттауда үйрету.



Құрастыру

«Көлікжай»

Құрылыс материалдарынан көлік пен көліктерді қоятын жай құрастыру


Жаратылыстану

«Құм оның қасиеттері»

Құммен оның қасиеттерімен (шашылады, сусылдайды, дымқыл болған кезде бір-біріне жабысады) таныстыру



Сурет салу

«Көліктер»

Саусақпен құмға көлік суретін салу


Аппликация

«Теледидар»

Теледидардың дайын суретін майда суреттер жапсырып безендіру. Бөліктерді қағаз бетінде орналастыруды пысықтау.










  1. апта Электроника әлемі

Сөйлеуді дамыту

«Үй жиһаздары.Теледидар»

Теледидармен таныстыру. Зат есімдер мен сын есімдерді қолданып заттарды сипаттауға үйрету.Дыбысқа еліктеп сөздерді айтқызу.



Сенсорика

«Түрлі түсті пирамида»

бірізділікпен азаятын 3 немесе одан да көп бөліктерден қарапайым 2 қасиетін (өлшемі мен пішіні) кезектестіру принципі бойынша түрлі түсті пирамидалар құрастыруды үйрету


Жаратылыстану

«Кір жуатын машина»

Кір жуатын мәшинемен таныстыру. Оның электр арқылы жұмыс жасайтынын бақылау



Сурет салу

«Кір жуатын машина»

Кір жуатын мәшиненің суретін салу




Теледидар, компьютер, кір жуатын мәшинемен таныстыру.




  1. Мамандықтың бәрі жақсы

Көркем әдебиет

«Мамандықтар»

Аспазшы, дәрігер, тәрбиеші мамандықтарын таныстыру. Ойыншықтарды қолданып күрделі емес ойындарға, диалогке қатыстыру.



Құрастыру

«Үстел және орындық»

Құрылыс материалдарынан белгілі бір мамандыққа қажетті жабдықтарды құрастыру, масштабына сәйкес сюжетті ойыншықтарды қолдана отырып олармен ойнату


Жаратылыстану

«Ересектердің еңбегі»

Ересектердің еңбегін (аула сыпырушы, медбике) бақылау, олар туралы әңгімелесу



Сурет салу

«Тоқаш»

Нанның суретін салуға үйрету.


Мүсіндеу

«Көліктің дөңгелектері»

Көліктің дөңгелектерін жасау. Дайын бөлшектерді бір-бірімен байланыстыруды үйрету.




Аспазшы, дәрігер, тәрбиеші мамандықтарын таныстыру.

Өтпелі тақырып:«Салттар мен фольклор»

Мақсаты: Қазақстан Республикасында тұратын өзге ұлт адамдарына, олардың мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне мейірімді және сыйластық қатынасқа тәрбиелеуге бағыттау.

Міндеттері: Қазақстан Республикасында тұратын өзге ұлт адамдарының мәдениетіне сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

Наурыз

  1. апта Қазақтың салттары мен дәстүрлері




Сөйлеуді дамыту

«Бесік жыры»

Бесік жырын тыңдатып, оны қайталап айтуға, берілген сұрақтарға жауап беруге, дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету.



Сенсорика

«Түрлі түсті пирамидалар»

бірізділікпен азаятын 3 немесе одан да көп бөліктерден қарапайым 2 қасиетін (өлшемі мен түсі) кезектестіру принципі бойынша түрлі түсті пирамидалар құрастыруды үйрету

Жаратылыстану

«Бесік жыры»

Бесік жырын тыңдату. Бесік туралы әңгімелесу. Оның ағаштан жасалғанын көрсету


Сурет салу

«Бесік»

Бесіктің дайын суретін түрлі сызықтармен безендіру




Қазақтың салттары мен дәстүрлері туралы қарапайым түсініктерді беру.




  1. апта Ертегілер Елінде. Театр әлемі




Көркем әдебиет

«Бауырсақ» (ертегісі)

Балаларға ертегі тыңдату. Кейіпкерлердің сөздерін қайталап айтып рөлдерде ойнату.



Құрастыру

«Тостаған»

Құрылыс метериалдарынан тақырыпқа сәйкес құрылыс тұрғызу және оны атау онымен ойыншықтарды қолданып, ойнауға үйрету

Жаратылыстану «Ертегілер елінде» бұрышындағы кейіпкерлермен таныстыру.


Сурет салу

«Асық»

Асықтың суретін салу



Аппликация

Қуыршақтын такиясын сәндейміз»

Дайын оюларды қағаз бетіне орналастыру. Бөліктерді симметриялы орналастыруды үйрету.





Балаларға ертегілер тыңдату. Ондағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне жанашырлық танытуға, олардың сөздерін қайталап айтуға баулу




  1. апта Өнер көзі халыкта




Сөйлеуді дамыту

«Қазақтын ұлтық бұйымдары»

Қазақтың ағаштан жасалған кесе, қасықпен таныстыру. Нені ұстады? Нені әкеледі? сұрақтарына жауап беруге үйрету.




Сенсорика

«Ою-өрнек»

берілген 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі әр текті байланыс орната білу іскерлігін бекіту


Жаратылыстану

«Үй жануарлары. Сиыр,бұзау»

Төрт түлікпен таныстыру. Оның жүнінен киіз жасауға болатынын көрсету.



Сурет салу

«Маймақ маң маң басады»

Қарапайым оюдың дайын бейнесін жалғастырып, үзіксіз, айналмалы сызықтармен салу.



Қазақ халқының қол өнер бұйымдарымен таныстыру. Оларға ұқыпты қарауға үйрету.




  1. апта Нұр төккен, гүл көктем

Көркем әдебиет

«Наурыз мерекесі»

Көктемгі табиғат ерекшеліктері, адамдардың киімдері, Наурыз мерекесі туралы әңгімелесу. Санамақтар жаттату.



Құрастыру

«Киіз үй»

Бір мезгілде тақырыпқа сәйкес екі-үш құрылысты тұрғызуға үйрету


Жаратылыстану

«Көктемгі табиғат ерекшеліктері»

Көктемгі табиғат ерекшеліктерін, үй құстарын (тауық, қораз. үйрек) бақылау.



Сурет салу

«Жапырақтар өседі»

Ағаштардың жапырақтарын салу.


Мүсіндеу

«Асық»

Домалақ бөлікті үстінен басып бұрыштарын домалақ пішінге келтіріп, асықтың мүсінін жасау




Көктемгі табиғат құбылыстарымен, адамдардың киімдерімен, еңбектерімен таныстыру

Өтпелі тақырып:«Біз еңбекқор баламыз»

Мақсаты: қарапайым еңбек дағдыларына, еңбек сүйгіштікке, еңбек адамдарына құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Міндеттері: адамның қолымен жасалғанның барлығына ұқыпты қатынасты; балалардың сөйлеуін, зейінін, қиялын дамытуды; мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін және ойлауын қалыптастыруды қамтамасыз ету.

Сәуір

1.апта. Аялайық гүлдерді


Сөйлеуді дамыту

«Гүлдер»

Гүлдермен таныстыру, дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстауға, сөз тіркестерін құруға үйрету.




Сенсорика

«Күннің көзі»

берілген 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, көлемі бойынша әр текті байланыс орната білу іскерлігін бекіту


Жаратылыстану

«Көктемгі жер»

Көктемгі жер теліміндегі гүлдерді бақылау, оларға күтім жасауды үйрету.



Сурет салу

«Егістіктегі бақбақтар»

Гүлдің суретін салу.




Гүлдердің кейбір түрлерімен таныстыру. Оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу




2.апта Ас атасы - нан


Көркем әдебиет

«Нан қайдан шығады?»(ертегі)

Нанды қадірлеуге оған ұқыпты қарауға үйрету. Тақырыпқа сәйкес әңгіме оқып беріп ондағы қарама-қарсы кейіпкерлерді түсінуге үйрету



Құрастыру

«Наубайхана»

Наубайхана құрылысын құрастыру онда қарапайым құрастыру дағдыларын жетілдіру: қою, тіреу, басу.


Жаратылыстану

«Бидай»

Бидаймен таныстыру одан нан әзірлейтіні туралы әңгімелесу



Сурет салу

«Нан»

Нанның суретін салу



Аппликация

«Түрлі түсті көбелектер»

Дайын көбелектердің бөліктерін ретімен қағазға жапсыруды үйрету.





Ас атасы – нан туралы түсінік беру. Нанды қастерлеуге оған ұқыпты қарауға үйрету




  1. апта Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі




Сөйлеуді дамыту

«Көбелек және бақа» сурет бойынша әңгімелеу.

Көбелек және бақамен таныстыру. Сұрақ қоюға және оған жауап беруге үйрету. Зат есімдердің көпше түрлерін қолдануға үйрету.



Сенсорика

«Заттардың өлшемін қасиеттері бойынша байланыстыру.»

берілген 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, өлшемі бойынша әр текті байланыс орната білу іскерлігін бекіту


Жаратылыстану

«Көбелек және бақа»

Көбелек және бақамен таныстыру. Жер телімінде оларды бақылау



Сурет салу

«Көбелек»

көбелектің дайын суретін нүктелермен,сызықтармен және т.б. түрлі пішіндермен безендіру.




Жәндіктер мен қосмекенділер туралы қарапайым түсініктерді беру.

Көбелек және бақамен таныстыру.






  1. апта Еңбек бәрін жеңбек

Көркем әдебиет

«Шалқан»(орыс ертегісі)

Балаларды еңбек етуге баулу. Олардың бойында қарапайым еңбек дағдыларын қалыптастыру



Құрастыру

«Үй және қақпа»

Ойыншықтарды қолдана отырып тақырыпқа сәйкес өз ойларынан құрылыс құрастыру (ұжымдық жұмыс).


Жаратылыстану

«Еңбек түбі мереке»

Адамдардың еңбек етуі туралы әңгімелесу, серуен кезінде оларды бақылау



Сурет салу

«Күрек» суретін салу.

Күректің суретін салу.



Мүсіндеу

«»Бауырсақ»

Ермексаздың немесе сазбалшықтың домалақ кесегін үстінен басу арқылы нанның мүсінін жасау.




Еңбек етудің қарапайым дағдыларымен таныстыру, еңбек етуге баулу

Өтпелі тақырып:«Әр қашан күн сөнбесін»

Мақсаты: балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді, жақын адамдарына сүйіспеншілікті ояту.

Міндеттері: жақын адамдарға қамқорлық жасауға ынтасын, өзінің туған қаласына, өз еліне құштарлық сезімді, оның тарихына қызығушылықты тәрбиелеу.

Мамыр

1.апта Достық –біздің тірегіміз (халықтар достығы)


Сөйлеуді дамыту

«Бірлік түбі тірлік»

Топтағы балаларды бір-бірімен дос болуға баулу, дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету.



Сенсорика

«Заттарды өлшемін салыстыру»

Заттарды өлшемі бойынша (беттестіру және қасына қою) арқылы салыстыруға үйрету


Жаратылыстану

«Үй жануарлары»

Балаларға үй жануарларымен дос болуды оларға қамқорлық танытуды үйрету.



Сурет салу

«Киіз үйі»

Қазақтың киіз үйінің суретін салу




Балаларды бір-бірімен дос болуға, айналасындағы адамдармен жағымды қарым қатынасқа тәрбиелеу




2.апта Отан қорғаушылар (ҚР әскері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері)


Көркем әдебиет

«Пилотка»әңгіме С.Мұхамедқалиев.

Сарбаздар туралы әңгіме оқып беру, мазмұнын сұрақтар арқылы қайталап айтқызуға үйрету



Құрастыру

«Машина»

Ойыншықтарды қолдана отырып тақырыпқа сәйкес бірден екі-үш құрылысты тұрғызуды жетілдіру.


Жаратылыстану

«Су- тіршілік нәрі»

Тіршілік нәрі су туралы әңгімелесу, өсімдіктерді сауаруды, жануарлардың су ішкенін бақылау



Сурет салу

«Ұшақ»

Ұшақтың суретін қылқаламмен және бояумен бояу.


Аппликация

«Ұшақ»


Қағаз бетіне дайын ұшақтарды жапсыру


Сарбаздар туралы қарапайым түсініктерді беру.

Бір-біріне жанашырлық танытуға, жақын болуға тәрбиелеу






3. апта Көңілді жаз


Сөйлеуді дамыту

«Жайдарлы жаз»

Жаздағы табиғат көріністері, адамдардың киімдері, ойындар туралы әңгімелесу. Диалогке қатыстыру.



Сенсорика

«Заттарды топтастыру» (қайталау)

Көлемі, түсі, пішіні бойынша біртекті заттарды топтастыруды бекіту


Жаратылыстану

«Жаз келді»

Жаз мезгіліндегі табиғаттың ерекшеліктерімен таныстыру, оларға бақылау жасау



Сурет салу

«Көбелек»

Көбелектің суретін салу, домалақ және сопақша бөліктерді бір-бірімен байланыстыру.




Жаздағы маусымдық өзгерістер, адамдардың киімі, еңбегң демалысы туралы қарапайым түсініктерді беру




4. апта Мен жасай аламын

Көркем әдебиет

Қортынды.

Балалардың нені білетіні, не істей алатыны туралы әңгімелесу



Құрастыру

Қортынды.

Құрастыру бойынша нені білетіні, не істей алатыны туралы әңгімелесу. Өз ойларынан құрастырған қарапайым құрылыстарымен ойнату


Жаратылыстану

Қортынды.

Балалардың не білетіні туралы сұрақтар қойып бекіту.



Сурет салу

Қортынды.

Өз ойынан сурет салу.



Мүсіндеу

Өз ойынан мүсіндеу












Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет